«Заң адам пайдасына жазылады»

30 тамыз - ҚР Конституциясы күні

«Заң адам пайдасына жазылады, адам заң үшін тумайды ғой» деген Әлихан Бөкейхановтың сөзінде ақиқат бар. Шындығында, Ата заңы­мыздан бастап, біз тірек етіп жүрген барша низамның мақсаты— аза маттардың құқығы мен бостан­дығын қорғау, құқықбұзушылыққа жол бермеу. Соның ішінде, 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Респуб­ликасы Конституциясының шоқтығы биік.
Осы уақытқа дейін бүкілхалықтық талқы­лауға түсіп, елдің ең көп ұсыныс-пікірін жинаған құжат – Ата заңымыз екен. Бұлай болуы түсінікті де. Себебі, мем­ле­кеттегі барлық заң­ға тұғыр болатын, бар­лық құжат соған негіз­деліп жазылатын Конституцияда қылаудай кемшілік болмауы тиіс. Біздің абыройымыз да, айбынымыз да Ата заң болғандықтан, ондағы кеткен кемшілік біздің кемшілігіміз, жалпы ха­лықтың қателігі болып бағаланады. Жалпы, заң жобасына үн қос­қан­дардың көптігін құжат­тағы таласты тұс­тар­дың барымен емес, кері­сінше, халықтың құқықтық сауатының өскені­мен, қоғамдағы өзекті мәселелерге атүсті қарамауымен байланыстырған дұрыс.
Осы бір тарихи сәт туралы жазған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Мен өз басым тікелей әлемдегі жиырма елдің конституциясын талдап, олар­дан конспекті жасап алдым. Нәти­жесінде, жаңа Конс­титуцияның қажеттігі туралы шешім қабылдамас бұрын бізде бес­жылдық жинақталған тәжірибе болды. Біз содан негізгі басым­дықтарды, мақсаттарды ажыра­тып, оларға жетудің құралдарын үйрендік. Конституцияны қабылдау қарсаңында ондаған жыл бойы азаматтарымыздың ой-санасында қордаланып қалған стереотиптерді жою үшін, мемлекет пен қоғамды түбегейлі реформалау барысында пайда болатын көптеген объективті және субъективті проблемаларды шешу үшін бірнеше жылға созылған табанды жұмыстар атқаруға тура келді» деп атқарылған жұмыстарға терең тоқталған еді. Заң жобасын талқылау үшін көпшілікке жолданған­да Елбасының өзі бастамашылық жасаған Конституцияны жасау кезінде ұлттық менталитет ескеріліп, өзін ақтаған заңнамалар жан-жақты сарапқа салынды. Жобаны сараптауға 3 миллион 345 мың адам үн қосқан. Соның ішінде, көпшілік тарапынан 31 мың 886 ұсыныс түскенін де айта кетуіміз керек. Яғни, жұртшылық құжатпен тек танысып қоймаған, өзі байқаған кемшіліктерді көрсетіп, өз ойындағы ұсынысты көпшілік талқысына жолдаған. Және 1 100 ұсыныстың конституция жобасына енгізілуі халық пен биліктің үйлесім­ділікпен жұмыс жүргізгенінің нақты дәлелі. Бұл жөнінде Елбасы «1995 жылғы Конституция тақыр жерде пайда болған жоқ. Ол егемен Қазақстанда конституциялық құрылыс орнату үшін бұрыннан жинақталған тәжірибелерді, сондай-ақ, біздің жағдайымызға сәйкес келетін ең прогресшіл шетел­дік тәжірибелерді барынша толық пайдаланған еді. Сондықтан, кімде-кім еліміздің негізгі заңының рухы мен маңызын терең түсінгісі келсе, оны жасаудың, қалыптастырудың тарихын жақсы білуі керек» деп тегін айтпаған. Осындай үлкен еңбекпен, терең ізденіспен жасалған бас құжатты, мемлекеттік рәміздердің бірі әрі бастысы саналатын Конституцияны қадір­леу, құрметтеу әрбір азаматтың мін­деті.
Бүгінгі күнге дейін қалыптасқан ұлттық құндылықты өміршең ету үшін біздің ұрпағымыз Ата заңды жақсы білуге тиіс. Қазір білім ордаларының барлығында жеткіншектердің құқық­тық сауатын көтеруге бағыт­талған қоғамтану сабағы өтеді. Қоғам мен адам, заң мен заман ұғымына терең түсінік беретін бұл пәннің құқықтық мәдениеті жоғары азаматтар қалып­тастырудағы маңызы зор. Заңды сыйлаған, заңның пәрменіне сенген жан ала жіпті аттамайды, қиянатқа бармайды. Конституцияға негіз болған бұл ұғымдарды ұрпақтың сана­сына сіңіріп, ортаға, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыра алсақ үлкен мақсатымыздың орын­далғаны.
Теміржан ҚҰДАБАЕВ
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста