Жоғары оқу орындарына түсуде қазақ және орыс бөлімдерінің мемлекеттік білім грантын иелену балын теңестіру қажет пе?

ЖОО-ға бөлінген мемлекеттік гранттың иегерлері анықталды. Ресми деректерге сүйенсек, 30 758 жасөспірім мемлекеттік білім грантына ие болды. Олардың 21 064-і – қазақ, 9 694-і орыс бөлімдерінде оқымақ. Санға қарасаңыз, бәрі қалыпты. Бірақ 60 ұпай жинаған орыс бөлімі талапкерінің бағы жанып, 70 ұпаймен қазақ бөлімге түсе алмай қалғандар жетерлік. Бұл жайтқа алаңдаған оқыр­ман­да­ры­мыз «Жоғары оқу орындарына тү­суде қазақ және орыс бө­лім­де­рінің мемлекеттік білім грантын иелену балын теңестіру қажет пе?» деген сауалды бізге жолдаған еді. Біз ма­ман­дар­ға иек артуды жөн санадық.


Өмірбек Айтуғанұлы, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері:
иә
– Жоғары оқу орындарына түсуде қазақ және орыс бөлімдерінің мемлекеттік білім грантын иелену балын теңестіру қажет деп ой­лаймын. Өйткені мемлекет тарапынан бе­рі­летін гранттар тілдік жағынан бөлінгенде көп­теген әділетсіздікке тап боламыз. Мы­салы, қазақ тобына тапсырушыларға грант­тар саны аз болғандықтан, ондағы грантты ие­лену балы жоғарылайды. Ал орыс бө­ліміне оқуға ниеттенетіндердің саны аз һәм бө­лінген орын көп болғандықтан, оларға мем­лекеттік грантты алу анағұрлым оңай бо­лып тұр. Мәселен, қазақ тобына бәсекеге түс­кен бала 70 балмен оқуға түсе алмаса, орыс тобындағылар 70-ке жетпесе де, мем­ле­кеттік грантты иеленіп кетеді. Біздің білім беру жүйеміз, тұрып жатқан мемлекетіміз, аза­маттық құқықтарымыз бір. ҚР Ата За­ңы­ның 14-бабында ҚР азаматтарының бәрі тең, ҚР білім беру стандарты барлығына бірдей екені жазылған.
Ендеше, білімі жоғары түлек не­лік­тен өзінен төмен балл жинаған талапкерге жол бе­руі керек? Тағы бір мысал келтірейін. Бі­лім беру гранттарын тағайындау бо­йын­ша кон­курсқа өтініш берушілердің саны – 68 742, оның ішінде қазақ тілінде оқыту бө­лі­­міне – 51 706, орыс тілінде оқыту бө­лі­мі­не – 17 036 түлек тапсырып отыр. Қа­зақ то­­бына тапсырушылардың саны жалпы тап­­­сырушылардың санының 75 пайызын құ­­рады. Осы сандардан-ақ бұл мәселеге же­­те назар аудармаса болмайтынын тү­сі­не­сіз.
Осы мәселе жөнінде Үкіметтің арнайы қау­лысы бар. Ол қаулыда білім беру грант­тарының саны мен шығыны көрсетілген. Осы қаулы негізінде ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 маусымдағы №216 бұйрығы шыққан. Сол бұйрықта бі­лім беру гранттары оқу тілі, яғни қазақ жә­не орыс тілдері бойынша бөлінеді. Бүгінгі қа­лыптасқан жағдайға қарап, қазақ ті­лін­де оқығысы келетіндердің саны көп еке­нін байқайсыз. Оның себебін де­мо­гра­фия заң­дылығы бойынша қазақтардың кө­беюі­нен де іздеуге болады. Сондықтан да бұл мәселені шешудің екі жолы бар. Бірін­ші­ден, білім гранты бөлінген кезде мем­ле­кет­тік ауқымда оқуға тап­сыр­ған­дар­дың са­­нын анықтап, пайыздық өлшеммен грант­­­­тарды негіздеу қажет. Мысалы, бір ма­­­мандыққа тапсырған қазақ тілділердің са­ны 80 пайызды құраса, білім гранты да сол көлемге цифрлық жағынан сәйкес­тен­ді­рілуі керек. Яғни қазақ тіліне бөлінетін грант­тар санын тағы да көбейте түскеніміз жөн. Сонда сіздер айтып отырған балдық айыр­машылық болмайды. Бұл мәселені ше­шудің екінші жолы – грантты тілдік бө­лі­нуге салуды алып тастау. Мем­ле­ке­тімізде барлық азаматтарға бірдей жағ­дай жа­сал­ған, бірдей құқық бе­рілген. Осы негізге сү­­­­йеніп, тілдік тұрғыда грант бөлуді алып тас­­­тасақ, барлық талапкер ортақ бә­се­кеге түсер еді. Яғни бүгінгідей алалау бол­­май­ды. Оқушылардың білімі дұрыс са­ра­ла­нып, табиғи бәсекелестік белең ала­ды. Әйт­песе та­­лапкер өзінен төмен балл жи­на­ған баланың оқуға түскенін көрсе, ол ба­ланың пси­хологиясын бұзып аламыз. Ол та­лап­кер қазақ тілінде оқығаны, сол тіл­ді таң­да­ғаны үшін кінәлі емес. Бұл жай екі тілге де жетік балалардың ынтасын орыс ті­лі­не аударып жіберуі де мүмкін. Олар бә­се­ке­лестік тө­мен болғандықтан, тиім­­ді­лікті ойлап орыс тобына тапсыруы бе­­лең ал­са, мемлекеттік тілге қауіп төнеді. Бұл жағын да тереңірек ойлануымыз керек.


Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
жоқ
– Білім беру саласындағы мұндай кішігірім мәселелерді мемлекеттік деңгейде көтерудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Талап­кердің білімін орыстілді немесе қазақтілді деп бөліп қарас­тыр­ғанымыз дұрыс емес. Бар мәселе «Ба­лаларымыздың басында білім бар ма, жоқ па?» деген сұраққа келіп тірел­ге­ні жөн. Сондықтан мұндай мәселені сая­си­ландырмай шешудің жолын қарастыруға тиіс­піз. Мысалы, біріншіден, ЖОО-ның гран­тына тек білімділер ғана түседі. Екіншіден, бі­лімі жоғары студент өзінің білімділігін қа­лай да көрсетпей қоймайды. Үшіншіден, қа­зір білім гранттарының 30 пайызын ауыл­дағы жастарға бөліп отырмыз. Мұның се­бебін халқымыздың басым бөлігі ауылда тұ­ратындығымен түсіндіреміз. Мүгедек ба­ла­ларға арналған квоталарымыз бар. Дәл осындай мәселелер бар кезде тілдік тұрғыда бөлінген гранттарды кішігірім айыр­ма­шы­лық­қа бола алып тастасақ не болады?
Ертең тағы біреулер төмен балл жи­наған ауылдық оқуға балалар неге түседі демесіне кім кепіл?  Қазір «шеттен келген орал­мандарға грант тағайындайық» де­ген секілді пікірлер айтыла бастады. Оған қан­дай негіз бар екенін айта аласыз ба? Қазір елімізде білімсіз адам жоқ. Сон­дықтан елге, Отанға еңбек етемін де­ген жеткіншек орысша оқыса да, қазақша оқыса да Қазақстанға пайдасын тигізеді. Сол үшін де білім мәселесі сөз болғанда, ең алдымен, білім сапасын алдыға шы­ға­райық. Мәселен, былтыр қызым Еуразия­лық университетке ақылы бөлімге оқуға түсті. Тура қызым жинаған балдан төмен жинаған ауылдық балалар грантқа қа­был­данды. Бір жыл оқыған соң, өз білімін дәлелдеп, босаған бір грантқа ие болды. Мен басынан-ақ бұл жайға өкінген жоқ­пын. Керісінше, қызыма: «Сенің бі­лі­мің жо­ғары болғанымен, грантта ауылдан кел­ген балалар оқуы керек. Өйткені олар­дың ақылы оқуға жағдайы келмеуі мүм­кін» деп бәрін түсіндірдім. Бізге де осын­дай түсіндіру жұмыстарын жиірек жүргізгеніміз жөн. Меніңше, сіздер айтып отыр­ған орыс бөлімдері мен қазақ бө­лім­дері арасындағы мәселе де осындай жағ­дайдан туындап отыр. Бұл мәселе бір-ақ күнде емес, бірте-бірте өздігінен ше­шіледі. Сондықтан да бір ғана фактіні ал­дыға шығарып байбалам салма­ға­ны­мыз жөн. Біздің мемлекеттің халқы бір­келкі емес. Егер де елімізде тек қана қазақ ұлтының өкілдері тұрса, мұндай мәселені көтеруге болар еді.
                                     Абай ОМАРОВ (коллаж)

Түйін
Биылғы ҰБТ қазақ тілді мектептердегі білім сапасының жоғары екенін тағы да дәлелдеп берді. Бұл еліміздің әр азаматын қуантуы тиіс. Десек те, бір білім бұлағынан сусындаған бір мемлекеттің балалаларының білім таразысы неге әртүрлі тартылады? Неге білімі жоғары бола тұра қазақтілді жасөспірімнің сағы сынып, басқаның бағы жанады? Ендігі қойылар сауал – осы. Сіз не дейсіз?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста