Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?

Отандық телеарналардың шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауына шектеу қою мүмкін бе?

Отандық деген аты болмаса, шынтуайтында, шетелдік бағдарламаларды тасымалдаушы қызметін ғана атқарып отырған арналарымыз аз емес. Олай дейтін себебіміз, олардың өзіндік өнім жасап, өзіндік келбет, өзіндік бет-бейне таныта алмай отырғандығында. Әрине, арналардың барлығы бірдей солай деуден аулақпыз, бірақ көбінен көрермен осыны көріп отыр. Ендеше, біз шетелдік бағдарламаларды ретрансляция жасауды шектеу арқылы, отандық арналардың намысын оятып, шабысын үдете аламыз ба? Осыны талқыға салып көрелік.


Серік ӘБІКЕНҰЛЫ, «Алматы» телеарнасы бас директорының орынбасары:
Иә

– Мүмкін және бұлай ету қажет те. Мысалы, біз­де шетелдік арналардың бағдарламаларын са­­­тып алып көрсеткенде де өздерінің нені са­тып алып, ол арқылы нені көрсеткісі келетінін өзі де тү­­сінбей, ақшаны желге ұшырып жатқан арналар бар, өкінішке орай. Қандай істе де адам өзі­не-өзі есеп беріп, одан не пайда, не зиян екенін, ал­дымен өзі ұғынуы керек қой. Ретрансляция, рас, бізге бір кездері ауадай қажет болды, не үшін? Әлем­дік ақпаратқа қол жеткізу мүкіндігі шек­теулі кезде сол олқылықты толтыру үшін ке­рек еді. Ал енді шоу деген тұрғыдан келгенде, әр ха­лық­тың өз менталитеті, өз ұлттық ұстанымы бар. Жа­са­лып жатқан хабарлар сол ұлттық бол­мы­сына сай  келуі керек. Олай болмады ма, он­да ре­тран­сля­ция жасаудың не қажеті бар? Мүм­кін, отандық өнім жасауға қарағанда әл­­­­деқай­да арзандығы тиім­ді деп, қаржылай мүм­­кіндік тапшы кезде тап­қан амал да болар.
Бірақ шетелдік бағдарламаларды жөн­сіз ретрансляциялау арқылы, былайша айт­қанда, басқалардың қаңсығын өзімізге таң­сық қылудың қажеті жоқ. Егер шындап кел­сек, ретрансляциясыз да күн көре ала­мыз. Қазір қазақстандық телеарналардың кө­бінің техникалық та, шығармашылық  мүм­кіндігі де сапалы бағдарламалар ту­ғызуға жетерлік, яғни ешкімнен ештеңе ал­май-ақ, таза отандық өніммен эфирді тол­тыра алады.
Бар мәселе сапаға келіп тіреледі. Мы­са­лы, көп арна Ресейдің сатиралық бағ­дарламаларын ретрансляциялап көр­се­туге құмар. Эфирдің көп уақытын со­ны­мен жабады. Осы тұста сол арна басшылары қа­зақы қалжың мен орыс қалжыңының арасында айырмашылықтың жер мен көк­тей екенін неге түсінбейді? Ең жа­ма­ны, олардың көп қалжыңында басқа ха­лықтарды менсінбеу сияқты шо­ви­нистік иіс бұрқырап тұрады. Ал біз со­лардың өзімізді қалай кемсітіп жат­қанын көрсетеміз. Және де анау-мынау емес, қаржыға сатып алып көрсетеміз, осының қанша қа­жеті бар?
Біздің елімізде, заң бойынша, ре­трансляцияның үлес сал­мағын 20 пайыздан асыруға бол­майды, бірақ көптеген ар­наның эфирлерін қа­ра­саңыз, 20 пайыз жолда қа­лады-ау... Бұл – біріншіден, біз­дің қа­ражаттың сыртқа кетіп жат­қаны, екіншіден, қа­заққа қиянат жасап жат­қан тұстары да бар. Өз ұл­ты­мыз­ды әжуа­лай­тын бағ­­­дар­ла­маларды сатып алып көр­сету қиянат емей, немене?! Қо­лыңнан келе ме, сен де сондай хабарлар жасап, әжуа­лап, сат оларға. Бірақ біздің қолдан кел­мей­тіні былай тұрсын, «таспен атқанды тас­пен атып», ырылдасудың да қажеті ша­малы ғой.


Айдос ҚАРТАҢБАЙҰЛЫ, саясаттанушы:
Жоқ

– Қазіргі таңда қазақстандық телеарналар отан­дық өнімдермен көрермен сұранысын то­лы­­ғымен қанағаттандыра алмай отыр. Еліміздің БАҚ туралы заңында отандық арналардың ше­тел­дік арналардан ретрансляциялайтын бағ­дар­ламалардың үлесін жыл сайын кемітіп, отан­дық өнімдерді арттырып отыруы керектігі жайлы ар­найы бап бар. Алайда ол бап орындалып отыр­­­ған жоқ, себебі бізде көрермен санын ке­міт­­пей ұстап тұрарлық сапалы әрі шын мәнінде қо­ғамдағы өзекті мәселелерді қамтитын қа­зақ­ша бағдарламалар әлі жоқ, барының өзі – орыс ті­лінде. Мұның барлығы тіл мәселесіне келіп ті­ре­леді. Екіншіден, қазіргі жаһандану заманында кө­­рер­­меннің қандай бағдарламалар көруге өз құ­­қы­ғы бар. Біз бәрібір шектеу қойғанымызбен, кө­­­рер­мен керегін кабельді арналардан іздеп, тіп­­­ті отандық арнаны ұмытып та кетуі мүмкін. 
Демек, ретрансляциялау да өз ке­зе­гінде арналарымыздың көрермен жо­ғалт­пау жолындағы жанталасы іспетті бо­­лып отыр. Эфир толтырудағы бір амал­­ына айналды десе бол­ған­дай.
Осы тұста айта кету керек, көп­те­ген телеарнамыз, тіпті барлығы де­сек те болады, шетелдік сериал­дар­­ды үздіксіз беруді және қай­­та­лап беруді әдетке ай­нал­дырды. Көрермен сұранысын, шыны керек, бағдарламамен емес, сериалмен қанағат­тан­ды­ра­тын болып алды. Себебі бағ­дар­­­ламалар қоры жоқ. Ке­­йінгі кездері шетелдік бағ­­­­­дарламаларды ре­тран­сля­ция жасамай, сол бағ­дарламаның көшірмесін жасайтын болып та жүр. Сон­­дықтан біздің отандық те­леарналарды дамыту үшін мемлекет арнайы бағдарлама жа­сағаны дұрыс деп ойлаймын.
Тағы бір осы жағдайға әсер ететін тенденция – арналарымыздың көбін кә­сіби журналистер емес, басқа сала маман­дарының жаулап алғандығы. Ал олар теле­ха­бардың тілін, оның телесценарий жү­йесін, көрер­мен алдындағы өзі жүргізіп тұр­ған бағдар­ла­маның көп қабатты, терең астары мен жа­уапкершілік жүгін толық түсінбегендіктен, қандай бағдарлама болсын бір түрлі тартымсыз, жеңіл-желпі сипат алып шыға келеді. Ойландырмайды. Оған деңгейі жет­пейді. Арналарды актерлер басып ал­ған. Кәсіби журналис­терге тиесілі жұмысты, былайша айтқанда, еш қымсынбай алып қойып, нәпақасынан айырып та жүр деп айтуға негіз бар бұл ретте. Мейлі, алсын, бірақ соған сай болып, көрермен алдында тек әдемі ойнап кетпей, жанына азық боларлық бір нәрсе беруді де есте ұстасын.

Бейтарап пікір
Арман СҚАБЫЛ, «Хабар» агенттігі бас продюсерінің орынбасары:
– Бұған бір жақты қарап, бітті, шектеу қою керек деп те айту, меніңше, орынсыз. Себебі шетелдік бағдарламалардың да берері бар, яғни олардың барлығы нашар дей алмаймын, сапалы, танымдық дүниелер бар. Телеарналар да шеттен сатып алғанда көрермен сұранысын ескереді. Егер одан ешқандай пайда болмаса, арна рейтингі көтерілмейтін болса, онда неге алады? Демек, өз кезегінде оның пайдасы болып отыр. Екіншіден, ретрансляциялау отандық бағдарлама жасаудан әлдеқайда арзанға түседі. Бірақ бұл барлығын бірдей шеттен сатып алып, эфирді толтырсақ болды деген сөз емес. Онда біздің ұлттық журналистикамыздың, өзіндік бет-бейнеміздің қайда қалғаны? Біздің де өз мәселеміз, өз айтарымыз болмаса, онда неге арна ашып, оны қаржыландырып отырмыз? Бұл ретте айта кету керек, шетелдік бағдарламаларды ретрансляциялауды шектейтін заң күшіне еніп отыр, көп ұзамай біз оны сезінеміз деген ойдамын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста