«Нәрестеге төленетін жәрдемақыны анасы жұмысқа шыққанда да тоқтатпау керек» деген ұсыныспен келісесіз бе?

«Нәрестеге төленетін жәрдемақыны анасы жұмысқа шыққанда да тоқтатпау керек» деген ұсыныспен келісесіз бе?

Биыл елімізде тұңғыш рет Отбасы күні тойланды. Осы атаулы күнде ұйымдастырылған биліктегі бірнеше басқосуда ана мен бала мәселесі де қозғалған болатын. Сол жиындардың бірінде қызметке, билікке қызу араласып кеткен бүгінгінің жұмысбасты әйелдері үшін отбасын құру мүмкіндігін берер жолдар да қарастырылды. Сенат депутаты Светлана Жалмағамбетованың айтуынша, декреттік демалыстағы әйелдерге жалақысының 40 пайызынан бөлек, қосымша жәрдемақы төленуі тиіс. Зейнетақы аударымдарының да толық сақталғаны жөн. «Жұмыс істейтін әйелдер бір жыл үйде отырғанда олар қоғамнан шығып қалады. Сондықтан оның зейнетақысына аударым түсуі керек. Бірақ оның жалақысынан 40 емес, 100 пайыз. Оны Елбасы да түсінді, ұсынды», – деді С.Жалмағамбетова. Ал әйелдер қауымы «аналарға жағдай жасау отбасының беріктігін нығайтумен тең» дегенді алға тартады. Осы тұста «Нәрестеге төленетін жәрдемақыны анасы жұмысқа шыққанда да тоқтатпау керек пе?» деген сауалды мамандардың қызу талқысына салып көруді жөн санадық.


Серік БЕЙСЕМБАЕВ, «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығының әлеуметтанушысы:
иә
– Өз басым баласын өмірге әкел­ген ана нәрестесі бір жасқа тол­мастан жұмысқа шыққан жағ­дай­да әлеуметтік төлемақыны тө­леу­ді тоқтатуды жөн санамаймын. Әрине, нәрестеге төленетін жәр­дем­ақыны анасы жұмысқа шық­қан­да да тоқтатпау керек. Себебі біз­дің елде нәрестенің күтімі үшін тө­ленетін жәрдемақы тым аз. Қа­зір­гі таңда ең жоғары деген жәр­дем­ақының көлемі 40 мың теңге­ден аспайды. Оның өзін тек жоғары жа­лақыға жұмыс істеген аналар ғана алады. Ал кейбір уәкілетті орган­дардың мамандары жұмысы бар әйелдерге жәрдемақы төлеуді мемлекеттің қаржысын ысырап ету деп түсінеді.
Қазақстанның экономикасы және жал­пы әлеуметтік жағдайы ана мен балаға жұ­мыс­сыз әйелдерге төленетін жәр­дем­ақы­мен қоса, жалақы төлейтіндей қабілеті бар. Көп жағдайда біздің елдегі әлеуметтік ба­ғыттағы заңнамаларды көршілес ел­дер­мен, әсіресе Ресеймен салыстыруға ше­бер­­міз. Бірақ олардың ана мен балаға жа­сап отырған жағдайы өте жоғары дең­­гейде. Тіпті біздің елдегі төленетін жәр­дем­­ақының мөлшерін олардыкімен са­лыс­тыру орынсыз. Айырмашылығы жер мен көктей. Осыдан жеті-сегіз жыл бұрын бұл мә­селе қаралып, аздап өзгертулер ен­гі­зіл­ген болатын. Жәрдемақы мәселесі оңтай­лан­­дырылып, нәрестеге төленетін әлеу­мет­тік жәрдемақылардың көлемі де бір­­шама көтерілді. Бірақ сол 2005-2006 жыл­дардан кейін бұл проблема зерттеліп, то­лықтырылып, алға басқан емес, сол кү­йінде, бір орында қалды. Біз қалайша бұл жәрдемақы нәрестеге төленеді деп анасын жұмыссыз қалдырамыз? Егер жәр­дем­ақының көлемі жалақының көлеміндей бол­са бір сәрі. Кейбір отбасылардың асы­рау­шысы – әйел адам. Егер бұл жердегі мә­селе баланың денсаулығы мен тәр­бие­сінде болса, оған мемлекет қажетті жағ­дай­дың барлығын жасасын. Нәресте бір жас­қа толмастан жұмысқа шыққан ана­лар­ға пайдақор немесе ақшаға құнығу­шы­лық деп қарамауымыз қажет. Егер әлеу­меттік жағдайы мүмкіндік берсе кез кел­ген ана баласының күтімімен бір жыл үйінде айналысар еді деп ойлаймын. Егер бұл мәселе шын мәнінде мемлекеттік дең­гейде қозғалып, шешімін табар болса, бұл тек ана мен бала денсаулығына ғана емес, елі­міздің демографиялық өсіміне де оң ықпалын тигізеріне сенімдімін.


Гүлсара АЛТЫНБЕКОВА, Алматы қалалық бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті директорының орынбасары:
жоқ
– ҚР заңнамалық актілеріне және биыл енгізілген өзгерістерге сәйкес, бала бір жасқа толғанша оның анасы жұмыс істемесе рес­публикалық бюджеттен, ал жұмыс істесе жұмыс орнынан жәрдемақы төленетіні көрсетілген. Ал әлеумет­тік сақтандыру қорынан, яғни мем­лекеттен төленетін жәрдемақыны алу үшін аналарымыздың қолында бір жылға дейін декреттік дема­лыста екені, демек, жұмыссыз екені жөнінде құжаты болуы мін­детті. Төлемдер тек сол құжаттардың негізінде ғана жүргізіледі. Ал егер аза­матша жеке кәсіпкерлікпен ай­на­лысса, ол кәсібін бір жылға дейін тоқтатуы керек.
Оны дәлелдейтін құжаттамалардың қатарында салық органдарынан берілетін растама құжаттар бар. Үкімет мұндай сая­сатты қандай оймен жүргізіп отыр? Әрине, ана баласына бір жыл көлемінде күтім көр­сетіп, денсаулығы мықты перзентті адам қатарына қоссын деген мақсатта. Егер әйел адам нәрестесі бір жасқа тол­мас­тан жұмысқа шығып кетер болса, оған әлеу­меттік аударымдар, мысалы зей­нет­ақы аударымы, аударылады және ма­ман­дар мұндай аударымдарды байқаған сәтте жәр­демақы төлеуді тоқтатады, бұл заңға сәй­кес әрекет. Біз бір нәрсені дұрыс тү­сі­нуіміз керек, ол – жәрдемақының қандай мақ­сатта төленетіні. Үкімет жәрдемақыны анаға емес, нәрестеге төлеп отыр және заң та­лаптарына сәйкес, бұл төлемақыны ала­тын ана жұмыссыз болуы тиіс. Демек, үй­де, нәрестесінің жанында болуға міндетті. Егер нәрестеге төленетін жәрдемақыны ана­сы жұмысқа шыққанда да төлейтін бол­сақ, әйелдердің тең жартысынан көбі нә­рестесін бір жасқа дейін үйінде бақ­пас­тан, қазақта сөз бар ғой, «уызға жарытпай» жұ­мысына шыға беретін болса, мына бүгінгі денсаулығы әлсіз жастарды қайдан шықты деп сұрамайтын да шығармыз. Әрине, әр ананың құқығы өзінде. Егер ба­ла­сын дүниеге әкелген ана бірден бар жағ­дайын таразыға салып өлшеп, қарап, өз шешімін жұмысқа шығумен қабылдаса өз еркі. Бірақ таразының бір басында ба­ла­ның денсаулығы, екінші басында табыс табу мен жеке басының жоспарлары тағы да басқалар тұрады. Қайсысын таңдайды, оған ешкім тыйым салып, шектеу қоя ал­май­ды.
                                              Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Анна ҚҰДИЯРОВА, Қазақстан Ұлттық психоанализ қауымдастығының президенті:
– Нәрестеге төленетін жәрдемақы анасы жұмысқа шыққанда да төленсе ананың психикасы ақшаға ауып, баланың денсаулығы жайлы мүлдем ұмытылады деу әйел затына деген сенімнің толықтай жойылғандығын көрсетеді. Біз еліміздің демографиясын өсіреміз, ана мен бала денсаулығын жақсартамыз десек, ең алдымен әйелдердің жағдайын жасауымыз керек. Еліміздің экономикасы мықты, байлығы шексіз. Үкімет ана мен баланың денсаулығына қатысты проблеманың шешіміне келгенде еш аянып қалмауы тиіс. Жақсы ана жақсы ана болып, жаман ана жаман ана болып қала береді. Ал жақсы ананы ақшаға сатып ала алмаймыз!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста