Оқу орындарында намазхана ашу білім сапасына кедергі келтіре ме?

Соңғы уақытта елімізде жастар имандылыққа жаппай бет бұрып жатыр. Бұл бізді қуантады, әрине. Бірақ кейде жастар білім алатын орындарында мұсылмандық парызын орындауға байланысты қайшылықтарға тап болып жатады. Намаз оқитын орындардың жоқтығы, ұстаздардың қарсылығы деген сияқты. Кейінгі кездері біздің редакциямызға да студенттердің атынан осындай мағынадағы шағым хаттар жиі түсетін болды. Бұл мәселеге ел сенімінен шығып жүрген азаматтарымыз не дейді екен, соны байқайық. Білім беру ошақтарында  намаз оқитын орындардың болуы білім алуға кедергі келтіруі мүмкін бе?

 

Рахман АЛШАНОВ, ЖОО қауымдастығының президенті:

Иә
– Өз басым білім ошақтарында намазханалардың болғанын қаламаймын. Неге? Қарапайым тілмен түсіндірейін, бізде мемлекет пен дін бір-бірінен бөлек тұрады. Оларға бір көзқараспен, ортақ түсінікпен қарауға болмайды. Бұл Қазақстанның Ата заңында жазылған. Осыны жастардың да мықтап түсінетін кезі жетті. Біз мұны өсіп келе жатқан ұрпақтың санасына мықтап құя беруіміз керек. Бұл тұрақтылығымыз бен қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету үшін қажет. Әрине, мен жастардың ислам құндылықтарын түсініп, оны терең білгенін қалаймын. Бірақ өкінішке орай, қазір көп жеткіншектеріміз жат пиғылды діндердің, арам ойлы ағымдардың жетегіне ілесіп кетіп барады. Бұл ненің салдары? Бұл жастарға рухани еркіндік бергеннің арқасында болып жатқан кемшіліктер. Тағы бір айта кеткім келгені, біздегі кейбір діннің соңынан ілескен жастар елімізді ислам республикасы ретінде көруді қалайтын сияқты. Көрінген жерде дінді уағыздап, адамдардың мазасын алады.

Мұндай пікірлерін олар кейде ашық байқатып жүр. Ал енді кейбір жоғары оқу орындар намаз оқитын, құлшылық жасап жүрген студенттерге жеңілдік жасағысы келеді. Мұндай үрдіс Қазақстанның оңтүстік қалаларында байқалады. Себебі онда діннің ықпалы мықты. Оқу ошақтары о баста азаматтарға білім беру мақсатында құрылды, сол мақсатты соңына дейін ұстанып алу керек. Білім алатын жерде басқа шаруамен айналысуға болмайды. Жастардың білім алатын уақытын құлшылыққа жұмсауы, намазханаларда өткізуі, біздің елге тән нәрсе емес. Жалпы мемлекет екі жағдайда ғана дінге басымдық береді, біріншіден, егер елдің идеологиялық жағы төмен болса, екіншіден, халықтың тұрмысы нашар болған жағдайда. Міне, осы екі кемшілік орын алғанда, елдің басына қара бұлт үйіріледі дей беріңіз. Мұндай елге теріс пиғылды діни ұйымдардың үйірсек келетін әдеті. Өздеріңіз жақсы білесіздер, діни секталар негізінен, жастарды құрбандыққа алады. Себебі біріншіден, оларды секташылар түрлі жолдармен алдап-арбайды, екіншіден, жастардың, әсіресе, ауылдан келген қыз-бозбаланың қасында әй дейтін ажа, қой дейтін қожа жоқ. Егер біз оқу ордаларынан намаз оқитын орындар ашып қоятын болсақ, осындай арам пиғылдағы сектаның құрбандары онда келіп өздерінің идеяларын емін-еркін насихаттайды. Ал намазхананы күндіз-түні күзетіп отыра алмаймыз. Мен кейде түсінбеймін, діни негізді қалайтын адамдар неге діни оқу орындарына бармайды. Сонда бәрі тыныш болар еді.

Қанат Мұсағұлов, «Ақ орда» республикалық қозғалысының төраға орынбасары:

 Жоқ
–Менің ойымша, керісінше білім беру ошақтарында намаз оқитын орындарды көбірек ашу керек. Себебі намаз арқылы адам тазалыққа, жақсылыққа, адалдыққа үйренеді. Намазханалардан қорқып, ат-тонды ала қашудың еш қажеті жоқ. Біз Ислам жолын шынайы түсініп, Алла алдындағы парызымызды орындауымыз шарт. Жақында бір жолдастарым Еуропа елдерінің бірі Шотландияға барып қайтты. Олардың айтуынша, бұл мемлекетте ислам жолын ұстанушыларға барлық жағдай жасалып жатыр екен. Тіпті мені қуантқаны, кейбір жоғары оқу орындарында намаз оқитын арнайы бөлмелер бар көрінеді. Оған кез келген азаматтың кіріп-шығуына еркі бар. Ешкім сені «неге намаз оқып жүрсің» немесе «жат пиғылды адамсың» деп сөкпейді. Ұстаздар да студенттердің намаз оқығанына қарсы емес. Тек мұсылман әлемі, Еуропа елдері ғана емес жақын көршілеріміз мәселен, Өзбекстанда да жастар жаппай дінге бет бұрған. Соның арқасында бұл елде арақ ішу, кісі тонау, қылмыс жасау сынды теріс қылықтар аз орын алады.

Бізде жиі кездесетін түсік жасату, ажырасу, баланы Жетімдер үйіне, қарттарды қарттар үйіне өткізу сияқты жантүршігерлік оқиғалар да сирек кездеседі. Жастарға, халыққа еркіндік беру арқылы біз неге жеттік? Біз қарт сақалын, ару қыз арын, ер жігіт намысын сатқан тірлікке бөгелдік. Енді халықтың намаз оқуына еркіндік беруіміз қажет. Сонда ғана біз қоғамды дұрыс жолға тәрбиелей аламыз. Өткенде баспасөз құралдары арқылы мынандай мәліметтер оқып қалдым, Қазақстан арақ ішу жағынан және түрмеде отырғандар саны бойынша Орталық Азияда көш бастап келеді екен. Қалай ғана ойланбайсың? Намаз бен ілім қатар тұратын ұғымдар. Егер біз намаз арқылы бойды тазаласақ, білім арқылы ойды тазалаймыз. Тазалық арқылы да біз білімге жетеміз. Ислам діні білімді болуға насихаттайды. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың өзі білімнің адам үшін өте қажет екенін айтып, адамзатты ілім жинауға шақырған. Сондықтан да білім ала жүріп, намаз оқығанның ешқандай кемшілігі жоқ, қайта үлкен пайдасы бар дер едім. Бізде Ислам туралы, намаз жайлы айтқан адамға күдікпен қарап, сезікпен жақындайтын әдет қалыптасып қалған. Аллаға шүкір, қазір мұндай түсініктің құрсауы бұзылып, көбісі сөгіліп келеді. Себебі намазға жығылған жастардың қатары артуда. Жоғары оқу ордаларында намаз оқитын орындардың болмауы мені көптен алаңдатып жүрген мәселенің бірі еді. Бұл сұрақтың алдымнан шыққанына қуаныштымын. Айтайын дегенім, мекемелерде намаз оқу үшін көп орынның қажеті жоқ. Онда бес-алты адам сиятын орын болса болғаны. Сонымен қатар оның ішін таза ұстау керек. Міне, осындай орында ешкім өзінің жат пиғылын да, арам ойын да насихаттай алмайды. Осы жақын оқу мекемелерінің басшылары ойлана жүрсе екен дегім келеді.

Бейтарап пікір
Қансейіт Әбдезұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің деканы:
–Менің ойымша, бізде намаз оқитын студенттер әлі де аз. Олардың санын арттыруымыз керек. Мен студенттердің намаз оқығанын қалаймын, оларға барынша жағдай жасауға тырысамын. Себебі біріншіден, намаз Исламның бес парызының бірі, екіншіден, өзім ұстаз болғаннан кейін көп байқаймын, бізде намаз оқитын студенттердің үлгерімі басқаларға қарағанда өте жақсы. Олардың барлығы оқу озаттары. Ал енді біз неге осы оқу озаттарына қажетті жағдай жасамаймыз? Тағы бір байқағаным, намаз оқитын жастар қылмыс, ұрыс-төбелестен аулақ жүреді, ешкімнің ала жібін аттамайды. Өз басым оқу ошақтарында намазханалардың болғанына қарсы емеспін. Жастарға, әсіресе, қасиетті ораза кезінде қолдау көрсетуіміз қажет. Бұл айда жатақханалардан бір бөлмені арнайы намазға бөлген жөн деп санаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста