Тәуелсіздік мерекесі өтпейінше, жаңа жылға дайындық жасауға тыйым салу дұрыс болар ма еді?

Тәуелсіздік мерекесі өтпейінше, жаңа жылға дайындық жасауға тыйым салу дұрыс болар ма еді?

 Тәуелсіздік күні мерекесінің артын ала жаңа жыл да келіп қалды. Елде қарбалас. Той деген жақсы ғой, әрине... Алайда «тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, дайындық өз алдына, қоғамда «Төл мерекеміз мәресіне жетпей жатып, жаңа жылды өткізуге жанталасып жатқанымыз қалай?» деген пікір айтушылар аз емес. Бұл Тәуелсіздік күнінің мәртебесін бұрынғыдан да көтере түсуді қалайтындарынан болса керек. Демек, адамдардың ұлттық сана-сезімі мен ұлттық намысы барған сайын кемелденіп келеді. Бұған қуанасың, әрине. «Ой-көкпардың» мақсаты қоғамдағы қайшы пікірді қармағына дер кезінде іліп алып, айтары бар азаматтардың аузына салу керек болса, бұл жолы да алда келе жатқан қос мереке дайындығының қосарланып қалу турасында не айтар екен деген оймен төмендегі тұлғаларды әңгімеге тарттық.

sultanali-balgabaev1-d0b1d0b5d182

Cұлтанәлі Балғабаев, жазушы-драматург:

Иә
– Ең алдымен айтарым, Тәуелсіздік күні – айрықша мәнге ие күн. Еліміздегі ұлттық болып жарияланған жалғыз мереке. Тәуелсіздік күні мерекесінің мән-маңызы өлшеусіз арта түсуі тиіс. Төл мерекеміздің мәртебесі биіктеген сайын халықтың оған деген ілтипаты ірілей түспек. Бұл тұрғыда мереке қарсаңындағы лайықты дайындық пен айтулы күнді ұлықтаудың рөлі зор болары сөзсіз.

Әр халықтың барлық игіліктерінен биік қоятын бір құндылығы болады десек, ол – егемендігі, тәуелсіздігі. Ел егемендігін қалыптастырып, оны сақтап қалуды қазақ қашаннан армандаған және сол үшін қан төккен. Әлемнің дамыған елдерінің кейбірінің өзі мұндай ұлы күнді жария ете алмай отыр.

Жалпы, осы Тәуелсіздік күніне әзірлік қандай деңгейде? Ол жағын айтпас бұрын жаңа жылды қарсы алу мәселесіне тоқтала кетсем деймін.

Барша біледі, жаңа жыл қарсаңындағы қарбалас бір ай бұрын басталды. Бұл мерекеге тайлы-таяғымен қамдану негізінен Еуропадағы католик дінін ұстанған елдерде қалыптасқан дәстүр. Жаңа жылға дайындыққа аталған елдер үлкен мән береді. Алдын ала сыйлықтар тарата бастап, шырша шамын ертеден жағады.

Мұндай дайындықтан біз де кенде емеспіз. Жаңа жыл мерекесін атап өтуге біз де сақадай саймыз. Мереке деген жақсы ғой. Той жасауға жарап жатсақ, бұл елдегі тыныштықтың, береке-бірліктің белгісі. Алайда менің алаңдаушылығымды туғызған бір мәселе, осы біз барған сайын сол католик елдерінің қатарына қосылып бара жатқан жоқпыз ба? Дәл солай деп кесіп айту қиындау, әрине. Алайда католик дінін ұстанушылар өз елдерінен бастау алатын Жаңа жыл мерекесін бүкіләлемдік деңгейде тойлануын көздейтін де болар... Көрдіңіздер ме, мерекеге дайындықтың әсері қандай!

Егер сауалға нақты жауап айтсам, Қазақстанның Тәуелсіздік күнін атап өтпей жатып, жаңа жылға осынша құрмет көрсету артықтау ма деймін. Дұрыс айтасыздар, алдымен төл мерекемізді атап өткеніміз жөн. Еліміздің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күні жаңа жыл мерекесінің көлеңкесінде қалып қоймаса игі еді. Иә, әзірге ондай құбылыс қатты байқала қойған жоқ. Алайда алдағы жылдары бара-бара жаңа жыл мерекесіне дайындық басымдық алып кетпесе болғаны.
Тағы бір айта кетпегім, жаңа жылға мемлекеттік деңгейде дайындалып жатыр екен, күллі мұсылман елдерінің Наурыз мерекесін де осындай зор әзірлікпен қарсы алайық. Тіпті екі ай бұрын дайындалуды ұсынар едім. Оның өзінде де дайындықты ұрпақтарымыз Наурыз мейрамын өзге мерекелерден ажырата алатындай, Ұлыстың ұлы тойының маңызын ұғына білетіндей дәрежеде өткізу керек деп ойлаймын.

tolegen-muhamedjanov-2

Төлеген МҰХАМЕДЖАНОВ, сенатор:

Жоқ
– Жоқ, тыйым салуға мүлде болмайды. Әр мерекенің өзінің орны бөлек. Сондай-ақ әр мейрамды қарсы алудың өзіндік салт-дәстүрі бар. Солай демекші, жаңа жыл мерекесіне бір айдай уақыт бұрын қамдану біздің елде қашаннан бар үрдіс. Бұл күнді әрбір отбасы тойлайды. Бала күнімізден жыл сайын айрықша атап өтіп үйреніп қалғандықтан ба, ерекше бір әсермен асыға күтеді де екенсің.

Жаңа жылға тек біз ғана емес, бүкіл әлем халықтары күні бұрын дайындалады. Бұл ежелден қалыптасып қалған құбылыс болғандықтан ба, тіпті әбден қанымызға сіңіп кеткен сыңайлы. Өзіндік тарихы бар екендігін айта кетсем де артық болмас. Шырша шамдарын жағу арқылы адамдардың көңілін көтеріп, баршаны ерекше бір әсерге бөлеп жатса, туған-туыс, дос-жаранның бір-біріне сыйлық жасай отырып, арадағы татулықтарын, сыйластықтарын нығайтуға ықпал етеді. Мұның несі жаман?

Ескі жылды лайықты шығарып салып, жаңа жылды құрметпен қарсы алуға әр мемлекет өзінше дайындалады. Барлық дерлік елдердің президенттері бұл мейрамды халықпен бірге тойлап жатады. Неге біз қалыс қалуымыз керек?
Ал Тәуелсіздік күні – тарихи маңызы орасан айтулы күн. Әрі Қазақстанның өзінің төл мерекесі. Тәуелсіздік күні – біздің елде тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың ортақ қуанышы. Сондай-ақ бізге тұрақтылық және сенім мен серпін сыйлаған күн. Бұл мерекені тіпті өзге мерекелермен салыстыруға да болмайды.

Әрине, оған да мемлекет тарапынан дайындық керек. Менің ойымша, бұл жағынан ешкімнің өкпесі болмауы тиіс. Яғни Тәуелсіздік күнін өз деңгейінде атап өтуге тапсырма алғандар міндеттерін дұрыс атқарып келеді. Былайша айтқанда, екі мерекенің әзірлігі бір-біріне ешқандай да кері әсерін тигізіп жатқан жоқ. Әрқайсысына өзінше дайындалып жатырмыз.
Айрықша тоқталып айта кетерлігі, тарихымыздың парағына алтын әріптермен жазылған Тәуелсіздік күні біз үшін сындарлы сәт. Бұл күн жыл бойғы істеріміздің басын құрайтын емтихан іспетті. 16 желтоқсан қарсаңында елімізде бір жыл ішінде не тындырылды, жетістігіміз қайсы, кемшілігіміз неде, қандай асулардан өттік, міне, осыларға есеп береміз десем де болады. Бұл – саяси мереке. Бәрін айт та, бірін айт, Тәуелсіздік күніне біз тіпті жыл бойы дайындаламыз.

Сауалдарыңызға айтпағым – осы. Сөзімді қорытындылай келе, былай дер едім, Тәуелсіздік күні мен жаңа жылды бір-бірімен тіпті салыстыруға да болмайтын шығар деп ойлаймын. Жаңа-жыл – таза отбасылық мереке, саяси астары да жоқ. Ешқандай міндеттеме артып, талап қоймайтын күн. Бұл күнге дайындықтың өзгелерден ерекше болып келетіндігінің себебі сонда жатса керек.

Түйін

Герольд Бельгер, жазушы:
— Тәуелсіздік күнін де, жаңа жылды да жоғары дәрежеде өткізу керек. Мәселен, мен өз басым асыға күтетін күнім — осы жаңа жыл түні. Бала күннен отбасымызбен бірге тойлайтын болғандықтан шығар, маған бұл күн ерекше ыстық.

Күні кеше ғана мен Германияда тұратын дос-жарандарыма сыйлықтар салынған сегіз бандероль жібердім.
Әрине, Тәуелсіздік алған күніміз – үлкен мейрам. Бұл күнді көптен аңсап, ауыр-ауыр сындардан өттік. Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ бізге. Сол бір қилы да, қиын кезеңдер менің көз алдымда. Еш нәрсе ұмыт болған жоқ. Ондай болса Қазақстанның әрбір азаматы үшін егемендікке қол жеткізген күн – ерекше күн.

Алайда Тәуелсіздік күнін дайындала отырып, жаңа жылды да естен шығармауымыз керек. Бір-бірімен ұштасып жатса тіптен жақсы емес пе? Қазақтың «той тойға ұлассын» дегені осыдан шықса керек.
Әлбетте, мен де Тәуелсіздік күні жаңа жылдың көлеңкесінде қалып қоймаса екен деймін. Осы жағына сақ болған жөн.
\

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста