"13 жасында зорланған қыз 5-ші баласына аяғы ауыр": Құлдықта болған қыз өміріне араша сұрады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
13 жасында қазіргі күйеуі қинап зорлаған. 4 баланы алып қалып, саған алимент өндіртеміз деп қорқытып келген, дейді "Көреміз" бағдарламасына жан сырын ақтарған Диана Базарлинова.
Талдықорған облысы, Сарқан ауданы, Сарқан ауылының тұрғыны Диана Базарлинова күйеуінен көрген қорлықты айтып шағымданды.
- 13 жасымда менің келісімімсіз зорлады. Ол кезде алтыншы сынып оқушысы болатынмын. Поля жаққа апарды. Фазенданы көрсет деп алдап апарды. Сосын шешіндіріп зорлады. Содан мен осы кісінің әйелі болдым. 4 бала тудым. Өмірім құлдықты өтті.
Ешқандай ақша да бермейді. Осы бір киіммен жүремін. Екі айда бір рет жуынамын. Жуыну үшін сабынды да шешеңнен әкел деп айтады. Маған күйеуім жақтан да, енем жақтан да ешқандай көңіл бөлінбеді. Мені адам құрлы көрмейді,, -дейді 13 жасынан бері қорлық көріп келе жатқан келіншек.
Айтуынша, соңында шыдағаман қыз кішкентайын алып қашып кеткен. Диана қасына жылулық берер ер азаматқа мұқтаж екенін де жасырмады.
- Биыл мен бір кісімен таныстым. Күйеуімнен ала алмаған жылулықты сол кісіден таптым. Күйеуіммен айырмашылығы жер мен көктей. Бір рет боқтаған емес. Мен оған сенемін, деп бар алға қойған мақсаты қорлаған күйеуімен бірге тұрғысы келмей, ажырасқысы келетенін айтты.
Өрімдей қыздың өміріне балта шапқан күйеуі Ринат қанша жалтарғанымен де қайта қосылғысы келетінін айтты.
- Мұның бәрі жабылып тұрған жала. Мен онымен алғаш танысқанда жасын сұрадым. Айтпады. «Қыздың жасын сұрамайды» деп. Содан арадағы жағдай келісіммен болды. Ол сол 5-ші сынып кезінде пәк емес еді. Бірақ мен оның көз жасына қалмайын деп үйлендім. Балаларымды тірі жетім етпейін деп ажыраспадым. Дегенмен, мен оны кешіремін. Балаларым үшін қайта қосылуға дайынмын, дейді Диананың күйеуі.
Диана балаларын алып, өзімен-өзі өмір сүріп, жұмыс жасап, үйлі болғысы келетін арманын жеткізді.