Қызғалдақ Талғатқызы бала күнінде зорлықтың құрбаны болды. Оны 14 жасында 3 жігіт топ болып зорлап кеткен. Құрбан болған қыз зорлаушыдан жүкті болып, баласын өмірге әкелді.
Бұл туралы "Кел, татуласайық" бағдарламасында айтылды.
Қызғалдақ есімді бойжеткен жаңа бой түзеп келе жатқанда зорлыққа ұрынды. Сөйлесіп жүрген жігіт екі досын ертіп оны зорлап кеткен. Қызғалдақтың өзі онымен таныстықтың қалай басталғанын ашып айтпайды. Тек көлігімен көрші ауылға әкеткенін мойындады.
"Мен ол кезде бала болдым. Мені зорлайды деп ойламадым. Мені көлікке отырғызды да, көрші ауылған әкетті. Үш жігіт болды. Қараңғы бөлмеге кіргізді. Ұрып-соқты, қылқындырды. Мен қатты қорыққанымнан есімнен адасып, талып қалдым. Оқиғаның қалай болғанын, қай жерде болғаны, кіммен болғаны еміс-еміс қана есімде", - деді ол.
Айтуынша, зорлаушылар Қызғалдақты көлікпен қайта үйіне әкеп тастайды. Әкесі 15 күндік вахталық жұмысқа аттанған. Ал, үйде атасы екеуі ғана тұрып жатқан екен. Оқиғаны бір ай бойы ешкімге айтпаған. Тек бір айдан кейін қаладағы әпкесіне хабарлап айтады.
"Әпкем туыстарыма айтып, олар әкеме айтқан соң полицияға арыз жаздық. Бірақ іс сотқа жетпеді. Неге екені белгісіз, тоқтап қалды. Оған кімнің ықпалы болғанын білмеймін. Бірақ не прокурормен не тергеушімен келіскен деп ойлаймын", - деді бойжеткен.
"Мен бәрін сатып алам, ешкім көмектесе алмайды": Азап көрген әйелдің оқиғасы қазақстандықтарды шошытты
Қазақстанда қатыгездікпен өлтірілген 6 жасар қыздың оқиғасы: бір жыл өтсе де, күдіктілер анықталмапты
Қызғалдақ зорлаушыны қанша жек көрсе де, баласының әкесіз өскенін қаламайды. Балам өгейдің күйін кешкенше, опасыз болса да, өз әкесімен болса дейді. Баланың әкелігін растау үшін ДНҚ тесті де жасалған. Алайда сотқа жетпепті. Бұған бойжеткен әкесінің қатысы болуы мүмкін деп те болжайды.
"Әкем үнсіз қоя салды. "Бұл өткен өмір. Осылай қалсын" деп жылы жапты. Қанша рет сұрасам да, солай жауап беретін. Тергеу жүріп жатқанда менің атыма жер алдық. Күздеубаев есімді азаматтан менің атыма жер аударылды. Оның не себепті және қайдан келгенін білмеймін. Бірақ осы істі жабу үшін берілген сый ма деп те ойлаймын", - деді Қызғалдақ.
Қызғалдақтың айтуынша, оның атына Алматы облысын Еңбекші қазақ ауданынан жер аударылған.
Кішкентай жүрегін су сепкендей өшірген, қатігездік көрсеткен, сезімін сергелдеңге салған бала жүрегін ауыртқан қыздың жан жарасы жазыла ма? Бұл оқиғаның қатысушылары анықтала ма? Бұл жағы сұрақ күйінде.