«Үш жылдан артық қараусыз қалған пәтерлерді мемлекет меншігіне алу керек» деген пікірмен келісесіз бе?

«Үш жылдан артық қараусыз қалған пәтерлерді мемлекет меншігіне алу керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Елімізде соңғы кездері баспана мәселесінің ушыға түскені байқалады. Өткен аптада баспана мәселесін талқылаған Мәжіліс депутаттары халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты бағ­дар­ла­ма­лар­дың шикі тұстарын талқылап, тіпті «баспанаға зәрулердің мә­се­ле­сін жаңа үй салып қана шеше алмаймыз» деп пәтер мә­селесін шешуге қа­тысты түрлі ұсыныстарын да ортаға салды. Осы орайда Мәжіліс депутаты Майра Айсина: «Пәтер иесі ұзақ уа­қыт шетелде жүреді. Үйі елде бос тұрады. Сосын уақыт өте ке­ле, басқа адам оны алып, жөндеу жұмыстарын жасаған кез­де иесі келіп сот арқылы баспананы даулап, қайтарып ала­ды. Заң бойынша, меншік құқығы – сегіз жыл. Бұған өз­герту енгізу керек. Үш жыл жеткілікті. Үш жылдан соң ол қалдырып кеткен пәтеріне келе алмайтындай бо­луы керек», – деп қараусыз қалған пәтерлерді үш жыл­дан соң мемлекет меншігіне алу туралы ұсы­ныс айтты. Әйтсе де «Мәжілісменнің бұл ұсы­нысы жекеменшіктің мүлкіне заңсыз қол сұғу» деп, қарсы пікір айтушылар да бар­шы­лық. Екі тараптың пікірін тұрақты ай­да­ры­мыз­да талқылап, мәселенің артық-кем тұстарын салмақтап көрген едік.


Камал БҰРХАНОВ, Мәжіліс депутаты:
иә
– «Үш жылдан артық иесіз қал­ған пәтерлерді мемлекет мен­шігіне алу  керек» деген әріп­­тесімнің пікірін қол­даймын. Бұл ұсыныс қоғамдағы қор­да­ланған пәтер жетіспеушілігі мә­се­­лесін айтарлықтай шешпесе де, пә­тер дауына қатысты туын­дап жат­қан мәселелерді тиімді ше­­шуге мұрындық болады деп ой­лаймын. Қай­бір жылдары елі­мізден үдере көш­кен түрлі ұлт өкілдері, бірнеше жыл өтіп, елі­міздегі пәтер бағасының қым­баттағанын байқаған соң, қай­та келіп пәтерін даулап алып қойып жатқанының куәсі бол­дық. 
Кезінде үй­лерін ке­рек­сіз қылып тас­тап кет­кен­дердің пә­т­ерлері осы уақыт ішін­де азып-тозып, терезелері сынып, есік­­­тері жұ­­лынып, адам тұр­ғысыз күй­ге түсті. Әйтсе де бос тұрған ол үйлерге ауылдан жұмыс тап­­паған азаматтар көшіп келіп, қоныс­та­нып, жөндеу жүргізіп тұрып жатты. Алайда құ­жат бойынша иелері шетелден қайтып ке­ліп, үйлерін даулағанда сотта жеңіп, еу­ро­жөндеуден өткен үйлерін қайтарып ал­ды. Ал жөндеу жүргізіп, қаншама қар­жы­сын жұмсаған жандардың жайы сотта ес­керусіз қалып жатты. Олар жөндеу жұ­мыс­тары кезінде сатып алған құрылыс зат­та­рына арнайы фискалды чек жазып алып жүр­мегені де белгілі. Сондықтан олар сот ар­қылы жөндеген үйлерінен айрылғанда еш­теңеге қол жеткізе алмай, мүдделері қор­ғаусыз қалды.
Шыны керек, жеке адамдардың ісі деп қа­рағанмен, пәтер дауына қатысты мә­се­леде мұндай жағдайлар жиі кездесіп жа­тады. Егер меншік құқығына байла­ныс­ты заң­ға өзгеріс енгізіп, үш жылдан артық қа­рау­сыз қалған пәтерлерді мемлекет мен­ші­гіне өткізер болсақ, мұндай мә­се­лелер туын­дамас еді. Тіпті мем­ле­кет меншігіне өткен пәтерлерді жер­гі­лікті жердегі әкім­қа­ралар өз ше­шім­дерімен көпбалалы от­ба­сы­ларға, тұрғын үйге аса мұқтаж жан­­дарға беру туралы шешім шы­ғарып, бас­панаға зәру бір-екі жанның бол­са да пәтер мә­селесінің ше­шілуіне ық­пал жа­­сар еді. Бүгінде қараусыз, ие­сіз қал­ған пәтерлер көп. Алып ием­­дене бас­тасаң, аяқ ас­ты иесі пайда бола ке­­теді. Сондықтан иесіз қал­ған пә­терлерді тиімді пай­далануды көз­дейтін мұн­дай тиімді ұсыныстар ке­рек-ақ. Өзі пайдаланбайды ма, үш жыл­дан соң меншік құ­қығынан айрылуы тиіс. Осы уа­қыт ішінде қараусыз қал­дырды ма, демек, ол пәтер оған керек те емес. Пә­терді мұқтаж жан иеленуі тиіс.
Бүгінде елімізде бас­па­на зарын тартып отыр­ған адамдар жетерлік. Бі­реу­лер па­на­лайтын жер таппай жүр­генде, иесіз үй­лер­дің қаңырап бос тұруы ақылға сыймайды. Ен­деше, үш жыл өткен соң иесіз қалған үй­лер жергілікті әкім­діктер арқылы бас­қа­ларға үлестірілсін. Әділ шешім осы.


Абылайхан САМАТДИНОВ, ҚР Риэлторлар қауымдастығының құрметті президенті:
жоқ
– Жоқ, бұл пікірмен келісе ал­­­май­­мын. Үш жылдан артық қа­­раусыз қал­­ған пәтерлерді мем­­лекет мен­ші­гіне алып қою бас­­қа мемлекеттердің де тә­жі­ри­бесінде жоқ. Тіпті болмаған күн­­нің өзінде мұның бәрі сот ар­қы­лы қа­рас­тырылады. Бүгін­гі­дей на­рық­тық заманда пә­те­рін бе­тал­ды, қа­раусыз қал­ды­рып ке­тетін жандар бар деп ой­ла­май­мын. Рас, бірнеше жыл бұ­­рын мұн­дай оқиғалар кез­дес­ті. Ал бү­гінде нарықтық за­ман. Иесі  ше­телге кетіп бара жа­тып пәтерін сатп­ай, жалға да бер­мей, қа­рау­сыз  қал­дырып кет­се, онда ол пә­тер өзіне ке­рек болғаны.
Бірнеше жылдан соң қай­та келіп қо­ныстануы да мүмкін. Әр­түрлі жағдай бо­лады. Кейде басқа ұлт өкілдері та­рихи отандарына кө­шіп, пәтерін сат­пай кетуі мүмкін. Яғни үйренісе ал­ма­ған жағдайда кері қарай қайта кө­­­шіп келуді көздеуі ықтимал. Ал қай­та айналып келгенде пәтерінің мем­лекет меншігіне өтіп кеткенін біл­се, абдырап қалмай ма?! Бір сөз­бен айтқанда,  мұның бәрі же­ке адамның құқығына қол сұ­ғу болып табылады.  
Бізде жеке адамның мүл­кі­не қол сұқпау туралы заң бар. Ол бойынша әрбір адам­­­­ның иелігіндегі мүлкі заң арқылы қорғалуы тиіс екен­­­дігі анық көрсетілген. Ен­­­­деше, үш жылдан ар­тық қараусыз қалған пәтерді мем­­лекет меншігіне алатын бол­са, онда жеке адамдардың құқының бұ­­зылғаны болып табылады. Сондықтан үш жылдан артық қараусыз қалған пәтерді мем­лекет меншігіне алу туралы ұсыныс әзір­ге орынсыз деп ойлаймын. Тіпті заңға мұн­дай өзгеріс енгізудің де қажеті жоқ. Өйт­кені нарықтық заманда ешкім үйін қа­рау­сыз қалдырмайды. Құрығанда жалға бе­­реді. Шетелге кетіп бара жатса не сатып, не жалға беріп кетеді. Ал сатпай кетсе, де­мек, оның өзіне керек болғаны. Өз ба­сым ие­­­сі шетелге кетіп, пәтерін қараусыз қал­дыр­­­­­ғандар саусақпен санарлықтай деп ой­­­лай­мын. Ал мұндай бірен-саран пәтерге бо­­ла арнайы заң қабылдау артықтау се­кіл­ді.
Біз шешім шығарарда ең алдымен ха­лықтың құқығына қол сұғылмауын ой­ла­с­ты­руымыз қажет. Әсіресе жыл­жы­майтын мү­лік мәселесіне келгенде жан-жақ­ты ой­ластырған артық болмайды.

Бейтарап пікір
Бұрхан АРШЕТДИНОВ, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі, Алмалы аудандық «Бәйтерек» заң кеңесі кеңсесінің адвокаты:
– Жылжымайтын мүлікке қатысты мәселе өте шетін мә­селе. Оның әрқайсысын жеке алып қарап, сот ар­қылы ғана шешім шығару керек. Мәселен, шетелге ке­тіп қалғанымен бірнеше жыл бойы пәтерінің ком­муналдық ақысын төлеп тұрса, ол пәтері, демек, өзіне керек болғаны. Ал оны қараусыз қалған үй ре­тінде үш жылдан соң мемлекет меншігіне алатын бол­са, дау одан әрі күшейе түспей ме?! Немесе пәтерін қа­раусыз қалдырып, бірнеше жыл өткен соң күрделі жөн­деуден өткен үйін қайта келіп даулайтындар мә­се­лесін жоғарыдағы мысалмен бөліп қарастыру керек. Сол секілді шетелге білім қуып кеткен баласына жақын жерде болғысы келіп, ере кеткен ата-аналардың үйін үш жылдан соң мемлекет меншігіне алып қоятын болса, елге қайтқан соң олар қаңғып қалады емес пе?! Сол секілді жыл­жы­май­тын мүлік мәселесі – өте ұқыпты қарайтын нәрсе. Пәтер мә­селесіне қатысты ортақ шешім шығарып, бәрін қатып қал­ған қағидамен қарастырар болсақ, пәтер дауы өрши тү­сетіні анық. Сондықтан әр жеке тұлғаның жекемен­шігіне қатысты құқығын жекелеп алып қарастырып, сот ар­қылы ғана шешім шығару керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста