Оралмандарға квотаға ақша орнына баспана беру дұрыс болар ма еді?

Оралмандарға квотаға ақша орнына баспана беру дұрыс болар ма еді?

Елімізде әлі күнге дейін оралмандарды орналастырудың оңтайлы жолы қалыптаспай отыр. Оларды солтүстік облыстарға орналастыру арқылы сол аймақтарды қазақыландыру туралы жоспар да жүзеге асар еді. Осы орайда кейбір мамандар оралмандарға квотаға ақша орнына солтүстік облыстардан баспана беру арқылы олардың сол жерлерге тұрақтанып қалуына ықпал етуге және сол өлкені қазақыландыру мәселесін оңтайлы шешуге болады дейді. Квотаны баспана түрінде беруге негіз болып отырған тағы бір нәрсе – кейбір оралмандардың солтүстік облыстардан квота алған соң оңтүстік аймақтарға, тіпті келген еліне қайтып кетуі болып отыр. «Оралмандарға квотаға ақша орнына баспана беруге қалай қарайсыз?» деп, мамандарды сөзге тартып көрген едік...

Жәди ШӘКЕНҰЛЫ, жазушы
Иә

– Бұл ұсынысты қолдаймын. Өйткені оралмандарға квотаға ақша орнына баспана берудің тиімді тұстары өте көп. Бүгінде кво­таның көлемі – оралман отбасы­ның адам басына шаққанда 1000 АҚШ доллары көлемінде. Яғни бір отбасы ары кетсе 10 000 АҚШ дол­лары көлемінде квота алуы мүмкін. Ал мұндай көлемдегі ақшаға қала­дан баспана сатып алудың мүм­кіндігі жоқ. Яғни қаланың айна­ла­сындағы үйлер оралманның қалта­сындағы квотасының ақшасына сай емес. Сондықтан оралман кво­тасына тіпті үй де ала алмауы мүм­кін. 
Осы орайда оралманға Үкімет та­рапынан квотаға ақша орнына егін егуге, шаруашылыққа қолайлы, қалаға жақын жатқан аудандардан баспана берсе, өте дұрыс болар еді.
Рас, мұндай жолмен оралмандардың солтүстік облысқа қоныстануына да мүмкіндік туғыза аламыз. Ең бастысы, басында баспанасы, өмір сүруге қолайлы, еңбек етуге ыңғайлы тұрмыс жағдайын жасап, оларды солтүстікке көбірек шо­ғыр­ландыратын болсақ, олар сол өңірді қа­зақыландырып шығара алар еді. Өйткені оралмандардың бойында қазақы қасиет мол. Тіпті кейбір жағдайларда квотаны ақшалай алып, керек-жарағына жұмсап қойып, баспанасыз қалып жатқан орал­мандарымыз да баршылық. Егер квотаны баспана түрінде беретін болсақ, мұндай келеңсіздіктердің алдын алуға болар еді.
Сондай-ақ оралмандарды баспана­мен қамтамасыз ете отырып, олардың сол өңірге тезірек бейімделуін де қарас­тырған жөн. Өйткені шеттен келген талай бесаспап мамандарымыздың мүмкінші­лігін пайда­лана алмай отырмыз. Оралман қалай кел­ді, қалай орналасты, квота ала алды ма, қа­лай бейімделіп жатыр деген мәсе­лелер­дің бақылаусыз қалуының салдарынан орал­ман турасындағы көп­теген проблема күр­меуі күрделі күйінде қалып отыр. Тіп­ті оралмандарға арнайы үйлер салу ар­­қылы оларды бір ауданға көптеп қоныс­тан­дыруға мүмкіндік туады. Сондықтан бас­панамен қамтамасыз ете отырып, олар­дың одан ары тезірек бе­йімделіп, елі­не сіңісіп кетуі үшін жергілікті билік өкіл­дері жұмыс істесе, дұрыс болар еді.

Алдан СМАЙЫЛ, Мәжіліс депутаты
Жоқ

– Жоқ, оралмандарға квотаға ақ­ша орнына баспана беру тиімді деп айта алмаймын. Оралманды баспанаға байлап қою арқылы таң­дау мүмкіндігінен айырамыз. Бұл­ дұрыс емес. Біз оралмандардың есе­бінен солтүстікті қазақылан­ды­рып, екі жеп биге шығуды ойламас бұрын оларды елімізге бейімдеп алып қалу жағын ойластыруымыз ке­рек. Өйткені елімізді жерсінбей ке­тіп жатқан оралмандар да бар­шы­лық. Мәселен, оралман бір ауыз орысша білмейді. Оларды ке­ле сала солтүстік облыстан баспана беріп, қоныстандырып қоятын бол­сақ, кілең орыстың арасына сіңісе алмауы да мүмкін.
Өйткені бір ауыз орыс тілін білмейтін оралманға күнделікті орыс тіліне қатысты қиындықтармен күніге бетпе-бет келу оңай емес. Мұндай жағдайда олар елімізді жерсінбей, қайтадан кері қарай қайтуға тырысуы мүмкін. Тіпті үйін сатып, еліміздің басқа облысына ауысуға тырысуы ықтимал. Ал мұндай жағдайда квотаға алған үйін сата алмайды.
Ал оралмандарды келе сала осындай қиындықтарға ұрындыру дұрыс па?! Сондықтан өз басым оралмандарға кво­таның баспана түрінде берілуіне қар­сы­мын. Біз, ең алдымен, елімізге кел­ген орал­манды үйреністіріп, жерсін­діріп, еліміздің қай бұрышына болсын бейім­деп алып қалуға тырысуымыз қажет. Егер оралманға квотаны ақша түрінде бе­ретін болсақ, ол өзінің аз-маз қаржы­сын қосып, қалаған жерінен баспана са­тып алады. Тіпті квотадан ауысқан ақша­сына нан та­буға жарайтын жекеменшік тірлігін түзеп алуына болар еді. Ең бастысы, қалаған жеріне орналасып, қалаған тірлігімен айналысып, тезірек өз еліне бейімделуіне мүмкіндік туғызар едік.
Осы орайда айта кетер жайт – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы секілді жеке бір ауылды оралмандар ауылына айналдырып, оларды бір жерге шоғырландыру керек. Сонда олар өзара араласып, бір-біріне көмектесіп, тез бейімделіп кетер еді. Мен білетін Мұнайлы ауданында оралмандар ауылы жақсы қалыптасқан. Сондықтан квотаны баспана түрінде бергеннен гөрі ақшалай беріп, оралманды өз таңдау мүмкіндігінен айырмауымыз қажет дер едім.

Бейтарап пікір
Дәулетбек Байтұрсынұлы,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын:
– Ең алғаш оралмандарымыз келе бастағанда квота баспана түрінде болған. Кейін квотаны ақшалай беру үрдісі қалыптасты. Ал бүгінгі күні мамандар қайтадан квотаға ақша орнына баспана беру тиімді екенін айтуда. Негізі, екі ұсыныстың да артық-кем тұстары бар. Мәселен, баспананы сатып алу кезінде баспана сатып алып беруші мен тапсырыс берушінің арасында қитұрқы әрекеттер болып, оралмандардың үйіне бөлінген ақша біреулердің «қалтасына түсіп» кетуі мүмкін. Сонымен, жағдай күрделене түседі. Сондықтан бұрыннан келе жатқан жүйе бойынша квотаны ақшалай берген дұрыс. Алайда оралмандарға бүгінгі күні беріп отырған қаржымыз басына тартса – аяғына, аяғына тартса – басына жетпейтін мөлшерде. Сондықтан баспана салуға мемлекет тарапынан мол ақша жұмсамай-ақ немесе адам басына шаққандағы болмашы ақшамен алдамай-ақ квота ретінде берілетін ақшаның көлемін арттырсақ, өте дұрыс шешім болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста