«Жатыпішерлік туралы» бапты енгізу керек деген ұсыныс орынды ма?

«Жатыпішерлік туралы» бапты енгізу керек деген ұсыныс орынды ма?

Біздің елімізде әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыларды шамамен 4,2 млн адам алады. Деректерге жүгінсек, биылғы жылы сол 4,2 млн адамға 1,1 триллион теңге мемлекеттік төлем төленген. Осы іспетті деректерді тізбелегенде бірқатар сарапшы қауым «халқына мұндай әлеуметтік төлем төлеуге әлемдегі дамыған мемлекеттердің барлығының күші жете бермейді» деседі. Тіпті мамандардың пайымдауынша, соңғы кезде атаулы әлеуметтік мемлекеттік көмектерді өсірген сайын сол көмекті заңды-заңсыз тұрғыда алып қалғысы келетіндердің сапы да күрт өскен. Міне, мұндай жайттарды ескерсек, болашақта біз үшін еңбек қоғамын құру анағұрлым тиімді болмақ. «Еңбекшіл қоғам құру арқылы біз жұмысқа құлқы жоқ, шынайы еңбектенгісі келмейтін жалқаулардан арыламыз. Кеңестік тілмен айтқанда, жатыпішерлердің еңбекке деген ынтасын ашқанымыз жөн» дейді мамандар. Бұған байланысты тіпті «жатыпішерлік туралы» бапты енгізу қажет деген ұсыныс білдіргендер де болды. Осы тұста біз аталмыш сауалды мамандар талқысына салып көрдік...


Тұрсынбек ӨМІРЗАҚОВ, Мәжіліс депутаты:
иә
– Жалпы, жатыпішерлік ту­ра­лы бап бізге қажет. Мұны қолдау керек. Әри­не, біз бұлай десек, бұл пікірі­міз­ді бір­қатар қоғам өкілдері түсін­бей қалуы да мүмкін. Өт­кен­де біраз Мә­жіліс депутаттары «мем­лекетке ма­сыл­дықтан ары­луға шақырғанда» біраз қауым дүрлігіп, осы пікірге сон­шалықты қарсы лап берген бола­тын. Бұл жер­де мәселені тереңінен түсінген абзал. Біз қазірде ин­но­ва­ция­лық эко­номикаға бет бұрған мем­лекет ретінде алдымен еңбекшіл қоғам құру арқы­лы халықтың бел­сен­­ді­лі­гін арт­тыр­ға­нымыз абзал. Егер біздің мем­ле­кетімізде халықтың басым бөлігі еңбек қоғамында өмір сүруге ниеттеніп, жоқ­тан бар жасап, тыр­банып тырысса, жалқаулықтан арыл­са, сөзсіз, бұл – жақ­сылықтың ны­шаны.  
Сол жақсы істерге қол жеткізу үшін бірін­ші кезекте, әлбетте, арнайы шаралар қарастыруымыз керек. Міне, жатыпішерлік туралы арнайы бап енгізу сол шаралардың бір бөлігі. Егер болашақта жатыпішерлік туралы бап қабылданар болса, біріншіден, әлеуметтік заңнама жаңарады. Екіншіден, әлеуметтік еңбек қатынастарының тиімді үлгісі қалыптасады. Үшіншіден, еңбекке қатысу арқылы қазақстандықтардың өмір сапасы артады. Бұған қоса, әлеуметтік жаңа­­рудың мәдени компоненті дамиді. Ең бас­тысы, әлеуметтік үдерістерді мем­ле­кет­тік басқарудың тиімді жүйесі қа­лы­п­та­са­ды. Қазір біздің мемлекетімізде 4,2 млн халық мемлекеттік әлеуметтік көмекке жүгінеді. Ауылдық аймақтар хал­қы­ның 80 пайызы сол мемлекеттен бері­летін атаулы көмектерге иек артып күн көріп отырған жайы бар. Тіптен қол-аяғы балғадай, қарулы жігіттердің өзі жұмыс істеуден қашқақтап, баласына бөлінетін немесе арнайы жұмыс­сыз­дық­пен қамтуға қатысты ме­ке­­мелердің тарапынан бе­рі­летін жәрдемақыға сеніп күн кешуде. Мұндай үр­діс­тер жалпыға бірдей еңбек қоғамын қалып­тас­ты­ру­ға кері ықпал етеді. Демек, біз үшін жатыпішерлер мен жалқауларға жауап­кер­шілік жүктейтін арнайы бап болғаны жөн. Мен мұны қолдаймын. Сондықтан «мұндай бап керек» деп ашып айта аламын. Бұл мемлекеттен бөлінер бол­ма­шы жәрдемақыны халықтан «қыз­ған­ға­ным» емес. Керісінше біздің халық сол жәр­демақымен күнелтпей, мемлекетке алақан жаймай, өздігімен тәуелсіз тұлға ретінде гүлденіп, «өзін-өзі толыққанды қамтамасыз ете алатын деңгейге жетсе екен» деген халыққа жанашыр пейілден туған пікір. Сондықтан мұны теріс түсін­бей­тін шығарсыздар. Егер біз өрке­ниеттіліктің биігінен көрінгіміз келсе, мұндай ұсыныстарға оң көзқарас таныт­қа­нымыз жөн.


Өмірәлі ҚОПАБАЕВ, заң ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Мына ұсыныс ақылға қоным­сыз дүние. Жатыпішерлерді жаза­лау, оларды жауапкершілікке тарту Кеңес өкіметі тұсында болған. Ол кезеңдері жұмысшы таптың жауап­кершілігі мықты болатын. Өкімет жұмыс берді ме, соны сен жатып­ішерлікке са­лын­бай істеуге міндетті едің. Әрине, ке­ңес­тік заман маман­ға жұмыс тауып бере алды. Сосын барып одан жауап­кершілікті талап етті. Ал қазір біздің елімізде жұмыс­сыздық деңгейі 6,3 пайызды құрады. Бұған бірдеңе етіп тыр­банып, өзін-өзі жұмыспен қам­тып, отырған қауымды қоссақ, көр­сеткіш одан әрі өседі. Ойлап қара­сақ, елімізде жұмыссыз «екі қолға бір күрек таба алмай» жүрген қауым­ның саны да аз емес. 
Демек, бұл жерде біз халықты жұ­мыс­пен толыққанды қамти алмай отырып, қалайша оларды жатып­ішер­лердің санатына қосып жібереміз. Өзі жұмыссыз, жағдайы төмен отбасы болмашы жәрдемақымен күнелтіп отырған қауымды қалайша жа­тып­ішер деп, қалай ғана ар­найы баппен жауапкершілік жүктеуге болады?! Бұл тіптен қажет емес. Мұны мен қол­да­маймын. Заңдық тұрғыдан алып қарасақ, мұның өзі адамның құқығын шек­теу­мен пара-пар жайт. Бізді қазірде әлем елдерінің дені демократиялық мемлекет ретінде таниды. Осылайша демо­кра­тиялық ел атана отырып, арнайы бап енгізіп, адам құқығын шектеумен айна­лыс­қанымыз тіпті қисынға келмейді. Ақыр соңында мұндай арнайы бап енгізер болсақ, сол жаңағы сіз бен біз тілге тиек етіп отырған «жатыпішерлер» өздерінің құқығын айтып шыға келеді. Сондықтан бұл оң нәтижемен жүзеге аспайтын дүние. Осыған орай айтарым, бұл елдегі мәселені шешудің бірден-бір басты тетігі емес. Егер біз енжарлықты, жатыпішерлікті тыямыз десек, шынымен де, оң нәтиже беретін оңды жұмыстар жасауға дағдыланғанымыз жөн. Қазіргі заманда «мемлекетке масыл болып отырған жатыпішерлер толып жүр» дегенге сене қою қиын. Керісінше ас-ауқатына мардымсыз қаржы жұмсап күнелтіп жүргендер көп. Әрине, мұндай ұсыныстарды айтып отырған тараптың дені халықты осы арқылы жалқаулықтан арыл­та­мыз, жауапкершілігін арттырамыз деп ойлайтын шығар. Бірақ қоғамның өкілі ретін­де айтарым, халық мемлекеттің қолдауын қай кезде де мықтап сезінуі керек. Халықтың қолайлы өмір сүруіне қазірде жағдайлар жасалып, түрлі мем­лекеттік бағдарламалар қабылданып, бола­шағы зор жобалар назарға ілігіп, эко­но­микамызды жаңашылдыққа, техно­логиялық дамуға бейімдеуге барынша бейіл танытылып жатыр. Міне, осы жайттар әрі қарай жалғасын табуы керек. Өркениетке деген ұмтылыс халықты өзінен-өзі енжарлық пен жатыпішерліктен алып шығады. Сондықтан үнемі даму жолында халықтың еңсесін көтеріп отырғанымыз жөн. Халықты қолдау – мемлекеттің парызы.

Бейтарап пікір
Сапабек ӘСІПҰЛЫ,
жазушы-ғалым:
– Қазаққа қойылатын негізгі айыптың бірі жұрт қазақты жалқау, жатыпішер дейді. Мен мұндай пікірлерді мүлде қолдамаймын. Біздің қазақ халқы – жатыпішер емес, кері­сін­ше, қай кезеңде де еңбектен мехнат тауып, бейнетінің зейнетін көргісі келетін қауым. Қазір біздің жеріміздің үштен екісі, яғни 67 пайызы шөл және шөлейтті аймақ­тар. Бұларды ғылым тілінде «адамның күнкөрісіне мей­лін­ше қолайсыз аймақтар» деп есептейді. Өнеркәсіп дамыт­пақ түгіл, ол аймақтарда күн көрудің өзі тауқымет.
Бұған қоса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «қазақ халқының орташа өмір сүру жасы 60-65 жастан әрі аспайды» деген есеп-қисап шығарды. Біздің ел ең ұзақ жасады дегеннің өзінде 80-90 жастың аралығын құрайды екен. Көрдіңіз бе, қазақ ұзақ ғұмыр жасай алмай отыр. Оның барлығы елдің салауатты тірлік кешуіне әлі де толық­қан­ды жағдай жасал­май отырғандығында. Сондықтан нақ қазір жатыпішерлерді жауапқа тарту туралы сөз ету әлі ер­те­рек. Мұндай әңгіме қозғау үшін алдымен халықтың өмір сүруіне толыққанды қолайлы жағдай туғызып барып бұқара­ға жауапкершілік жүктеу керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста