Ұлттық мүддеге қызмет етпейтін кейбір қоғамдық ұйымдардың қызметін шектеу қажет пе?

Ұлттық мүддеге қызмет етпейтін кейбір қоғамдық ұйымдардың қызметін шектеу қажет пе?

Жақында еліміздегі бір үкіметтік емес ұйым өкілдері әйелдерге арналған тренинг өткізді. Шара тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу тақырыбына арналды. Әйелдердің жаппай қызығушылығын тудырғанымен, бұл тренинг біз үшін, керісінше, отбасын шайқалтудың жолдарын үйрететін жиынға ұқсап кетті. Себебі онда тұрмыс жағдайында ерлерге қалай қарсы тұру қажеттігі туралы кеңестер берілді. Осыдан кейін еліміздегі кейбір үкіметтік емес ұйымдар ұлттық мүддемізге қайшы жұмыс істеп жатқан жоқ па, бәлкім, олардың қызметін шектеу қажет шығар деген ойға келдік. Бұл мәселеге қатысты қоғам өкілдерінің пікірін тыңдап көрген едік. Сонымен, ұлттық мүддеге қызмет етпейтін кейбір қоғамдық ұйымдардың қызметін шектеу қажет пе?

Жұмабек АШУҰЛЫ, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандары қауымдастығының төрағасы:
ИӘ
– Осыған дейін біз азаматтық қоғамды дамыту керек деп шырылдадық. Сөйтіп, мемлекетте қоғамдық ұйымдардың еркін қызмет етуіне жол бердік. Бүгінгі күні Қазақстанда мыңдаған қоғамдық ұйым қызмет атқарады. Әрине, егер олардың қызметтері ұлттық мүддеге, мемлекет көзқарастарына сәйкес болса жақсы ғой. Бір өкініштісі, бұл ұйымдардың арасында арам ойлы, өз мүддесін ғана күйттейтін ұйымдар бар. Олардан келетін зардап пен тауқымет қазірдің өзінде сезіліп отыр. Сондай ұйымдардың бірі – жат пиғылды діни ұйымдар. Арам ойлы діни ұйымдардың кесірінен қоғамның пікірі, мақсаты мен мүддесі екіге жарылып отырған жағдай бар. Солардың кесірінен қаншама отбасының шаңырағы шайқалып, ошағы сөнді.
Менің ойымша, біріншіден, мемлекет қоғамдық ұйымдарды жіті бақылауға алып, ұлт мүддесіне қарсы келетіндерінің қызметін тоқтату керек. Шынын айту қажет, қазір біз идеологиялық диверсияға ұшырап отырмыз. Мемлекеттің идеологиясын мықтап қалау бірінші орындағы мәселеге айналды. Қазір біздің елімізге сыртқы күштердің теріс әсері айқын сезіліп отыр. Екіншіден, қауіпсіздік органдары қоғамдық ұйымдарды басқа елдер не үшін қаржыландырып отырғанын қадағалау керек. Тек бүгін ғана емес, Кеңес өкіметі кезінде де бізге көптеген қысым жасалды. Қазақтардың санасы, мінезі басып-жаншылды. Өзіміздің ұлттығымыздан айырылып қалатын сәт туды. Тәуелсіздігімізді алып, өз алдымызға ұлт боламыз деп отырғанда, енді, міне, жат жұрттар қазақ қоғамын қоғамдық ұйымдар арқылы шіріткісі келеді. Үшіншіден, қоғамдық ұйымдар сөз бостандығы, еркіндік деген ұғымдарды пайдаланып, білгенін істеп жүр. Оларға сәл қатты сөйлесең болды, халықаралық ұйым, халықаралық сотқа шағымданып шыға келеді. Ал халықаралық ұйымдардың да қандай мақсатты көздейтіні белгілі болып қалды. Менің тағы бір айтарым, жастарымыздың санасына сақ болуымыз керек. Егер бүгін олар ұлттық мүддені көздемейтін жат пиғылды ұйымдардың арбауына түсетін болса, ертеңгі күні мемлекетке де үлкен қауіп төндіреді. Ертеңгі күні ел басына, халық алдына шығатын – сол жастар. Осыған дейін, тіпті қазірдің өзінде біз ешкімнің кеудесінен итерген жоқпыз. Жерімізге қоныстанған қонақтардың ешқайсысына қатты сөйлеген емеспіз. Енді оларды өз заңдарымызды сақтауға, дәстүрімізді құрметтеуге, жергілікті ұлттың мүддесімен санасуға үйретуіміз керек. Қазақ елінің болашағы сонда ғана баянды болады, сонда ғана біз берік, тұтас ел болып өмір сүре аламыз.
 

Қарлығаш БАЙМҰХАНОВА, «Қазақстан Пана» қоғамдық қорының атқарушы директоры:
Жоқ
– Кез келген мемлекеттің өзінің ішкі шешілмеген, тарқатылмаған түйінді мәселелері болады. Біздің елде де қордаланған көптеген проблемалар бар. Олар ұлттық мүддеге, жеке адам немесе жеке кәсіпорын мүддесіне қатысты болуы мүмкін. Қоғамдық ұйымдардың негізгі мақсаты – соларды шешу. Мәселен, бізде жұмыс істеп жатқан қоғамдық ұйымдар қызметінің дені адам өмірін жақсарту, қоғамдағы зорлық-зомбылықты азайту, адамдардың құқын қорғауға бағытталған. Мәселен, «Қазақстан Пана» қоғамдық қорының алдына қойған негізгі міндеті – әлеуметтік жобаларды іске асыру. Үш жылдан бері біз балаларға жасалатын зорлық-зомбылықты жою мәселесімен айналысып келеміз.
Бұған дейін «Жылқылардың шеруі», «Түйелер керуені» деген жобаларды жүзеге асырдық. Түскен ақшаны ауруханаларға түрлі құралдар алуға жұмсадық. Бұл – бір ғана мысал. Менің ойымша, Қазақстандағы барлық ұйымдардың қызметі осы сияқты жақсы істерге бағытталған. Ұлттық мүддені көздемейтін ұйымдар қандай болуы мүмкін? Олар – елдің заңына қайшы, адамдардың өміріне немесе мемлекеттің болашағына қауіп төндіретін ұйымдар. Ал мұндай ұйымдар бізде жоқ деп айтуға болады. Сондықтан алашапқын болып, қоғамдық ұйымдардың жұмысын тоқтатудың қажеті жоқ. Сонымен бірге қоғамдық ұйымдардың барлығы бір ғана ұлттық мүдденің төңірегіне шиырылып қалғаны дұрыс емес. Мемлекет болғаннан кейін, демократиялық мемлекет болғаннан соң, бізде түрлі бағыттағы ұйымдардың болғаны жөн. Әрине, олардың қызметі кейбір азаматтарға ұнамай қалуы мүмкін. Ол қандай қызметтер? Мәселен, батыстың қаржыландыруымен жұмыс істейтін ұйымдардың ісін кейбір азаматтар теріс көреді. Оларды жат пиғылды немесе өзге ойлы ұйымдар деп есептейді. Бірақ бұл – қате пікір. Мәселеге біржақты қарауға болмайды. Қазір бізге көптеген батыс елдері оқуға, емделуге, басқа да қажетті жағдайларға түрлі гранттар бөліп жатыр. Соның жақсылығын азаматтарымыз көріп жатыр. Осындай жақсылықтан кейін оларды қалайша жат пиғылды деп айта аламыз? Қазақстан көпвекторлы саясат ұстанады. Бүгінде еліміз жүздеген мемлекетпен стратегиялық, әріптестік, достық қарым-қатынас орнатты. Сондықтан кейбір мәселеге келгенде біз сол елдермен бірігіп жұмыс істеуіміз қажет. «Жаяудың шаңы шықпас» деген қазақта аталы сөз бар емес пе?

Бейтарап пікір
Ғарифолла ЕСІМ,
сенатор:
– Мен ұлттық мүдде деп айтпаймын, ал, жалпы, елдік мүддеге қызмет етпейтін қоғамдық ұйымдардың бізге керегі жоқ дер едім. Өйткені қандай ұйым, бірлестік болсын, елдің мүддесіне қызмет етуі қажет. Бұл мәселені көтеру үшін біз ең әуелі елдік мүдде дегенді түсініп алуымыз керек. Елдік мүдде деген – қазақ елі азаматтарының мүдделерінің жиынтығы. Ол – қазақ елінің азаматтарына қызмет ету деген сөз. Қоғамдық ұйымдар заңмен жүру керек, қоғамдық пікірмен, дәстүрмен санасып, сонымен жұмыс істеуі қажет. Сонда ғана ұйымдар ел үшін қауіпсіз болмақ.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста