"15 жасында тұрмыс құрған": Он төртінші баласын дүниеге алып келген келіншек бақытты екенін айтты

Алтын құрсақты ана Алматы облысында тұрады. Кербұлақ ауданының тұрғыны 14-ші баласын дүниеге әкелді. 42 жастағы әйел 10 қыз, 4 ұлдың анасы атанып отыр, деп хабарлайды "Еуразия" арнасы.  Отбасында егіз де, үшем бала да жоқ. Жолдасы екеуі өткен аптада туылған шекесі торсықтай ұлының есімін Нұрғалым деп қойыпты. 
Ананың ыстық құшағы мен аялы алақанында бесік жырымен тербетіліп жатқан бұл сәбидің есімі  Нұрғалым. Сәдуақасовтар отбасында дүниеге келген 14-бала. Спортшылар ұшқан жанұядан ғалымдар да шықсын деп ырымдап қойғандары екен. Сәуірдің 5-і күні ғана өмір есігін ашқан нәрестелерін Сәрсенбай мен Гүлназ асыға тосқандарын айтады.

"Әр бала дүниеге келген сайын қуаныштымыз. Құдайдың берген сыйы. Біздің өміріміздің мәні. Біздің байлығымыз. Өмірге деген құлшынысымызды оятып, көңілімізді көтеретін бала-шағамыздың арқасында қандай қиындық болса да жеңіуге тырысамыз", - дейді көп балалы ана Гүлназ Шәкенова. 

Сәрсенбай мен Гүлназдың отау құрғандарына биыл - 27 жыл. Осы аралықта 10 қыз 4 ұлды өмірге әкелді. Онымен қоса, екеуі бақытты ата-апа атанып отыр. Тұрмыстағы үлкен екі қызынан екі жиені бар. Жалпы, көпбалалы болу  үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтады. Өйткені, оларға дұрыс тәлім-тәрбие беріп, қатарынан қалдырмай өсіріп-жеткізу де оңай шаруа емес.

"Балалар көптік етпейді. Алланың бергені ғой. Әр баланың нәсібі өзінде. "Бір қой артық туса бір жусан артық шығады" дейді ғой. Қазақта мақал бар ғой. Ешкімге тәуелді жасамаймыз енді. Біз осындай бала таптық, бізге анандай бер, мынандай бер демейміз ғой. Алланың берген балалары. Өзіміз асырап жатырмыз, бағып жатырмыз", - дейді көп балалы әке Сәрсенбай Сәдуақасов.

"Көпбалалы отбасы болғаннан кейін қиыншылық та болады ғой. Енді, көп ауыртпашылық әкемізге түседі ғой, енді. Қазіргі таңда енді. Қазіргі таңда өзім акиматта программист маманы болып жұмыс атқарып, әкеме көмек-жәрдем беріп жатырмын", - дейді Ұлан Сәрсенбайұлы.

Жалпы, бұл отбасы - спортшылар жанұясы. Балалардың көбі әке жолын жалғап, еркін күреспен шұғылданады. Солардың қатарында бірнеше дүркін ел чемпионы атанып, үздік нәтиже көрсеткені - Айжан. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері қазір аралас жекпе-жектен ел намысын қорғап жүр.

"Қазақстанды ұттым, мастер орындадым. Енді алдымызда чемпионат мира өтеді. Соған қызу дайындықтамыз. Сол чемпион мира болсам, ары қарай UFC да деген ой болып тұр. Тек қана UFC -да төбелесіп, Қазақстанның туын желбірету мақсаты, сол бірінші қазақ қызы болайын деген шешім қабылдадым", - дейді көп балалы отбасынан шыққан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айжан Сәрсенбайқызы.

Аудан орталығындағы бұл үй осыдан екі жыл бұрын Сәдуақасовтарға көпбалалы отбасы ретінде берілген екен. Осылайша, балаларының арқасында баспаналы болған Сәрсенбай мен Гүлназ да шамамыз келсе, әлі де сәби сүюден үміттіміз деп отыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста