Телеарналарда жарнаманы бағдарламалар мен фильмдерді үзіп көрсетуге тыйым сала аламыз ба?

Телеарналарда жарнаманы бағдарламалар мен фильмдерді үзіп көрсетуге тыйым сала аламыз ба?

Бүгінгі жаһанданған әлемде нарық заңдылықтары үстемдік құрып, сауда-саттыққа серпін беріп отырған жарнама атаулының дәурені жүріп-ақ тұр. Жарнаманың өзіне жарнама жасайтын бүгінгі қоғамда, бұл саладағы бәсеке қан базардағы қызу саудаға ұқсап барады. Уақыт өткен сайын жарнама нарықты алға сүйрейтін локомотивке айналып барады. Десек те, бізде жарнама берудің тәртібі мен оған қатысты өзге де заңдық нормалар дұрыс түзілмегендіктен, аталған мәселе төңірегінде дау-дамайлар көп. Бұл ретте, жарнама беруші жақ белгілі бір дәрежеде жарнамадан пайда көріп отырғанмен, зардап шегетін сол баяғы қарапайым тұтынушы. Мысалы, теледидардағы жарнаманы алып қарайық. Оны жұрттың әбден мезі қылғаны соншалық, көкжәшіктің алдында отырып қалаған бағдарламаңды, қалаған фильміңді алаңсыз отырып көру мүмкін болмай қалды. Арналардағы жарнама сапасы мен мазмұны да ала-құла. Бұл –өз алдына бөлек әңгіме. Әзірше біз «жарнаманы бағдарламалар мен фильмдерді үзіп көрсетуге тыйым салу керек пе?» деген сауалды ой талқысына салып көрген едік.


Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «ҚазАқпарат» агенттігінің Алматы қосынының аға тілшісі:
иә
– Қандай да бір жарнама роликтері болсын, ол бағдар­лама мен фильмдердің басында немесе аяғында болғаны дұ­рыс. Эфирді ортасынан қайта-қайта үзіп-жұлқып жарнама тық­палау көрерменді, яғни тұ­тынушыны сыйламау, оның құқығын аяққа таптаумен бір­дей. Сондықтан да бірінші ке­зекте телеарналарымыздағы жар­нама беру тәртібін, жиілігі мен ұзақтығын қайта қарау қажет деп есептеймін. Бұған қоса, жарнаманың мазмұны мен сапасына қойылатын та­лап­тар да күшейтілуі тиіс. Жү­генсіз кеткен жылтырақ жарнамаларға заң жүзінде тосқауыл қоюға болады.  
Телеарналар идеология құралы ретінде, мемлекеттің қатаң бақылауында болу ке­рек.
Жарнама туралы сөз болса, қазір кез кел­ген адам ондағы бей-берекетсіздікті күйіне айтады. Оның күнделікті өмірімізге дендеп алғаны сонша, жастар жарнама­ның тілінде сөйлеп, кейбір адамдар онда­ғы оспадарлық пен талғамсыздықты қа­лып­ты жағдай деп қабылдай бастады. Оны заңды жолмен реттеуге жасалған бар­лық әрекет осы уақытқа дейін еш нәти­жесіз болып отыр. Оған жауапты Мәдениет және ақпарат министрлігі үнсіз қалуда. Заң шығарушы органдағы парламентарий­лер тарапынан қозғалыс баяу. Кейбір ха­лық қалаулылары бәрі заң аясында жүзеге асып отыр, біз олардың ішік ісіне араласа алмаймыз дегенді айтуда. Мемлекеттік мүд­десі бизнестің мүддесінен төмен тұр­ған жерде болашақ жарқын болуы күмән­ді. Меніңше, бұл мәселені шешу үшін ал­ды­мен БАҚ-тың бюджетінің ашық болуын талап ету керек. Екінші, БАҚ туралы, жар­нама туралы, тұтынушылар құқығы және тағы басқа да осы мәселеге қатысты заң­на­маны сараптамадан өткізіп, оларға жа­ңадан өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет. Әйтпесе, ішімдікті су деп жарна­ма­лап жүргендерге тыйым сала алмаймыз. Егер бәрін мүдделі тараптардың қатысуы­мен шешетін болса, мазмұны мен мағына­сы күмәнді және дәстүрлі өмір сүру салтын теріс бағытқа бұзатын жарнамаларға тос­қауыл қойылар еді. Егер жарнаманы беру­шілер ғана емес, оны таратушылардың да жа­уапкершілігі қатайтылса, жүгенсіз кет­кен жарнама нарығы ауыздықталып, ол қоғамның дамуына қызмет етер еді.


Болат МҮРСӘЛІМ, тележурналист:
жоқ
– Меніңше, мемлекет те­ленарықтағы жарнаманы рет­темес бұрын, телевизия рей­тингін монополиялы түрде анық­­­тайтын жағдайды өз­гер­туге мүдделі болып, бәсе­келес бірнеше рейтинг агент­тігінің тууына ахуал қалыптастыруы тиіс. Әсіресе Қазақстанның сан­дық телевидениеге өтуі тұсында рейтингтің 100,000 + емес, 0 + деңгейінде анық­талуына жә­не бұған шетелдік емес, отан­дық агенттіктердің қатысуы­­на күш салу керек. Бұл деген – телеар­налар мен он­дағы бағ­дар­ла­малар рейтингін моно­полиялы агенттік таңдап алған 700 отбасы емес, елдегі әр тұрғын­ның пікірі арқылы анық­тау деген сөз.
Еуропа одағының 28 елінің түгелге жуы­ғында осылай. Олардың тәжірибесіне қа­ра­ғанда, бұл аса қиын шаруа емес. Ал осы тетік арқылы мемлекет: қазақша бағдар­ла­малар санының өсуі мен сапалық да­муы­на, телевизия саласындағы шынайы бә­секелестікке қол жеткізе алар еді. Шы­найы бәсеке жағдайында бүгінгі 50 мил­лион АҚШ доллары шамасындағы эфир­лік жарнама төрт-бес арнаға емес, онда­ған арнаға бөлініп кетер еді. Яғни жарна­ма­ның берілу реті азаяды. Теленарықты шы­найы бәсеке арқылы осылайша сауық­тырған соң ғана жарнама беру тәртібіне рег­ламенттер енгізген жөн сияқты. Әйт­пе­се, телеарналар «50 пайыздан кем емес» деген бапты айналып өткені, алко­голь өні­мінің орнына «алкогольсіз сыра­ны» жар­на­малағаны сияқты, заңның «жыр­тық» тұ­сын табады. Қазір еліміз Ре­сей­дің кеше­уіл­деуіне қарайлап, санды телевизияға өтуді жылдан-жылға шегеріп келеді. Бұл жағ­дайда, жарнама заңнама­ла­рына бірді-екі­лі өзгерту мен толықтыру енгізу жет­кі­ліксіз. Заң өзінің әлеуетін са­рық­қан тұста қай­та­дан жаңа тұжырымда­ма­мен жазы­луы қа­жет. Ал ол бола ма, жоқ па, оны Үкімет пен Парламенттен сұрау керек.
                                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Түйін
Қазіргі нарық жағдайында коммерциялық телеарналардан бөлек, отандық арналар мемлекеттің қолдауымен, дәлірек айтсақ, қарапайым халықтың салығынан түскен қаржымен күн көруде. Қалай десек те, бұл жерде өндіруші, өнім ұсынушы жақ тұтынушымен санасуы тиіс. Әрине, эфирдегі жарнамаларға шектеу қою, оның жиілігі мен жалпы тәртібін қайта қарау – бүгінгі күн тәртібінде тұрған проблема. Әйтсе де, әр телеарна әуелі рейтингтік көрсеткіштерін арттыруға күш салатыны белгілі. Егер де рейтинг жоғары болса, онда жарнама да молынан беріледі, табыс та өседі. Бұл – нарық заңы. Сондықтан да осы мәселеде біржақты шешім қабылдау қисынсыз. Дегенмен «кеңесіп пішкен тон келте болмас» дегендей, арналардағы жарнама жайын тек қатаң заңмен ғана реттеуге мүмкіндік бар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста