Мектептегі түрлі қорларға мүлдем тыйым салмайынша, білім ордаларында заңсыз ақша жинауды тоқтата аламыз ба?

Мектептегі түрлі қорларға мүлдем тыйым салмайынша, білім ордаларында заңсыз ақша жинауды тоқтата аламыз ба?

Елімізде жаңа оқу жылы басталысымен талқыға түсетін өзекті мәселе – мектептегі ақша жинау «синдромы». Естеріңізде болса, нақ осы үрдісті тоқтату мақсатында Білім және ғылым министрлігі «Білім беру мекемелерінде заңсыз ақша жинауға тыйым салу» туралы арнайы бұйрық та шығарған болатын. Бірақ министрлік қанша жерден шара қолданса да, еліміздегі мектептерде ата-ананың қалтасын қақшып алу тыйылмай тұр. Естуімізше, қайсыбір мектептердегі қорға ақша жинаудың құны 10-15 мың теңгеден, тіпті одан да асып жығылады. Сонда бір отбасында екі-үш баласы бірдей оқыса, ата-ана қандай әрекет жасауы керек? Мектеп әрбір ақша сұраған сайын сол мектептің әкімшілігімен заң алдында арыздасып жатуға, әрине, ата-ананың жүйкесі шыдай бермейді. Ендеше, ақша жинауды тыю үшін алдымен мектептегі түрлі қорлардың жұмысын тоқтату қажет шығар? Болмаса заңсыз ақша жинауды тоқтатудың басқа түрі бар ма? Біз бұл сауалды мамандар талқысына салдық.


Дәурен АРЫН, заңгер:
иә
– Әрине, тоқтата аламыз. Бұл жерде жалғыз мектеп қорының айналасында ғана мәселе жатқан жоқ. Мектеп қоры болсын-болмасын қаржы жинамауға немесе ебін тауып жинауға болады. Қандайда бір мектепте мектеп қоры болды делік, бірақ ата-аналар өзінің заңдық сауаттылығын көрсетіп, ол қорға бір тиын да бермей қойса, мемлекеттік мектептерге мемлекеттік бюджеттен қыруар қаржы бөлініп жатқанын ата-ана үнемі дәлелдеп отырса, бұл мәселе жайында сөз қозғамас та едік. Сондықтан біз заңдық сауатымызды арттырмасақ, қанша жерден мектеп қорларына тыйым салынса да, орта мектептерде ақша жинала береді. 
Білесіздер, жыл сайын әрбір облыстың, қаланың Білім басқармалары, Білім және ғы­лым министрлігінің бұйрығына сәйкес, ата-аналардан, оқушылар мен тәрбиелену­шілерден мектептің, сыныптың қажеттілік­тері үшін ақша жинауға қатаң тыйым салы­нады. Десек те, тыйым салынып отырса да мек­тептерде әлі ақша жиналып келеді. Мұның барлығы – біздегі ата-аналардың өз құқығын толық пайдалана алмаудан туын­дап отырған індет. Бұл жерде мектеп қор­ла­рының айналасынан ғана мәселе іздеу қателік. Тұрмысты жақсартуға халықтың өзі де белсене араласуы қажет. Мысалы, Нор­вегия, Швеция сияқты елдерде үкімет көп­балалы отбасылардың жағдайына мықтап мән береді. Бұл елдерде жас балаларға, мүгедектерге қаржылай жақсы қамқорлық жасалған. Соған орай, қарапайым халық арасында қолданыстағы бар заңдарды бұлжытпай орындау бірінші кезекте жүзеге асырылады. Өзге елдерде біздегідей кез келген мәселені тамыр-таныстықпен шешу деген атымен жоқ. Пара беру деген – ең ауыр қылмыс болып саналады. Егер кішкене бір тәртіп бұзушылық байқалса, көрмеген бо­лып теріс бұрылып кете бермейді, бірден құ­қық қорғау орындарына хабарлайды. Сот­тың шешімі, заңның көрсетілген бапта­ры, үкіметтің шығарған қаулы-қарарлары бірден қаз-қалпында орындалады. Міне, егер біз мектеп қабырғасынан бастап қал­та­ны қағу үрдісі тыйылсын десек, ата-ана, мұғалімдер, мектеп директорлары заң­ды білуі керек. Мәселенің ең басты шешімі – осы. Заңдық сауаттылықты артты­ру қажет. Ол үшін арнайы кеңестерге жүгін­ген жөн. Ерінбей-жалықпай барып, қай мек­тептің мектеп қоры қанша екенін, ол қар­жының қайда кетіп жатқанынан бейха­бар екендік­терін ата-аналар ашық жазуы керек. Ша­ғым­дану сауаттылығын арттыр­ған жөн. Се­нім телефондарын тетікке қо­сып, осы арқы­лы тиісті құзырлы органдарға хабарласуды үйренген абзал. Міне, мектеп қорларына ты­йым салмай-ақ мәселені осы­лайша ше­шу­ге болады. Мектеп қорла­ры болсын, бола берсін. Оған еш қарсылы­ғымыз жоқ. Бірақ бұл жерде ол қорға кім қаржы құйып жатыр? Ол қордың жұмысы қаншалықты ашық? Осы жайы сөз болуы керек. Егер шетелдегі тәрізді ол мектеп қор­ларына ірі-ірі құрылыс компаниялары не­месе ұлттық жекелеген компаниялар де­меу­шілік жасап, ауқымды көмек көрсетіп жатса, онда ол жақ­сы. Ал ол қор тек қана қарапайым ата-ананың қаржысымен толы­ғып отырса, ол ата-ана еркінен тыс қорға қаржы құйып отыр­са, онда бұл жерде заң­дық сауаттылық­ты меңгеру керек. Кез кел­ген ортада заңды қатайтса, сол заңның ор­ындалуын талап ет­се, мәселе шешімін таба­ды. Демек, мектеп қор­ларының жұмысына мүлдем тыйым салуды ойлағаннан бұрын алдымен халық­тың құқықтық-заңдылық сауаты артуы қажет.


Ғани БЕЙСЕМБАЕВ, EDTECH-KZ халықаралық білім орталығының бас директоры:
жоқ
– Мен «алдымен елдің заң­дық сауатын арттыру керек, сенім теле­фон­дарын тетікке қосу қажет, шағымдану сауаттылығымызды арт­тыру қажет» деген пікірлермен келіс­пей­мін. Бірінші кезекте мектептегі заңсыз ақша жи­нау­ды тоқтату үшін мектеп қорларына мүл­де тыйым са­лы­нуы қажет. Кез кел­ген мем­ле­кет­тік мектепте мектеп қорына ақша жинау деген мүлде бол­ма­ғаны жөн. Себебі ол мектеп – мем­лекеттік. Мектеп мем­­лекеттік бол­ған­нан кейін оны қар­­жыландыру мем­­­лекеттік бюд­жет­тің есебінен жү­реді. Қазірде мек­теп­терді қар­жы­лан­ды­ру үшін ел бюд­же­тінен қыруар қар­жы бөлініп жатыр. Осыны ескер­мес­тен мек­теп қор­ла­ры­на ата-ана­лар­дан қар­жы жинау – нағыз заң­сыз­дық.
Егер нақ қазір қандайда бір мектептің директоры «мектеп қоры болмасын, ақша жиналмасын» деп бір ауыз сөз айтса, ол мектепте ешқандай ақша жинау болмай­ды. Себебі мектеп қорларының болуы, оған ақша жиналуы мектеп директорла­рына өте тиімді. Бұл қор директордың мүд­десі үшін жұмыс істеуі де әбден мүмкін. Қазірде нақ осы мектеп қорына қаржы жи­наудың машақаты мен әбден асқынып кеткен індет екендігі турасында небір оқи­ғаларды естіп, көріп-біліп жүрміз. Бұл ұс­таз деген атаққа жақсы марапат па?! Егер өзін «нағыз ұстазбын, шәкірт тәрбиелеп от­ыр­ған тұлғамын» деп есептейтін болса, директор мен мұғалім ақшаға сатылмас еді. Мектеп қоры дегеніңіз – бұл – 90-жыл­дары еліміз алғаш Тәуелсіздік алған тұста­ғы тоқырауда мектептердің ісін тұралатып алмау үшін қажет болды. Ол кездері қиын кезеңді бастан өткергендік­тен, мемлекеттік мектептерге бұқара тара­пынан көмек ке­рек еді. Ал енді одан бері 20 жылдан астам уақыт өтті. Қазір эконо­ми­камыз өсіп, өрке­ниетті елдермен иық тірестіріп, бәсекеге қа­бі­летті болғымыз келеді. Осы тұста, біз әлі де ата-анадан ақша жинау үрдісін тоқтатпай тұрып, түр­лі-түрлі қорларға ақша алып беделімізді арттыра аламыз ба?! Міне, нақ қазір бізге осыны ойлаған абзал. Егер са­па­лы, білікті, тәрбиелі мамандар легін жа­сақ­тауды ой­ласақ, тәрбиені бірінші мек­теп­тен бастаған жөн. Ол үшін мектептен бас­тап баланы «алым-берімге», яғни пара беруге үйрет­пеу керек. Сол үшін ең бірінші кезекте мектеп қорларының жұмысын тоқ­тату қа­жет. Жоғарыдан бір мықты пәр­мен бері­ліп, қордың жұмысын тоқтату турасында нақты айтылуы тиіс. Сонда ғана мектептегі заңсыз ақша жинау тыйы­ла­ды. Заңсыздық пен түсініспеушілік­ке бір­ден-бір мұрындық болып отырған осы мектеп қорлары екені даусыз. Ендеше, мек­теп қорларына тыйым салу – заңсыз­дық­ты жояды, түсініспеу­ші­ліктің алдын ала­ды. Сондықтан өз басым «мектептегі түр­лі қорларға мүлдем тыйым салу керек» деп есептеймін. Мектеп қор­ла­рының қа­же­ті жоқ. Заңсыз ақша жи­наудың басы сол қорға ақша жинаудан басталып отыр. Де­мек, бұған тыйым бол­ғаны жөн.
                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Меруерт Молдабаева, әлеуметтанушы:
– Өздеріңіз білесіздер, бізде мектептерде ата-аналардан, оқушылардан қаржы жинамау туралы бекітілген арнайы қаулы бар. Ал «ол қаулыны кім жұмыс істете алмай отыр» дегенде, әрине, алдымен тіліміздің ұшына ілінетіні мектеп директорлары емес пе?! Ендеше, Білім және ғылым министрлігінің арнайы қаулысын жұмыс істете алмай отырған, сол қаулыны елеусіз етіп ескермей отырған мектеп басшыларына арнайы қатаң жаза қолдану керек. Міне, сонда қаулы жүзеге асып, заңсыздық та тыйылады деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста