Жазылмайтын дертке шалдыққандарға қатысты өз еркімен эвтаназияны қолдануға рұқсат беру керек пе?

Жазылмайтын дертке шалдыққандарға қатысты өз еркімен эвтаназияны қолдануға рұқсат беру керек пе?

Грек тілінен аударғанда бір-біріне қайшы келетін «жақсы өлім» деген екі сөзден тұратын эвтаназия әдісін қолдайтындар да, қарсылар да жетерлік. Айықпас дертке шалдығып, ауру жанына батқан жанның өз еркімен өмірін тоқтатуын кейбір елдер «діни тұрғыда дұрыс емес, адамның жанын алу Құдайдың ғана еркімен болатын нәрсе» деп бағаласа, енді бір елдер жазылмайтыны белгілі болған, күні таянған науқастардың өз өтінішімен өмірден кеткісі келетінін қолдап, заңдастырып та қойған. Мәселен, эвтаназияны қолданысқа енгізуді Нидерланды мемлекеті ең алғашқылардың бірі болып қабылдаған. Ал Бельгияда эвтаназия 2002 жылы заңдастырылып, екі жылдың ішінде өлім аузындағы 360 науқастың қиналмай өмірмен қош айтысуына көмектескен. Екі жақты пікірге ие болған эвтаназия әдісін еліміздегі мамандардың талқысына салып көрген едік.


Ғабиден ЖАЙЛИН, заңгер:
иә
– Шындығында, эвтаназияға қатысты шешім қабылдау қиын. Бірақ біз жазылмайтын дертке шал­дығып, ауруы жанына батқан жан­ның соңғы өтінішін ескеруіміз қажет. Яғни адам өз өміріне қа­тысты шешімді өзі қабылдауы, ал біз сол шешімінің орындалуына мүм­­кіндік беруіміз керек. Науқас өз өміріне қатысты өзіндік құқын пайдалануы қажет. Біз сол сәтте науқастың қандай ауыр сәтті бас­тан кешіріп, аурудың қаншалықты жа­нына батып жатқанын сезіне ал­маймыз. Сондықтан бәрібір айық­пай­тын, беті бері қарамайтын нау­қасты одан әрі азаптау дұрыс емес. Әрине, ұстанымымыз сай кел­мей­ді, дәстүріміз қарсы деп сырттай пікір айту оңай.
Ал ауыр дертті өз басыңнан өткізу қиын. Осы орайда, біз ең алдымен нау­қас­тың тілегін ескергеніміз жөн. Жалпы, эвта­на­зияға қатысты ойларымды саралай келе, өзім ауыр дертке шалдыққан жан­дардың тілегін ескеруді құп көремін.
Соңғы жылдары Батыс елдерінде ауыр науқасқа шалдыққандарды өз өтініші бойынша, қинамай о дүниелік ететін эвта­назия тәсілі кеңінен қолданылуда. Француз дәрігерлерінің үштен екісі жаны қиналыста жатқан, жазылуы мүмкін емес науқастарға қатысты эвтаназия әдісін қолдануды қол­дайды екен. Бұл – нау­қас­тар­дың қиналысын көзімен көрген дәрігерлердің шешімі. Әркімнің өз өміріне өзі ғана жауапты екенін де естен шығармаған абзал. Онсыз да өмірден үмі­ті қалмаған жан, шы­дат­пас ау­рудың зардабын тартып, өлім сағатын күтіп жатқан науқастың тілегін орындау дәрігерлердің парызы деп білемін. Рас, қазір науқастың ауруын уақытша баса­тын әсері күшті дәрілер жетерлік. Бірақ олардың өзі уақыт өте науқас­тың ағзасына әсер етпей қала­тын­дық­тан, ол дәрілерді де ұзақ уақыт қолдану мүмкін емес.
Мүмкін, дәл қазіргі таңда қоғамымыз бұған дайын емес шығар. Сондықтан эвтаназия шешімін қабылдар алдында жан-жақты талқылаудан өткізіп, нау­қастың тіле­гін айқындап, туыс­қан­да­ры­ның да өтінішін ескере отырып жасалуы керек.


Досай КЕНЖЕТАЙ, дінтанушы, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор:
жоқ
– Жоқ, ол дұрыс емес. Жазыл­майтын дертке шалдығып, ауру жанына батып жатқан науқастарға қайткен күнде де өз еркімен эвта­на­зияны қолдануға рұқсат бер­меуіміз керек. Жалпы, исламда өз-өзіне қол жұмсау, өзін өлімге қию ауыр күнә саналады. Адамның жаны – Алланың аманаты. Ал Ал­ланың аманатына қиянат жасауға болмайды. Рас, бүгінде түрлі ауыр науқастар қатары көбейіп кетті, күн санап қатерлі ісік дертіне шал­ды­ға­тындардың да саны артуда. Олар көп жағдайда ұзақ уақыт ауру жа­нына батып, жаны қиналып жатып қалады. Оны түсінемін. Бірақ бәрібір мен эвтаназияға қар­сы­мын. 
Сондықтан науқас өз еркімен эв­таназияны сұрап жатса да, біз оған қолы­мыздан келгенше көмектесуге тыры­суымыз керек. Мәселен, бүгінгі күні науқастардың ауруын жеңіл­детуге көмектесетін дәрілер бар. Науқастың саусақпен санарлықтай күні, санаулы сағаты қалса да, ауруын бәсеңдететін дәрілер егу арқылы эвтаназияны сұра­май­тын­дай етуге болады. Осы­ларды ескеріп біз әлі де болса елімізде эвта­назияны енгізуге қар­сы­лық танытуымыз ке­рек.
«Үмітсіз – шайтан» деген­­дей, қандай жағ­дай болсын пенденің Алладан үміті үзілмеуі керек. Оның үстіне Алланың бар екеніне сенген адам да мұндай қадамға бар­майды деп ойлаймын. Тағы бір ескере кететін жайт – елімізде айықпас дертке шал­ды­қ­қан­дарға қатысты өз еркімен эвтаназияны қолдануға рұқсат етуге қоға­мымыз да дайын емес. Тіпті эвтаназияны қолдануға рұқсат етсек, елімізде түрлі қылмыстық оқиғалар да төбе көрсетуі әбден мүмкін. Сондықтан «басқа елдер эвтаназияны қабылдапты» деп тұра жүгірмей, өзіміздің ұлттық болмы­сы­мызды, діни ұста­ны­мымызды да еске­руіміз керек. Адамның жанына ауыр дерт батқан кезде мұндай әдістерді ұсынудан гөрі рухани сүйеу болуға тырысуымыз қажет. Әрбір мұсыл­ман тағдырға мойын­сұнып, басқа түскенге сабыр етсе, Алла алдында ең үлкен сауап­ты іс және сол үшін есеп күні сыйлық барын қаперінде ұстауы қажет.
Осы орайда айта кетер жайт – Алматы қаласында бірнеше хоспис жұмыс істейді. Айықпас дертке шалдыққан жандар мекен ететін бұл жерде осы уақытқа дейін бірде-бір науқас эвтаназияға өтініш білдіріп көрмепті. Бұл – сол жерде жұмыс істейтін ма­мандардың пікірі. Демек, біздің қо­ғамымыз эвтаназияны қажет етіп отырған жоқ. Бұл – қуанышты жайт. Жалпы, эвта­на­зияға дініміз де, салтымыз да, дүние­танымымыз да қарсы болғандықтан, қайт­кен күнде бұл әдісті қоғамымызға ен­гіз­­беуіміз керек.

Бейтарап пікір
Гүлнұр МАҚСҰТОВА,
«Дәрігерлер мен пациенттердің ауыр науқастармен күрес қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры:
– Бұл – өте ауыр сұрақ. Шынымен, бұл сұраққа біржақты жауап беру қиын. Мен дәрігер болсам, эвтаназияны қолдана алмас едім. Бірақ өлім аузындағы науқастың да шешімін тыңдап, қалауын орындауға тиіспіз. Сондықтан ұзақ уақыт қоғамның талқылауынан өткізген соң ғана эвтаназияға қатысты шешім қабылдауымыз керек деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста