Жастар саясатына бөлінген қыруар қаржы нәтижелі іске жұмсалып отыр ма?

Жастар саясатына бөлінген қыруар қаржы нәтижелі іске жұмсалып отыр ма?

Соңғы жылдары елімізде жастар саясатына көп көңіл бөліне бастағаны белгілі. Білім және ғылым министрлігінде Жастар саясаты комитеті құрылды, ал аймақтарда жастар саясаты жөнінде басқармалар ашылып жатыр. Сәйкесінше, жыл сайын жастар саясатына бөлінетін қаржының көлемі де артып келеді. 2012 жылы жастар жобалары мен ұсыныстарын іске асыру мақсатында 1 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Соңғы екі жылдың ішінде ғана бұл салаға бөлінген қаржы 75 пайызға артыпты, яғни ресурстық мүмкіндік бар. Алайда сол мүмкіндік тиісті деңгейде пайдаланылып отыр ма? Сарапшылар арасында «жастар саясатына құйылған қаржы – құр­дым­ға кеткен ақша» деп есептейтіндер бар. Расында, солай ма?


Жандос Базартай, Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма бастығы:
иә
– Еліміздегі жастар саясатына бөлініп жат­қан қаржының мақсатты түрде, жоспар­лы түрде жүзеге асып жатқанына өз басым сенім­дімін. Себебі қазір сол қаржының қаншалықты тиімді игерілгенін бақылап отыратын, есеп алып отыратын органдар бар. Оның үстіне сол қаржының қай бағыт­та жұмсалуы керектігін белгілі бір бас­қарманың басшысы жеке өзі шеш­пейді, бір адамның қолында тұрған жоқ. Бюджетті бекітіп беретін мәслихат депу­тат­тары бар. Әрине, әр аймақтың жер­гі­лікті билік өкілдерінің жұмысының тиім­ді­лігі әртүрлі болып жатады. Дегенмен рес­публикалық деңгейде алғанда жастар сая­сатына құйылып жатқан қаржы өзін-өзі ақтап жатыр деп ойлаймын.
Қазір мемлекеттік жастар саясаты тағы да бір жаңа кезеңге аяқ басты. Себебі осы уақытқа дейін бұл салаға қатысты көптеген ұсыныс жасалған болатын. 
Сол ұсыныстар іске қосылып, барлық ай­мақ­та тың серпінмен жұмыс бас­тал­ды. Бұл қарқын сапаға әсер етпей қой­майды. Қа­­зір қала мен аудандарды айт­­­пағанда, ауыл жастарымен жұмыс іс­теу мәселесі жол­­ға қойылып жатыр. Жал­пы­­лай айт­қан­да, жастар саясатына бө­лін­ген қар­жы­ның дені идеологиялық ба­­­ғыт­қа ар­на­лады. Мә­селен, жастардың құ­қықтық са­­уат­­ты­лығын арттыру, па­триот­тыққа тәр­­бие­леу, оларды мем­ле­кеттік бағ­дар­ла­ма­ларға ат­са­лысуға ша­қыру, бә­се­­ке­лес­тікке қа­бі­леттілігін арт­­тыру, қоғамдағы өз орнын та­буына қол ұшын беру деген сияқ­ты мә­се­лелерде көп жұмыс жасалып жа­тыр. «Ауыл жас­тары», «Дипломмен – ауыл­ға!», «Жастар тә­­жірибесі» және «Жа­сыл ел»  де­ген сияқ­­­ты мемлекеттік бағ­дар­ламаларға жас­­тарды тарту үшін де қыр­уар жұмыс жа­­салуы керек. Менің ойым­ша, бұл қар­жы­ны жастар арасындағы жұмыссыздықты жою­ға және олардың баспаналы болуына бағыттау керек деп ойлаймын. Қазір жас отбасылардың саны өте көп.
Яғни жастар саясатына бөлінген қар­жы ауаға кетіп жатыр деген пікір негізсіз. Бұл сала құрылыс емес. Бөлінген қар­жы­ның нақты заттай көрсеткіші ретінде бел­гілі бір материалдық дүниені көрсете ал­маймыз.
Жас­тар саясаты дегеніміз – идеоло­гия. Мен­ Қызылорда облысы бойынша ға­на мы­сал келтірейін. Біздің аймаққа биыл 40 мил­­лион теңге қаржы бөлінді. Бір жа­ғы­нан, бұл көп ақша болып көрінуі мүм­кін, екін­ші жағынан, біздің атқаратын ша­ра­ла­рымыз, жобаларымыз да көп. Бір ғана мы­сал келтірейін. Биылдан бастап біз мем­­лекет назарынан тыс қалып қой­ған ба­ла­лармен жұмыс істеуді қолға ал­мақ­­пыз. Мәселен, Қызылорда облысында ауыл жастарының арасында қабырғаға өр­­ме­леп шығатын өнер бар. Кәдімгі қа­быр­ғаға жалаң қолмен өрмелеп шығып ала­ды. Сосын брейкданс, хип-хоп деген сияқ­ты субмәдениеттік би өнерлері бар. Мем­лекет оларды да ұмыт қалдырмауы ке­рек. Егер біз оларды қазақ дәстүріне сай келмейтін, жат өнер өкілдері деп шет­­тете­тін болсақ, олардың да еліне де­ген ма­­хаб­баты болмайды. Ертең есірткіге ел­тіп, мем­лекетшілдіктен ада болып, баз­ бір те­­ріс топтардың жетегінде кетуі мүм­кін. Яғ­ни салдары тағы өзімізге келіп тие­ді. Сон­дық­­тан олар хип-хоп билесе де, мем­­­лекетшіл болып өсуі керек. Биыл­дан бас­тап біз жастарды ғылымға тартуға не­­гіз­делген орталық ашып жатырмыз. Жас­­та­р­дың арасындағы инновациялық идея­­лар­ды дамытып, сол бағытта жұмыс іс­те­уіне қол ұшын бермекпіз. Онда ғы­лыми конференциялар, ғылыми жәр­мең­ке­лер ұйымдастырылады. Сол сияқты «ерік­тілер қозғалысы» жұмы­сын іске қосып жатырмыз. Қазір біз жас­тарды жұ­мыспен қамту үшін жәрмеңкелер ұйым­дастыруды қолға алдық. Қысқасы, жас­тар саясатында көптеген іс атқарылып жа­тыр, әлі де атқарылуы тиіс деп есеп­тей­мін.


Нұржан Сәдірбеков, тарихшы:
жоқ
– Жастар саясатына бөлінген қаржының жылдан-жылға көбейіп жатқаны дұрыс-ақ. Соң­ғы жылдары бұл салаға бөлінетін қар­жы­ның 1 млрд теңгеден асқаны бел­гілі. Ме­нің білуімше, бұл – жастардың идео­логиялық мәселелеріне бөлінетін қар­жы. Ал жастардың әлеуметтік мәсе­ле­леріне, тұрғын үй мәселесіне бағытталған қаржы бұдан бөлек есептеледі, яғни көрсеткіш бұдан да көп деген сөз. Алай­да осы қар­жы­ның өзі тиімді жүзеге асырылып отыр деп айта алмаймын. Жастардың әлеу­меттік жағдайы да мәз емес, идеологиялық жұ­мыс­тары да ақсап тұр. Мұндай қаржы­мен, расында, талай іс бітіруге болар еді.
Жастардың, жастар ұйымдарының не­мен айналысып жатқанын теледидардан жаңа­лық­тар­дан-ақ көріп, түсінуге болады. Мереке күндері жастарға бір түстегі көйлек ки­гізіп, қол­дарына кішкентай ту ұстатып, көшеге алып шық­қаннан нақты жағымды нәтиже бол­май­ды. 
Біздегі қаржының бәрі осындай шара­лар­ға кетіп жатыр. Немесе жастарға ар­нал­ған концерт ұйымдастырылып, оған ше­телден есімі дүркіреген әнші ша­қы­рылады. Көңіл көтертіп, би билеткеннен жас­тар саясаты оңала қоя ма? Соңғы кез­дері «Патриоттық тәрбие» деген та­қы­рып­пен бұлыңғыр, түсініксіздеу кон­фе­ренциялар көбейіп кетті. «Отанды сүю ке­рек» деген сөзді қанша айтқанымен, жас­тардың мойнындағы мемлекетшілдікке әсер етпейді. Алдымен оларға қамқорлық жа­сап, нақты кәсіби мамандануына мық­тап көңіл бөлу қажет. Одан қалса, «Жас­тар жемқорлыққа қарсы!», «Жастар есірт­­кіге қарсы!» деген сияқты шағын кон­­­ферен­ция­лар ұйымдастырады. Жо­ғары оқу орны қа­бырғасында оқып жүр­ген жиырма шақ­ты тәртіпті әрі  белсенді сту­дентті жи­нап алып, «Жастар есірткіге қарсы!» деген оты­рыс өткізгеннен бірде­ңе өзгере ме? Одан көшеде жұмыссыз сан­­да­лып,  есірт­кіге шынымен елтіп жүр­ген жас­тардың са­ны азая қоя ма? Әр көк­тем са­йын әр об­лыс­тан жиырма шақты жас шы­ғып, «Жа­сыл ел» бағ­дарламасымен отыз шақты тал отыр­ғызады. Тын­ды­рыл­ған шаруаның ең үлкені осы шығар деп ойлаймын.
Меніңше, жастар саясатымен айналы­сып жүрген құрылымдарға тың серпіліс ке­рек. Жасандылықпен жүзеге асатын ша­ралардың қажеті жоқ. Нақты ғылыми жобалар ұйымдастыру керек. Ал кон­фе­рен­цияларды қысқартып, оның форматын өз­герту керек. Мысалы, жас мамандардың кә­сіби біліктілігін арттырып, тәжірибе ал­ма­суына септігін тигізетін жиындар не­ме­се жастардың қазіргі қоғамға бейімделуін, бә­секеге қабілеттілігін арттыратын мас­тер-кластар ұйымдастыру керек.
Қазір қай аймақты алсаңыз да, жастар ұйым­дары көбейіп келеді. Бірақ сол ұйымдардың түбі шикі. Олар да тендерге жұмыс істейтін коммерциялық ұйымға айналып кеткен. Меніңше, аймақта­ры­мыз­дағы жергілікті ішкі саясат бөлімдері, Жастар саясаты жөніндегі басқармалар осыған жауапты болуы керек. Төрт-бес жас бас қосып, қағаз жүзінде бар, бірақ іс жү­зінде жоқ қоғамдық бірлестік құрып алып, жастардың атынан түрлі шаралар ұйымдастыруы дұрыс емес.
Жастар саясаты деген кезде бізге не елес­тейді? Ештеңе елестемейді. Себебі жас­тар арасында біртұтастық жоқ. Жас­тар­ды елітіп әкетерлік идеялар жоқ. Кеңес кезінде «пионер» идеясы жастарды елітіп әкетті.

Түйін
Еліміздің жастар саясатына шынайы көңіл бөліп жатқаны бұл салаға бөлінген қаржының көлемінен-ақ белгілі. Алайда айтылып жатқан сын да орынсыз емес. Жастар саясатын кімдер қалыптастырып жатыр, қай бағытта дамып жатыр? Бұл мәселеге де қоғамдық бақылау қажет деп ойлаймыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста