Қазіргі салық заңнамасы меценаттықтың дамуына қолбайлау болып отырған жоқ па?

Қазіргі салық заңнамасы меценаттықтың дамуына қолбайлау болып отырған жоқ па?

Елімізде қайырымдылықпен айналысатындардың тым аз екен­дігі ешкімге жасырын емес. ҚР статистика агенттігінің мә­ліметтері бойынша, елімізде 9092 үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 2067-сі Алматы қаласында орталық­тан­ды­рыл­ған. Тіркелген ұйымдардың негізгі міндеттері – қо­ғам­дық маңызы бар жұмыстарды атқару. Ал фи­лан­тро­пия саласындағы мәселелерді талқылап, шешімін та­батын пікірталас алаңы да, кәсіпкерлерімізге же­­ңіл­діктер ұсынып, оларды марапаттап отыру ша­ралары да жоқтың қасы. Меценаттық десе, бір­­ден салық жүйесіне сын айтуды әдетке ай­нал­дырған қалталы азаматтар дамыған ел­дер­дегідей қайырымдылық үшін салықтан бо­сату қарастырылмайынша, бір тиын бер­мейміз де­гендей кейіп танытады. Ал заң шығарушы ор­ган салық атаулы бар бол­ғаны сылтау деу­ден тайынбайды. Осы­лайша әлі күнге ше­шімін таппаған күрделі мәселеге Ел­басымыз да ара­ласып, жуырда отандық кә­сіп­керлерді меценат болуға өзі ша­қырды. Алайда екіжақты қызу тартыс әлі де жалғасуда.


Азат ҚОНЫСБЕК, кәсіпкер:
иә
– Уақтылы салығын төлеп, кәсібін қан­­ша жерден дөңгелетіп отырған кә­сіп­кер болса да, оның еш уақытта артық ақ­ша­сы болмайды. Тіпті бар дегеннің өзін­де «менде артық ақша бар, ме­це­нат бо­лайын, қайырымдылық жа­са­йын» деп айтатын адам жоқ. Себебі кез кел­ген кә­сіпкер әр тиынының қайда, қа­шан, қан­шалықты жұмсалатынын ба­қылап, жос­парлап отырады. Жыл бас­талған бет­те бірден қаржылық жос­пар­лар құ­рылмай, жоспардан тыс қа­ра­жатты қа­жет ететін шығын түрлері арта беретін бо­лса, кәсіп қайдан ілгері бассын? Сон­дықтан меценат болыңыз деп алдына бар­ғанда кәсіп иесі қа­йы­рымдылықтан бас тартса – ол заңды. Әрине, кәсіпкерлер ме­ценат болмасын деп айтудан ау­лақ­пын. Өзіміз де көп жерде меценат болып, көмек қолын создық.
Өмір болғаннан соң, түрлі жағдай бар. Жетімдер үйіне көмектесеміз, мем­ле­кет тарапынан ешбір қолдау көр­се­тіл­мей жатқан балалардың газет-жур­нал­­да­р­ын шығаруға қол ұшын созамыз де­­гендей. Бірақ Үкімет кәсіпкерлерге ме­­ценат болыңдар деп міндеттей ал­май­­ды. Себебі қайырымдылықпен ай­на­лысу не айналыспау – әр кәсіпкердің өз қала­уы. Тіпті мемлекеттің міндеттеп, қыс­­пақ­қа алуын құқық бұзушылық деп ай­туға да толықтай болады. Егер біздің кә­сіп­кер­лер меценаттықпен айналыссын де­­сек, ең алдымен, салықтық заңнаманы бір ретке кел­тіріп алғанымыз абзал. Біз­дің са­лық­тық органдардың бүгінгі мін­де­ті мен мақ­саты да өзгерген. Сыбайлас жем­­­қор­лық пен қанаушылық орын ал­ған қо­ғам­да тірнектеп жиған ақшаңды қа­­­йырым­ды­лыққа деп бере салудың өзі­нен қор­­қасың. Осы жақында ғана ес­ті­дім, жал­ған кәсіпорындар көбейіп, мем­ле­­­кет­ке 2 млрд, 7 млрд, 14 млрд теңге шы­­ғын ке­ліпті-мыс. Ертегі, мұндай көз­бояу­­­шы­лық пен өтірік әңгімеге кім се­не­ді? Ше­неу­ніктердің қолдауынсыз, ауыз жа­­лас­қан салық органдарының кө­ме­гін­сіз мем­­лекеттік бюджеттен ақша жым­қы­ру мүм­­кін дегенге де ешкім сенбейді. Кез кел­ген кәсіпкер пайда табу үшін кәсіп­кер­лікпен айналысады. Ол бая­ғы Қо­жа­на­сырдың хикаяларындағы, 10 теңгеден жұ­мыртқа сатып алып, 9 тең­геден сатып, ел менің сауда жасап отыр­ға­нымды көр­се болды дейтін заман емес. Сон­дықтан өз күнін өзі көріп отырған кә­сіп­керлердің пайда көзіне жармасудың қа­жеті жоқ. Керек болса, меценаттарға ше­телдегідей қомақты жеңілдіктер ұсы­нылып, салық мөл­шерлемелері азай­тыл­сын. Тым бол­ма­ғанда қосымша құн са­лығы – 10, кор­по­ра­­тивтік табыс салығы – 10% бол­са да қай­да жатыр? Сонымен қатар отан­­дық кез кел­ген кәсіп иесіне қойы­латын та­лап та, жа­салатын жағдай да бір­дей бо­луы тиіс деп есеп­теймін. Ол – әкім­нің бала­сы, ми­­­нистр­дің баласы не­месе туысы деп бө­­лін­бесе ға­на ме­це­нат­тық та, өзге де жү­йе­­лі, әрі тиімді түр­де іске аса­ды. Әйтпесе қа­зір ме­це­нат­тар­ға са­лықтық жеңілдіктер бер­­мек түгіл, елеп-ес­керіп жатқан бір жан жоқ.


Тұрсынбек ӨМІРЗАҚОВ, Мәжіліс депутаты:
жоқ
– Қазақстандағы меценаттықты да­мы­ту­ға салықтық заңнамалар еш уа­қыт­та ке­дергі бола алмайды. Кәсіпкерсің бе, хал­қыңа көмектес, қаржыңды бөл, қолғабыс ет! Кедей адам кәсіпкерлікпен айна­лыс­пай­ды. Біреуге қайырымдылық жасамай, кә­сіп өркендеп, өспейді, оны жа­ра­ту­шы­мыз да көріп тұр. Мен де Мәжіліс депутаты бо­л­мас бұрын кәсіпкерлікпен айна­лыс­тым. Жас­тардың басын қосып, мешіт тұр­ғы­зып, же­тім-жесірлерге көмектесіп, мү­ге­дектерге ма­териалдық жағдай жасадық. Ораза мен айт­ты күтіп жүрудің де қажеті жоқ, қайы­рым­дылық жасаймын деген адам кез кел­ген күні-ақ көмек қолын со­зады. Ме­ценат­тықты заңдық жолмен да­мы­та алмаймыз. Се­бебі қайырымдылық күш­пен, заңмен, талаппен, бұйрықпен бо­­ла­тын дүние емес. Меценат – шын жү­ре­­гімен, тілегімен қа­йырымды іс ат­қарушы жан.
Ал жалпы Қазақстан Республикасының Салықтық заңнамалары өте жақсы, жоға­ры дәрежеде құрастырылған. Қа­зақстан бүкіл әлем елдері арасында салықтық заң­намалардың кәсіпкерлерге ыңғай­лылығы, тиімділігі жөнінен тоғызыншы орын­да тұр. Ал кәсіпкерлікке жағдай жа­сау жағынан 183 мемлекеттің ішінде Дү­ние­­жүзілік банк мәліметтеріне сәйкес, 49-ын­шы орындамыз. Сондықтан кә­сіп­керлердің шағым айтып, кәсіпке жағдай жа­­салмайды деуіне негіз жоқ. Әрине біз­дің елде меценат жоқ демеймін, ауыз толтырып айтарлық қайырымдылық көр­сетіп жүрген азаматтарымыз бар, алай­да тым аз. Мысалы, Қазақстанда 110 баласы бар ана тұрады. Мұны біреу білсе, біреу білмейді. Неткен ғажап адам десеңізші?! Осындай жандарды үлгі етіп, ха­лықтың алдына жиі шығарып тұ­руы­мыз қажет. Әйтпесе біз қазір қолда бар ме­ценаттарымызды және жалпы қа­йы­рым­дылықты насихаттауымыз кенже қа­лып отыр. Тағы бір үлкен мәселе меценат бол­ған кәсіпкерлерге салықтық же­ңілдіктер беріп, салықтан босату. Бұл не деген сөз? Меценаттық сауда ма? Са­лықтан босатудың қажеті не? Меценат ха­лықтың алғысына бөленіп, ақ батасын алса болды емес пе? Меценаттарға ме­даль берейік, орден берейік, яғни мо­ральдық тұрғыда марапаттайық. Ақшасы бар, жағдайы бар, баспанасы, жұмысы бар кәсіпкерлерге қаржы беріп керегі не? Өз басым еліміздегі меценаттықтың дамуына салықтық заңнамалар қолбай­лау болып отыр деген пікірмен келіс­пеймін және бұл кәсіпкерлердің сылтауы ғана деген баға бергім келеді.
                                    Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Арайлым Ахметова, «Бауыржан» қайырымдылық қорының атқарушы директоры:
– Қазіргі таңда еліміздегі меценаттықтың дамуына мемлекеттің тарапынан қолайлы жағдайлар жасал­маған. Біріншіден, салықтық жеңілдіктердің қа­рас­ты­рылмауы қазіргі таңда меценаттықтың дамуына қолбайлау болуымен қатар, меценат болған жеке немесе заңды тұлғалар заңды түрде ешбір материалды, моральдық марапат­тау­лар­ға ілікпейді, қоғамда олардың мәртебесін арттыратын заңды атақ та­ға­йындал­май­ды. Екін­шіден, меценат болған адамға немесе ұйымға қо­ғам­да оның әлеуметтік статусын көтеретін, оны қоғамда үлгі немесе танымал етіп, жағымды көзқарас тудыратын іс-шаралар аз өткізіледі. Менің ойымша, мемлекет та­ра­пынан заңды түрде меценаттықтың дамуына мүм­кіндік берген дұрыс, меценаттық мемлекеттің мәдени-ағартушылық дамуына үлкен жол ашар еді. Ал салықтық жеңілдіктер меценаттықты дамытудың алғашқы әрі басты қадамы болар еді деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста