«Темекі өнімдерінің айналымын реттейтін заң жобасы көлеңкелі сауданы көбейтеді» деген күдікпен келісесіз бе?

«Темекі өнімдерінің айналымын реттейтін заң жобасы көлеңкелі сауданы көбейтеді» деген күдікпен келісесіз бе?

Өткенде Қазақстан сауда кәсіпорындары қауымдастығы және Қазақстанның  сауда мен қызмет көрсету  кәсіпорындарының кәсіби одағы Қаржы министрлігіне 4 мыңнан астам кәсіпкер қол қойған петиция жолдады. Бұл «Темекі  өнімдері  өндірісі  және айналымын мемлекеттік реттеу  туралы»  заң жобасын  қабылдауға ұсынылған тұжырымдамаға қатысты орта және шағын бизнес өкілдерінің ұжымдық қарсылық пікірі еді.
Қауымдастық президенті Нұрсадық  Әбішұлының айтуынша, заң жобасына енгі­зілетін  шектеулер  кәсіпорындардың қызметіне орны  толмас зиян келтіреді. Негізінен, біз сөз етіп отырған заң жобасына сәйкес, темекі өнімдерін азық-түлік тауарлары са­тылатын дүңгіршектерде, шатырлар астында, сыртқа шығарып сату орындарында, авто­лавкаларда сатуға, сондай-ақ түнде және демалыс  күндері сатуға тыйым салынбақ. Осы­ған орай келешекте темекі  өнімдерін арнайы дүкендерде және арнайы бөлімдер желісі арқылы ғана сатуға рұқсат етілетін болады. Сондай-ақ темекі  өнімдерін бөл­шек және көтерме бағамен сату үшін  міндетті түрде  лицензия алу қажет бо­лады. Бұған қоса 21 жасқа толмаған азаматтар темекі өнімдерін сатуға тар­тыл­май­тын бо­ла­ды.  Міне, заң жобасындағы осындай міндеттемелерге бірқатар кәсіп­кер мін тағып отыр. Айтуларынша, мұндай заң қабылдау керісінше, елде көлеңкелі сау­даның көбеюіне жол ашпақ. Біз осыны ескере отырып, арнайы маман­дар­дың пікірін талқыға салдық...


Тоғжан ШАЯХМЕТОВА, экономист сарапшы:
иә
– Иә, мен бұл пікірмен ке­лі­семін. Егер болашақта те­мекі өнім­дерін сатуға ар­найы ли­цен­зия беріліп, те­ме­кі тек арнайы дүкендер мен арнайы бөлімдер же­лі­сін­де ғана саты­ла­тын болса, бұ­дан шағын және орта биз­неске келер нұқ­сан зор болады. Бұл, сөз жоқ, орта жә­не шағын кәсіп­керлік са­­ла­сын­да жем­қор­лықтың өршуіне әке­ліп соқ­тырады. Себебі күні ертең өнім­ді ли­цен­зия ал­май-ақ саудаға шығару мақ­сатында бірқатар кәсіп­кер­лердің бар­мақ басты, көз қысты әрекетке ба­рары даусыз. Жалпы, кәсіп­кер ли­цен­зия алу үшін көп ақ­ша тө­леу­ге  тиіс, қосымша  бір­та­лай қа­­ғаз­ды  ресімдеуге  мін­детті. 
Бұл –дүкендер  мен сауда шатыр­ла­ры­ның иелері үшін, әсі­ресе  ауылды  жер­лер­де қосымша қиын­дықтар туғызатын жайт.  Сон­дықтан да бұл жаңашылдықтар  сыбай­лас­тықтың артуы­на ықпал етеді және заңсыз сау­даның да­муына,  жол аша түспек. Теме­кінің айна­лы­мы туралы тұ­жы­рым­даманың қабылдануы жаппай банк­рот­тыққа ұшы­рау­ға, тіпті жұ­мыссыздыққа әке­ліп соғуы ық­тимал. Бұ­лай деп отырған се­бебім: 21 жасқа тол­ма­ған тұлғаларға  темекі сатуға тыйым салу жұмыс беру­ші­лер­ді студент­тердің ба­сым бөлігін жұмыс­тан  босатуға итер­ме­лемек. Байыптап қа­рай­­тын болсақ, бұл жа­ңаша заң жобасы осыдан бір жыл бұрын ғана қол қойған заң­ға қайшы. Өйткені нақ қа­зіргі  қол­да­ныс­тағы заңда  лицензия-рұқ­сат алу сала­сын­дағы нормаларды  оң­тай­лан­дыру  және сол арқылы кәсіпкерлерге әкім­ші­лік  кедергілерді  азайту көзделген бо­ла­тын. Ал жаңа заң жобасы бұған қа­ра­ма-қайшы әрекет етпек... Жалпы, те­мекі өніміне қатысты баға мен са­лық саясаты Қазақстанда алғаш рет көте­рі­ліп отырған жоқ. Ме­ніңше, темекі сата­тын арнайы дүң­гір­шектер ашып, оларды арнайы лицен­зия­лау ісінен гө­рі, темекі өніміне са­лы­­на­тын салық кө­ле­мін өсірген жөн. Кейбір ше­телдерде те­ме­кі­ге салық кө­ле­мі 70 пайызға дейін кө­­те­­ріл­ген. Мәселен, Таи­ланд елі темекіге са­лықты көбей­тумен қатар, оның зиян­­ды­ғын ескеріп, ар­найы денсаулық қорын да құрған. Бір қызығы, 55 млн халқы бар Таи­ланд елінде шылым­қор­лар саны 4 миллионға аза­йып, 10 млн адам зиянды әдеттен арыл­ған. Ал 15 млн халқы бар Қазақстанда шы­лымқорлар саны 4 миллионнан асып отыр. Сон­дықтан бұл рет­те темекі өнімінің ба­ғасын қым­­баттатып, оған салы­на­тын са­лықты еселеген жөн. Ал темекі сататын арнайы бө­лім­дер желісін ашып, кәсіп­кер­лерге ли­цензия алуды міндеттеп, құжат­бас­тылыққа салы­нуды өз басым қажет деп са­на­маймын. Бұл – тек құжат жүзінде ғана іске аса­тын дү­ние. Айналып келгенде, бұл – көлеңкелі сау­даға жол ашып, проблеманы еселей түсетін нәр­се. Бұлай етсек, күні ертең лицензия алмай-ақ саудаға шығару мақ­са­тын­да біреу біреуге пара береді, пара бер­ген жерде заң­сыздық бой алады. Ал мұның ар­ты тағы да сол түйткілдің екі еселенуіне апа­рып соқ­ты­ра­ды. Сон­дық­тан мұны өз басым қолда­май­мын.


Тұрсынбек ӨМІРЗАҚОВ, Мәжіліс депутаты:
жоқ
– Жоқ, мен мұндай пі­кір­­лерге үзілді-кесілді қар­сымын. Темекі шегу арқылы Қазақстан халқы ден­сау­лы­ғын құртып қана қойған жоқ. Бұдан ел экономикасы да айтарлықтай соқ­қы алып жатыр. Бүгінде Қа­зақ­стан халқы темекі өнім­дерін са­тып алуға жыл сайын 1 млрд доллардан астам қар­жы жұм­сайды. Ал рес­пуб­ли­ка хал­­қы­ның тек қана те­мекі ше­гуден ағзасына түс­кен ауырт­­палықты ем­деу­ге жыл сайын 5 млрд дол­лар көле­мін­де қар­жы ке­теді. Елі­міз­ге ене­тін те­мекі өнімдерінің 90 пайызы сырт­­тан келетіндіктен, бұл жер­де пай­да­ны тек ше­тел­дік ком­паниялар ғана көріп отыр. 
Пайдасын еселей түсуді көз­дей­тін сол компаниялардың Қазақстанға шылым са­тудан көретін жыл сайынғы пайдасы 2 миллион долларды құрайды. Бұл біз­дің шетел компанияларын молы­нан қаржы­лан­­дырып отыр­ға­ны­мыз­ды көрсетеді.  Жал­пы, болашақта те­ме­кі өнімінің шығарылуына, са­ты­лы­мы­на, нарықтағы сұра­ны­сы­на қа­­тыс­ты түбегейлі мемлекеттік өз­геріс­тер қа­жет. Сондықтан мұн­дай заң бізге қажет. Ме­нің­ше, темекіні арнайы ли­цен­зия­мен ғана сатуды мін­дет­те­мей, біршама шараны қа­растырған жөн. Бірін­ші­ден, темекі ком­па­ния­ла­ры­ның елдегі іс-ша­ра­лар­ға демеушілік көрсетуіне тыйым салған жөн. Олар қайы­рымдылық ша­раларға де­меу­шілік жасау арқылы өз­де­ріне ұпай жинап алуда. Екіншіден, те­ме­кі қо­ра­п­тарына шылымның зиян­ды­­ғын ес­кер­те­тін гра­фи­калық суреттер бей­не­леуге қол жеткізуіміз керек. Ол суреттер қо­раптың үстіңгі бөлігін және барлық қо­раптың кем дегенде 50 пайызын алып жа­туы керек. Үшін­шіден, темекі сататын орындар мен оның қолжетімділігін шектеу қажет. Не­гі­зі­нен, қайсыбір мамандардың па­йым­дауын­ша, бүгінде әсіресе 30-35 жас­тағы аза­маттар темекінің құрбанына ай­на­луда. Бұған қоса, ресми мәліметтер елімізде 13-15 жас аралығында 140 мыңнан астам жас­өспірімнің темекіге тәуелді екенін ай­қындап отыр. Осы жайттарды ескерген жөн. Сондықтан темекіні сатуға белгілі бір шектеу қойған дұрыс. Мұны өз басым қол­даймын. Бұл ретте тек ар­найы лицензиясы бар темекі сататын орындар ашқанымыз жөн. Әсі­ресе қалалық жерлерде бұл жүйе­ні мық­тап қолға алуға мүмкіндік мол. Ал ауылдық округтерде дүкендер онсыз да санаулы ғана. Ауылдық жерлерде бұл әдіс­ті дүкен ішінен арнайы лицензиясы бар бұрыштама ашу арқылы жүзеге асыруға бо­лады. Бұдан соң темекі бағасын күрт қым­баттатқан жөн. Темекінің бір қо­рап­шасы 400 теңге бо­луы керек. Сонда ғана республика хал­қы­ның үштен екісі темекі сатып алу қа­бі­летінен айырылады. Бұл үрдіс елдегі теме­кіге тәуелділердің сапын азайтады. Сондай-ақ темекі өнімдерін сату­шы ком­па­ния­лар­ға салынатын салық бес есеге кө­бей­тілгені абзал. Өйткені жыл сайын Қа­зақ­станның темекі нарығына 30 млрд да­на шылым түседі. Қазіргі кезде Қа­зақ­станда 4,2 млн адам темекіге әуес. Ал шетелдік компаниялардың төлеп жатқан са­лықтары мардымсыз, тапқан пай­далары шаш-етектен. Сондықтан, осы­ған орай, темекінің әр данасына салық са­лын­ғаны жөн. Сонда ел экономикасына тү­сетін кіріс еселене түседі. Міне, меніңше, темекі эпи­демиясына қарсы тұратын басты үш тетік – осы. Мұны қолдау керек.

Бейтарап пікір
Азат ҚОНЫСБЕК, кәсіпкер:
– Жалпы, тізбелей берсек, темекіге тәуелділікті тө­мен­дету хақында айтылар ұсыныстар жетіп-артылады. Бір басымдық беріп айта кетерлігі, естеріңізде болса, 2009 жылы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі «қо­ғамдық орындарда, дәмхана, асханаларды былай қойып, түнгі клубтарда, университет, институт ма­ңын­да шылым шегуге қатаң тыйым салынады, оларға әкімшілік айыппұл салынады» деген арнайы қаулы шығарған болатын. Өкініштісі, бұл қаулыға селт етіп, үріккен пенде көрмедік. Мүмкін, темекінің са­ты­лым бағасын өсіру оған тәуелділердің ыждағатын өші­ретін шығар... Лицензия арқылы сату да көмектесер. Бі­рақ өз басым бұған күмәнмен қараймын.  Салауатты өмір салтын ұстану орталығы мамандарының мә­лі­метінше, тек темекіге тәуелділіктің салдарынан Қа­зақ­станда жылына 3 мың адам өкпе ісігімен науқастанып, жыл сайын 30-ға жуық адам көз жұмады. Темекі түтіні автокөліктер шығаратын зиянды заттардан төрт есе көп болады. Бір куб миллиметр темекі түтіні 3 млн ыстың мөл­шерін құрайды. Ғалымдардың зерттеуінше, бір сигарет адам өмірін 18 минутқа кемітеді. Адам күніне бір сигареттің түтінінен 580-1100 есе лас ауамен дем алады. Міне, осыны біле тұра, біздің елде шы­лым­қор­лар­дың көрсеткіші жыл сайын еселенуде. Сондықтан ай­тарым, бұл салаға қатысты мемлекеттік бақылауды кү­шейту керек. Сонда ғана мәселе шешіле бастайды...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста