Мектеп директорларын қоғамдық сайлау арқылы жемқорлыққа шектеу қоя аламыз ба?

Еліміздегі орта мектептер білім берудің емес, сыбайлас жемқорлықтың отанына айналып бара жатқандай. Себебі қазір ел арасында «мұғалім болып орналасу – пара, босанған әйелдің өз орнына қайта оралуының өзі – пара, сағат бөлу – пара» деген сияқты әңгімелер қоғамымызда жиі айтылуда. Оның үстіне, ішкі істер министрінің деректеріне қарағанда, өткен 2008 жылы Семей қаласында сегіз мектеп директорының үстінен қылмыстық іс қозғалса, бұл сан оңтүстікте 17-ге бір-ақ жеткен. Осыны ескерген кейбір қоғам қайраткерлері «мектептегі жемқорлықты жою үшін мектеп директорларын қоғам болып сайлау керек» деген ұсыныстар айтуда. Бүгінгі ой-көкпарымыз да осы сұрақ негізінде болмақ.

Аягүл Миразова, Қазақстанның Еңбек Ері, Алматы қалалық мектеп директорлары кеңесінің төрайымы:
Иә

— Өкінішке қарай, мектеп директор­ла­ры­ның атына кір келтіретін басшылардың барын жасырмауымыз керек. Қазіргі кез­де мектепке білікті басшының келуіне жергілікті жердегі білім басқармаларының бас­шылары жауапты. Өйткені мектеп ди­­ректорын әкімшілікке ұсы­ныс жасау арқылы осылар шешеді. Егер білім беру мекемесінің басшысы өзінің жұмысына шын жаны ашыса, онда ол таза әрі әділ сай­лайды. Ал басшы қу құлқынның қамын ой­лап, нәпсінің соңынан кетсе, оның арты жақ­сы­лыққа апармайды. Осындай қитұрқы сұрақ­тардың барлығы (Мектеп директорларын қоғамдық сай­лау арқылы жемқорлықты шектей аламыз ба? – авт.) әлгіндей проблеманың кесірінен туындап отыр. Демек, басылым беттерінде мектеп директорларына қатысты сыни пікірлер көп айтылса, онда қазіргі жергілікті Білім бас­қармалары кадр таңдауда қателіктерге бой алдырды деген сөз. Себебі таяқтың ұшы мек­теп директорына тигенмен, оның екінші ұшы Білім басқармаларына да тиеді.
Мен Алматы қалалық дирек­торлар кеңесінің төрайымымын. Мектеп ди­рек­торын сайлау кезінде сол жиналысқа сөзсіз қатысамын. Сонда директорлыққа үміткерге сұрақтар қою арқылы өз пікірімді айтамын. Оның білім саласындағы еңбек өтілі қанша, бұрын қай жерде жұмыс істеген, қандай жетістіктері бар осының бар­лығы ескеріледі. Осы жерде-ақ үміт­кердің білімі, деңгейінің қандай екендігі білініп қалады. Сосын оны сыртқа шыға­рып, комиссия мүшелері дауысқа саламыз. Ал енді кейбір аймақтарда директорды тағайындауды білім беру мекемесінің басшысы өзі ғана шешеді. Ондай бас­шы­лар қалай болса да ебін тауып, қалтасын томпайтып отырады. Сондықтан да осын­дай келеңсіздіктерге жол берілмес үшін мектеп директорларын қоғам болып сай­лағанды қалар едім. Өйткені кей жерлерде кадр таңдауда білім басқармаларынан құ­рылған комиссия да кемшіліктерге бой ал­дырып жатады. Әрине, олар періште емес… Сол үшін таңдауды білім басқар­ма­ларына емес, тікелей халыққа беруді, көп­шіліктің ұсынысы арқылы шешуді қалар едім. Бірақ бұл ретте бір нәрсені ескерген жөн. Сайлауды тамыр-таныстыққа, ру­шыл­дыққа айналдырмауымыз керек. Мектеп директорларын сайлаудың өзіндік бір механизмін жасап, әділ әрі шын мәнісіндегі директорға лайық адамды таңдауымыз қажет. Кейбіреулер бұған қоғам дайын емес деуі мүмкін. Біз бұлай жүре берсек, он жыл жүре беретін түріміз бар. Ата-аналарды, мұғалімдерді, жалпы қоғамды осы бастан сайлауға тартып, мек­тепке білікті директорды таңдауды халықтың өзіне қалдыру керек. Сондай-ақ жұмыстан шығару да көпшіліктің еншісінде қалсын. Сонда ата-аналар да, мұғалімдер де, жалпы жұртшылықтың да мектеп директорына деген көзқарасы өзгереді. Егер біз сайлау механизмінің жақсы тетігін тапсақ, жемқорлық та сонда тыйылады.

Құлбек ЕРГӨБЕК, жазушы-ғалым:
Жоқ

– Қазіргі әкімдердің барлы­ғы­ның ұлттық болмысы күшті, сауаты мықты деп айта алмаймыз. Сон­дық­тан да олар қан­дай әкім – сон­дай оқу бөлімі (де­пар­тамент) бол­ғанын қалайды. Білім саласын ел­дің ыңғайына, мемлеке­тіміз­дің да­му арнасына қарай емес, өзінің дүние­та­нымына, құнты-пейіліне қа­рай жасақ­тайды. Көбіне оқу бө­лімі мең­герушісіне (департамент басшысына) әкім өзінің адамын қояды. Оның міндеті – жергілікті оқу бөлімдері басшыларын, әйт­песе мек­теп директорларын та­ғайын­­дау жолын­дағы қара параның дел­далы болу ғана. Қазіргі таңда оқу бө­лімі Елбасының, қала берді, ми­нистрдің оқу саясатын жүзеге асырушы-жүргізушіден гөрі жергілікті әкімқара­лардың қолшоқпары, ақша жа­сағыш күмәжніксісі міндетін атқаруға саяды. Әлеуметтік саланың (оның ішінде ағарту саласының) сын көтермейтін халге жет­кені, міне, осыдан!
Мектеп директорын қоғам болып сай­лау біздің қоғамды сыбайлас жемқор­лықтан құтқара алмайды.
Мектеп директорын қоғам болып сай­лау сыбайлас жемқорлықтан құтқар­майтын себебі – сайлау арқылы ол орынға ел, елдің ертеңі деп емешегі үзілетін шы­найы педагог емес, ағарту саласына бөлі­нетін қаржыны жергілікті билікпен бөлісіп жейтін бизнесмен келеді. Одан да оқу бөліміне арлы, білімді азаматты тағайын­дап, оны қолжаулыққа айналдырмай, яки оны пара ұйымдас­ты­рушыға, сайлау шоқ­парына айналдырмай, өз алдына қаракет ететін, өз ісіне шы­ғар­машылықпен қарай­тын ТҰЛҒАҒА айнал­дыру керек! Одан жер­гілікті әкім пара та­лап етпеуі керек. Ол да мектеп ди­­­­рек­тор­ларынан пара талап ет­пей, ақ, адал жолмен кадр іріктесін... Бірақ, бірақ... оқу бөліміне басшыны адал жолмен тағайындаған күні әкім асылып өліп қалуы мүмкін. Сондықтан ол күні, ол сағатта ықтият болып, «сақтықта қорлық жоқ», «Жедел жәрдем» көлігін әкімшілік ғи­маратына таяп әкеліп қоюды ұмытпаған жөн...

Түйін
Қалай дегенмен де, ағарту саласы – мемлекеттің басты буыны. Ол лайланса тұтас қоғам лайланады. Қоғам лайланса – мемлекетке қатер. Өйткені бүгінгі жас ұрпақ – елдің ертеңгі тұтқасын ұстар азамат. Сондықтан тұтас мемлекет, мұқым жұрт парақорлық, жемқорлықтың құрсауында қалмас үшін, бүгін, тап қазірден бастап еліне, мемлекетіне жаны ашитын жастар тәрбиелеп, ағарту саласын сыбайлас жемқорлықтан арылту үшін, Білім министрлігі барынша атсалысуы керек. Олай болмаған жағдайда күні ертең кеш болып, сан соғып қалуымыз ғажап емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста