Саяси партиялар арасындағы дебат дәстүрін тек сайлау алдында ғана емес, тұрақты өткізу керек пе?

Саяси партиялар арасындағы дебат дәстүрін тек сайлау алдында ғана емес, тұрақты өткізу керек пе?

Бейсенбі күні «Хабар» телеарнасынан Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына қатысып жүрген саяси партиялардың арасында болған теледебат көрсетілді. Оған Орталық сайлау комиссиясында партиялық тізімдері тіркелген барлық жеті саяси партияның өкілдері қатысқан болатын. Пікірталастың спикерлері еліміздің өткені мен болашағына, экономикасы мен саясатына қатысты өз пікірлерін білдірген еді. Бұл тележобаны халық белсенді түрде тамашалады деуге болады. Осы ретте оны тек сайлау науқанында емес, жиі өткізіп тұру туралы ұсыныс та айтылып қалады.


Марат ШИБҰТОВ, Шекаралық әріптестік қауымдастығының сарапшысы:
Иә

 – Партиялар арасындағы де­бат дәстүрін тек сайлау кезінде емес, тұрақты түрде өткізіп тұру өте дұрыс бастама болар еді. Және бұл республикалық деңгейде ғана емес, облыстық деңгейде де өткі­зіліп тұруы керек. Себебі әр облыс­тың өзіне ғана тән ерекше ма­ңыз­ды мә­селелері болады. Ондай та­қы­­рып­тарды партиялардың өңір­лер­­дегі өкілдері-ақ талқылай ала­ды. Ал республикалық деңгейдегі де­баттар жиі өткізіліп, оларды белгілі бір тақырыптарға бөлсе де болар еді. Бірде заң мәселесін, енді бірде экономика, мәдени тақырып­тарды жеке-жеке сараптай алады. Тіпті партиялардың өз ішін­дегі пікір алмасуларды да экранға ұсын­са болады. 
«Хабар» телеарнасы бұл бейсенбі күнгі партиялар арасындағы дебатты қазақ­стан­дықтардың қаншалықты бел­сенді тама­шалағанын айта жатар. Деген­мен, меніңше, ол өте қызықты болды. Бай­қауым­ша, көп адам көрген. Мұндай бағдарламаның рейтингтері өте жоғары болады. Әсіресе тікелей эфирде жүргі­зілсе, тіпті керемет болар еді. Себебі тікелей эфир – шынайылықтың көрінісі. Егер жиі өткізілетін болса, оларға халық­тың телефон арқылы сауал қоюына да уақыт табылуы мүмкін. Бұл бір шоу көрі­ніс болар еді. Бірақ маңызы жоқ емес. Мұндай дебаттардың жиі өткізілуі оппо­зи­циялық партиялардың радикалды көңіл күйін де сейілтеді. Әрине, ондай шарада популизмге де жол беріледі. Бірақ сол дебатқа мықты сарапшыларды қатыстыратын болса, популистік ұрандар­дан да айналып өтуге болады. Бұл – менің жеке пікірім, оның форматын әртүр­лі етуге болады.


Сайын БОРБАСОВ, саясаттанушы:
Жоқ

– Саяси дебаттарды тым жиі өткізуге қажеттілік жоқ. Жалпы, саяси партиялар арасындағы, саяси топтар, саясаткерлер ара­сындағы дебаттың халыққа берері көп. Алайда ол маңызын жоғалтып алмауы керек. Әрине, бұл мәселеге қатысты қатып қал­ған бір ереже жоқ. Кез келген уақытта өткізе беруге болады. Дегенмен тым жиі өткізетін бол­са, оның көрілімі де азаюы мүм­кін ғой. Сондықтан оны сайлау кезін­де және мемлекет үшін ерекше маңызды мәселелерге қатысты өткізуге болады. Жеке басым де­баттардың өткізілуін қолдаймын. Елімізде саяси пікір­талас жүр­гізетін түрлі алаңқай­лар бар.
КСЗИ, «Айт-парк», Саяси шешімдер инс­ти­­туты, Философия және саясаттану инсти­тутының жанында түрлі конференция­лар, пікірталастар ұйымдастырылып тұра­ды.
Ал дебат дегеніміз – саяси тараптардың бір мәселеге қатысты қоғамдық пікір ал­ма­суы. Оның негізгі ерекшелігі – пікір алма­су­шы тараптар бір-бірінің көзқарасын өз­гертуді мақсат тұтпайды, үшінші тарапты, яғ­ни халықтың көзқарасын өзіне бұру үшін жасалатындығында. Яғни көрермендер үшін жасалады. Бұл, бір жағынан, халық­тың сауатын ашып, көзқарасын дамыта­ды.
Ал саясаткерлердің арасындағы дебаттар шетелде бұрыннан дамыған. Мәсе­лен, әлемдегі көгілдір экраннан бе­ріл­ген алғашқы дебат АҚШ-та 1960 жылы президенттік сайлау барысында Джон Кеннеди мен Ричард Никсонның арасында болды. Яғни одан бері дәстүрлі құбылысқа айналып кетті. Тек АҚШ емес, бүкіл Еуро­паға тарап кетті. Халық сол арқылы кімдер­ді сайлағалы жатқандарын, олардың ойларын, қабілетін байқайды.

Түйін
Қалай десек те, сайлаушылар теледебатты жағымды қабылдағаны анық. Қазақстандықтарға миллион шаршы тұрғын үй тұрғызып беруді, кәсіпкерлерді салықтан босатуды, жас отбасылардың несиелерін сызып тастауды, жанармайдың бағасын 40 теңгеге түсіруді уәде етті. Әрине, мұның кейбірі шындыққа жанасымсыз болса да халық өзіне керек пікірді қабылдады. Бастысы кімге дауыс беретінін анықтады. Ендеше, саяси партиялар мен саясаткерлердің арасындағы дебаттар сайлаудың сәнін келтіретіні анық. Сонымен бірге ел үшін ерекше маңызды мәселелерді де дебатқа салу жақсы бастама болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста