Шетел азаматтарының балаларымызды асырап алуы үшін арнайы агенттік құру дұрыс па?

Көршіміз Ресей шетелдіктердің бала асырап алуына мораторий жариялағанда қызыға да қызғана қараған едік. Тосынсыйы көп мына заманда әр нәрсеге таңырқай бермейтін қоғам елең етіп,  жақсы жаңалықты жылы қабылдаған-ды. Ресейден үлгі алуға үндеген пікірге үзеңгілестер көп саналды. Ал «шетелдік азаматтардың бала асырап алуы үшін арнайы агенттік құру керек» дегенді естігенде, шыны керек, жұртшылық абдырап қалды. Әлбетте, құзырлы министрлік халыққа агенттіктің не үшін керек екендігін түсіндіріп-ақ жатыр. Алайда ондай агенттік құруға үзілді-кесілді қарсы жақтың да өз уәжі бар. 


Раиса Шер, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы:
иә
– Соңғы 13 жылда шетелдік азамат­тар 8000-нан астам қазақстандық ба­ла­ны асырап алған-ды. Бір байқағанымыз, мұндай үдеріс жылдан-жылға төмендеп ба­рады. Егер 2010 жылы олар 506 баланы асы­рап алған болса, бұл көрсеткіш өткен жы­лы 376 балаға азайған.
Бала асырап алуға ниет білдірген аза­маттарды есепке алудың анық бекітілген жү­йесін қамтамасыз етуге мүмкіндік бере­тін жа­ңа нормативтік-құқықтық құжат да­йын­­дал­ғанын да айта кеткен жөн. Бүгінде бала асырап алғысы келген азаматтарды есеп­ке қою үшін қажетті құжаттар тізбесі, сон­дай-ақ бала асырап алуға үміткер болу мүм­­кін­дігі туралы қорытындылар дайын­дау мер­зімдері айқындалды. Маңызды жа­ңа­лықтардың бірі бала асырап алу жө­ніндегі агент­тіктерді аккредиттеу рәсімін ен­гізу бо­лып табылады.
Ше­телдік азаматтардың балаларымызды асырап алуы үшін арнайы агенттік құру керек. Бұл заман талабы әрі халық­аралық тәжі­рибеде бұрыннан бар. Бұдан былай шет­елдіктер асырап алған қазақ­стандық бала­лардың өмір сүруі, тәрбие­ленуі, ден­саулық жағдайы туралы есептерді уақ­тылы ұсыну бойынша аккредиттелген агенттік­тер­дің жауапкершілігін заңды түрде анық­тау мүмкін болады.
Бала асырап алу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында агенттіктерді ак­кредиттеудің арнайы қағидалары қа­был­данды. Агенттік сондай-ақ баланы өз беттерінше асырап алуды жоюға әрі сыбай­лас жемқорлықты болдырмауға және балалар саудасымен күресті нығайтуға, былайша айтқанда, мүлде жаңа жүйе құруға мүмкіндік бермек.
Қазақстанда аккредиттелген агенттіктер филиалдарының қызметіне бақылау жасауды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер, Білім және ғылым министрліктері, сондай-ақ тиісті құқық қорғау органдары айналысатын болады.
Қандай да бір заңбұзушылықтар ан­ықталған жағдайда филиалдың Қазақ­стан Республикасындағы қыз­меті тоқта­тылады.
Тағы да бір айта кетерлігі, жергілікті әкімдіктер қаулысымен ай­мақ­тарда ведомствоаралық комиссиялар құ­ры­лады. Олар ба­ла­лардың қан­дай санаты асырап алуға жататынын, асырап алу­дың бала мүдде­сіне сай келетіні не келмейтіні ту­ралы дәлелді қорытынды да­йын­даумен айналысады.
Бала асырап алу процесіндегі ең бір маңызды тұсы – ата-анасының қа­рауынсыз қал­ған балаларды есепке алу­дың иерархиясын белгілеу. Агент­тіктің атынан атша үрку орынсыз дер едім. Қан­дай агенттік болсын мейлі, ол мем­лекеттің, яғни құзырлы министрліктің қатаң бақы­лауында болады. Іріктеу мен талап та дәл солай күшті болмақ.


Сейдахмет Құттықадам, қоғам қайраткері:
жоқ
– Мен мұны тым шектен шыққандық дер едім. Тіптен ақылға қонымсыз нәрсе. Бұл маған құдды бір балаларымызды шет­елге жіберуге бел шеше кіріскендей әсер қалдырды. Керісінше, бұл үде­ріске қарсы болуымыз керек емес пе еді? Қалай тоқтатамыз деп отырғанда арнайы агенттік құру деген ұлтжанды әрбір адамның ашуын келтірмей қоймас.  Иә, біздің елде емдеуге келмейтін дерті бар балалар жі­беріліп жатса, оған еш қарсылығым жоқ. Оның өзінде Қазақстанның тарапынан қатаң бақылауда болуы тиіс.
Қазір бала асырап алғандардың ара­сында түрлі заңсыз әрекеттерге барып қатыгездік танытып жатқандар аз емес. Америкалық әйел асырап алған 21 жастағы Мақсат Айтбаевтың өз-өзіне қол жұмсауы неге сабақ болмайды бізге? Естуімізше, ол құса болып өлген.
Көзін жәудіретіп елден алыстап кете барған баланың болашағын кім ойлайды сонда? Есі кіріп, ержеткен олардың кейін атажұртын жек көріп кетпесіне кім ке­піл?
«Табиғи байлығымыз жеткілікті, экономикамыз тұрақтанды» деп бар жетіс­тігімізді тізгенде алдымызға жан салмай жатамыз, ондай болса, жетімдерімізді өзде­ріміз жеткізе алмаймыз ба? Дереккөз­дерге қараған­да, қазір еліміздегі ата-анасының қамқорынсыз қалғандар саны 50 мыңға жуық. 16 миллион халқы бар мемлекетке 50 мың баланы асырау қиын болып тұр ма? Бұл – елдігімізге сын.
Өзіміздің қандай атаның ұр­пақтары екенімізді ұмытып кететініміз өкінішті. Қазақ еш­ уақытта жетімін өзекке теппеген. Ағайын болып, ру болып қа­раусыз қал­ған баланы қамқо­ры­мыз­ға алғанбыз. Тіпті тұл жетім деп «қанаттыға қақтыр­май, тұм­сық­тыға шоқыттырмай» мә­пелеп өсір­генімізді жатжұрттықтар үлгі тұтқан-ды. Енді күлкі бол­мақ­пыз. Өзін рухы биік, ең­селі ел санайтындар жетімін еш­ уақытта саудаға салмайды. Сауда емей, не­мене? Балаларымыз­ды тауарға айналдырып жатырмыз.
Діні мен ділі бөтендердің бала асырап алуы үшін арнайы агенттік құрып, оны жаңалық ашқандай жария етіп жатырмыз. Агенттік құру деген сөз – бізден бала асырап алғысы келетіндердің назарын аударып, оларға жағдай жасаймыз деген ишараттың белгісі. Демек, бала асырап алу үдерісі қарқын алады.
Құзырлы министрлік «бала асырап аламын деушілерді арнайы агенттік құру арқылы бақылап отырамыз» дегенді алға тартады. Бізге бала асырап алу барысында орын алып жатқан заңға қайшы әрекет­тердің алдын алуды емес, қасіретті қалай тоқтатудың жолдарын қарастыру керек.

Бейтарап пікір
Совет-Хан Ғаббасов, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор:
– Шетелдіктердің бала асырап алуы, турасын айтқанда, бала сатып алды деген сөз. Демек, біз шетелдіктерге бала сату агенттігін құрып жатырмыз. Ресейлік ғалымдар К.Петров пен В.Ефимовтардың тізбектелген лекцияларында былай делінген: «Концептуалдық басқару бағдарламасы жоқ елде орны толмас қателіктерге жол берілмек. Мұндай елде ең алдымен жер, содан кейін адам сатылады». Бұрынғы КСРО елдері ішінде жетімдерін шетелдіктерге беріп жатқан тек біз ғана. Бұл ұлт үшін ұят құбылыс. Тіл-көзден сақ­та­сын, ұлан-асыр жеріміз бар, байлықтан кенде емеспіз. Сөйте тұрып жетім­дерімізді тентіретіп жібергеніміз қалай болмақ? Ойланайық, ағайын, агенттік құрғанымыз жөн емес. Қайта сыртқа бала беруді тоқтатуымыз керек қой.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста