Жастардың шетелдерден діни білім алуына тосқауыл қою керек пе?

Жастардың шетелдерден діни білім алуына тосқауыл қою керек пе?

Шетелден діни білімдерін жетілдіріп келген жастар жайлы қоғамның пікірі екіге жарылып отыр. Бас мүфти Әбсаттар Дербісәлі «шетелде діни білім алып келген жастардың кейбір қылығына көңіл толмайтыны рас. Алайда шетелде оқып келгендердің барлығы халқымыздың әдет-ғұрпына, бабаларымыздың ғасырлар бойы ұстанып келген Ханафи мәзһабына қарсы емес. Сол шетелде оқып келген бірталай білімді, көкірегі ояу азаматтар бүгінде Ханафи мәзһабын дәріптеп, әдет-ғұрпымыздың озығын насихаттауда. Иә, шетелден бір жақты әрі радикалды тәлім алып келгендерінің де бар екені рас. Өткен ғасырдың 90-жылдары шетелде оқуды қызық көріп, талғамай, сол елдің өзінде де қадірі жоқ оқу орындарына өз бетімен барғандар көп болды. Оның бірқатары сол жерлердегі теріс ағымдар жетегіне түсті. Осы орайда мен дін кадрларының шетелдерде емес, өзімізде дайындалуын қолдаймын. Сондай-ақ қазір Қазақстан мен Түркия, Мысыр, Ресей дін басшылары арасында жастардың діни оқу орындарында біліктілік арттыру, тәжірибе алмасу өзара келісім бойынша жүргізілуде» деп екіжақты пікір білдірген. Сондықтан қайшы пікірлердің туындауына себеп болып отырған мәселені дәстүрлі айдарымызда тақырып ретінде көтеріп, мамандар талқысына салып көрген едік.


Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:
иә
– Мен жастардың шетел­дерден діни білімдерін жетіл­діруге тосқауыл қоюды қолдай­мын. Негізі, бұл тақырыптың қо­ғам талқысына түскеніне бір­шама уақыт өтті. Әйтсе де әлі күнге шешім қабылдай алмай отырмыз. Дегенмен тезірек жастардың шетелдерден діни білім алуына тосқауыл қоятын болсақ, соғұрлым ұтар едік. Кезінде 90-жылдардың басын­да елімізде діни білім беретін оқу орны болмағандықтан, жас­тар діни білімін жетілдіру үшін шетелге ағылды. Сондай-ақ шетелдік қаржылық мұсыл­ман­дық қорлар да жастарымыз­ды діни білім беру үшін өздеріне шақыруға мүдделі болды. Кө­мек қолын созды.
Жасап жатқан жеңілдіктеріне қызығып, көптеген жастар діни білім үшін шекара асты. Бірақ олардың алып жатқан діни білі­мінің сапасы мемлекеттік тұрғыдан ба­қылауға алынбады. Әлі күнге дейін шетел­дерде діни білімін жетілдіріп жатқан жас­тарға жеткілікті деңгейде бақылау жасалынып отырған жоқ. Елімізден жыл сайын қанша жас қай елге діни білім үшін кетіп жатыр, олар қандай оқу орын­дарында оқып, қандай білім алып отырғаны на­зардан мүлдем тыс қалған. Қанша айт­қанмен, ертең ол жастардың барлығы елі­мізге қайтады. Сол кезде осы бақыланбаған діни білім үшін зардап шегуіміз әбден мүмкін. Қанша айтқанмен, оң-солын танып үлгермеген жастарымыз ше­телге білім алу мақсатымен бар­ғанымен, өзге ойлы ағымдардың жетегін­де кетіп қалу фактілері кез­десіп жатыр. Исламдағы ахмадилік, уахаббилік, сала­фиттік ағымдарға ден қойып кетеді. Кейде тіпті өзге елдің мәдениетін бойына сіңіріп келген жастар жергілікті ұлттың, төл мәде­ние­тіміздің кейбір тұстарымен келіспей жатады.
Осыдан келіп дәстүрлі ислам дінін уағыздаушылар мен шетелден ауытқы­ған ілімді игеріп келгендер ара­сында түсініспеушіліктер туындайды. Бірін-бірі жоққа шы­­ға­ра­ды. Осыдан келіп халық та екіге жарылды. Әрине, әркімнің қайда оқимын десе де өз еркі. Бірақ діни білімге кел­генде барынша шектеу енгізіп, ба­қылауға алудан ұтыл­ма­сымыз анық. Біз осы мәселені бетімен жіберу­дің сал­дарынан халқы­мыздың жыл­дар бойы ұстанған мәзхабын жоққа шы­­ғар­у­­шылар табылып, салт-дәстүрімізді мойындамайтын, шетел­ден алып келген ілімін ғана пір тұтатындар көбеюде. Сондықтан дін мәселесіне келгенде аса сақтық керек.
Тағы бір айта кетер жайт, кезінде біз жастарымызды өз елімізде діни білім беретін оқу орны жоқ болғандықтан ше­телге жібердік. Одан бергі уақытта қазір елімізде діни білім беріп, дәстүрлі Ислам дінінің құндылықтарын жете меңгер­те­тіндей дәрежедегі медреселер мен ЖОО-лары қалыптасты деп санаймын. Арада 15-20 жыл ішінде діни білім беретін мамандарымызды да дайындап үлгердік. Сондықтан дәл қазіргі таңда шетелде діни білім жетілдірудің қажеттілігін көріп отырғаным жоқ. Алдағы уақытта шетелден діни білім алуды барынша шектеп не білім беру сапасын бір ретке келтіру қажет деп санаймын. Сондай-ақ еліміздегі осы бағытта білім беретін оқу орындарының бағдарламасын да тексеруден өткізіп, қаншалықты талапқа сай екендігін анық­тауымыз керек. Өйткені олардың арасында шетелдік оқытушылар көп. Олардың да қаншалықты еліміздің ұстанымына сай білім беріп жатқаны толық бақылауда болуы керек.


Досай КЕНЖЕТАЙ, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор:
жоқ
– Жоқ, меніңше, жастардың шетелдерден діни білім алуына тосқауыл қоюдың қажеті жоқ. Онсыз да қазір әр­бір нәрсеге шек­теу көп. Ал шетелдерден діни білім ал­ғысы келетін жас­тарды шектеу, тосқауылмен күш­теп ұстап отыра алмаймыз. Бәрібір олар шын қаласа, қала­ған жағына барып, діни білімін жетілдіріп келеді. Негізі, білім деген шек­сіз дүниеге шектеу қажет емес. Адам барынша өз мүм­кіндігін пайдаланып ке­регін алуы қа­жет. Рас, бү­гінде шетел­дерден діни білімін же­тілдіріп келіп жатқан жастарға қатысты қо­ғамда мәселе туындап жат­қаны белгілі. 
Сондықтан осындай мәселе туын­дамас үшін жастарымыз қай жақта білім алып келсе де, олар елімізге оралған соң арнайы қайта даярлау курсынан өтуі қажет. Өйткені қанша айт­қанмен, жат елдің білім беру стан­дарты, діни ұстанымы біздікімен сәйкес келе бермеуі мүмкін. Ендеше, мемлекет оларды елі­мізге келген соң қайта даяр­лаудан өткізіп, өз елімізге лайық маман ретінде бейім­деуі керек. Мәселен, шетел­ден оқып келген жасты бір жылдық курстан өткізіп алса, барлық мәселе ше­шілер еді. Әлемдік тә­жірибе бойынша бұл әдістің тиімділігі дәлелденіп отыр.
Мәселен, Түркия мемлекеті шетел­ден оқып келген жасты өздеріне маман ретінде бірден қабылдамайды. Сондықтан Анкара университетінің теология фа­культетіне түсіп, бір жылдай қайта оқы­тудан өтеді. Оның ұстанымы, білім сапасы сонда тексеріледі. Содан кейін ғана диплом беріп, маман ретінде жұмысқа тартады. Егер біз де осындай әдіске көш­сек, дұрыс болар еді. Шетелден діни білім алуға шектеу енгізіп, тосқауыл қоюдан гөрі мұндай қайта даярлау сынынан өту әдіс­тері әлдеқайда тиімді болар еді. Әсіресе дін тұрғысынан келгенде шектеуден гөрі бақылау пайдалы. Оның үстіне біз Конс­титуциямыз ар­қы­­лы өзімізді жалпақ әлемге зайырлы мем­лекет етіп таныс­тыр­ған­нан кейін, жас­­тарымыздың шетелдерде білім алуына заң жүзінде тыйым сал­мауымыз керек. Сондай-ақ елі­міз­дегі исламның өзге ағым­дарын ұста­нып жүр­гендердің көбейіп кетуінің нақты себебін шетелде білім алып келген жас­тар­дан іздеу дұрыс емес деп санаймын.
Айта кетер жайт, еліміз шектеу енгізіп, діни білім алуға тосқауыл қойса, біз оқ­шау­ланып қаламыз. Өйткені халықаралық діни жиындарда бәрібір шетелдік мамандармен, теологтармен бас қосамыз. Сондай кезде олармен терезесі тең адамша сөйлесе алу үшін біз өзімізше оқшау­ланбауымыз керек.

Бейтарап пікір
Шәмшәдин КЕРІМ,
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры:
– Қазір біз біртіндеп жастарымызды діни білім алу үшін шетелге жіберуден гөрі өзімізде даярлауға күш салып жатырмыз. Ал қажетті ұстаздарды өз елімізге шақыртып оқытып жатырмыз. Бұл мемлекет қауіпсіздігіне тікелей қатысты нәрсе болғандықтан, сақтық қажет. Онсыз да қазір кейбір шетелдерде тұрақсыздық жайлап тұрғандықтан, мүмкіндігінше өз жастарымызды өзіміз оқытуға тырысуымыз керек. Жалпы, бұл тек діни білімге қатысты емес. Жалпы, білім беру саласында өзгерістер болып жатыр. Енді оң-солын танып үлгермеген өрімдей жастарды сыртқа  топырлатып жібергенше, олардың заманға лайықты білім алуына өз жерімізде жағдай тудыруға көңіл бөлінуде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста