Тиісті құжаты жоқ мигранттардың балаларын еліміздің мектептерінде оқытуға мүмкіндік беру керек пе?

Тиісті құжаты жоқ мигранттардың балаларын еліміздің мектептерінде оқытуға мүмкіндік беру керек пе?

Өткен оқу жылында Алматы қаласының мектептерінде 486 шетелдік оқушының заңсыз білім алғаны әшкереленіп отыр. Мұны анықтаған прокуратура мигранттардың балаларын еш құжатсыз оқытқан мектеп директорларының жауапқа тартылуын Алматы қалалық білім басқармасынан талап етуде. Әзірге құзырлы органның тексеруіне сәйкес, Білім басқармасына жеті ұсыныс түскен. Болған жайтқа тиісті мекеме әлі түсініктеме бере қойған жоқ. Ал біз «тиісті құжаты жоқ мигранттардың балаларын еліміздің мектептерінде оқытуға мүмкіндік беру керек пе?» деген сауалды мамандардың ой-көкпарына салып көрген едік...

Ғарифолла ЕСІМ, Сенат депутаты:
ИӘ
– Қандай жағдай болсын балалардың білім алуына жағдай жасауымыз керек. Себебі баланың (мейлі ол мигранттың баласы болса да) білім алуға толық құқы бар. Егер ол баланың құқын ата-анасы немесе басқа да тиісті орындар реттемесе, оған баланың кінәсі жоқ. Ал бала білімсіз қалса, ең үлкен сорақылық осы болмақ. Сондықтан мен мигранттың баласы болса да, тиісті құжаты болмаса да, баланың білім алғанын қолдаймын. Еліміздің мектептері ештеңеге қарамастан, балаға білім беруге тырысуы керек.
Осы жайларды құқықтық негізде реттейтін Көші-қон полициясы, жергілікті әкімдіктер тиісті деңгейде жұмыс істеп, мәселені реттеуге күш салуы қажет. Мен директор болсам, «білім алғым келеді» деп келген баланы ештеңеге қарамастан оқытар едім.
 Бұл жерде директорлар мен ұстаздардың ешқандай кінәсі жоқ. Дәрігерлердің «дұшпан болсын емдеу керек» деген принципі бар ғой. Сол секілді ұстаздың да алдындағы партаға кім келіп отырғанына қарамастан, білім беру – міндеті. Осы орайда білім бергені үшін «директорларды жауапқа тарту керек» дегенді мүлдем қолдамаймын. Тиісті құжаты жоқ болса да, мигранттардың балаларын оқытуға мүмкіндік беру – міндетіміз.
Баланың білім алуға жасы жетіп, білім алғысы келіп тұрса, ата-анасы оқытуды қалап тұрса, оған білім беруге мүмкіндік беруіміз қажет. Балаға білім беру – ең бірінші орындағы нәрсе, ал оның құқықтық жағы екінші орында тұруы тиіс. Өйткені білім – барша адамзатқа ортақ қазына. Тіпті керек болса, білімді түрмеде де үзбейді ғой. Ал біз неге айдың күні аманда «сен мигранттың баласы екенсің, құжатың дұрыс емес екен» деп, оны бөлектетуіміз керек?! Айта кетер нәрсе , мектеп директорларынан да бұрын, бұл жерде Көші-қон полициясының да кінәсі бар. Олар елімізге келген азаматтарды дер кезінде тіркеп, тексеріп, тізімге алып отыруда салақтық танытады. Осындай құзырлы орындардың жауапсыздығы мәселе тудырып отыр. Тиісті құжаттардың бар-жоғын түгендеу – Көші-қон полициясының шаруасы. Егер ол бала біздің елімізге келіп алып, білімсіз қаңғып жүрсе, ең үлкен мәселе сол болар еді. Білім де тамақ секілді, адамзаттың өсіп-өркендеуіне тікелей қажетті дүние. Сондықтан мен мигранттардың балаларын тиісті құжаты болмаса да, оқытуды қолдаймын.

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:
Жоқ
– Тиісті құжаты жоқ баланың мектепте білім алуының өзі – заңсыз әрекет. Оның үстіне, ол шекара асып келген мигранттың баласы болса, құжаты болмаса, қалайша білім беруге болады?! Мұндай заңбұзушылыққа жол берген адам жауап беруі тиіс. Ал мигрант міндетті түрде тіркеліп, тексеріліп, тіркеуге тұруы, балалары білім алатын болса, тиісті құжаттары болуы керек. Көп жағдайларда мектеп басшылары қаланың екінші бір шетіндегі баланың келесі бір шетіндегі мектептен білім алып жатқанына, тиісті құжаттарының бар-жоғына көз жұмып қарайды. Сондықтан бұған қатаң бақылау керек-ақ.
Қазір миграцияға қатысты мәселе көп. Соның ішінде мигранттың баласының тиісті құжатсыз еліміздегі білім ошақтарында білім алып жатуы — соның бірі ғана.
 Бір ғана Алматы қаласының өзінде олардың саны мыңдап саналады, олар осынша көп көлемде шекарадан қалай өтіп отырғаны, тиісті құжаттарсыз емін-еркін жүруі – мүлдем шешілмей отырған мәселелер. Бүгінгі күнге дейін мигранттар үшін талай бюджеттік шығындар кетті, елімізде жасалып жатқан қылмыстардың да елеулі бөлігі мигранттардың үлесінде екені айтылуда. Заңсыз мигранттар мәселесінің шешілмеуінен өзіміздің қазақтарымыз бүгінде өз елімізде жұмыссыз жүр. Мұның барлығы – мигранттар мәселесінің алаңдауды қажет ететіндігінің белгісі. Ал енді келіп олардың балаларына тиісті құжаттары болмағанына қарамастан, білім беріп отырғанымыз мигранттар мәселесіне еш назар аудармай отырғанымызды көрсетеді. Бұл – ұлт қауіпсіздігіне қауіп төндірер мәселе.
Сондықтан миграция мәселесіне назар аударатын кез жетті. Оларға қатысты заңбұзушылықтарды саралап, алдын алуымыз керек. Жалпы, бейресми ақпараттар бойынша бүгінгі күні еліміздегі мигранттар саны 1,5 миллионға жетеді. Оның басым бөлігі – заңсыз мигранттар. Олар заңсыз түрде бүгін мектептерімізге енсе, ертеңгі күні заңсыз ЖОО-дан табылады, осылайша заңсыз түрде қоғамымызға сіңеді. Сондықтан миграция мәселесін шешуге қоғам болып атсалысуымыз керек.

Бейтарап пікір
Сұлушаш ҚУАТЖАНОВА, Алматы қаласы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры:
– Мигрант еліміздің табалдырығын әртүрлі жағдайда аттайды. Ал қандай жағдай болмасын, баланың аты – бала. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары бірлескен жұмыс тобымен бірнеше жылдан бері бірге жұмыс жасаймыз. Осы жұмыс тобының құрамына біздің департаменттің де өкілдері енеді. Жұмыс тобының мүшесі ретінде біз де мигранттардың балаларының тұрақты білім алуын қадағалап отырамыз. Осы орайда айта кетер жайт: кімнің баласы болғанына қарамастан, бала білім алуы қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста