Өзгемен бәсекеге түсе алатын отандық әлеуметтік желі құру мүмкін бе?

Өзгемен бәсекеге түсе алатын отандық әлеуметтік желі құру мүмкін бе?

Интернет технологияларын көзге ілеспес жылдамдықпен дамытып отырған алпауыт елдер, бұл салада монополиске айналып бара жатқандай. Десек те, шексіз ғаламтор кеңістігінде шама-шарқында өз орнын айқындауға кім-кімнің де ықтияры жоғары екені даусыз. Әйтсе де ақпараттық бәсеке белең алған бүгінгі жаһанданған әлемде баршаға ортақ ғаламтордың мүмкіндігін әркім өзіне тиімді пайдаланып қалғысы келетіні – шындық. Бұл ретте әлеуметтік желілердің алатын орны ерекше. Алайда интернет игілігін енді-енді танып-біліп, заманауи инновациялық жобаларды жүзеге асыра бастаған қазіргі қазақ қоғамының өзінің төл әлеуметтік желісі құрылмаған. Ал қазақтілді интернет тұтынушылар өзгенің ұсынған желілерін пайдалануға мәжбүр. Осы орайда «неге біз өзіміздің отандық әлеуметтік желімізді құрып алмаймыз» деген де ой келеді. Алайда біздің қазіргі жағдайымызда өзгемен бәсекеге түсе алатын отандық әлеуметтік желі құру мүмкін бе? Бұл ретте мамандар пікірі де – әрқилы.


Ертай Нүсіпжанов, «INSPIREmedia» продюсерлік орталығының басқарушы директоры:
иә
– Иә, әбден мүмкін. Салыс­тыр­ма­лы түрде айтар болсақ, осыдан шамамен он жыл бұрын «интернет» деген атау біздің қоғамға біраз түсініксіздеу болған. Әлі есімде, сол уақытта мен оқыған университеттің кітапханасындағы интернет залына студенттер кезекке тұрып, онда алдын ала талон алып кіретінбіз. Сон­да жастар интернет желісінің электронды пошта, «online-chat» сияқты қарапайым функцияларын ғана қолдануды білетін. Сәл кейін­деу, қазақ жастарының басын қос­қан Қазақстандағы алғашқы ин­тер­нет-форумдар пайда бола бастады. Меніңше, қазақ сайттарының қар­қынды даму кезеңі осы уақытқа тән. Бұл жағдай осыдан бес жыл бұрын қандай еді?!   
Қазір бұл уақыттан қатты алыстай қой­мадық. Бірақ еліміздегі ақпараттық тех­ни­ка саласының қарқынын, бес жыл бұрынғы жағдаймен салыстырып айтсақ, айыр­ма­шылық өте көп. Сол уақыттағы ІТ сала­сын­дағы үздік деп саналған маманды алмас­тыратын жаңа толқындар да пайда болды. Бүгінде қазақ сайттарының арнайы кон­ференциясы өтіп, қоғамда әлеуметтік желілер төңірегінде қызу талқылаулар жүріп жатыр. Бұл қазақ сайттарының дамыл­сыз дамып жатқандығын байқа­та­ды. Себебі бізде он жыл емес, жиырма жыл уақыт өтсе де, мұрты бұзылмаған немесе әлі де жақсы бір нәтижесін бере алмай келе жатқан өзге де мәселелер бар. Сондықтан алдағы бес жылдықта да үлкен өзгеріс болары сөзсіз.
Оның үстіне, қазақ тіліндегі әлеуметтік желілерге қоғамның сұранысы да жоғары. Ғаламтордағы көп қызметтердің арасын­да­ғы танымал ресурстардың бірі – әлеу­меттік желілер екені де белгілі. Мен біздің орталықта қызмет ететін арнайы кәсіби мамандармен кеңестім. Бүгінгі таңда біздің елде онға жуық әлеуметтік желі болса, олардың бірнешеуі ғана халықаралық стандартқа сәйкесе алады екен. Өкініштісі, әзірге олардың арасында қазақ тілдісі жоқ болып тұр. Ал қазақтілді әлеуметтік желі­лер­ді жасақтауға бізде ресурс та жеткілікті. Әлеуметтік желілерге ортақ белгілер: қол­да­нушылар арасындағы өзара белсенді байланыс, жалпыға ұсынылатын про­филь­дік ақпарат, құжаттар, басқа қол­да­ну­шылардың профильдік ақпаратын, мате­риа­лымен танысу, бөлісу, қолданушылар әрекеті туралы ақпарат алып отыру сияқты бірқатар қарапайым ерекшеліктерімен анықталатыны белгілі. Ғаламтор қызметін қамтамасыз ететін хостинг, провайдер қызметі, веб сервер, ІТ қолдау қызметімен қоса, сайт жасау технологиялары, әлеу­мет­тік инженерия сияқты бірқатар пункт­тер неғұрлым дамыған сайын, соғұрлым сайт сапасы, функционалдығы, ыңғай­лы­лығы мен тартымдылығы арта түсері анық.Сайт жасаудың көптеген жобаларға ортақ, қарапайым топтарын жіктеп жіберсек: жоба жетекшісі, дизайнер, беттеуші, интер­­фейс кодтаушы, веб платформа жасақ­таушы, контент маманы, веб анали­тик және т.б. яғни, бір жоба құрамында бірнеше бағыттық мамандар еңбек етуі талап болып тұр.
Ақпараттық технология кеңістігінде аты шыққан талантты тұлғалар жетерлік. Он­дай азаматтар қазақы ортадан да шығары сөзсіз. «Қазақы қоғамға арналған заман­ауи веб ресурс қазақы ортада өскен, көзі ашық, сауатты, білімді, зымыраған уақыт жаңарған сайын жарияланып отыратын ғылыми, танымдық жаңалықтан әрқашан хабардар болып жүретін азаматтарымыздың қолы­нан келеді» десек, артық айтпағанымыз бо­лар. Демек, өзіміздің отандық әлеуметтік желіні құрудың мүмкіндігі зор деп айта аламын.


Ерлік Ержанұлы, «ҚазАқпарат» агенттігінің Алматы қосынының аға тілшісі:
жоқ
– Дәл қазіргі уақытта бізге өзі­міз­дің дербес отандық әлеуметтік желі құруға аса қажеттілік туып отырған жоқ. Оның үстіне, бізде мем­лекеттік тілде интернет тұты­на­тын адамдар контингенті өте ау­қым­ды емес, ақпа­рат­тық нары­ғы­мыз да соншалықты үлкен емес. Сонымен қатар, еліміздің көптеген шалғай аймақтары үшін ғаламтор әлі де болса қолжетімсіз болып тұр. Сондықтан да біз бұл мәселеде тех­нологиясы мықты дамыған ел­дер­мен айтарлықтай бәсекеге түсе алмас­пыз. Тіпті, аясы зор, мықты бір әлеуметтік желімен бірлесіп, өзі­міздің ішімізде ғана пайдалануға болатын қазақ тіліндегі жеке желі ашқанның өзінде, жобаны үйлес­ті­ру­шілер бұдан қаржылай пайда да таба алмайды.   
Ал бүгінгі нарық талаптары – қатал. Осы орайда қазақстандық тұтынушылар интернет кеңістігінде әлдеқашан қалып­та­сып үлгерген әлеуметтік желілердің ішінен өз орнын айшықтап алғанының өзін ол­жаға балап отырмыз әзірге.
Бүгінгі күні бірқатар елдер төл әлеу­меттік желілерін дамыту үшін өзгенің ұсынып отырған желілеріне шектеу қойып, қажет жағдайда тыйым салып та отыр. Мұндай қадам ең бірінші кезекте ақ­па­рат­тық қауіпсіздік мәселесінен туындап отыр. Мысалы, бірқатар араб елде­ріндегі төңкерістер мен Батыстағы толқу­лар негі­зі­нен ғаламтордағы әлеу­меттік желілер мүм­кіндігін пайдалану арқылы орын алған. Бұл ретте бүгінгі Қазақстан ашық қоғам ретінде, қоғамның барлық саласын құқықтық негізде, тиісті заңмен реттеп, жүйелеп отыруға бейім. Біздің жағдайда әлеуметтік желілер ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіріп тұрған жоқ. Оның үстіне, қазақстандық интернет тұтынушылар әлеу­меттік желі­лерді енді-енді игере бастады. Сондықтан болар, бізде интернет пай­далану мәдениеті қалыптасып үлгер­меген. Кім не болса, соны айтып, кім не болса, соны жазатын жайттар аз емес. Сол себепті интернетті белгілі бір деңгейде бақылауға алып, ондағы ұсынылатын дүниелерді мүмкіндігінше сүзгіден өткізіп отыру қажет. Бірақ бұл жерде де тіл мәселесіне келгенде біршама қиындықтар бар. Өйткені кейбір желілерде қазақ тіліндегі таңбаларды қолдану мүмкін емес. Кезінде бірқатар қазақ зиялылары «Mail.Ru» үйлестірушілеріне қазақ тілін аталған желіге енгізуге байланысты ұсыныспен шыққанын білеміз. Алайда ондағы IT маман­дар ол ұсынысты қабылдамады. Есесіне, қазіргі кезде қазақтілді тұты­ну­шылар «Facebook», «Twitter» желілерінде белсенді бола бастады. Себебі мұнда қазақ әріптерін таңбалау жағынан проб­лема жоқ. Мұның сыртындағы біз «В контакте», «Одноклассники» сынды тағы бір­неше әлеуметтік желілерді пайда­ла­намыз. Олардың әрқайсысы – бір-бірімен толық бәсекеге түсе алатын, аудиториясы өте ауқымды желілер. Осындай ақпа­рат­тық интернет технологияларымен тай­та­ласа алатындай біздің қаншалықты мүм­кіндіктеріміз бар? Осы тұрғыдан алғанда «біз өзіміздің жеке әлеуметтік желімізді құрамыз деуіміз босқа ақша шашу, тыраш­тану сияқты әрекет болып қалмай ма?» деген де қауіп жоқ емес. Қазір мемлекет тарапынан қолдау болып, алдағы 2025 жылдары латын қарпіне көшу межеленіп отыр. Осындай қадамдар бізге интернет кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуымызға жаңа мүмкіндіктер ашып бермесе, әзірге өзгенің қолда­нысындағы желілерді өзіміз­дің пайда­мыз­ға қарай оңтайландыру жағын ойла­масқа амал жоқ.

Бейтарап пікір
Нұрлан Қабдайұлы, «Хабар» арнасының редакторы:
– Қазіргі қазақ қоғамы заманауи ақпараттық технологияларды игеру жолында сәтті қадамдар жасай бастады. Бұрынғыдай емес, біздің бүгінде өзгемен бәсекеге түсе алатын отандық әлеуметтік желі кұруға әлеуетіміз әбден жетеді. Біз аз уақытта әлеуметтік желінің тілі мен оны пайдалану жолын жақсы меңгердік десек те болады. Бұл ретте жастардың ғана емес, әсіресе үлкен буынның, саяси элитаның да әлеуметтік желілерге көптеп келе бастауын жақсы құбылыс деп бағалағанымыз жөн. Дегенмен бізге бұл бағытта «өзгемен...» дегенде, кімдермен бәсекелесе алатынымызды нақты анықтап алуымыз керек шығар. Бұл қарекетте кейбір көрші-қолаңды басып озуға шамамыздың жететіні анық, ал әлеуметтік желіге ертерек қол артқан батыс жұрты бізді шаңына ілестіре қояр ма екен?

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста