Жылжымайтын мүлікті бөгде адамдардың сенімхат арқылы сатуына тыйым салу керек пе?

Соңғы кездері елімізде жылжымайтын мүлікті сенімхат арқылы бөгде біреулердің сатуына қатысты даулар күрт көбейген. Алаяқтардың жалғызбасты қарт кісілер мен жетім балалар үйі тәрбиеленушілерінің жылжымайтын мүлкін алдап-арбау арқылы бірнеше адамға қатар сатуы «жылжымайтын мүлікті бөгде адамдардың сенімхат арқылы сатуына тыйым салу қажет» деген пікірдің туындауына себеп болып отыр. Әйтсе де қоғамымызда «бар мәселе сенімхатта емес, осы салаға қатысты тиісті қадағалау жұмыстарының өз деңгейінде болмауында, қадағалау жұмыстарын күшейту арқылы мәселені шешуге болады» дейтіндер де бар. Жылжымайтын мүлікке қатысты қазіргі күні туындап отырған мәселеге орай екі тараптың пікірін «Ой-көкпар» айдарымызда тоғыстырып, салмақтап көрген едік.


Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты:
иә
– Негізі, жылжымайтын мүлік мә­­­се­ле­сіне келгенде міндетті түрде сенім­хатсыз өз иесі келіп, шешім қабылда­ғаны дұрыс. Шыны керек, бүгін жал­­ғызілікті қарт  адамдар­­дың жыл­жы­майтын мүлкін сенімхат арқылы иемденіп, ойына келгенін істеп жүрген алаяқтар жетерлік. Олар қандай да бір жолмен сенім­хатты иеленіп алып, біреудің жерін, пә­терін сатып, бір емес, бірнеше адам­ға қатар сатып, заң­сыздық­тар­ға баруда. Ал сенімхат заңды құжат болғаннан кейін нота­риус­тар еш тек­серместен куәландырып жі­бе­реді. Ақыр соңында жылжымай­тын мүлік иесі басындағы баспа­на­сы­нан айырылып, өз мүлкіне өзі ие бола ал­май, далада қалуда.
Бұл – өте үлкен мәселе. Мұндай мә­селе соңғы кездері көбейіп кетті. Сон­дық­тан жылжымайтын мүлік мәселесіне келгенде аса сақтық керек. Осы тұрғыдан келгенде өз басым жылжымайтын мүлік­ті сенім­хат­сыз мүлік иесінің өзі рәсім­деуін қолдай­мын.
Рас, кейде жылжымайтын мүлік иесі ауырып, орнынан қозғала алмай жатады немесе басқа да бір жағдайлар кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда нотариустық кеңсе қызметкерін меншік иесінің үйіне әкеліп тұрып, рәсімдеу қажет. Осы секілді сенімхатсыз құжаттарды рәсім­деудің жолдарын қарастыру керек. Әсіресе соңғы кездері қоғамымызда жылжы­майтын мүлікке қатысты талас-тартыстың көбеюіне орай, сенімхатқа күдікпен қарайтын кез жетті. Көбінесе мұндай істер сотқа дейін же­тіп, кімнің кімге сатқанын, жылжымай­тын мүліктің негізгі қожайы­нының кім екенін анықтау қиын болып жатады. Бұл жылжымайтын мүлік мәселе­сінде сенім­хатқа қатысты мәселенің күрделі екенін білдіреді. Сондай-ақ жылжымайтын мү­лік­ті сату кезінде заң жүзінде жалпыға ортақ тыйым салмасақ та, Әділет министр­лігі тарапынан арнайы нотариустық кең­селер­ге хат жолдануы керек және онда нотариустық кеңселер­дің сенімхат арқылы рәсімделген әрбір құжат үшін үлкен жауап­кершілігін талап ететіндей мін­деттеме жасалуы қажет. Қандай да бір осы секілді жолдарын қа­рас­тыр­ма­сақ, қоғамымызда алаяқтар­дың дәурені жүре берері сөзсіз.
Жалпы, жылжымайтын мүлік мәсе­лесі­не келгенде мүмкіндігінше сенім­хатсыз сатудың жолдарын алдағы уақыт­та дамыту керек. Бұл қоғамымыздағы талай мәселе­нің алдын алады. Жыл­жымайтын мүлікті сату кезінде алаяқ­тардың емес, адал жол­мен иеленген қожайынының мүддесін қорғайтындай жүйе қалыптастыра алсақ, дұрыс болар еді.


Абылайхан САМАТДИНОВ, ҚР Риэлторлар қауымдастығының президенті:
жоқ
– Жылжымайтын мүлікті бөгде адам­­­дардың сенімхат арқылы сатуына тыйым салу дұрыс емес. Өйткені кейде се­нім­хаттың көмегіне жүгінбесе бол­май­тын жағдайлар туындауы мүмкін. Жү­ріп-тұруға мүмкіндігі жоқ қарт кісі­лер мен кәмелеттік жасқа толмаған же­т­ім балалар үйінің тәрбиеленушісі не­месе аурушаң адамдар амалының жоқ­тығынан сенімхат арқылы бөгде адам­ның көмегіне жүгінуге мәжбүр бо­лады. Егер жылжымайтын мүлікке қа­тыс­ты жаппай тыйым салып тас­тасақ, бұл баршаға ортақ қиындықтар ту­ғызуы әбден мүмкін. Оның үстіне жыл­жымайтын мүлік­ке қатысты бөгде адам­д­ардың алаяқтық әре­кеттері се­нім­хаттан емес, осы салада жұ­мыс іс­тей­тін заңды мекемелер мен но­тариал­­дық кеңселер тарапынан қадағалау жұ­­мыстарының тиісті деңгейде бол­мауы сал­дарынан туындап отыр.
Заңды негізде сенімхат арқылы жасалған істердің барлығына күдік тумауы тиіс. Сенімхат арқылы күнделікті өмірімізде талай заңды құжат дұрыс шешімін тауып жатыр. Алайда кейде нотариалдық кеңсе­лердің біле тұрып, бұра тартып, күмән тудыратын құжаттарды куәландырып жіберетін сәттері болып тұрады. Бұл – нотариалдық кеңселердің өз қызметіне сай жұмыс істемеуінен, осы саладағы тиісті қадағалау жұмыстарының болмауынан туындап отырған мәселе. Сондықтан біз осы саладағы қадағалау жұмыстарын барынша күшейтуіміз керек. Нотариалдық кеңселерге қатысты бақылау жұмыстарын күшейтсек, бұл мәселелердің барлығы орнына келер еді.
Айта кетер жайт, біз жалған сенімхат­тар­ды куәландырған нотариустарға қатыс­ты заңды күшейтіп, осы саладағы қадаға­лау жұмыстарын қатайту керекпіз. Шыны керек, бүгінгі таңда нотариустарға 1-2 мың доллар ақша ұстатсаң, ештеңеге қарамай, алаяқтардың қажет дегенін жасап береді. Тіпті жылжымайтын мүлікті бірнеше адам­ға сатады. Кейін бір жылжымайтын мүлік­тің бірнеше қожайыны табылады. Іс сотқа дейін жеткенімен, оны дәлелдеу қиын. Аяғында осы іске қатысты адамдар бірне­ше жыл соттасып жүреді. Нотариустардың осы әрекеті бүгінде жылжымайтын мүлікке қатысты сенімхатқа күдікпен қарауға итер­мелеп отыр. Сондықтан бұл жерде мәселе сенімхатта емес, нотариалдық кеңселерде. Бізде кейбір құжаттардың түпнұсқасымен бірдей етіп көшірмесін жасау да оңай бо­лып кеткен. Ал мұндай құжаттардың бар­лығының түпнұсқасын, әрбір іске қатысты толығымен құжаттарын тексеріп отырып куәландыратын мекеме нотаруис болған­дық­тан, біз нотариалдық кеңселердің жауап­кершілігін күшейтуіміз керек. Мәсе­лен, Германияда, Қытайда жекеменшік нота­риус­тар мүлдем жоқ. Тек қана мемле­кеттік нотариустар жұмыс істейді. Меніңше, бұл – өте дұрыс нәрсе. Егер нотариусқа қатыс­ты жауапкершілікті күшейтіп, тек мем­лекеттік нотариустарды ғана жұмыс істе­тетін болсақ, жылжымайтын мүлікке қатыс­ты сенімхат мәселесі шешілер еді.

Бейтарап пікір
Ғабиден ЖАЙЛИН,
заңгер, «Әділет» демократиялық партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары:
– Бүгінде жылжымайтын мүлік мәселесіне қатысты туындап отырған қылмыстық әрекеттер өте көп. Сенімхат – заңды құжат. Өз деңгейінде жұмыс істесе, оған ешкімнің дауы жоқ. Әйтсе де бұл жерде мәселе сенімхаттың болуынан немесе болмауынан емес, нотариалдық кеңселердің жалған сенімхаттарды куәландыруынан туындап отыр. Мұндай жағдайда жасалған сенімхаттардың барлығы жарамсыз деп табылуы тиіс. Тіпті алаяқтық жолмен жасалып, жылжымайтын мүлік бірнеше адамға сатылса да, сенімхаттың күші жойылып, жасалған мәмілелердің бәрі бұзылып, жылжымайтын мүлік бастапқы иесіне қайтарылуы керек. Сондықтан бұл жерде соттың орын алған оқиғаны жан-жақты қарастырып, шешім шығаруы – маңызды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста