НАТО сияқты исламдық әскери-саяси ұйым құру туралы ұсыныстар негізді ме?

НАТО сияқты исламдық әскери-саяси ұйым құру туралы ұсыныстар негізді ме?

Жуырда Түркияның «Сағадат» партиясының жетекшісі Мұстафа Камалак мұсылмандарға арналған әскери-саяси одақ құру қажеттілігі жөнінде мәлімдеме жасады. Бұл жөнінде hurriyet.com сайты ақпарат таратты. Мұстафа Камалак НАТО іспеттес мұндай ұйым құрыла қалса, Таяу Шығыстағы секілді түрлі қақтығыстарды ретке келтіруге болатынын айтады... Бұл қаншалықты өміршең пікір екенін білмек болып, мамандарға «НАТО сияқты исламдық әскери-саяси ұйым құру туралы ұсыныстар негізді ме?» деген сауал жолдаған едік. Олардың ойы екіге жарылды.


Ахмет Аляз, «Қазақстан ZAMAN» газетінің бас директоры:
иә
– НАТО сияқты исламдық әскери-саяси ұйым құру туралы пікірді қолдауға болады. Егер де мұндай саяси ұйым құрылып, оған бүкіл Шығыс елдері мен ислам мемлекеттері бірігетін болса, НАТО сияқты оның әскері де ислам әлемінде ғана емес, жер бетіндегі кез келген қақтығыс болып жатқан аймаққа жіберіліп отырса, алпауыт елдер Шығыс елдерімен санасар еді. Бұл – бір. Екіншіден, мұндай жағдайда, мұсылман елдері өзара мәселелерін өздері шешуге жол ашылады. Үшіншіден, жерасты байлығы өте бай ислам әлемінің арасындағы экономикалық, мәдени байланыстар күшейіп, ғаламдық саясаттағы өз ықпалын арттырады. Төртіншіден, мұндай ұйым ислам мемлекеттері арасындағы қарама-қайшылықтарды азайтып, бір-біріне деген көзқарасты түзейді. Дәл қазір ислам дінін қатал ұстайтын елдер зайырлы елдерді мұсылман елі деп есептемейді.
Яғни саяси ұйым құрыла қалса, осындай ұсақ мәселелерден бастап, ғаламдық дең­гейдегі кез келген мәселені ортақ қарас­ты­рып, ортақ шешуге болады деген сөз. Де­сек те, НАТО сияқты исламдық әскери-сая­си ұйым құру оңай іс емес екенін мо­йын­дағанымыз жөн. Мысалы, ислам әлемі тура осындай қадамға барса, христиан, будда дініндегілер қарап қала ма? Еврей­лер де қол қусырып отырмасы белгілі. Олар да осы тектес одақтар құруы әбден мүмкін. Бұл қадам өз кезегінде әлемдік қырғи-қабақ соғыстың тұтанып кетуіне се­беп болмасына кім кепіл? Осындай жайт­тарға қарай отырып, әскери одақ құрмас­тан бұрын, БҰҰ-ның құрылымын қайта қа­раған жөн секілді. Өйткені БҰҰ-ның не­гіз­гі бес мүшесі болып саналатын алпауыт бес мемлекеттің (Қытай елі шығыста ор­на­ласқанымен, исламнан алшақ) бірде-бі­рі­нің ислам мемлекетімен қатысы жоқ. Сон­дықтан да әлемдегі бар мемлекеттің тағ­дыры айналдырған бес алпауыт елдің қо­лында тұр. БҰҰ-да әр елдің, әр діннің өкіл­дері топтасып, кез келген оқиға айнала­сын­да ортақ шешім қабылдауға ықпал ете алатындай болса, «исламдық НАТО құра­лық» деген секілді бастамалар айтылмас еді деп ойлаймын. БҰҰ-дағы армияның жа­сақталуын да қайта сүзгіден өткізген дұрыс. БҰҰ-ға мүше 200-ден астам мем­лекеттің бәрінің жасағы сол ұйымның әс­керінің сапында тұруы қажет. Геосаясатта осындай өзгерістер жасалса, қазір шеші­мін таппай жатқан мәселелердің біразы­ның тігісі жазылар еді. БҰҰ мұндай істерді жолға қоя алмаса, мұсылман әлемін бірік­тіретін ұйымның қажеттілігі арта түсері сөзсіз. Бірақ осы орайда тағы бір проблема туындайды. Мұсылман әлемі сунниттер мен шииттер болып, екіге бөлінеді. Сирия­дағы оқиғаларды Сауд Арабиясы мен Түр­кия қолдаса, басқа бірқатар елдер қарсы болып жатыр. Мысырдың мыса­лын­да Түр­кия Мурсиді жақтаса, Сауд Арабиясы мен Катар сияқты елдер оған қарсы. Ос­ын­дай шиеленісті көзқарастарды бір ар­наға тоғыстыратын жүйені жасау өте қиын. Бұл жүйе құрыла қалса, ислам ірі күшке айналып, Батыстың қитұрқы саяси ойын­дарына шек қоя алар еді. Сол үшін Батыс мұндай ұйымның құрылуына ешқашан да жол бермейді. Өйткені Батыс осыған дейін ислам елдері арасындағы экономикалық байланысты орнатпаудың, саяси бірік­пеу­дің, діни тұрғыда ықпалдаспаудың барлық жолдарын жасап қойған. Бұл жүйені бұзу сіз бен біз ойлағандай жеңіл шаруа емес.


Еркін Масанов, философия ғылымының докторы (PhD):
жоқ
– Жалпы, НАТО сияқты исламдық әскери-саяси ұйым құру туралы пікірмен келіспеймін. Өйткені Шығыс әлемінің саясаты мен Батыстың ұстанымын салыстырмалы түрде қарауға келмейді. Ислам елдерінің тарихи санасының қалыптасуының өзі бейбітшілікке негізделген. Сол себепті де, біріншіден, бейбітшілікті ұмытуға болмайды. Екіншіден, НАТО секілді исламдық әскери ұйым құрылса, ол әлемдегі саяси қақтығыстардың сал­дарынан құрылған түрлі ұйымдардың тікелей көшірмесі болып шығады. Үшіншіден, ондай көшірме ешқашан да өзін-өзі ақтамайтынын, бұл біздің менталитетке жарамайтынын түсінгеніміз жөн. Батыстың даму тарихына көз жіберіңізші, әлеуметтік даму кезеңдері қантөгістерге толы. Олардың қоғамы, негі­зі­нен, қан төгумен, көптеген азаматтардың қайғы-қасіретімен қалыптасқан.
Ал Шығыс елдері қоғамының іргетасы әлеуметтік һәм рухани құндылықтар негі­зінде қаланған. Мұның ішінде өзіміздің қазақы психологияны алалық. Мысалы, ата-бабаларымыз: «Жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз» дейді. Мұндай қанатты сөздердің аста­ры­на үңілсеңіз, ұлтымыздың найзаның ұшы­на үкі тағудан-ақ бірлікті, ынтымақты, бей­бітшілікті қалағанын, қалайтынын аң­ға­руға болады. Кез келген саяси шиеле­ніс­кен мәселені шешудің екі жолы бар. Бірі – агрессия, екіншісі – бейбітшілік жолы. Осы­ған дейінгі ислам елдерінің тарихына үңілсеңіз де олардың осы екінші жолды таң­дағанын көресіз. Жалпы, әрбір елдің өзінің ішкі потенциалы болады. Сол потен­циалды әр ел жоғарыда айтқан (агрессия мен бейбітшілік) екі жолмен пайдаланады. Мәселен, Аргентина секілді кейбір елдер­де әскер, әскери институт жоқ. Жапония Ек­інші дүниежүзілік соғыстан кейін әскери агрессиядан басын аулақ алып қашып, бейбіт дамудың жолын тапты. Жапон елі әскери агрессияға негізделген саясатқа жол бермейді. Олар адамдардың әлеуетін интеллектуалды капиталға негіздеді. Та­би­ғи ресурстарды игеру үшін бар күшін ғы­лымға бағыттады. Бүгінде бұл қадамның сәтті болғанын біз ғана емес, әлем мо­йын­дап отыр. Егер де қазір айтылып жатқандай ұйым құрылатын болса, Батыстың, Еуро­паның үлгісіндегі жаулауды, басып алуды көздейтін ұйым болмауы керек. Керісінше, халықаралық ғылыми институт негізінде жұмыс жасап, Таяу Шығыстағы мәселе­лерді бейбіт жолмен қалай шешуге бола­тынын қарастырғаны жөн.
                                      Абай ОМАРОВ (коллаж)

Түйін
Дәл қазір мұсылман елдерінің жалпы геосаясаттағы жағдайы мәз емес. Тіпті кей проблемаларда ислам мемлекеттерінің серкесі саналатын Сауд Арабиясы мен Түркияның өзі бір жеңнен қол шығара алмай қалатыны бар. Мұндай тұста әскери одақты былай қойып, рухани байланыс орнатудың өзі атанға жүк артқанмен бірдей болатыны белгілі. Сол себепті «алтауы ала болып, ауыздағысынан айырылып» отырған Шығыс жұрты, «төртеуін түгендеп, төбедегісін келтіріп» алғаны жөн секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста