Жастар мәселесімен айналысатын қоғамдық ұйымдарды бір агенттікке біріктіру тиімді бола ма?

Жастар мәселесімен айналысатын қоғамдық ұйымдарды бір агенттікке біріктіру тиімді бола ма?

Күні кеше Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл мырза Қазақ еліне жастар саясатымен айналысатын бір агенттіктің керектігін баса айтты. Бұл жөнінде ол: «Елімізде жастар саясатымен айналысатын бір мемлекеттік агенттік болуы тиіс. Рас, қазірде елде қоғамдық жастар қозғалысы, жастар бірлестіктері, жастар партиялары баршылық. Бірақ солардың денін бақылап, қадағалап отыратын бір мемлекеттік орган болмағандықтан ол қоғамдық ұйымдар өздерінің істеп отырған шаруалары жөнінде есеп беруге келгенде өте шорқақ. Демек, олардың істерінің нәтижесін көру үшін сол ұйымдарды бақылап, басқарып отыратын агенттік болуы тиіс» деді. Жалпы, Мәжіліс депутатының бұл бастамасын қолдаушылар тарабының пікірі «егер жастар саясатымен айналысатын агенттік құрылса жастардың арасындағы көптеген мәселелерді шешу де сол агенттіктің міндетіне жүктеліп, жастар мәселесінде бірқатар проблемаларды шешу жеңілдер еді» дегенге саяды. Сөйтіп, елде жастар мәселесімен айналысатын қоғамдық ұйымдарды бір агенттікке біріктіру тиімді бола ма? Біз сауалды арнайы мамандардың талқысына салдық.


Марал ТӨРТЕНОВА, саясаттану ғылымының кандидаты:
иә
– Өз басым, мұндай ұсынысты қолдаймын. Жастар мәселесімен айналысатын мемлекеттік агент­тіктің болуы – қазіргі заманның талабына сай көтеріліп отырған дүние. Егер біз белгілі бір атауын беріп, жастар саясаты жөніндегі агенттік құратын болсақ, ол агенттікке арнайы бағыт-бағдар жүктеп отырсақ, бұл тиімді бол­мақ. Бұл агенттікті құру арқылы жас­тар арасындағы жұмыссыздық, жастардың баспана мәселесін, ауыл жастарының қоғамдық бел­сенділігін арттыруға болады. Нақ қазірде жастардың оқу-білім алуына, саяси сауатты болуына елде толыққанды жағдай жасаулы тиіс. Елімізде қазірде жастар саясатына көп қаржы бөлініп жатыр.
Бірақ сол қаржының діттеген жеріне же­тіп, көздеген мақсаттарға жұмсалып жат­қанын терең зерттеу кемшін. Егер бұл са­ладағы өзекті мәселе мынау деп мамандар ашып көрсетсе, қаржы сол салаға тартыл­ған болар еді. Өкінішке қарай, бізде осы­лайша мәселенің ғылыми негізін іздеу жоқ. Мысалы, жастар саясатын сауатты жол­ға қойып отырған ел – Германия. Ол елде қазір жастар арасындағы жұмыс­сыз­дық мәселесі толыққанды шешіліп отыр. Мен өз басым бұл елде болдым, біраз білім алдым. Сондағы түйгенім, Гер­ма­нияның жастар ісімен айналысатын мем­лекеттік альянстары, агенттіктері жас­тар­ды еңбекке мектеп кезінен бастап тәр­бие­лей­ді. Біздегі тәрізді «Жас ұлан», «Жас қыран» ұй­ымдары мектеп ішінде оларда да бар. Міне, Германияда сол ұйымдар ша­ма­сы келгенше мектепте оқып жүрген баланы нарыққа бейім етіп тәрбиелеуге үйреткен. Оларда еңбекке тәрбиелеу кіш­кентай ке­зі­нен басталады. Ал біз жұмыс ту­ралы дип­лом алған соң барып, бір-ақ ойланамыз ғой. Міне, жастар арасындағы жұмыссыз­дықты шешу барысында сала­да­ғы осы ол­қылықтар ескерілмей жатыр. Қаншама жақсы бастамаларымыз бар, жақ­сы дәс­түрлеріміз бар. Осының бәрін ескерсек, нә­тижелі жұмыс атқаруға әбден болады. Жалпы, елдегі жастардың мәселе­сі­мен ай­налысатын қоғамдық ұйымдар­дың басын бір арнаға тоғыстырып, оларға бағыт-бағдар беріп отыратын бір агенттік керек. Сонда ғана мәселені шешуде ғылы­ми не­гіз болады. Бір ғана мысал, еліміздің «Жас­тар саясатына қатысты» Заңын бізде бір ғана министрлік жазып шығады. Ал жоғарыда мен мысал етіп отырған Герма­ния­да жастар саясатына қатысты заң же­келеген жастар институтының, жастар ке­ңе­сінің, жастар ұйымдарының бірігуімен жазылады. Міне, осылайша арнайы ма­ман­дармен кеңесіп отырған заңның кем-кетік тұсы да аз болады. Ендеше, осындай жайттарды ескерсек, бізге мемлекеттік агенттік керек. Ол агенттік елдегі барлық жас­тар қозғалысын бақылауда ұстауы қа­жет. Жастар мемлекеттің белгілі бір дең­гейдегі қозғаушы күші, қуаты болғандық­тан, бізге осындай жүйе керек.


Санжар БОҚАЕВ, Алматы қалалық жастар саясаты басқармасының бастығы:
жоқ
– Жоқ, мен мұнымен келіс­пей­мін. Меніңше, мұндай агенттік құ­ру­дың қажеті жоқ. Біздің елімізде жас­тар саясатымен айналысатын көп­­­теген ұйымдар бар. ҚР Пре­зи­дентінің жанындағы Жастар сая­саты жөніндегі кеңес бар. Білім және ғы­лым министрлігінің құра­мын­да Жас­тар ісі жөніндегі коми­тет құ­рыл­ды. Аймақтарда жастар ісі жөніндегі басқармалар жұмыс істейді. Бір ғана Алматы қаласы бойынша жас­тармен жұмыс істейтін 200-ге тарта мем­ле­кеттік емес ұйымдар бар. Сол ұйым­дар­дың бірі жастардың әлеу­меттік мәселесін шешумен ай­на­лыс­са, енді бірі жастардың спорттық мәсе­ле­ле­рін қамтиды. Сол тәрізді Қазақстан жастарының баспана мә­се­лесімен, оқу-білім жайымен ай­на­лысатын да жекелеген ұйымдар бар.  
Ал енді келіп осының барлығын бір агент­тікке тоғыстыру аса қажет емес. Мы­салы, мен елдегі жастар қозғалысының нақ­ты аудиториясын, бағытын, мақсатын білетін мамандардың бірімін. Олармен жиі бас қосамын. Осыған орай айтарым, ел­дегі жастардың басын бір агенттікке біріктіру концепциясы аса нәтиже бере қой­майды. Жастарды бір агенттікке бірік­тіріп алып, бүкіл қазақстандық жастардың мәселесін шешеміз деу тиімсіз. Жастарды, жалпы, мемлекеттік саясаттан бөліп алып оқшаулаудың қажеті жоқ. Жастарға оқу-бі­лім, баспана, жұмыс орны қажет екен, онымен мемлекет айналысуы керек. Бұл жерде жастарға белгілі бір агенттік құрып беріп, «енді мәселелеріңмен сол агенттік айналысады» деген ой болмауы керек. Не­гізінде, әлемдік тәжірибеде жастар саяса­тын жүзеге асыруда еркін модельге ба­сым­дық береді. Мәселен, еуропалық үл­гіде англо-саксондық жастар ұйымдары­ның жұмыстарына үкіметтің жүйелі түрде қатыспай, жастарды қыспаққа алмай, ол­ар­ға толықтай еркіндік беру негізінде жа­салған. Ал бізге тиімдісі – Елбасының өзі көр­сетіп бергендей төрт базалық эле­мент. Ол дегеніңіз – кәсіби жақсы білім, жақ­сы жалақы төленетін тұрақты жұмыс, отбасы құруға арналған жеке үйі, сала­уатты өмір салтын жүргізуге арналған мүм­кіндіктің болуы – жастар мәселесін шешу­ қадам­да­ры­ның бірі. Сондықтан мұн­дай қадам­дар­ды шешуді мемлекеттік агенттік құрып, жастар саясатын сол агент­тікке бағынышты етпей-ақ, еркін формада дамыту тиімді. Ол үшін елдегі жастар қоз­ғалысы, жастар­дың ұйымдары, бірлестік­тері жауапкерші­лік­ті сезініп, еркін түрде жұмыс істеулері қажет.
                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, саясаттанушы:
– Меніңше, қарақұрым агенттіктерді құра беруден мәселе шешілмейді. Рас, жастардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін агенттік құрып, елдегі жастардың қоғамдық ұйымдарын сол агенттіктің аясына бірлестіру – қолдан келетін дүние. Бірақ бұл тағы да сол науқаншылдыққа жетелейтін, «қызылды-жасылды» ұраншылдыққа бастайтын бастама тәрізді. Жалпы, біз нақты бір мәселелерді нәтижелі етеміз десек, науқаншылдықтан ада болғанымыз абзал.
Жастар мәселесі, олардың елеулі проблемалары бір ғана агенттік аясында шешілмейді.
Ендеше, біз жастардың қоғамдық ұйымдарының, бірлестіктерінің жұмысын нәтижелі еткіміз келсе, алдымен жастар саясатына қатысты мықты да, мығым, сауатты заң қабылдауымыз керек.
Одан кейін елдегі әрбір ұйым бір бірлестік болып, сол заң аясында жұмыс істеуі тиіс. Сонда ғана реттілік, тәртіп орнайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста