Жыл сайын «жыры таусылмайтын» ҰБТ жүйесін сәтсіз эксперимент деп танитын кез жетті ме?

Биылғы ҰБТ да әдеттегідей әлекке салып отыр. Тіпті дау-дамай барған сайын үдеп бара ма дейміз. «Қазақстан коммунистері» қозғалысы әуелі ҰБТ-ыны алып тастау керек деп салды. Отандық басылымдарда дәл бүгінгі күндері бас мақала ретінде жарияланып жүрген Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты А.Тюменцевтің мына мәліметі бізді де бейжай қалдыра алмады: «Біз әңгімеге тартқан жандардың 99 пайызы ҰБТ-ыға қарсы. Мұғалімдер де уәждерін от басы ошақ қасынан шығармаса да, ҰБТ-ының пайдасынан зияны көптігіне алаңдайды. Біз құзырлы министрлікке осы айтылған ойларымызды жазып жібердік. Бірақ хатымыз адасып кетуі мүмкін. Сондықтан да қоғамдық талқыға салып отырмыз». Бұл тұрғыда біз арнайы хабарласқан азаматтар болса былай дейді.

Мұрат Ғылманов, биология ғылымының докторы, профессор, ҰҒА академигі
Иә

– Өкінішке қарай, ҰБТ-ның тәжіри­бе­ге енгізілгеніне бірнеше жыл болса да, әлі күнге дейін оң нәтижеге жете ал­май келеді. Бұл нені білдіреді? Тиімсіз­ді­гін. «Сәтсіз эксперимент» деп кесіп айт­пай-ақ қояйын. Бірақ соның балала­ры­мыздың білім сапасын анықтауда ке­рек модель екендігіне күмәнім басым.
ҰБТ-ыда формализм басым. Ал білімге келгенде, оның ұңғыл-шұңғылы­на бой­ламай, сырт жағын сипап шығуға әсте болмайды. Адамдар бірдей емес, біреу сауысқаннан сақ, біреу шашасына шаң жұқтырмаса, енді біреу айлакерлеу болып келеді. Сондай-ақ өте білімді бо­ла тұра, баяу қимылдайтындар тағы бар. Терең ойлы балаларға да бұл өте тиім­­сіз. Міне, ҰБТ-ыны осы негізде айтсам, менің көңілімнен еш шықпайды.
Мен бірнеше жыл бойы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттерге дәріс бердім. Сонда бай­қағаным, он баланың екеуі ғана сабақ оқи­ды. Қалғандары – қара көбейтіп отыр­ғандар. Еліміздің болашағының тізгінін ұстайтын сондай жастар екендігін ойлаған­да, қабырғам қайысады. Ал бұрындары, мәселен, өзім оқыған кездерді еске ала­йын, он баланың, керісінше, екеуі ғана жал­қау болып келетін. ҰБТ арқылы біз тек балаларымыздың білім алуға деген ынта-ықыласын еш жақсарта алмаймыз, қайта ерік-жігерін тұншықтырып жатыр­мыз. Жоғарыда айтып өттім, қулар, пы­сықтар­дың жолдары болып кетеді де, асықпай қимылдайтын жастарымыздың меселі қайтып қалады. Білімді, білікті мамандар, бәлкім, солардан шығар ма еді? Сондықтан да болар, қазір ғылым қу­ған жастар жоқ­тың қасы.
ҰБТ құзырлы министрлікке, әлбетте, ұнайды. Өйткені бұл – өте жеңіл жүйе. Бәрін компьютердің көмегімен шеше салады. ҰБТ-ның әділ өтпейтіндігіне де куә болып жатады. Сұрақ та, жауап та сатылып жатыр. «Жемқорлықпен күресіп жатырмыз» дейді. Бірақ, өкінішке қарай, жылда шу шығады, барған сайын ушығып барады. Осыдан кейін ҰБТ-ны не жақтап, не ақтап көрші!?
Менің ойымша, емтихан тапсырудың бұрынғы жүйесін қайта енгізу мүмкін емес екен, онда ҰБТ-ның орнына түлектердің білім сапасын анықтаудың басқа түрін жасау керек шығар. Әр ЖОО әртүрлі маман дайындайды. Сондықтан да онда оқитын студенттерді бір жүйемен қабылдау дұрыс емес. Мәселен, математика мен тарихты болмаса дәрігерлік пен инженерлікті таңдаған балалардың білім деңгейін қарым-қабілетіне қарай анықтау керек деп ойлаймын. Осы тұрғыда айтқанда, ҰБТ-ның ұтымсыз жағы өте көп. Жалпы, өз басым бұрынғы емтихан тапсыру үлгісін қолдаймын

Ерұлан Жиенбаев, дарынды балаларға ар­нал­ған №92 мамандандырылған мектеп-лицей директоры
Жоқ

– Сәтсіз эксперимент дегенге ке­ліс­пес едім. Бізге ҰБТ керек. Өйткені дәл қа­зір оның орнын басатын, яғни мектеп тү­лек­терінің білім сапасын анықтайтын бас­қа балама түрі жоқ. Біз осы ҰБТ жү­йе­сін бірнеше жылдан бері қолданып ке­ле­міз. Жылда бір кемшілігін түзеп, жыл­да жақсартып жатамыз. Со­ның ар­қа­сында біртіндеп болса да ҰБТ өмір­шең­дігін дәлелдей бастады. Елі­міздің білім жүйесі аталған тестілеуді тәжіри­бе­ге енгізуде көп тер төкті, қомақ­ты қар­­жы жұмсалды. Балалары­мыз­дың са­на­сына да сіңісті болып қал­ды. Негізі, шет­елдердегі ҰБТ-ының тари­хы, біздің ел­мен салыстырмалы түрде айт­қан­да, ай­та­рлықтай тереңде. Қате­лес­пе­­сем, өткен ғасырдың 30-жылдары ен­гі­зілген.
Сондықтан да ҰБТ-ны жерден алып, жерге салғанша, құзырлы министрлік, ғалымдарымыз, қала берді бақылау органдары оның одан әрі жетілуіне атсалысқандары жөн дер едім. Өкінішке қарай, қылаң беріп қалатын кері тартушылар ҰБТ-ның «сәтсіз» емес, «сәтті эксперимент» атануына мүмкіндік бермей отыр. ҰБТ – қанша дегенмен де әлемдік деңгейде мойындалған тәжірибе. Рас, олардың талаптары күшті.
Негізі, ҰБТ-ның артықшылықтары аз емес.
Біріншіден, еліміздің барлық мектебін бір жүйемен бақылау, яғни бір критериймен бағалау дұрыс деп санаймын. Екіншіден, облыс, аудан, ауыл балалары сынақтан өтерде әрлі-берлі сабылмай, ҰБТ-ны тұрғылықты жерлерінде тапсыра береді.
Кемшіліктері де жоқ емес. Алайда көпшілік кемшіліктері – жүйенің тиімсіз­дігінен емес, қолдан жасалып отырған бірқатар заңға қайшылықтар. Мәселен, бақылау органдары өз жұмысына жауап­кер­шілікпен қарамайды. Сол сияқты ҰБТ-ға жауапты адамдардың арасында да арам пиғылдылар жоқ емес. Әр жерде әрқалай өткізіліп, балалар құқықтарының бұ­зы­лып жататындары да рас. Жылда туын­дап жататын даулар, негізінен, осын­дай­лардың кесірінен.
Десек те, мүмкіндікті пайдаланып, ҰБТ-ға қатысты мына төмендегі ой-пікір­лерімді айта кетсем, артық болмас. ҰБТ біржақты. Баланың ойлау, сөйлеу қабіле­ті­нің да­муына, шығармашылығын ашып көр­се­туі­не мүмкіндік бере алмайды. Мұны менің ҰБТ-ға деген қарсылығым деп ұқпаңыздар. Тек осы сынды мәселелер ескерілсе дей­мін.
ҰБТ-ға қатысты ұсынысым да жоқ емес. Барлық білім ошақтары бірдей емес, біреуі орта мектеп, біреуі лицей, біреуі гимназия, біреуі дарынды балаларға арналған. Менің ойымша, ҰБТ солардың әрқайсысы­на ыңғайлану керек. Сол тиімдірек болар еді. Сонымен қатар тапсырмаларды дамы­ту керек. Нақтырақ айтсам, логика жағы ұмыт қалмаса екен деймін. Негізі, ондай нұсқалар жасалған. Енді соны қолға алып, тәжірибеге енгізсе құба-құп. Тағы бір мәселе, ҰБТ арнайы орталықтарда өткізіл­ген­діктен, олар бір делдал сияқтанып кетті. Сондықтан да болар, мектеп мұғалімдері мен ЖОО-лар тарапынан ҰБТ-ға немкет­тілік байқалып қалады. Олардың да қызы­ғушылығын арттыру керек. Біз бұл жүйенің даму кезеңінің бел ортасына жетіп қалдық. Ал көштің жүре түзелетінін білеміз.

Түйін
ҰБТ жүйесін түбегейлі жоққа шығаруға болмайды. Өйткені ол – халықаралық тәжірибемен тиімділігі айқындалып, нақтыланған жүйе. Бүкіл әлемнің білім саласы оны мойындап, оқушылардың білім деңгейін анықтауда осы тәсілді қолданады. Ал бізде оны сәтсіз эксперимент деп танитын кез жетті ме деген мәселе көтеріліп жатқан екен, демек, оған себеп-салдар жоқ емес. Ендеше, бұл ҰБТ-ны қажетті деңгейде жүргізу біздің қолымыздан келмейді дегенді білдіреді емес пе?.. Бұл, әрине, біз үшін ұятты жағдай...
Сондықтан бұл жүйедегі тамыр-таныстық пен «бармақ басты, көз қыстылықты» жойып, тәртіпті күшейту керек. Керек болса, арнайы қаулымен, арнайы заңмен! Оған көнбей жатса, ҰБТ-дан мүлде бас тарту мәселесін сол кезде ғана қозғауға болатын шығар.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста