Мұсылманша неке қию үшін мешіт қызметкерлері АХАЖ куәлігін талап етуі керек пе?

Мұсылманша неке қию үшін мешіт қызметкерлері АХАЖ куәлігін талап етуі керек пе?

Отбасын құру бүгінде біздің қоғамымызда түрлі сипатта орын алатын болып жүр. Заңды тұрғыда тіркеуден өту өз алдына, сонымен қатар Алла алдында некесін қидырып, басқа ешқандай да құжаттық рәсімдеусіз өмір сүріп жатқандар да бар. Бірақ осы ретте талай тағдырлардың тамырына балта шабылатын келеңсіз жағдайлар да болып жүр. Мысалы, діни ағымдардың жетегінде некеге тұрып, көп ұзамай талақ етіліп жатқан қыздар мен соған жол берген жігіттерден бүгінде аяқ алып жүргісіз. Мұның соңы «олар неге АХАЖ-дан өтпейді, бұған кім жол беріп отыр, мешіттер неге заңды куәлікті талап етпейді?» деген дауға ұласып жатқан жайы бар. Ендеше мұсылманша неке қию үшін алдымен АХАЖ куәлігін талап ету керек пе дегенді сарапқа салып көрсек.


Оңғар қажы Өмірбек, ҚМДБ баспасөз хатшысы:
иә
– Әрине, керек. Өте орынды және өзекті мәселе. Себебі дәл бүгін осы мәселе қолға алынып, біз мешітке некесін қидыруға кел­ген азаматтардан алдымен АХАЖ-да тіркелген құжаттарын талап етіп жатырмыз. Әу баста бұл жайт қатаң ескеріле қойған жоқ, бірақ көптеген келеңсіз жағдайлар орын алып кеткенге ұқсайды. Бізде түрлі теріс ағымдар бар. Солар өздері пәтуа шығарып, өздері алқа-қотан оты­рып алып, көптеген қыз-жігіт­тер­дің некесін қия беретін жағ­дайға жеткен. Олар діни бас­қар­маға бағынбайды да, мешіт имам­дарын мойындамайды да. Біз қанша ауыздықтауға тырыс­қа­ны­мызбен, сондай ағымның іс-әре­кеттері әлі де жалғасып жатқанға ұқсайды. 
Мен тіпті мынадай жағдайды естіп, жа­ғам­ды ұстадым. Еліміздегі бір оқу орнының сту­денттері әлгіндей теріс ағымның ық­па­лына ұшырап, ешқандай мешітке бармай-ақ, ешбір дін өкілінен кеңес сұрамай-ақ, он жігіт пен он қыз өзара некелерін қия салған. Содан кейін арада екі ай уақыт та өтпестен әйелдерін шетінен талақ ете бастаған. Талақ етіп, қызды босатып жібере салса, мей­лі ғой, жоқ, пенделікпен ешкімге қи­май­ды. Солайша, жолдасы әлгінің әйеліне үй­ле­неді, яғни талақты халал ету үшін бір к­ү­йеу­ге тиіп, сосын қайта оған үйленуі ке­рек деген шариғат заңын өз жағ­­дай­­­лары­на бұрмалап алған. Солайша, не керек, әлгі он еркек он әйелді кезек-кезек талақ етіп, бірінікіне бірі үйленіп, соншалықты дінді мас­қара етіп көрсететін арсыз іске барады. «Та­лақ деген – Алланың өзі рұқсат еткен ама­л», – дейді олар. Мен айтар едім, та­лақ  деген – себепті жағдайда ғана болмаса, үкім­і өте ауыр, Алланың ең жек көретін ісі. Ал, жалпы, әлгін­дей жауапкершіліксіз неке­ле­­суге сана­лы адамның дұрыс деп қа­ра­майтыны белгілі ғой, әрі-беріден соң бұл зина емес пе?! Тек соны өз­ге­лер­ге заңды етіп көрсету үшін не­ке­ле­­с­е­ді, ал ол неке Алланың алдында қа­­­был етіле ме, жоқ па – оны бір Алла бі­леді. Өзіңіз ойлап қараңыз, екі айда та­лақ етіп, ол әйел басқаға тиіп, со­сын ол талақ еткенде басқа біреуге шық­са, одан қандай бала туылуы мүм­кін? Кімнің баласы екенін тіпті әйел­дің өзі білмей қалмай ма? Мұны діннің атын жамылып жасал­ған сұмдық іс демей, не дейін ен­ді?! Мұны істеп отырған – уахаб­бизм­ді ұстанатын ағым, ашығын айтайын. Талай қыз­­ымызды жылатқан осын­­дай ағымнан жастар абай болса. Олар некенің Алла алдындағы, өз арының жә­не ұлты­ның алдындағы жа­уапкер­шілігін ойлауы керек­­ті­гін естен шығар­масын деп ай­тып отыр­мын. 
Екі жыл болды, біз АХАЖ құжатын талап етіп жатырмыз. Діни басқар­маға тір­ке­ліп, жұ­мыс іс­тейтін мешіттердің бар­лы­ғы­на осындай үкім ай­тыл­ған. Алайда мешіт неке қимайтын болған соң, әркім өз үйін­де немесе тағы басқа жерлерде жүзеге асы­рып жатыр. Оған біз жауап бере алмай­мыз және көбінен хабары­мыз да жоқ. Негізі, некені кәдімгідей діни сала­да жоғары білімі бар, білікті мамандар, имам, молдалар қиюы керек қой. Көрін­генге неке қидыру деген – сауатсыз адам­ның ісі. Неке туралы Пайғам­ба­рымыз (с.ғ.с.) неке қиған соң оны жария ету керек екендігін айтады. Аламан-асыр болмаса да, шамасы келгенше той өткізіп, көпшілікке ендігі жерде өздері­нің ерлі-зайыпты екендік­терін жария етуі тиіс. Ал тек өздері шешіп, өздері ғана біліп, сырт көзден жасыру деген ешбір неке заңы­на жатпайтын, былайша айтқанда, жыной­нақ­тың түрі ғой. Діннің атын жамылған зина деуге де болады. Ендеше, осындай ма­с­қаралыққа жол бермеу үшін АХАЖ құжа­тын талап ету деген – өте дұрыс қабыл­данған ше­шім. Ол – отбасының салмағын артты­ратын, мемлекеттің демографиялық ахуалында да ешбір мәселе тудырмау үшін қолға алынған шара. Егер ол заңды тіркелмесе, әлгіндей жасырын некелесу салдарынан өмірге қандай бала келіп, оның қандай тек алып жатқанын кім біледі?! Талақ етіп, тастап кеткен ер-азаматтың баласының болашақ тағдыры қалай өрбиді?


Мақсат Жақауов, саясаттанушы:
жоқ
– Қоғам, мемлекет тек қана қатып қалған ереже не догмамен өмір сүрсе, меніңше, ол елдің хал­қы бақытты бола қояды де­генге сену қиын. Ал мына сұрақ­қа кел­генде мен «АХАЖ-дың құ­жа­­тын­сыз неке қиюға тыйым салу керек» деп біржақты кесіп айтуға қарсы болар едім. Неге? Себебі бұл – өте бір тағ­дырлы мәселе. Көбіне жастардан бұрын, ор­та жастағы адамдардың тағдыры тұрғысынан қарасақ, түсініктілеу болатын се­кілді. Демография, яғни ұрпақ мәселесі немесе отба­сында жа­рымен арадағы өзара қиын­дықтар, денсаулыққа бай­ланысты түйткіл туындаған кезде адамдар екінші рет үйленуге бекінуі мүмкін.  
Ал біздің қоғамда екінші әйел алу дегенге заңды рұқсат жоқ, яғни осы ретте АХАЖ-дың тіркеуін қалай талап етуге болады? Жалпы, адамдардың тағдырын мемлекет шығарған шешіммен, құжат­пен ғана реттеу деген мүмкін емес, се­бебі ол – тағдыр, жеке бастың мә­с­е­лесі таразыға түсетін жағдай. Егер ­де адамның жеке өмірі мен жеке құ­қығын заңмен нақты белгілеп қоя­тын болсақ, көптеген қа­телік­ке бой алдыруымыз мүмкін. Бір­еу мұқтаждықпен некелесуі мүм­­кін, біреу дәулеті жеткендік­тен, отбасын кеңейтіп, береке­лі қы­ламын, ұрпағымды кө­бей­темін десе, оған «заң жоқ, үй­лен­бе» деп, ешқан­дай құқығы­на қол сұға ал­май­мыз. Қазір «халық аз» дей­міз, оның ішінде «қазақты көбейту ке­рек» дейміз. Ен­деше, жағдайы жететін жігіт­те­рімізге мүм­кін­дік берейік. Әри­не, мұнда АХАЖ бол­маса да, әр тараптың келі­сімі керек. Екінші­ден, ол ешқандай қо­ғамдық моральға кері әсе­рін тигізбеуі шарт. Мен­тали­­тетке қайшы бол­ма­­са, онда біз оған құ­қық­­­тық мүм­кіндіктер туғызуы­мыз керек. Біз қатып қалған заңмен ғана өмір сүре­тін Еуро­па халқы емеспіз. Тарихымызға үңілер бол­сақ, біз пат­риар­халдық жүйеден өткен халықпыз: ата-бабамыз адам­ның қолай­лы өмір сүруіне жағдай туғыз­ған «Жеті жарғы» секілді қазақы қо­ғам­ға толық сәйкес ережелер жасаған. Мә­се­лен, бізде әмеңгерлік деген бар. Оны кезін­де саясат та, әдебиет те бізге құбы­жық етіп көр­сетті. Оның барлығы – өзіндік әлеу­меттік функ­циясы бар дәстүрлер. Сон­дықтан ол салт сақ­талды, сон­дықтан біздің қай­мағымыз бұзыл­ған жоқ. Же­сі­ріміз  жалғыз, жетіміміз да­ла­да қалған жоқ. Бәрі де сол жүйемен өмір сүріп келді. Сон­дық­тан біз өз ұлты­мыз­дың құндылықтарын сақ­тауы­мыз керек. Құжаттау, рәсімдеу, әрине, қа­жет. Тәртіп үшін. Бірақ тағдыр­лы жағдайларға қайшы келетін тұстары бол­са, сыңаржақ ше­шім­мен шектеп қоюдың зия­ны болмаса, пай­дасы жоқ. Қайта сол ба­балар заңын, салтын қазір­гі өмірге, қазіргі уа­қыт­қа үйлестіре бі­луіміз керек. Отбасы шыр­қы бұзылмай, кері­сін­ше, өрісімізді кеңі­те­тін, сапалы өмірге бас­­тайтын кейбір неке­лер­ге біз шошына қа­ра­мауымыз керек. Мы­са­лы, әл­гіндей ұрпақ, ден­саулық жағынан кел­генде, егер АХАЖ құ­жаты дер болсақ, онда ке­рісінше, біршама от­ба­сының шырқы бұзылуы мүмкін. Құ­жат­тық тұрғыда дұрыс болуы үшін өз отба­сын бұзуы мүмкін дегендей. Нәтижесінде кім бақытты болады? Ешкім! Ажырасу, бала тағ­дыры деген содан шығады. Ал бір үй­ленген адам, бітті, сонымен бақытты болады де­генге ешкім де кепілдік бере алмайды. Өйткені ол – өмір.

Түйін
Біз саналы қоғамның азаматтарымыз. Алайда кей әрекеттерімізге қарасақ, оған қарама-қайшы нәтижелер туындап жатады. Өркениетті қоғамға ұмтыламыз, бірақ өзіміз бір нәрсені заңмен күштемейінше, жүзеге асырмаймыз. Тіпті заңда көрсетілгеннің өзін кейде белден басып жүре береміз. Бірақ жасымыз болсын, кәріміз болсын бір нәрсені,  яғни отбасы бүгін құрып, ертең құлата салатын құрастырма­лы ойыншық емес,  мемлекетті құрайтын тірек екенін ұмытпағаны­мыз жөн секілді. Сонда ғана біз біреудің жетегіне еріп, надандыққа берілмейтін және өзімізді заңмен күштемейтін жағдайға қол жеткізе алмақпыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста