Құрылыс компанияларының үлескерлер алдындағы азаматтық жауапкершілігін сақтандыру мүмкін бе?

Құрылыс компанияларының үлескерлер алдындағы азаматтық жауапкершілігін сақтандыру мүмкін бе?

Еліміздің Өңірлік даму министрлігі үлескерлік құрылыс қатысушыларының ақшаларын қорғайтын жеке мемлекеттік сақтандырушы компанияны құруды ұсынып отыр. Өңірлік даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың мәлімдегеніндей, «құрылыс компанияларының өз үлескерлері алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруды қарастыру үшін мұндай жүйе бізге қажет. Бұл механизм үлескерлердің қаражаттарының шығынға ұшырау тәуекелдігін жоюға мүмкіндік береді». Осыған сәйкес болашақта Парламентке «Тұрғын үй құрылысындағы үлескерлік қатысу мәселелері туралы» жаңа заң жобасы ұсынылмақ. Ал бұлайша заңмен бекітіп, жеке мемлекеттік сақтандырушы компания құрып, құрылыс компанияла­рының үлескерлер алдындағы жауапкершілігін  арттыра аламыз ба? Үлескерлердің құқын осылайша сақтандыру мүмкін бе? Біз бұл сауалды арнайы мамандардың ойталқысына салдық...


Тоғжан ШАЯХМЕТОВА, экономист-ғалым:
иә
– Иә, бұлайша заңдық тұрғыда жеке мемлекеттік сақтандырушы ком­пания құрып, сол арқылы құ­ры­лыс компанияларының үлескер­лер алдындағы азаматтық жауап­кер­шілігін сақтандыруға болады. Құрылыс компанияларына қатысты қазірде еңбек қауіпсіздігін міндетті сақтандыру, жұмысшыларының құқын міндетті сақтандыру тәрізді бөліктер заңда қарастырылған. Ендігі кезекте үлескерлердің құқын сақтандыру жүйесі бізге қажет. Себебі қазірде құрылыс компания­лары әлдеқандай жағдай болса үлес­керлерге не қаржысын қайтар­май, не баспанасын сапалы етіп салып бере алмай жүр.
Құрылыс саласы жалпы ішкі өнімнің өсіміне үлкен ықпал ететін сала болған­дықтан, бұл сектордағы іс-жұмыстары сауатты, сапалы болуы тиіс. Сондықтан бізге құрылыс саласына қатысты жауап­кершілік, азаматтық-құ­қық дегенді арт­тыруды үнемі қарас­тырып отырған жөн. Өз басым Өңірлік даму министрлігінің ұсынып отырған тұжырым­дамасын қол­даймын. Мұндай сақтандыру меха­низмін енгізу үлескерлердің алдын­дағы жауапкершілікті арттырады деп сену керек. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын Үкімет құрылыс саласындағы дағдарысқа орай әлі толық салынып бітпеген, тұрғын үйлерді үлескерлерге сатуға тыйым салды. Бірақ сондай тыйымды ескерместен қайсы­бір құрылыс компаниялары үлес­керлерге сол үйлерді сатты. Үлескерлер жаңағы салынып бітпеген үйлерді толыққанды аяқтап беруге алдын ала қаржы салды. Дегенмен сол құрылыстың са­уат­ты аяқтал­мағанын, ақыр соңында үлескерлердің салған қаржысы желге ұшып, қайыра Үкіметтен көмек сұрағанын, бұ­ған қа­тысты қаншама түсі­ніс­­пеушілік орын алғанын біз білеміз. Міне, осын­дай сәтте қайшылық, түсініс­пеу­­шілік туындамас үшін бізге үлескер­лердің азаматтық жауап­кер­шілігін сақ­тандыру керек. Ол үшін жаңағы­дай сақ­­­тан­ды­рушы ком­паниялар қажет. Сонда үлескердің құқы аяқасты етілмейді. Сақтандыру болған жерде талап етушілік те нығаяды. Сондықтан сақтан­ды­руды ен­гізу арқылы құрылыс компа­ния­ларының үлескерлер алдындағы аза­маттық жауап­кершілігін арттыру мүмкін. Тек мұны кешіктірмей тетікке қосу керек деп есептеймін.


Марғұлан ШЫНЫБЕКОВ, заңгер:
жоқ
– Жоқ, мен мұндай пікірлермен келіспеймін. Құрылыс компанияла­рының үлескерлер алдындағы аза­маттық жауапкершілігін сақтан­дыру мүмкін емес. Бұлай дейтін себебім, 2008 жылы біз құрылыс компанияларының үлескерлер алдындағы азаматтық жауапкер­шілігін арттыруға қатысты арнайы заң қабылдадық. Бірақ сол қолда­ныста бар заңның өзін біз сауатты жұмыс істете алмай отырмыз. Бұл заң жүзеге аспады. Ал енді келіп же­келеген сақтандыру компания­ларын құрып, сол компанияларға үлескерлердің азаматтық жауап­кершілігін сақтауды артқымыз ке­леді.
Осы арқылы құрылыс компания­ларының үлескерлер алдындағы міндетін ұқтырғымыз келеді. Өкінішке қарай, бұл жүйені тетікке қосу мәселені шешеді дегенмен мен келіс­пеймін. Себебі құрылыс саласы экономикамыздың өзекті бір секторы болғандықтан бұл салада тек қана мемлекеттік бақылау, жергілікті биліктік қадағалау күшеюі тиіс. Мен бір мысал айтайын, құрылыс компания­ларының үлескерлер алдындағы азамат­тық жауапкершілігін сақтандыру үшін Үкімет құрылыс компанияларына әлі қадасы қағы­лып, қабырғасы қаланбаған тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді сатуға тыйым салды. Алайда құрылыс ком­паниялары заң талабын жаппай айналып өтіп, баспа­наға мұқтаж жандар­дан алдын ала қаржысын жиып алудың сан мың тәсілін қолдануда. Қайсыбір құрылыс компания­лары бүгінде үлескер деген ұғымнан бас тартып, үлескерлерге ин­вестициялық әріптес деген келісім­шарттарға қол қойғызады. Осы әдістерді ұстану арқылы тіпті баз бір құрылыс компаниялары үлескерлерді пәтер құнын жүз пайыз төлеуге дейін мәжбүрлеуде. Мұндай жағ­дайда қап деген халық, тағы да мем­лекетке жүгінбек. Сондықтан бұл жерде жауапкершілік мемлекетте ғана болуы керек. Бір ғана сақтандыру ком­пания­сын құрып, құрылыс компания­ларының үлес­керлер алдындағы жауап­кершілігін сақтандыру мүмкін емес. Мұнымен мәселе шешілмейді. Үкімет мәселені басты назарда ұстауы үшін алдымен үлескер мен құрылыс компа­ниясы арасындағы келісім­шарттарға азаматтық-жауапкершілік туралы арнайы бөлік енгізілуі тиіс. Ол үлескерлерге түсінікті тілмен көрсетілуі керек. Бұдан соң арнайы «Жер кодексі», «Салық кодексі» тәрізді «Құрылыс кодексін» қарастырып, әрбір туындап отырған мәселені сол кодекске енгізіп, оның орындалуын атқарушы билік қадағалап отырғаны жөн.
                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Аймара ТІЛЕУКЕҚЫЗЫ, әлеуметтанушы:
– Үлескерлер мәселесінің әлі күнге дейін шешілмеуі азаматтардың үлесті құрылысқа қаржы салуын реттейтін заңның әлжуаздығы себепші болғаны даусыз. Сондықтан болашақта құрылыс компанияларын мемлекеттік тұрғыда бақылау-қадағалау жұмыстарын күшейткен жөн. Бұған қоса, компаниялардың жұмысына сараптама жасайтын мемлекеттік орындардың ісіне де жүйелі өзгеріс енгізу керек. Сараптама істерін жүргізетін мамандардың біліктілігін жоғарылату қажет. Оларға заң жүзінде арнайы міндеттеме жүктеген абзал. Жобалау жұмыстарының сапасын зерттейтін арнайы жұмыс тобы құрылып; шетелдік тәжірибеге жүгіне отырып құрылыс қарқыны арнайы видеоларға түсіріліп, апта сайын құрылыс компанияларының басшыларынан есеп-қисап алынуы тиіс. Міне, осы істер біржақты етіліп шешілсе, біздегі құрылыс жұмыстарындағы сапа мен жауапкершілік біршама жақсарар еді. Бұдан соң құрылыс материалдары, шынымен, тағайындалған бағаға сатып алынды ма, әлде құрылыс жүргізуде арзан материалдар пайдаланылды ма, осыны да арнайы жүйелеп тексеру жұмыстарын қатайтса, мәселенің түйіні шешілер еді. Қазіргі үлескерлерді алаңдатып отырған жайт сапа жағы болғандықтан бұл істерге де мән берген абзал.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста