Ресми шараларда Әнұранды орындамаған мемлекеттік қызметкерлерге айыппұл төлету қажет пе?

Әртүрлі ресми шаралардың барысында әсерлі Әнұранымызды аудиотаспа арқылы шырқатып қоямыз. Оған қалың көпшіліктің арасынан бірен-саран адам ғана ауыз жыбырлата қосылып тұрады. Өз отанының Әнұраны орындалып жатқанда, оған қосылмай тұру, рәміздің сөзін білмеу – елдігі бекіген шетелдіктер үшін оғаш көрініс. Мұндай намыссыздыққа шыдамаған қырғыз депутаттары Әнұранға қосылмаған азаматтарға айыппұл салу мәселесін қарастырып жатыр. Осыған байланысты «Әнұранды заңмен мәжбүрлеп жаттату мүмкін бе» деген сауалымызға алаш азаматтарының пікірі қайшы келді.

Бақытбек СМАҒҰЛ, ауған соғысының ардагері:

Иә
– Қазақстан азаматтарының Әнұран сөзін жатқа білуін заңмен міндеттеу керек. Жалпы, бұл тақырыпты «Азамат» жастар парламентінің талқылағаны бар еді. Әнұранның әуені мен сөзі әрбір азаматтың көкірегінде жыр болып төгіліп тұруы тиіс. Соған қарап біздің мемлекетіміздің айбынын айқындауға болады. Әнұран айтылғанда әрбір азаматтың бойында мақтаныш сезімі орнауы керек. Меніңше, республика азаматтарының барлығы мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті. Және соны заңмен талап етуі қажет. Мысалы, Туды ілудің де өзіндік заңды талаптары болады ғой. Оны аяқасты етуге, лас күйінде немесе кез келген жерге іле беруге болмайды. Осындай қатаң талаптардың болуынан Тудың мәртебесі түсіп қалған жоқ, керісінше арта түсті деуге болады.

Сол секілді Әнұранның да өзіндік мәртебесі бар. Халық алдымен соның сөзін жатқа білуі керек, осыдан кейін барып оны жүрегіне орнатады. Мен бұл Әнұран кез келген азаматтың жүрегіне орнай алатындығына сенімдімін. Себебі ол халықтың көңілінде қолдау тапқан. Бұл әннің Желтоқсан оқиғасы кезінде де қалай шырқалғанын халық ұмыта қойған жоқ шығар. Ендеше, жүректен шыққан сөз жүрекке қона алады. Халық кез келген әнді осылай қолдай бермейді. Қаншама мықты композиторлар Әнұранды сан мәрте қайталап жазса да, халық оны дәл осылай қолдаған жоқ қой. Мысалы, Мұхтар Шахановтың да кереметтей әндері бар. Бірақ ол патриотизмге емес, философияға жетелейді. Тағы бір айтарым, Әнұранды орыс тіліне аудару керек деген де пікірлер айтылып қалады. Жоқ, Әнұран еш уақытта аударылмайды. Ол міндетті түрде еліміздің мемлекеттік тілінде болуы керек.

Қысқасы, қырғыздардың бұл ұсынысын өте дұрыс деп білемін. Кез келген іс-шарада бірінші Әнұран асқақтата айтылуы тиісті. Әнұранды, жалпы мемлекеттік рәміздерді сыйлау-сыйламау әр адамның өз еркінде бола алмайды. Себебі ол – осы қоғамның мүшесі, осы мемлекеттің азаматы. Тіпті елімізге жаңа көшіп келіп, жаңадан азаматтық алып жатса да, олар Әнұранды жаттауға тиіс. Мысал ретінде Францияны алып қарасақ, азаматтық алар кезде адамдар: «Мен Франция халқына қызмет жасаймын», – деп уәде береді. Сол уәдесіне сәйкес, мемлекеттік рәміздерді тиісінше құрметтеуге міндетті болып саналады. Әнұран айтылған кезде сенің мемлекетіңнің кім екендігі көрінеді. Ендеше, әрбір азамат оны алдымен жадына, сосын барып жүрегіне сіңіруі керек.

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, Мәжіліс депутаты:

Жоқ
– Меніңше, азаматтарды мәжбүрлей отырып Әнұранды жаттату дұрыс емес. Әнұран деген біз үшін қасиетті рәміздеріміздің бірі екені рас. Бірақ оны осылай күштеп, заңмен қорқытып үйреткеннің пайдасы шамалы болады. Әнұран тек сүйіспеншілікпен, түсіністікпен, мемлекетке деген құрметпен орындалса ғана дұрыс. Қанша жерден зорлықпен жаттатсақ та, оның арғы діңгегі солқылдақ болып тұрады. Меніңше, оны заңмен міндеттегеннен гөрі тәрбие сабақтарын, идеологиялық насихат жұмыстарын жүргізу керек. Әсіресе жастардың арасында, балабақша, мектептен бастап үйреткен абзал. Әнұран орындалып жатқанда немесе көк Туымыз желбіреп көтерілгенде азаматтардың көкейінде ерекше бір ыстық сезім пайда болуы керек.

Тәрбие жұмыстары арқылы сіңірсек, оның негізі де берік болады. Қырғыздар өздерінің ішкі саясатын қалай реттесе де, өздері біледі ғой. Бірақ бұл мәселе біздің елімізде де қозғалып жатса, мен оны қолдай алмаймын. Әнұранды мәжбүрлеп айтқызу, айтпағандарды әкімшілік жауапқа тарту, түптеп келгенде, кері әсер беруі де мүмкін. Артық қыламыз деп жүріп, теріс нәтижеге ұрынып қаламыз.

Шынын айтқанда, мұндай заңның тетіктері де айқындалмаған, шикі ұстаным ғой. Оны қырғыздар қалай жүзеге асырмақ екендігін өз басым түсіне алмаймын. Мысалы, ресми шараларда бір топ адамның арасынан кімнің Әнұранды айтып тұрғанын, кімнің айтпай тұрғанын кім бақылап отырады?

Бәлкім, қырғыздар барлық шаруаларын тауысып, енді осы мәселе ғана шешілмей жатқан болар. Еуропада, басқа да шетелдерде жастарды рәміздерді құрметтеуге тәрбиелейтін арнайы жұмыс атқарылатынын білемін. Бірақ әнұран айтпай тұрғандарға айыппұл салу деген жағдайды осы күнге дейін кездестірген жоқпын. Әнұранды заңнан, айыппұлдан қорыққандықтан емес, елін-халқын шын сүйіп, мақтанышпен айту керек. Оларды Әнұранды жаттауға заң емес, бойдағы елге деген құрмет, іштегі ар-ожданы мәжбүрлейді. Тек осы қасиет қана мәңгілік нәрсе деп айтуға болады. Сондықтан мен Әнұранды заңмен талап етіп, айыппұлмен қорқытып жаттатуға қарсымын.

Бейтарап пікір
Жәди ШӘКЕН,
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспасының бас редакторы:

— Меніңше, бұған заңды тұрғыдан мәжбүрлеу мүмкін емес. Оны тек қоғам болып рухани тұрғыдан мәжбүрлеуге болады. Мысалы, Қытайда әр күні таңертең жұмыс орындарында, алаңдарда мемлекеттік туды көтеріп, әнұран орындалады. Бұл дәстүрге айналған. Ән ұранды жатқа білу оларда заңмен талап етілмейді. Бірақ мектеп табалдырығын аттағаннан бастап, есейіп, қай қызметке барса да, әнұранды жиі айтумен болғаннан кейін оны жаттамасқа амалы қалмайды. Яғни азаматтарды әнұранды жаттауға заң емес, қоғамдағы қалыптасқан түсінік мәжбүрлеп тұр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста