Қылмыс жасаған 14 жасқа дейінгі балаларды оқшаулап, арнайы мектептерде оқыту керек пе?

Ресми деректерге жүгінсек, кәмелетке толмағандардың қолымен жасалған қылмыс алдыңғы жылмен салыстырғанда 8 пайызға төмендеген, ал жас балалар қылмысы 4,7 пайызға азайған. Өткен жылы жасөспірімдер жасаған қылмыс саны төрт мыңнан асса, оның ішінде мыңнан астамы ауыр және аса ауыр қылмыстар санатында екен. Жасына байланысты бас бостандығынан айыруға болмайтын қылмыскерлердің еркіндікте жүруі жәбірленушілердің наразылығын тудырып отыр. Сондықтан кей мамандар «қылмыс жасаған жасөспірімдерді оқшаулап, арнай мектептерде оқыту керек» –дейді. Ондай мектеп Тараз қаласында болған. Алайда осыдан үш жыл бұрын қызметін тоқтатқан. Десе де, кей мамандар «жас балаға ортаның кері әсері болуы мүмкін, қылмыс жасаған балалардың бәрін оқшаулап, арнайы мектепке жіберу дұрыс емес» – дейді.  Осы орайда, «қылмыс жасаған 14 жасқа дейінгі балаларды оқшаулап, арнайы мектептерде оқыту керек пе?» деген сауалды ойкөкпар алаңына шығарған едік.


Айгүл ШӨПШЕКБАЕВА, Алматы қалалық ІІД-нің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары:
ИӘ
– Менің ойымша, қылмыс жасаған, бірақ заң бойынша жасына байланысты  бас бостандығынан айыруға болмайтын жасөспірім балалар оқшауланып, арнайы мектептерде тәлім алуы керек. Қарағандыдағы үш жас қыз баланың қуыршаққа таласып, құрбысын буындырып өлтіргені бүкіл елді жаға ұстатты. Олар жасына байланысты бас бостандығынан айырылған жоқ. Ал олардың еркіндікте жүруі қайтыс болған қыз баланың ата-анасының, көрші- қолаңның наразылығын тудырып отыр. Қазір біздің елде ондай балаларды оқшаулап, оқытатын арнайы мектеп жоқ. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда жасөспірім балалардың қылмыс жасауы азаймай тұр. Алматы қаласы бойынша жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмыс 24 пайызға артып отыр. Республика бойынша жастардың қолымен жасалған қылмыс саны 4 мыңнан асқан. Оның ішінде мыңнан астамы ауыр және аса ауыр қылмыстар. Бұл алаңдатарлық жағдай. Қылмыс жасаушы балалардың әлеуметтік жағдайлары да әртүрлі. «Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді» демекші, олардың арасында тұрмыс жағдай өте жақсы отбасыдан шыққандар да, тұрмыс жағдайы нашар отбасыдан шыққандар да бар. Бұл отбасылық тәрбиеге де байланысты мәселе. Кей отбасыда ата-анасы балаға бар жағдайды жасайды, қалтасына ақша салып береді де не істеп жүргенін бақыламайды. Ақша берсем болды деп ойлайды. Сосын еркетотай бала ойына келгенін істейді. Ойнаймын деп жүріп от басып кеткенін байқамай да қалады. Жастайынан наша шегу, спирттік ішімдік ішу деген сияқты жаман қылыққа бой алдырады. Сөйтіп жүріп қылмысқа ұрынады. Ал кейбір жағдайы төмен отбасыдан шаққан балалар өз қатары сияқты жақсы киінгісі, жақсы ұялы телефон ұстағысы келеді. Бірақ оған ата-анасының жағдайы келмейді. Сондықтан олар ұрлық қылады, әлі жететіндерге зорлық жасап, ақшасын тартып алады. Сөйтіп жүріп қылмыс жолына түседі. Ондай балалар оқшауланып, арнайы мектепте оқуы тиіс. Бұрын ондай мектеп болған. Ол мектепте арнайы мамандар тәлім береді. Ондағы әрбір мұғалім өз пәнінің маманы болумен қатар білікті психолг та. Арнайы мектепте баламен үнемі мықты психологтар жұмыс істейді және бақылап отырады. Шолжаңдатып, еркелететін қасында ата-анасы да болмайды. Бала еркіндіктің қадірін ұғатын болады. Ал қазір жай мектептерде жоғары оқу орынын жаңа бітірген жас мамандар психолог болып істеп жүр. Тәрбиесі қиын балалармен жұміс істеуде олардың тәжірибесі аз. Оның үстіне, күнделікті ата-анасының қасында болып, еркіндікте жүрген соң бала қылмыс жасағанын сезінбейді де. Сондықтан менің ойымша бала жастайынан жасаған ісі үшін жауап беруге дағдылануы керек.   


Анна ҚҰДИЯРОВА, Қазақстан Ұлттық психоанализ қауымдастығының президенті: 
ЖОҚ
– Меніңше, қылмыс жасаған балалардың бәрін оқшаулап, шетінен арнайы мектепке жібере берген дұрыс емес сияқты. Өйткені балалар әртүрлі жағдайда қылмысқа ұрынады. Мәселен, кей бала қасындағы жолдасына еріп қылмыс жасаса, енді бірі абайсызда шалыс басуы ықтимал. Сондықтан қылмыс жасаған баланы бірден оқшаулап, арнайы мектепке жібермей, мектеп психологы, ата-анасы, мектептегі балалар инспекторы бақылауға алып, жұмыла жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі таңда әрбір мектепте психоналитик болуы қажет. Бұл заман талабы. Сонан соң ата-ана мен мектеп арасында тығыз байланыс болуы тиіс. Қазір бір жағдай бола қалса, біріміз ата-ана кінәлі десек, енді біріміз мектеп кінәлі деп жатамыз. Тәрбие мәселесін бір-біріне сілтемей, біріге жүргізсе тиімді болары анық. Өкінішке қарай, кей ата-аналар баласының мінез-құлқы дұрыс емес екенін айтқан мұғалімді жаудай көреді. Балаға дұрыс жол сілтеу орнына «менің балам ондай емес» деп оқытушымен ұрыс-керіске баруға дайын тұрады. Мұндай жағдай баланың дұрыс жолдан таюына түрткі болады. Тағы бір айтатын нәрсе, мектептегі әрбір мұғалім психолог болуы керек. Егер сыныптағы баланың мінез-құлқынан қандай да бір өзгеріс байқалса, мұғалім тез арада ол жайдан мектеп психологын, ата-ананы хабардар етуі керек. Егер де баланың мінез-құлқандағы өгерісті сол сәтінде байқап, оның себебін анықтап, онымен дұрыс жұмыс жүргізсе, ол бала дұрыс жолға түсері анық. Өйткені жас бала кез келген нәрсеге тез бейімделгіш келеді. Сол себепті де жас балалар қасындағы жолдасының ықпалына тез түсіп кетеді. Қылмысқа ұрынған жас баланың бәрін оқшаулап, арнайы мектепке жібере бермеу керек деуімнің тағы бір себебі – баланың тұлға болып қалыптасуына ортаның да әсері болатынында. Егер аңдамай басқан қадамы үшін баланы оқшаулап, арнайы мектепке жіберсек, ол оның психологиясына кері әсер етуі мүмкін. Сонан соң қасындағы тәрбиеге көнбейтін баланың ықпалына еріп кетуі де ықтимал. Өйткені, үйреншікті ортадан оқшаулау әр баланың психологиясына әртүрлі әсер етеді. Сондықтан бірден оқшаулап, арнай мектепке жібермей, ол баламен алдымен өз мектебінде психолог жұмыс істеуі керек. Әрине, ешқандай тәрбиеге көнбей, жаман қылығын жалғастыра беретін болса, онда ол баланы оқшаулап, арнайы мектепке жіберуден басқа амал қалмайды. Бірақ ондай балалар көп бола қоймас. Ата-аналардың баласын ондай балалармен бір мектепте оқытқысы келмейтініне түсінікпен қарауға болады. Дегенмен, үлкендер байқамай қылмыс жасағандардың да әлі бала екенін ескеруі керек.

Бейтарап пікір
Нұрболат АЙЕКЕШОВ, әлеуметтанушы:
– Мәселенің төркіні тәрбиенің ақсағанында жатыр. Базбір ата-ана баласына «сен өзгелерден артықсың, ә десе, мә де» деп тәрбие берсе, ал енді бірі балаға мүлде тәрбие бермейді. Бала бақылаусыз, өз білгенінше күн кешеді. Ал жас баланың білгенінен білмегені көп. Міне сол білместіктің салдарынан шалыс басып, қылмысқа ұрынады. Ондай балаларды оқшаулап, арнайы мектепте оқыту мәселесіне бір жақты баға беру қиын. Ондай ортада тәлім алған баланың болашағы қандай боларын да ешкім білмейді. Ол жерде қандай тәрбие беріледі, ол да беймәлім. Мысалы балалар үйінен шыққан жастардың көпшілігі қылмыс жолына түседі екен. Ол да мемлекеттің қамқорлығында, бақылауындағы мекеме. Сондықтан бұл мәселеде асығыстық жасамай, жеті өлшеп бір кесу керек. Өйткені бұл жерде талай баланың тағдыры таразыға түспек.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста