Қазақ киносын қарқынды дамыту үшін арнайы заң қабылдау қажет пе?

Қазақ киносын қарқынды дамыту үшін арнайы заң қабылдау қажет пе?

Қазір әлемде кино саласы дамығаны соншалық, азғана уақыт ішінде керемет картина түсіріп тастай салу мәселе болмай қалды. Кино да көп, киноның маңайына үйірілген мамандар да көп және оған қаржылай демеу көрсету арқылы өзіне жарнама жасауға ұмтылатындар да жеткілікті. Себебі киноиндустрия кәдімгі тегеурінді күшке, танымалдық пен қомақты қаржының көзіне айналды. Бұл жалпы әлемдік кино жайлы, ал енді қазақ киносы сол көшке ілесе алып отыр ма? Бізде, жалпы, жарнамасы, қаржы көзі, таралуы, авторлық құқық т.б. жағынан төрт құбыласы түгел киноиндустрия қалыптасты ма? Біржақты кесіп айту қиын, себебі жоқ дейін десең, қозғалыс бар, бірақ әлі күнге осы салада арнайы заңның болмағаны таңғаларлық. Жалпы,  киноның қарқынды жұмыс істеуі үшін кино туралы заң қабылдау аса қажет пе?

Дидар АМАНТАЙ, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бас редакторы
Иә

– Қазіргі мәдениет туралы заң­ға кинематография тура­лы өз­геріс енгізілді. Десек те, бү­гінгі қарқынды дамып келе жат­­қан қазақ кино процесін одан сайын жетілдіре, одан са­­йын жылдамдата түсу үшін, жан-жақты қамқорлық жа­сап, ки­ноиндустрияның жаңа бір дең­гейге шығуы үшін, әри­не,  кино туралы арнайы заң қа­былдау қажет. Ал енді бүгінде қара шаңырақ – Ш.Ай­­­манов атындағы «Қа­зақ­­­фильм» ки­но­студиясы бас­­та­ған бұл сала қазір жақ­сы да­му үстінде. Оның не­гізгі се­­беп­­терінің бірі – ки­но­с­ту­дия­­­ның соңғы заманауи жаб­­­дық­тармен қамтылуы.
Бұл жағынан киностудия қазір Орта Азиядағы ең мықты киноөндіріс аймағына айналды. Сонымен қатар ТМД көлемінде екінші орынға шықты. Техникалық база жағынан мықты жарақтануы өз кезегінде кино сапасының артып, санының көбеюі­не, оның нарықта керемет сұранысқа ие болуына, солайша қазақ кино өндірісінің дамуына сөзсіз ықпал етуде.
Қазіргі кезде «Мәдениет туралы» заң ая­сында болғанның өзі киноның дамуына еш­қандай қолбайлау болып отырған жоқ. Дегенмен ескере кетер жайттар өте көп. Себебі бүгінгі кино – кешегі өткен кино саласындай емес, заманға сай күр­делі сала. Осыған сай кино өндірісіне қа­тыс­ты түрлі субъектілер – киноны қар­жы­ландыру, киноны жарнамалайтын қосым­ша тағы бірнеше қызмет түрі пайда болды. Жұмыс істеген кезде мұның бәрі бір-біріне қандай да бір кедергі тудырмас үшін, анық тәртіп болуы үшін, әрине, арнайы заң қажет. Қаншама жылдан бері талқыға түсіп, мұндай заңның қажет екені айтылып жүрсе де, кино туралы заң жобасы дайын емес, бірақ бұл тарапта жұмыстар атқарылмай жатқан жоқ. Сол себепті оған болашақта қайта ораламыз деген ойдамыз. Қанша жылдың көлемінде екені белгісіз, бірақ арнайы заңның қабыл­данатынына мен сенімдімін.

Қалила ОМАРОВ, режиссер-документалист
Жоқ

– Кино туралы заң деген мә­­селе қанша жылдан бері ай­ты­ла-айтыла, бірақ не қа­был­дан­бай, не қоймай, әб­ден мезі қыл­ды. Ал одан өз­ге­ріп жатқан дә­неңе жоқ, «ит үре­ді – керуен кө­шедінің» на­­ғыз өзі орын алып жатыр. Шы­­ны керек, осылай бос­қа дау­­рығып, ақ тер, көк тер бол­ғанша, одан да заң қа­был­­­дамай-ақ қояйықшы. Се­­­бебі қа­былданған күнде оның қазақ ұлтының мүд­де­сіне шешіл­мей­ті­ніне менің көзім жетеді. Өйт­кені қазіргі бета­лы­сын көріп тұр­мыз ғой. Өзі­міз­дің кәнігі ше­бер актер­лер мек­тебіміз бола тұ­ра, бас­ты рөл­дерге шетел ак­тер­лерін ша­қыртып, ойнатамыз.
Олардың қағанағы қарқ, сағанағы сарқ, соның қадірін біліп, бізге шын алғыс айтып кетсе, мейлі ғой. Жоқ, керісінше, күліп кетеді, мазақ етіп кетеді. Мен, шынында, осындайды өз көзіммен көрген соң айтып тұрмын. Авторлық құқық деген мүлдем жоқ қой бізде, яғни киногерлерде. Композитор, ақындар ән жазса, өлең жазса, соған сай қаламақысын алады. Ал біздің киноре­жис­сердің авторлық құқығы аяқасты, қаншама еңбектеніп жасаған фильмдеріміздің кадр­ларын киноға да, клипке де пайдаланып жатыр, оған ешқандай шара қолдана ал­маймыз. Себебі құқымыз жоқ. Арнайы заң қабылдау қажет емес дейтін тағы бір себебім, бізде қазір қандай заң қабылданбай жатыр! Бірақ сол заңды қадағалап, сол заң аясынан шықпай жүрміз бе? Осы кино саласында да, ме­ніңше, орындалмайтын, жай ғана «бар ма, бар» деп белгі соғу үшін ғана қабыл­данатын заң қажет емес. Сондықтан қазір заң қабылдаған күнде де қазіргі жағдайды нығайтуға бағытталатыны анық. Қазақ киносының қазақ ұлтының мүд­десіне қызмет етуіне жол ашатын заң бола­тынына күмәнім зор. Негізі, ұлттық кино қорына жұмыс істеуі керек. Мәселен, Фран­цияны, не болмаса Еуропаның басқа да елдерін алсақ, қандай кино түсірсе де, одан түскен қаржының қомақты бөлігі ұлттық кино қорына түсіп отырады. Ал біздің Қазақ­станның прокатының бәрі – шетел кино­лары, ал одан бізге бір тиын пайда түсіп жатқан жоқ. Бұл не? Біздің ұлттық санамыз­дың төмендігінен, ұлттық намысымыздың жоқтығынан.
Бар мәселе – біздің санамызда. Сон­дықтан ең бірінші санаға реформа қажет. Киноиндустрияның дамуы, кемелденуі де­ген міндетті түрде Батысқа бет алып, қа­зақтан сырт айналу керек деген сөз емес.
Мәдениетке жаны ашитындар аз, жал­пы. Бір ғана Мұхтар Құл-Мұхаммед қай жағына жетеді? Қайта «Мәдениет ту­ра­­лы» заңға ұлттық кино талаптарын ен­гіз­ген – сол кісі, соның өзін дұрыс орын­дап, жүзеге асыра алсақ та, жаман болмас едік.

Түйін
Біреуді ақтап, біреуді қаралау емес, біз тек жағдайға жан-жағынан қарап көрдік. Таяқтың екі ұшы барын ескерсек, соның бір ұшын көтере беріп, екінші ұшымен маңдайымызды сарт еткізбес үшін осылай етуге тиіспіз. Ал шешім шығару, ол шешімді күшіне енгізу – құзырлы орындардың иелігінде. Міне, сол орындар ояу болса ғой! Экранның бергі жағын қарап, мәз болып қоя салмай, бір мезгіл экранның арғы жағындағы жағдайға, киноның шикізатынан бастап, дайын өнім болғанға дейінгі жағдайға жан ауыртар кез, әйтпесе, әлдеқашан жеткен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста