Жергілікті әкімдерді сайлауға халық саяси мәдениет тұрғысынан дайын ба?

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында жергілікті әкімдерді сайлау қажеттігі жайлы айтқан еді. Алдағы шілде ай­ы­нан бастап демократиялық сайлау ар­қы­лы еліміздегі барлық деңгейдегі әкім­дердің жал­пы санының 91,7 пайызын, яғни 2533 әкімді су жаңа қызметке тағайын­да­мақ­шы­мыз. Қазір бұл мәселе саясат сах­на­сын­да да қызу талқыланып жатыр. Сол талқылау­лардың бір ұшы халықтың саяси мәдениетіне келіп тірелуде. «Ішінара рушылдық, жершілдік мәселесі бұл саяси шараға бөгет болмай ма?» деген сынды са­уал­дар да төбе көрсетіп жүр. Сөз тізгінін ма­ман­дар­дың қо­лына ұстатқан едік...


Рамазан Сәрпеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
иә
– Осыған дейін халық арасында ауыл, ау­дан, облыс әкімдерін сайлау қажеттігі мә­се­лесі жиі айтылып жүрді. Ел­басы­мыз­дың Жолдауда айтқан бастамалары не­гі­зінде биылдан бастап 2533 әкім сай­ла­натын бол­ды. Алғашында әкімдерді мәс­лихат де­пу­тат­тары сайлайды. Ке­йіннен бұл шара өз же­місін беріп жатса, әкім­дерді сайлау тіке­лей бұқараға жүк­те­луі мүмкін. Әр ауданда 18-20 аралығында мә­слихат депутаттары бар. Оларды халық сайлап отырғандықтан, депутаттар бұл жауапкершілікті сезінеді деп ойлаймын. Олар үмітті ақтауы тиіс. Енді сая­си мә­де­ниет тұрғысынан келсек, еліміз мә­дени тұр­ғыда сайлауға толыққанды дайын деп ай­туға болатын секілді. Мен аралап жүр­­ген елді мекендердің басым көпші­лі­гін­де мәс­лихатта бір емес, бірнеше мәрте қа­та­­рынан сайланып келе жатқан азаматтар отыр­­ғанын көрдім.
Демек, олардың саяси мәдениеті төмен деп айтуға келмейді. Қазір жалпы пар­ламентаризмнің, насихат орындары­ның беделі жылдан-жылға артып келеді. Қоғамдық қатынастардың ілгерілеуі де аңғарылады. Осыған қарап, ел бұрынғы­дай сауыншыны немесе көлденең бір көк аттыны әкім ете салу деген үрдістен айықты деп ойлаймын. Меніңше, мәслихат депу­тат­тары іскер бизнес өкілдерін, елге сөзі өтетін беделді азаматтарды таңдайды. Осы тұрғыдан алсақ, біздің ел-жұртымыздың саяси мәдениеті де, сайлау мәдениеті де жетіліп қалды. Десек те, жершілдік, рушыл­дық мәселесінің алдын алуды, осы жайттың орын алмауы үшін насихат жүргізуді тоқтатпаған жөн. Мен соңғы күндері халықпен болған кездесулерімде осы мәселені жергілікті мәслихат депу­таттарының назарына салып отырдым. Олар­ға жергілікті бос әңгімелерге ерік бер­меу, сол жердегі беделді адамдар ара­сындағы келіспеушілікке бой алдырмау керектігін, басты бағытқа азаматтардың іскерлігін шығару қажеттігін насихаттап келдім. Әкім сайлауын бұған дейін халық асыға күтті. Енді өз таңдауын жасайтын, өз мәселесін өзі шешетін кезге келгенде көшелік һәм рушылдық әңгімеден алшақ болуға біліктілігіміз жетер деп ойлаймын. Сонымен қатар бұл бастаманың тиімділігі – әр жергілікті жердің өзіндік бюжеті болатындығын­да. Демек, әр әкімнің ауылдық жер­дегі қордаланған мәселе­лерді өзі-ақ шешуіне мүм­кін­­дік туады деген сөз. Қаржы болған жерде тағы да саяси мәдениет мәсе­ле­сі сөз болуы мүмкін. Ме­ніңше, бәрі­міз де ауылдан шық­­қан қарапайым азаматтар­мыз. Ауылға жиі барып тұрамыз. Сол кезде аңғарғаным, ауыл азаматта­рының, жалпы халқымыздың мәдениеті ешкімнен де кем емес. Олар елдің үмітін ақтай да, жауапкершілікті сезіне де алады. Бүгінгі саяси өмірдің ағымына ілесе алмай қалған бірлі-жарым әкімдер бар шығар. Бірақ басым көпшілігінің саяси көзқарасы қа­лыптасқан, біліктілігі мығым екеніне шүбә келтірмеймін. Жақын күндері әкімдікке сай­лауға түсетін адамдар тәртібі, яғни өзін-өзі ұсына ма, аудандық әкім белгілей ме, пар­тиялық тәртіппен сайлауға түсе ме – осының бәрі анықталады. Жер тырмалап жүріп беделге ие болған азаматтар бар. Сол азаматтарға да жол ашылады деп біле­мін. 


Гүлшат Нұрымбетова, саяси ғылымдар докторы, профессор:
жоқ
–  Жергілікті жерлерде әкімдер сайла­уын өткізу мәселесі бұған дейін де айты­лып кел­ді. 2006 жылдары бірнеше аудан­ның әкі­мін сайлап, бұл саяси шараны тә­жірибе жүзінде жүзеге асырып та көр­дік. Енді, міне, осы мәселенің екінші тол­қы­ны тағы да көтеріліп отыр. Мысалы, 2012 жылдың аяғында жасалған Пре­зи­дент Жолдауында әкімдер сайлауы ту­ралы нақты жайттар сөз болды. Меніңше, әкім­дерді сайлау мәсе­ле­сіне жергілікті ха­лық дайын болуы керек. Объективті тұр­ғыда, бұл саяси шара бары­сында «ме­нің туысым, менің руласым» деген үр­дістерді нысанаға алмай, оның білік­ті­лігіне, білімі мен іскерлігіне назар ау­­да­руымыз керек. Бұлай айтып оты­руым­ның себебі, біздің бұқара пси­хо­ло­гиялық тұр­ғыдан әлі де болса әкімдер сай­лауына саяси мәдениет тұрғысынан дайын емес. 
Бірақ «біз сайлауға саяси мәдениет тұрғысынан толық дайын емеспіз» деп, бұл кешенді шаруаны кейінге қалдыру­­ға болмайды. Саяси мәдениетіміздің жетілуін күтіп отырсақ, бұл үрдіс ешқашан да алға қадам баспайды. Бірінші сайлауда жұртшылық субъек­­тивті көзқараспен «туысым, ру­ласым» деп дауыс берер. Екін­ші сай­лауда туыс әкімі ойынан шық­­пағандықтан, дұрыс таң­дау жасауға жол ашылады деп ой­лай­мын. Өйткені қазір саяси мәдениет мәселесінде пат­риархал­дық кеңестік тұрғы­дағы көзқарастан айырыла алмай келеміз деген пікір жиі айтылып жүр. Со­н­дық­тан да ел арасын­дағы азаматтардың арасында 20 жыл­дан бері сөз болып келе жат­қан «өз­ді­гімізден шешім қабылдай алмай­мыз», «мұндай шаруалар мента­ли­те­тімізге сай емес», «сайлау тікелей жік­ке, рушыл­дық­қа, бөлінушілікке әкеледі» деген сын­ды керітартпа ойларды ысырып, нар тәуе­кел­ге баруымыз керек. Себебі ха­лық­тың ситуацияны көріп, жағдайды ба­сынан өткізбей, аталмыш саяси науқанға дайын болуы мүмкін емес. Қайталап айта­йын, рушылдық, жікке бөлінушіліктен қор­қып, бұл қадамнан бас тартсақ, алға іл­гері­леу болмайды. Өйткені бүгінде елі­міз­­де жер­гілікті өзін-өзі басқару саласы толық­қанды жұ­мыс істей алып отырған жоқ. Егер де қазір халықтың саяси сауатын арттырамыз, мә­дениетін көтереміз деп жүре берсек, болашақта бұл шараның қажеттігін сезіне де алмай қалуымыз әбден мүмкін. Мәс­ли­хатқа халық өзінің сенім артқан азамат­та­рын сайлайды ғой. Олар әкімдерді таңдайтын болды. Сон­дық­тан да мәслихат депутаттарын таңдауды да басынан бастау қажет секілді. Әкім дегені­міз саяси маман, әрі экономист, әрі іскер ұйымдастырушы бо­луы керек. Кез келген дамыған мемле­кет­ті алсақ, көптеген мәселе жер­гілікті жер­­лерде шешіледі. Дәл осылай аймақ­­та­ғы мәселелерді өздері шешпейін­ше, тағы да даму болмайды. Жоғарыдан қар­жы кү­тіп, ол қаржы жетпей қалды деп шу­лап не­месе қаржы игерілмей қалды деп бай­ба­­лам салғаннан гөрі, әр әкімдік қар­жы­ны өзі тауып, өз бюжетін қалыптастырып, әр істің ортақ іс екенін сезінсе, жауапкершілік те күшейеді. Сол себепті де саяси мәдениет мәселесіне дайындықты сайлау өткізіп, тәжірибе жүзінде ғана арттыра аламыз деп ойлаймын.

Бейтарап пікір
Сайын Борбасов, саясаттанушы:
– Менің пікірімше, жергілікті әкімдерді сайлау мәселесіне халықтың саяси мәдениеті дайын секілді. Өйткені біз Тәуелсіздік алғалы демократия мектебінен біршама өттік. Демократиялық сайлау, идеологиялық көзқарас, әлеуметтік толеранттылық, этникалық татулық, ұлтаралық, қоғамдық, әлеуметтік келісім мәселелері халқымыздың саяси мәдениетін арттырды деп ойлаймын. Десек те, елімізде жікке, руға бөліну түпкілікті жоғалып кетті деп айта алмаймын. Осы сын сағатта рушылдыққа салсақ, өкінішке қаламыз. Сол үшін де біз жершілдік мәселесі жақсылыққа апармайтынын аңғара білсек, болғаны.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста