"12 жастағылар үйленді": Елдің қызу талқысына түскен ерекше ерлі-зайыптылардың кім екені белгілі болды

Желіде қазақ тойларының бірінде түсірілген видео тараған болатын. Жұрт күйеу жігіттің бойы әйелінен қысқа екенін айтып қызу талқыға салды. Енді бірі оқушы бала деп топшылады. Жас жұбайлардың кім екені белгілі болды.

Осы кадрлардың кейіпкерлердің кім екені, ерекше жұптың отбасылық бақытының сыры белгілі болды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі exk.kz сайтына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қалыңдықтың есімі Гүлзат Әуезбекова. Ол 22 жаста, Ақтөбе облысы, Ембі қаласының тұрғыны. 25 жастағы атыраулық күйеу жігіт - Ғалымжан Бағытжанов. Қазір жас жұбайлар күйеуінің ата-анасымен Батыс Қазақстандағы Қурайлы ауылында тұрады.

Жастар 2020 жылы әлеуметтік желі арқылы танысқан. Олар телефонмен сөйлесіп, хат алысып келген. Бойжеткен ұзақ уақыт бойы бетпе-бет кездесуге батылы жетпегенін айтады.


"Аман қалғанымызға шүкір": Митингіге шықпақ болған Индира Расылхан жол апатына ұшыраған
Нұрлан Қоянбаев: Мектепте мұғалім болып бір рет сабақ бердім де, жұмыстан шығып кеттім

"Мүмкін мен қорықтым. Бірақ мен онымен бұрыннан таныс адам сияқты сөйлескім келді. Бірде мен онымен кездесуге бардым, бірақ оны бірінші рет көргенде қорқып кеттім. Бес минуттан кейін кетіп қалдым. Бірақ сезімім болды. Кейін қайта сөйлестік. 7 ай сөйлесіп, былтырғы жылы 4 қыркүйекте Ғалымжанның туған күнінде үйлендік", - дейді қалыңдық.

Гүлзаттың айтуынша, достары қарсы болғанымен, ата-анасы қолдау білдірген. Солайша ата-анасының ақ батасымен бас қосқан. 

“Мен ешқашан күйеуімнен бойы туралы сұраған емеспін. Ренжітіп алам ба деп қорқамын. Ал отбасында бәрінің бойы ұзын”, – деді Гүлзат.

Айта кетейік, Гүлзаттың бойы 155, Ғалымжанның бойы 140 см. 

“Мен үшін бастысы бойы емес, махаббат маңызды. Күйеуім мен үшін ең керемет адам” – деді ол. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста