«Мектептер мен балабақшалардағы тамақтандыруды тендерсіз жүзеге асыру керек» деген пікірмен келісесіз бе?

«Мектептер мен балабақшалардағы тамақтандыруды тендерсіз жүзеге асыру керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Балалардың науқасқа шалдығуының басты себептерінің бірі – нашар тамақтану. Сондықтан мектеп пен балабақшадағы балалардың сапалы тамақтануының маңызы зор. Әсіресе мектептерде оқушыларды бір мезгіл тегін тамақпен қамтамасыз ете бастағалы көптеген ата-ананың көңілі жайланғандай болған еді. Алайда сол күнделікті балаларға беріліп жүрген тамақ еліміздегі Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің бекіткен нор­ма­ти­в­іне қаншалықты сәйкес екендігі назардан тыс қалып отырғаны жасырын емес. Оған дәлел – кейбір өңірлердегі балаларымыздың өте төмен бағада тамақтандырылуы, тіпті кейбір өңірде тамақтандыруды мойнына алған кәсіпкерлердің оқу жылының аяғына жетпей балаларды «аш» қалдырып, тайып тұруы «балаларды тамақтандыруды тендерсіз жүзеге асыру» жайлы ұсыныс айтуға итермелеп отыр. Алайда «тендерсіз азық-түлікті мектеп басшылығына беріп қою да оның талан-таражға түсуіне мұрындық болады» деп, бұл ұсынысқа қарсы пікір айтушылар да баршылық. Сондықтан мәселеге қатысты мамандар пікірін тұрақты айдарымызда таразылап көрген едік.


Аягүл МИРАЗОВА, Алматы қаласындағы Ы.Алтын­сарин атындағы №159 гимназия­ның директоры, Қазақстанның Еңбек Ері:
иә
– Мен тендерге үзілді-ке­сіл­ді қарсы адаммын. Біздегі тен­дер өткізудің басты талабы бойынша  ең арзан қызмет түрін ұсынғандар жеңіске же­те­ді. Ал арзанның сорпасы та­ты­май­тыны қашан да белгілі. Әсіресе балаларды арзан азық-түлік өнімімен қамтамасыз ету өте қауіпті. Сондықтан бала­бақ­ша­лар мен мектептердегі бала­лар­ды тамақтандыруды тендер­сіз жүзеге асырудың жолдарын қарастыруымыз керек. Мәсе­лен, соңғы кездері мек­теп­тер­дегі балаларды тамақ­тан­ды­ру­ды орталықтандыру жайы көп сөз болуда. Кеңес Одағы кезінде мұндай жүйе бар болатын.  
Ол кездерде мектептерде үлкен тоң­а­зытқышта балаларды тамақтандыруға арналған азық-түлік қоры сақталатын. Әйтсе де ол азық-түліктер уақытына жетпей іріп-шіри бастайтын. Жақында теледидардан Германиядағы осындай жағдайды көрсетті. Орталықтандырылған азық-түлік қорында сақталған өнімдерді жеген балалар уланып қалған.  Демек, балаларды тамақтандыруды орталықтан­дырылған жүйеге көшірсек те, опық жеп қалуымыз мүмкін.
Айта кетер жайт, тендердің арқасында тұтас бір ауданның мектебіндегі балаларды тамақтандыруды бір кәсіпкер мойнына алған жайттар кездесуде. Ал ол бәрін бірдей уақтылы қамтамасыз етіп үлгере алмай жатыр. Сол сияқты тендер арқылы ең төменгі баға – 100 теңгемен балаларды тамақтандыруды ұтып алған кәсіпкерлер оқу жылының соңына қарай қаржысы жетпегендіктен, тастап қашып кетуде. Кейін кәсіпкер ұсталып, жазаға да тартылар. Бірақ сол уақытта мектепте аш жүрген балалардың мәселесіне сонда кім бас ауыртуы керек? Тіпті 100 теңгемен қалай сапалы тамақ­тануға болатынының өзі ақылға сыйымсыз. Мектеп  асханасын да тендерге салуға қарсымын. Балаларды тамақтандыруды мойнына алған кәсіпкерге та­мақ­тандырудың техно­ло­гиясын қаншалықты мең­гергендігі, қауіпсіздік тех­ноло­гиясын сақтауы да негізгі талаптар ретінде кіруі қажет. Мұның бәрі – тендердің қателігі мен шикі­лігінен орын алып отырған жайт­тар. Сондықтан тендерден басқа жолдарды қарастыруымыз керек.
Шыны керек, қазір мектеп басшысы­ның балаларға берілетін тамақтың қай жақтікі болуын да талап етуге құқығы жоқ. Мә­селен, біз мынау қытайдікі емес, өзіміздікі болсын деп талап қоя алмаймыз. Бұл да – тендердің талабы. Бәлкім, мем­лекет тарапынан балаларды тамақтан­дыруға бөлінген қаржыны тікелей мектеп, бала­бақша басшылығына беру керек шығар. Балаларды қаншалықты сапалы тағаммен тамақтандырып отырғанына да сол басшылар жауап берсе, бәлкім, жөнсіз­діктер тыйылуы мүмкін деп ойлай­мын.


Ғарифолла ЕСІМ, Сенат депутаты:
жоқ
– Жоқ, менің ойымша, тен­дер – жаман жүйе емес. Тек соны өзіміз дұрыс жұмыс істете алмай отыр­мыз. Тендер өткізуде кете­тін қате­ліктерді біз, депутаттар, талай рет айттық. Сондықтан тендердің тала­бын өзгерту керек секілді. Мәселен, ең ар­зан қызмет түрін ұсынғандар емес, ең сапалы қыз­мет түрін ұсын­ғандар тендерде жеңіске жететіндей мүмкіндік ту­ғы­зу керек. Мәселен, тамақ­тан­дыру үшін тендер өткізуде арзан қыз­мет түрін ұсыну дегеніміз сапа­сыз азық-түлікті ұсыну екені айт­паса да түсінікті. Ал мек­теп­тер мен балабақшалардағы ба­ла­ларды са­пасыз тамақтандыратын болсақ, бола­шағымыздың қандай бола­тынын елестету қиын.  
Арзан тағамды балаларға жегізу – қылмыс. Сондықтан балаларды тамақ­тандыруға тендер өткізу кезінде біз, ең алдымен, оның арзанына емес, сапа­сына мән беруіміз керек. Сондай-ақ балабақшалар мен мектептердегі балаларды тамақтандыруға қа­тыс­ты жүргізілетін тендер өте үлкен бақылауда болуы қажет. Өйткені бала – болашағымыз. Ал болашағымыз жарқын болсын десек, балалардың денсаулығына қатысты тамақтандыру мәселесі басты назарда болуы қажет. Өйткені балалар­дың ішкен-жегені олардың ден­саулығына тікелей әсер етеді.
Қайткен күнде алдағы уақытта не тендер өткізудің тәртібін өзгерту керек, не балабақша мен мектептердегі бала­ларды тамақтандырудың басқа бір жүйесін ойлап табу керек. Алайда өз басым тендерге баламалы жүйені көрмей тұр­мын. Сондықтан тендерді қатаң бақылауда ұстаудан басқа амал жоқ секілді. Бірақ балаларымызды ең арзан азық-түлікпен тамақтандырамыз деген ұстанымымызды өзгертуіміз керек. Тен­дердің бір ерекшелігі: бәсекелестік ту­дырады. Әйтсе де ол бәсекелестік тамақ­тың арзандығымен емес, сапасымен өлшенуі тиіс. Айта кетер жайт, бізде бақы­лаушы органдар бар. Солар балабақшалар мен мектептердегі балалар тамағының талапқа сай болуын тексеріп отыруы керек. Негізі, Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бала­бақша­лар мен мектеп­тердегі балалардың тамақ­тан­дырылу калориясы, тағам түрлері рес­публика бойынша бекітіліп, тендерді де сол талапқа сайлары жеңіп алса, дұрыс болар еді.
Егер біз тендерсіз мемлекеттен бөлінген қаржыны мектеп басшылығының қолына ұстата салсақ, ол қаржы қалай болса солай жұмсалып, талан-таражға түсіп кетіп, тіпті балалардың тамақтандырусыз қалуы да әбден мүмкін. Сондықтан тендер өткізуді реттесек, бұл келеңсіздіктер тыйылады деп ойлаймын.

Бейтарап пікір
Марат БАШИМОВ,
заңгер:
– Бұл – өте күрделі мәселе. Қазір жемқорлық барлық жерде дендеп тұрғаннан кейін мектептер мен балабақшалардағы балаларды тамақтандыруды кімге сеніп тапсыруды да білмей қалдық. Тендер арқылы өткізсек, тендерден ұтып алған кәсіпкерлер қитұрқы әрекеттерге барып отыр. Балаларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны тендерсіз сол ұжымның басшысына ұстатсақ, ол жақта да талан-таражға түсіп кетуі әбден мүмкін. Жемқорлық бар жерде бұл мәселені еш шеше алмаймыз. Сондықтан әлі де болса барлық жерде барлық салада жемқорлық мәселесін шешіп алуымыз керек. Онсыз бірдеңе деп ұсыныс айту қиын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста