«Медициналық екпе егілмеген балаларды балабақшалар мен мектептерге қабылдамау керек» деген пікірмен келісесіз бе?

«Медициналық екпе егілмеген балаларды балабақшалар мен мектептерге қабылдамау керек» деген пікірмен келісесіз бе?

Өткенде еліміздің бұрынғы бас санитары Жандарбек Бекшин республика бойынша 1000-ға тарта отбасы балаларына медициналық екпе салдырудан түбегейлі бас тартып отырғанын мәлімдеген-ді. Біршама отбасының, осылайша, вакцинацияға қарсы шығуы бүгінде мамандарды алаңдатып отыр. Бұған қатысты олар: халық арасында екпеден бас тартуға үгіттейтін арнайы топтардың да пайда болғанын алға тартып отыр. «Мұндай кері тартпалықтың кесірінен, былтыр ғана еліміз бойынша толық екпе қабылдамаған 80 сәби қызылшамен ауырса, 42 бала көкжөтел дертіне шалдыққан. Тіпті қатерлі ісік аурулары да кездесіп жатыр» дейді мамандар. Болашақта бұл үрдістің өршіп кетпеуі үшін «медициналық екпе егілмеген балаларды балабақша мен мектептерге қабылдамау керек» деген пікірлер де туындап отыр. Біз осы сауалды арнайы мамандардың ой-талқысына салдық.


Ерасыл ӘБІЛҚАСЫМОВ, медицина ғылымының докторы, профессор:
иә
– Мен мұнымен толық 100 пайызға келісемін. Кеңес зама­нында бұл жүйе еріккеннен ен­гізіл­меді. Бұл – халықаралық тә­жіри­беде бар әдіс. Қазірде Аме­рикада нақ осы екпеге қарсы шыққан ата-аналарға қатысты арнайы әкімшілік айыппұл салы­нып, ата-аналар заң алдында жауап беруде. Мен өз баласына екпе салғызуға қарсы шыққан ата-аналарды «нағыз сауат­сыз­дар» дер едім. Бұл дегеніңіз – ақымақтық! Ол әке мен шеше өзі кезінде, өз тұсында екпе сал­ғызды емес пе?! Ал енді келіп қандай да бір үгіттеушілердің сөзіне еріп, болмаса діни сенім-нанымды алға тартып екпеден бас тартатындар бар көрінеді. 
Шариғат заңдарының өзінде «денеңе ине салғызба» деген арнайы заңдылық қа­растырылмаған. Шариғатты толық са­уат­ты ұғынбау, шала-шарпы түсіну, қай­сы­бі­реулердің сауатсыз уағыздарына еріп сондай шешімдер қабылдау – өте ауыр күнә. Сол тәрізді кез келген ата-анаға ша­ри­ғат бойынша баласы­ның ден­саулы­ғын сақтау, оны қорғап-қол­паштау міндет­те­леді. Ал осылай етуі тиіс әке мен шеше ба­ла­сына көрсетілер медициналық қызмет­тен бас тартып жатса, бұл – нағыз қылмыс. Мұндай ата-аналарды жазалау керек. Ойлап қараңызшы, күні ертең сол екпе егіл­меген бала балабақшаға, мектепке ба­рады. Сонда қасындағы өзге балаларды қоса ауыртып, эпидемия туғызып жатса, бұл – өте зиян. Демек, бұған қатысты мем­ле­кеттік тұрғыда арнайы шара қарастыру қажет. Сондықтан өз басым «мектептер мен балабақшаларға екпе егілмеген ба­лаларды енгізбеу керек» деп есептеймін. Бұл пікірге толық қосы­ламын. Қазір эколо­гиялық жағдайдың өзі оңып тұрған жоқ. Балалар мен жас­өспірімдердің арасында иммун тап­шылығы кеңінен белең алуда. Түрлі ауру-сырқаудың ушығып кететінін де кез­дестіріп жүрміз. Тіпті бұрын біз біл­мейтін небір дерттер туындап отыр. Әлем бойынша мұндай үрдістер жиілеп кетті. Қандай дерттің болсын алдын алу­да екпе­нің маңызы зор. Сауатсыз­дыққа салынып медициналық екпеден бас тар­ту баланың өміріне, денсаулығына залал келтіру бо­лып есептеледі. Ендеше осын­да залал кел­тірушілердің саны артпасын десек, мұндай бастамаларды енгізген жөн.


Жангентхан АБЫЛАЙҰЛЫ, эндикринолог-ғалым, профессор:
жоқ
– Жоқ, мен мұндаймен келіс­пей­мін. Ол дұрыс емес. Өзіңіз ойла­ңыз, бала туғаннан бастап бір жасы­на дейін ғана 12-ге жуық меди­ци­налық екпе салынады. Ал енді 6 жасқа тол­ғанша қаншама екпе салынуы керек? Сол алты жасқа толғанға дейін ата-анасының таңдауы­мен, қарсы­лы­ғы­мен, «балаға екпе салынбады» де­лік. Ал мектепке барар тұста «екпе егіл­меген балаларды мектепке енгіз­беу керек» деген шектеуді ескеріп, ай­налдырған бір-екі айдың ішінде бар­лық екпені салуға тағы болмайды ғой. Жалпы, біз «Балалардың құқын қор­ғау» туралы халықаралық кон­вен­цияға қол қойған мемлекет екені­мізді ескерсек, біздің мемлекетімізде, ол бала мүгедек бола ма, ауру бола ма қандай жағдайда болса да бала балабақшаға, мектепке баруы тиіс.
Бізде мүгедек-дертті балаларға арнал­ған арнайы мектептер мен балабақшалар бар. Бала қандай жағдайда болсын хат та­ну­ға жарамды болса, онда сауаты ашы­л­уы керек. Егер екпенің салынбағанына бола мектепке немесе балабақшаға қа­был­дау­дан бас тартылса, бұл азаматтық құқыққа қай­шы әрекет болып табылады. Бұл жерде біз екпенің балаларға салынбағанына қатысты емес, сол елге әкелінген меди­ци­налық екпелердің сапасына қатысты пікір айт­қанымыз жөн тәрізді. Егер елімізге сырт­тан еніп жатқан екпелердің сапасы на­шар, сын көтермейтін болса, сол екпені салдырып жүрген бәленбай миллион бала зардап шегеді емес пе?! Демек, нақ осы арада мемлекеттік жауапкершілік ескерілуі керек. Медициналық екпе салу арнайы бағдарлама бойынша жүзеге асырыла­тындықтан елге енетін екпелердің сапасы­на қатаң бақылау қойылуы қажет. Күні ертең сапасыз екпеден балаларымыз зар­дап шегіп, сау бала ауру болып жатса, сон­да барып үлкен мәселе туындайды. Рас, екпе салғаннан балалары зиян шегіп, егіліп жүрген ата-аналар да баршылық. Осы жайттарды естіп, көріп, білгеннен кейін қай­сыбір қауым екпеден мүлде бас тартып жатады. Ендеше осы жайттарды сөз еткен­де сапалы қызмет көрсету жайын сөз етуді ұмытпауымыз керек. Алдымен сапасын арттырып алып, ел арасында түсіндіру жұ­мыстарын жүргізген жөн. Ал өз басым бір­ден «мектепке қабылдамай қою керек, балабақшаның есігінен қарат­пауымыз ке­рек» пікірді қолдамаймын, келіспеймін. Бұл ата-ананың және бала­ның құқын ес­кермеу болып табылады.
                                                     Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Бейтарап пікір
Меруерт МОЛДАБАЕВА, әлеуметтанушы:
– Екпеге қатысты қазір бірқатар елдерде дау-дамай өршіп тұр. Мысалы, корей елінде сәби ата-анасымен шетелге шығатын кезде сәбиде міндетті екпе болмаған жағдайда проблема туындауы мүмкін. Өйткені құжат рәсім­деу кезінде олар ата-ананы, баласын қандайда бір елге баратынына байланысты белгілі бір ауруға егілген-егілмегендігін міндетті түрде тексереді. Негізінде, «профилактикалық екпелер балалар денсаулығына теріс әсер етеді» деп түсіну қате. Әлем бойынша жыл сайын 3 миллионға тарта адам қауіпті індетке шалдығады. Екпеден бас тарту кез келген ата-ананың конституциялық құқығы болғанымен, мұның соңы өкіндірер жағдайға әкелуі әбден мүмкін. Сондықтан өз басым екпеден бас тартуға қарсымын. Бұған қатысты «арнайы түсіндіру-насихат жұмыстары жүргізілуі керек» деп есептеймін.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста