Қытай қаупі туралы мифтерді шындық деп қабылдайсыз ба?

Қытайдың идеологиялық біртұтастығының арқасында қол жеткізген экономикалық қуаты бүгінде әлемнің ең алып державаларын тізе бүктіре бастады. Біреулер Қытайдың қарқынынан қауіптенсе, енді біреулер қытай қаупін жалған миф деп есептейді. Өткен аптада Саяси шешімдер институтының Алматыдағы осы тақырыпта өткен отырысында бірқатар сарапшылардың пікірі қарама-қайшы келді.

Шәріпжан Нәдіров, Қазақ ұлттық университеті география факультетінің деканы:

Иә
– Қытай мемлекеті біз үшін экономикалық, экологиялық, идеологиялық, қай тұрғыдан алсаңыз да, қауіп төндіріп тұр. Алып көршіміздің экономикалық тұрғыдан жетілу қарқыны орасан жылдамдықпен жүзеге асып жатыр. Қытайдың сатып алу қабілеті бойынша ЖІӨ көлемі 13 триллион долларға жетті, ал жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 1000 доллардан асып кетті.

Бұл ішкі нарықтың түбегейлі өзгеріске ұшырап, ары қарай да жаңа қарқын алуына себеп болды. Қазақстан Қытайға көрші орналасқандықтан, экономикалық экспансияны бірінші болып сезеді. Қытайлықтар бізбен шекаралас аймақтарға көптеп шоғырлана бастауының себебінен біздің елімізге қарай ағатын судың көлемі барынша кеми бастады. Қазірдің өзінде бірнеше өзендеріміздің арнасы тарылып, әсіресе, Ертіс пен Іле бассейндері төңірегіндегі жағдай Қытайдың пайдасына қарай өзгере бастады.

Алдағы уақытта оның нақты салдары көзге көріне бастайды. Ағын су азайғандықтан еліміздің бірқатар аймақтарында ауыл шаруашылығы тоқырайды, энергетикалық қуатымыз әлсірейді. Тағы бір мысал, Қырғызстандағы суға деген молшылыққа байланысты қазір олар судан өндірілетін электр қуатын қайда жіберерін білмей отыр. Алайда жақын болашақта осы электр қуатын Қытай импорттайтын болады. Қазірдің өзінде Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағына қарай сым тартылып қойды. Қысқасы, Орталық Азия халықтары тұщы су үшін қырық пышақ болып жатқанда, оған Қытай келіп ортақтасайын деп жатыр. Сонда біз электр қуатына да, суға да қол жеткізе алмай, амалсыз күйге түсеміз. Бұл қадам Орталық Азия аймағындағы саяси ахуалдың одан ары нашарлай түсуіне себеп болады.

КСРО ыдыраған 90-жылдардан бастап Қытай Орталық Азия аймағын игеру жөніндегі арнайы экономикалық доктринасын жүргізе бастады. Еліміздегі мұнай қорына көз алартуы – өз алдына бөлек әңгіме. Қытайдың жан басына шаққандағы ЖІӨ мың доллардан асатын болса, бұл көрсеткіш болашақта 10 есеге артқанда (Еуропа елдерімен салыстырғанда орташа көрсеткіш), Қытайдағы өндірістің көлемі қандай болатындығын елестете беріңіз. Қазақстандағы мұнайдың жалпы қоры, шамамен 1 млрд тонна мұнай, сол Қытайға үш-ақ жылға жетеді. Сонымен қатар Қытайды біздің металлургиямыз  да қызықтырады. Әрине, бұл айтылғандар – тек экономикалық экспансия. Ал бұған саяси технологияны, Қытайдың идеологиялық жоспарын қосатын болсақ, бұл қауіптің салмағы бірнеше есеге артады. Себебі Қытай өзгеріп жатыр, Қытайдың менталитеті, көзқарасы өзгеріп жатыр. Тіпті ғалымдарының бойынан да агрессияның элементтерін байқауға болады. Қысқасы, Қытай өзінен қуатты немесе деңгейлес елдермен ғана серіктес болады. Ал өзінен әлсіз, мысалы, біз секілді мемлекеттермен тең дәрежедегі серіктестік жөнінде сөз қозғау – бос әңгіме.

Әділ Кәукенов, Экономикалық стратегия институты директорының орынбасары, сарапшы:

Жоқ
– «Қытай бізге қауіп төндіріп тұр» деп, құр бекер қара аспанды төндіре берудің қажеті жоқ. Қытай – Қазақстанның құдайы көршісі. Екі елдің арасындағы өзара байланыс біршама жерге барып қалды. Қазір біз Қытаймен ат құйрығын кесісіп, арадағы шекараны жауып тастай алмаймыз. «Қорғанудың жақсы жолы – шабуылдау» дегендей, қорқып шегіне бергеннен гөрі, оларды өз мүддемізге тиімді пайдалана білудің жолдарын іздестіру керек. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің кезекті Жолдауында Қазақстан мен Еуропа аралығындағы транспорттық қатынасқа ерекше көңіл бөледі. Небір жақсы жобалар осы жобадан кейін тұр. Әрине, бұл кездейсоқтық емес.

Әдетте Қытай сарапшылары серіктестік мәселесін сөз еткенде «екі жаққа да тиімді экономика» дегенді жиі айтады. Олар бізге «ұсыныстарымызды қабылдағың келсе де, келмесе де қабылдайсың» дегендей қоқан-лоқы көрсетіп жатқан жоқ қой. Яғни нарық заңдарына сәйкес қимылдауда. Ал егер біз қандай да бір мәселе бойынша ұтылып жатсақ, ол өзіміздің ебедейсіздігімізден шығар. Қытай бізге шикізат көзі ретінде қарайтындығын мойындаймын.

Бірақ олардың ойында біздің халқымызды ассимиляциялап, жерімізді тартып алу деген мақсат жоқ. Тіпті тек экономикалық экспансияның өзін ғана сөз ететін болсақ, біз Қытай үшін ең маңызды аймақ болып тұрған жоқпыз. Бұл салада олардың діттегені – алдымен Австралия, сосын Канада, Ресей және тағысын тағылар. Мұны инвестиция көлемінен-ақ байқауға болады. Қытай біздің жерімізді тартып алмақшы деген пікірдің өзі біржақты. Өйткені егер қытайлықтарға жер керек болса, олар алдымен Шығыс Африкаға құрық тастайтын еді. Бұл аймақ тұрғындарының тең жартысы СПИД-тен қырылып жатыр. Кедейлік дендеп, тұрақсыздық билеген. Қысқасы, әрекеттенсе, оп-оңай қолға түсірерлік мекен. Бірақ олар ұмтылыс жасап жатқан жоқ қой. Қытай бізге қауіп төндіріп тұрған жоқ, керісінше, біздің елімізде тұрақтылық болуына мүдделі болып отыр. Өйткені Қытай болашақта Еуропамен сауда-саттықты кеңейтіп, тауар алмасқысы келеді. Ал тауар қатынасы тұрақты болу үшін екеуінің арасындағы жолда – Қазақстанда бейбітшілік пен тұрақтылық болу керек. Оның үстіне, егер Қазақстаннан тұрақтылық кететін болса, Шыңжаң автономиясының да мазасы қашады. Біз Қытай өзге елдердің барлығын саны жағынан жаулап алғысы келіп отыр дегенді жиі айтамыз. Бұл – өте жаңсақ пікір. Қазіргі Қытайдың демографиясында қызық құбылыс байқалады. Осы уақытқа дейін Қытайда бір балаға ғана рұқсат берілді. Оның үстіне, жастардың барлығы жұмыс іздеу мақсатында жаппай шетелге көшіп кетіп отырды. Нәтижесінде алдағы 10-15 жылда Қытайда жұмыс күші қалмайды. Әрбір жұмысқа қабілетті адамның мойнына бес-алты кемпір-шалдан мініп алады. Сондықтан да Қытай өз адамдарын сыртқа лақтыруға мүдделі емес. Оның үстіне, қытайлықтардың басып кетуінен көршілерінің қалай үркетіндігін өздері де жақсы түсінеді. Сондықтан байқасаңыздар, бұл тараптағы саясатын жұмсарта бастады.

Меніңше, Қытайды қауіптің көзі ретінде қарауды қою керек. Мұндай көзқарасқа салсақ, бізге АҚШ тарапынан да, Ресей тарапынан да қауіп тұр. Әркімге бір сұқтана беру жақсы емес. Одан гөрі біз өзіміздің елдік мақсатымызды анықтап, соның айқын болуына жағдай жасасақ, барлық қауіпті жеңеміз.

Бейтарап пікір

Марат Шибутов, Ресей-Қазақстан шекаралық серіктестік қауымдастығының сарапшысы:

– Қауіп бар, бірақ жақын уақытта емес. Қытайдың қазіргі элитасы – 50 мен 60-тың арасындағы қарт адамдар. Олар өз өмірлерінде Қытайдың әлсіз тұстарын аз көрмеген. Қытай қанша жерден қуатты десек те, олардың көкейінде күмән мен күдік бар. Ал алдағы 10-15 жылдан кейін билік басына «императорлар» ұрпағы келеді. Олар – әке-шешесінің жалғыз баласы болып өскен, төрт бірдей ата-әженің жалғыз немересі. Бір ұрпақ бойына еркелік дендеп, менмендік сіңген. Оған қоса, Қытайдың тек гүлденіп тұрған қуатты шағын ғана көрген бүтін бір ұрпақ билікті өз қолына алғанда, маңайындағылардың басына әңгіртаяқ ойнатуы әбден мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста