Жалған дәрілердің қаптап кетуі бақылауды босаңсытып алғандығымыздан емес пе?

Жалған дәрілердің қаптап кетуі бақылауды босаңсытып алғандығымыздан емес пе?

Соңғы уақытта Қазақстанның дәрі-дәрмек нарығына заңсыз енгізілген фармацевтік өнімдер туралы жиі айтыла бастады. Тіпті «жалған дәрілік препараттарды таратқаны үшін қылмыстық жазаны қарастыратын заң нормасын енгізу керек» деген де пікірлер бар. Көпшілік «елімізде жалған дәрі-дәрмекті бақылауға алып, оның сапасына тікелей жауап беруі тиіс мекемелер жұмысы әлсіз» деп санайды. Осы ретте, «жалған дәрілердің көптеп таралуы бақылауды босаңсытып алғандығымыздан ба?» деген сауал өздігінен туындайды. Бұған мамандар не дейді екен?..

amantai-birtanov-1

Амантай БІРТАНОВ,  Алматы қалалық Жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері:

Иә
– Бұл іске тікелей жауапты мекемелер жалған дәрілерді бақылауға алмағандығы былай тұрсын, соның елімізде еркін таралуына өздері «үлес» қосып отыр ма деген күдігім бар. Тіпті керек десеңіз, қаладағы кішкентай дәріханалардың барлығында солардың бағыныштысы, туған-туыстары жұмыс істеп отыр. Себебі дәрі-дәрмек сатуға сырттан ешкім тұмсығын тыға алмайды. Мұны «Самұрық-Қазына» өзіне алып, бір ретке келтірмесе, мәселе ушығып барады. Оның үстіне, елімізде небір аурулардың көбейіп бара жатқаны дәрігерлердің ісінен емес, дәріханаларда жалған дәрілердің сатылуынан болып отыр. Өйткені қазір жұрттың барлығы дәріханадан дәрі-дәрмек алып, үйінде емделгенді қалайды. Оның жасанды не шын дәрі екендігін ешкім қарап жатпайды. Онымен қоймай, қазір бір танымал профессорларға пара беру арқылы өнімін насихаттап, газет-журналдарда, теледидарларда жарнамалайтындар көбейіп кетті. Ал сол компания шығарған дәрі-дәрмектің көшірмесін артынша жасап шығаратындар тағы бар. 
Елімізде ауру адамдардың саны күннен-күнге өсіп бара жатқаны, міне, бір жағы — осыдан.
Бүгінгі таңда жалған дәрілердің үштен бірі Алматыда сатылады екен. Өткен жылы ғана Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жалған дәрі сатқан Алматыдағы Фармацевтика басқармасының бастығын пара алып жатқан жерінен қолға түсірді. Оның соңы не болғанын ешкім білмейді. Тіпті «ол қазір шығып, қайтадан дәрі-дәрмек жасап жатыр» деген сыбыстар да бар. Бұл не сонда? Демек, бұған немқұрайды қарауға болмайды деген сөз. Біле білген адамға дәрі сату — үлкен бизнес. Сондықтан да кейде «жалған дәрі препараттарын сату кейбіреулер үшін тиімді болып отыр ма» деп ойлайсың. Сонымен қатар былай қарасаң, көбінде фармацевтикада тек өздерінің таныс-тамырлары отырған сыңайлы. Мен онда істейтін біраз жігіттерді танимын. Бәрі – бір-біріне жақын адамдар. Сондықтан бұған қатты мән беруіміз керек.
Тағы бір айтарым, жеке «аптекаларды» қысқартқанымыз жөн. Қазір әр көшенің басында бір-бір дәріханадан тұратын болды. Су сататын дүңгіршекке ұқсатып әр жерден аптека аша берген жақсы емес. Өйткені жаны қиналған адам дәріні жақын жерден алады. Қандай қымбат болса да, алады, себебі ақша адамның жанынан артық емес. Ал әр жерден ашылған дәріханаларды бақылаудың өзі қиын. Және де шеттен келген дәрілерді сатуға рұқсат беретін де – бір монополистің қолындағы жұмыс. Бәсеке жоқ. Қысқаша айтқанда, бұл мәселе – Үкімет араласпаса, анау-мынаумен шешіле салатын тірлік емес.

erlan-myktybaev-2

Ерлан МЫҚТЫБАЕВ,  Алматы қалалық фармацевтиканы бақылау басқармасының бас маманы:

Жоқ
– Фармацевтика комитетінен бастап, өңірлердегі басқармаларына дейін жоспарлы жұмыс жасап отыр. Жалған дәрілер туралы фактілер Алматы қаласында тіркелген жоқ. Егер ондай сыбыс шықса, біз бірден барып тексеруге аламыз. Жақында Астанадан «Эссенциале форте Н» деген жалған дәрілік препарат шықты. Сол бойынша Алматы қаласында тексеру жүргізіп едік, ондай дәрі бізде табылған жоқ. Біздің басқарма жоспарлы және жоспардан тыс тексеру кезінде қадағаламаса, бекерден-бекер дәріханаларды бақылай алмайды. Біріншіден, арыз түскенде, тексереміз. Екіншіден, жоспарлы тексеру үш жылда бір рет атқарылады. Осы уақытта тексеру жүргізгенде, ондай фактілер анықталған жоқ. Оның үстіне, бір жарым жыл бойы шағын бизнеске мораторий жарияланды да, тексеру жүргізе алмадық. Арыз түскен жағдайда болмаса, нақты бақылау жүргізген жоқпыз. Дегенмен емдеу мекемелері жанындағы дәріханаларды тексергенде, жалған дәрілер, сертификаты жоқ дәрі-дәрмектер кездеспеді.

Енді кейбір мекемелерде сақтау мерзімі өтіп кеткен немесе дұрыс сақталмаған дәрілер болды. Бұл бойынша біз әкімшілік іс қозғап, айыппұл салдық. Нақты айтсақ, өткен жылы дәріханалардан 8-10 миллионға тарта айыппұлды мемлекетке өндірдік. Дәл қазір қаладағы аптекаларда 1970 маман жұмыс істеуде. Олардың барлығының арнайы фармацевтикалық білімі бар. Сонымен қатар бүгінде Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен жалған дәрі жасаушыларға қатысты жазаны қатайту мақсатында жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Мұның алдында осы уақытқа дейін жалған дәрілер бойынша қолға түскендер қылмысқа тартылмайтын. Алайда бұдан былай жалған дәрілік затты таратқандар анықталатын болса, тіпті бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл – өте жақсы бастама. Осы жүйені ертерек қолға алуымыз керек. Өйткені елімізде жалған дәрі жасап сатқан кәсіпкерлерге жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Яғни бар болғаны 190 мың теңге төлеп құтылады деген сөз. Ал әлемнің көптеген елдерінде жалған дәрі жасағандарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, өте ірі мөлшерде айыппұл салынады. Мысалы, Америкада бес жылға дейін бас бостандығынан айырып, екі миллион доллар көлемінде айыппұл салынса, Ұлыбританияда он жылға түрмеге қамалады. Біз де осылайша заңға өзгеріс енгізсек, мұндай құқық бұзушылықтар тыйылады деген ойдамыз. Бұл орайда Фармацевтика комитеті жоспарлы жұмыс жасап отыр.

Бейтарап пікір
Марат СҮЛЕЙМЕНОВ,  Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтының бас дәрігері:
– Әрине, жалған дәрілердің елімізде сатылуы – алаңдатарлық жағдай. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңында «Кез келген науқас өзіне қандай дәрі салынып жатқанын білуге толық құқығы бар» делінген. Яғни әрбір адам дәрігерден салынатын дәрі-дәрмектің қандай екендігін, оның сақталу мерзімі өткен-өтпегенін, сертификатына дейін сұрауына болады. Егер осы тұста қандай да бір құқық бұзушылық орын алса, онда сол мекемеге әкімшілік айыппұл салынады. Тіпті қылмыстық іс қозғалады. Себебі адамның денсаулығына зиян келтіру — қылмыс. Мен бұл жерде мемлекеттік бақылауды әлі де күшейтуіміз керек деп ойлаймын. Тек Фармацевтика комитеті емес, сонымен қатар кедендік бақылау органдары да өз қызметіне тиянақты қарауы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста