Заңды неке куәлігі болмағандардың некесін қиған мешіт имамдарын жауапкершілікке тарту керек пе?

Заңды неке куәлігі болмағандардың некесін қиған мешіт имамдарын жауапкершілікке тарту керек пе?

Еліміз зайырлы құқықтық мемлекет болғандықтан, ерлі-зайыптылар заңды тұрғыда тіркеуден өтіп, некелесуі тиіс. Бірақ қазір елімізде ислам атын жамылған өзге діни ағымдар көбейіп, олардың жетегінде кеткен жастар мешіттерде некесін қидырып, артынан көп уақыт өтпестен жан жарын талақ ететін жағдайлар жиілеп кетті. Негізі, ҚМДБ «мұсылманша неке қию үшін мешіт имамдары АХАЖ куәлігін талап етуі керек» деп үкім шығарған болатын. Алайда бұл тапсырма өз деңгейінде орындалып жатқан жоқ. Кейбір имамдар бұл пәтуаны ескермей, ақшасын алып, некені қия салатын жағдайлар кездесіп отыр. Сондықтан осы мәселелердің алдын алу үшін әрі азаматтық некеге тосқауыл қою үшін «Заңды неке куәлігі болмағандардың некесін қиған мешіт имам­дарын жауапкершілікке тарту керек пе?» деген сауалды мамандар талқысына салған едік.


Кәрібай ТАСШАБАЕВ, Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының мүшесі, заңгер:
иә
– АХАЖ куәлігін талап етпей жатып неке қиған имамдардың жауап­кер­ші­лігін арттыруымыз керек. Жасыратыны жоқ, қазір имамдар алдына келген ерлі-зайыптылардың некелерін заңды неке куәлігі бар-жоқтығына қара­мастан оңды-солды қия беретін болды. Оның үстіне, бірінші әйелі бар екендігін біле тұра, бәйбішесінің келісімінсіз-ақ некені қия салады. Бұл – моральдық жағынан да, адам­гер­ші­лік жағынан да еш ақтауға жатпайтын тым өрескел іс. Кім ақша берсе, соның некесін қия салу дұрыс емес. Қандай имам болсын, ең бірінші, Діни бас­қар­маның үкімін, шариғат заңдарын сақтауы тиіс. Сондықтан имамдардың да қоғам алдындағы жауапкершілігін күшейтуіміз керек. 
Егер олар діни басқарма тарапынан бе­рілген тапсырманы орындамады ма, ша­риғат заңына қайшы әрекет етті ме, он­да оларды жауапкершілікке тартудың артық­шылығы жоқ деп есептеймін.
Қазір біз адал некенің өзін жалғандық­қа айналдырып алдық. Тіпті кейбір ер-азаматтар мешітке келіп некесін қи­дырып, арада көп уақыт өтпестен, талақ етіп ажы­раса салатын болды. Ал бұл аралықта келін­­­шектің бойына сәби бітсе, оның бар ауыртпалығын өзі тартады. Ал әлгі ер адам дым болмағандай бас­қа келіншекпен некесін қия салады. Осы­лайша олар өзін де, өзгені де, тіпті Құдайды да алдап отыр. Сондықтан бұған немқұрайды қарауға болмайды. Онсыз да елімізде заңды неке куәлігін алып тұрып үйленгендердің өзі көп ұзамай ажырасып жатқанда, заң­сыз неке­лескендер де көп тұрақтамай отыр. Бұл жерде артықшылығы, заңды неке­лес­се, қыз бала далада қалмайды, өз құ­қын толық қорғай алатын болады. Ал мұсыл­мандық некенің заң алдында еш­қандай жауапкершілігі болмағандықтан, олар ажы­расып кетсе, қыз бала далада қа­ла­ды. Осылайша елімізде жалғызбасты ана­лар көбейіп кетті. Сондықтан олардың құқын қорғау үшін көп әйел алуды заң­дас­­тырып, некені шариғат бойынша әрі мемлекеттік заң арқылы ретке келтіруіміз ке­рек. Сонымен бірге ұлттық тәрбиені жас­­­­тарымыздың бойы­на көп сіңіргеніміз жөн. Сонда ғана бұл мәселе ретке келетін болады.


Оңғар қажы ӨМІРБЕК, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Иман» журналының бас редакторы:
жоқ
– Бұл – өте өзекті мәселе. Шы­нын­да да, соңғы екі-үш жылда заңды неке құжатын алмай жатып имамдарға некесін қидырғандар көп уақыт өтпей, талақ етіп ажыраса салатын болды. Осыдан кейін ҚМДБ тарапынан діни басқармаға қарасты барлық имам­дар­ға АХАЖ куәлігі болғандардың ғана некесін қию туралы тапсырма берілген. Енді діни басқарма тара­пы­нан үкім шықты ма, оны барлық имам­дар орындауға міндетті. Оны кейбір имамдар тиісті деңгейде орын­да­май отырса, ол қоғам алдында бол­маса да, Алла алдында жауап беретіні сөзсіз. Сондықтан оларды қан­дай да бір жауапкершілікке тарту­дың керегі жоқ, Алла алдында жауап беретін бо­лады.
Бұл ретте, имамдарға тиісінше түсін­дірме жұмыстарын жүргізіп, ескертуіміз керек. Бірақ мәселенің екінші жағы да бар. Қазір бізде теріс ағымдар жетерлік. Олар өздері пәтуа шығарып, ерлі-зайып­ты­лар­дың некесін қия беретін болды. Олар діни басқармаға бағынбайды, мешіт имам­дарын мойындамайды. Біз қанша ауыз­дықтауға тырысқанымызбен, сондай ағым­­ның іс-әрекеттері әлі де жалғасып жатыр. Сондықтан мұны кешенді түрде шешкеніміз жөн. Қазір «талақ» айта салу тым оңай болып кетті. Жақында Діни бас­қармаға орамал тартқан жас келіншек келіп, мұңын шақты. Бірінші күйеуінен ішкілікке салынып ажырасқан. Екінші рет тағы күйеуге тиген. Ол үш әйел алып, оның үшеуін де «талақ» етіп тастаған екен. Үш әйелі­нен де ұл-қыздары бар. Кейін күйеуі еш­теңе айтпастан Алматыға кетіп, арада бірнеше ай өткен соң әлгі әйеліне де талақ айтқан. Сондағы ер-азаматтың жасы бар болғаны 25-те ғана, соның өзінде үш әйел алып үлгерген.
Шариғат талабы бойынша «талақ» ара­сына белгілі бір уақыт (үш етеккір кел­генше) салып үш рет айтылуы тиіс. Қасиетті Құранның «Талақ» сүресінде: «Қашан әйелдеріңді талақ етсеңдер, олар­мен белгілі мерзімінде ажырасыңдар және сол мерзімді есептеңдер. Алладан қор­қыңдар. Оларды үйлеріңнен (қуып) шығар­маңдар әрі олар да шықпасын. Бірақ олар ашық бір арсыздық істесе, онда (жөн) басқа. Міне, бұл – Алланың (қой­ған) шектері. Ал кім Алланың шектерінен шықса, расында, ол өзіне зияндық жасаған болады. Ал қа­шан олардың мерзімдері жетсе, оларды дұрыс ұстаңдар немесе туралықпен ажырасыңдар. Сондай-ақ өздеріңнен екі әділ кісіні куә етіңдер. Куәлікті Алла үшін әділ атқарады» (1-2-аяттар), – делінген.
Әлбетте, біздің еліміз зайырлы. Шари­ғат заңы жүрмейді. Шариғат соты Ислам елдерінде ғана бар. Сондықтан жас жұбайлар, ең алдымен, азаматтық хал-актілер жүйесі бойынша заңды некеге тұрып, одан соң мұсылманның шариғат талабына сай некені қиғызғаны жөн. Бұл қазіргі тұйықтан шығар бірден-бір жол.
                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Досай КЕНЖЕТАЙ, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор:
– Негізі, дәл осы сұрақты Бас мүфтиге қою керек екен. Бұл сұраққа ол да ойланып қалатыны сөзсіз. Қалай десек те, бұл мәселені мешіт имамдары бірлесіп отырып шешуі тиіс. Әйтпесе бұл тым ушығып барады. Қазір қыздарымыз АХАЖ куәлігін алмай жатып неке қидырамын деп далада қалып отыр. Сондықтан мұны заң бойынша да, дін үкімдері бойынша да ретке келтіруіміз керек. Енді мен заңгер емеспін. Бірақ теолог маман ретінде айтарым, мұны діни тұрғыдан шешу үшін Имам ағзам мәсхабы бойынша шариғат заңын қайта қарап, зерттеп, осы негізде ортақ бір пәтуаға келуіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста