Кеден одағы аясында шетелден әкелінетін автокөліктерге салынатын кедендік баж салығын азайту мүмкін бе?

Кеден одағы аясында шетелден әкелінетін автокөліктерге салынатын кедендік баж салығын азайту мүмкін бе?

Кеден одағына кіргелі бері Қазақстанға ағылған импорттық тауарларға салынатын баж салығы күрт жоғарылаған болатын. Соның ішінде көлік құралдарына да. Басқа-басқа, әсіресе шетелдік автокөліктерге салынатын баж салығы төңірегінде ел арасында түрлі пікірталас туындағаны белгілі. Кеден одағы тарифтеріне қарсылық танытып жүргендер өз уәждерін былайша алға тартады: «Сырттан келетін көліктерге баж салығын төмендетпей, біз отандық көлік паркін жаңарта алмаймыз. Ал Қазақстанда шығарылып жатқан автокөліктер қарапайым халыққа қолжетімді емес». Күні кеше Еуро-4 экологиялық стандартына көше бастадық. Содан бері «импорттық көліктерге кедендік баж салығын төмендету керек» деушілерден дегбір қашты. Сондықтан бүгіндері «КО аясында сырттан келетін көліктерге салынатын кедендік баж салығын төмендету мүмкін бе?» деген сауалды талқыға салғандағы себебіміз – осы.


Геннадий БАКЛАЙКИН, ҚР жүргізушілер одағы төрағасының орынбасары:
иә
– Әрине, импорт автокөлік­тердің баж салығын азайтамыз де­сек, ол қолымызда тұр. Бірақ бұл бас­­тама Кеден одағы мүддесіне сай келе ме? Мәселе осында... Сырт­­тан келетін авто­көлік құрал­дарына са­лы­­натын баж салығының тым қым­баттап кеткендігін жұрт­шылық жақ­сы біледі. Оған наразы адамдар да жоқ емес. Елімізде жуырда Еуро-4 экологиялық стан­дарты ен­гізілген болатын. Нақ­тырақ айта кетсем, Еуро-4 стан­дарты Қазақстан ау­ма­ғына кір­­гізілетін көлік құралдары үшін – 1 шілдеден, ал отандық көлік­тер үшін 2014 жыл­дың 1 қаңтары­нан бастап енгізіл­мек. Де­мек, көлік­тен шы­ғатын зиянды заттардың құ­­­­ра­­мы мен мөлшерін реттейтін эко­­ло­­гиялық стандарт енгізілгеннен кейін көлік құны тағы қымбаттайды.
Бұл қарапайым халыққа айтарлықтай қиындық туғызбақ. Міне, осындай жағ­дай­ларды ескеріп, Үкімет импортқа қатыс­ты кедендік баж салығын төмендетудің жолдарын қарастырса дұрыс болар еді. Бұл реттегі салық мөлшерінің өзі көлік құнының жарты бағасына жетіп қалды. Соның салдарынан еліміздегі автокөлік саудасы да тұралап қалды. Ал отандық көлік құрастыру нарығының  аяғынан тік тұрып кетемін дегенінше біраз уақыт керек. Демек, бұл – жылы жаңа, сапалы көлік иеленгісі келетіндердің арманы әлі алыс деген сөз.
Біз Кедендік одақтың талап-ережесін бұлжытпай орындап жүргенімізде көр­шіміз Ресей өздерінің көлік саудасын жандандырып жатыр, яғни олар Дүниежүзілік сауда ұйымына кірді де, сырттан келетін бірқатар көлік құралдарының баж салығын төмендетті. Нақтырақ айтсам, сырттан келетін жеңіл көліктерге салынатын кедендік баж салығы 35 пайыздан 25 пайызға, ал қозғалтқыш күші 1,5-тен 3-ке дейінгі аралықтағы жаңа көліктерге салынатын салық 30 пайыздан 20 пайызға дейін төмендеген. Білетін шығарсыздар, Total.kz интернет-басы­лымы жуырда еліміздегі  жаңа көлік құнын шетелдегі бағамен салыстырып, зерттеу жүргізген болатын. Сонда  Қазақстандағы баға көп елдердікімен салыстырғанда айтарлықтай қымбат болып шыққан. Біз, тіпті АҚШ, Германия, Жапония және Беларусь мемлекеттерінің алдына шығып кетіппіз. Мәселен, BMW 128 маркалы көлігін АҚШ-та  31,2 мың долларға бағаланса, оны бізде 46 мың долларға сатып аласыз. Сол сияқты АҚШ-та жасалатын Jeep Grand Cherokee-ні  өздері 27,1 мың долларға сатса, оның біздегі құны – 61,3 мың доллар. Volkswagen Golf GTI көлігі АҚШ-та 23,995 мың доллар,  Қазақстанда – 34,2 мың доллар. Audi Q5 көлігінің бағасы да  АҚШ-пен са­лыстырғанда жер мен көктей. Ол – АҚШ-та 35,6 мың доллар, бізде 61 мың доллар. Тағы бір мысал келтіре кетейін, Toyota Land Cruiser 200-дің Жапониядағы бағасы – 59 мың доллар болса, біздегі құны  –100 мың. 
Осындай жайттарды тізбектей келе, қорытындылай айтпағым, Қазақстанға да сырттан келетін көліктерге баж салығын төмендету керек. Ал, жалпы айтсам, Үкімет халықтың отандық көлік сатып алуларына жағдай жасаулары қажет, яғни бағасын тиімді етіп, не болмаса несие жеңілдіктерін қарастыруы керек. Қазір біздің елде де жап-жақсы көліктер шығарылып жатыр емес пе?.. Бұл бір жағы – отандық көлік өндірісін дамытса, екінші жағы – еліміздің көлік паркін жаңартпақ. Ал ең бастысы, халыққа жағдай жасаймыз. Сонда екінің бірінің қалтасы көтере бермейтін жоғары баж салығын төлеудің де қажеті болмай қалады.


Владислав КОСАРЕВ, Парламент депутаты:
жоқ
– Сөз басында Кеден одағы бізге несімен тиімді екендігіне мен де бір мәрте қысқаша тоқтала кетсем артық болмас. Өйткені Кеден одағына сын көзбен қарайтындар әлі де бар.
Сырттан келетін көліктерге салынатын кедендік баж салығын жоғары деп санайтындар да солардың қатарынан. Ең бастысы – шағын және орта бизнестің бағы жанбақ. Өйткені Ресей, Бе­ла­русь, Қазақстан мүше Кедендік одақ аясында осы үш елдің арасындағы тауар айналымы күшейеді. Ал тауар айналымының артуы аталған елдерден келетін тауар бағасының арзандауына өз септігін тигізбек.
Тағы  бір ұтымды жағы  – осы одаққа кіретін елдер кәсіпкерлерінің әріптестік жағдайда кәсіпорын ашуларына мүмкіндік жасамақ. Өздеріңіз білесіздер, қазір тұралап қалған кәсіпорындарымызға жан бітіп, жаңа өндіріс орындары көптеп ашылу­да. Елімізде бұрын-соңды болмаған көлік құрастыру өндірісі серпінді жұмыс істеуі – соның бір ғана айғағы. Осы тұста, мынандай бір маңызды мәселені айта кетсем деймін,  индустриялық-иннова­ция­лық даму бағдарламасы шеңберінде бой көтеріп жатқан ірі құрылыс нысандарын салуға Қазақстан өте ірі көлемдегі қаржы жұмсауға тура келді. Мұндай қомақты қаражатқа  қол жеткізуге Кеден одағының пайдасы орасан болды.
Одаққа бірігуіміздің тағы бір тиімді жағы – Кеден одағына кірмейтін мемле­кет­тердің тауарларына деген баж салығы көтеріледі. Нақтырақ айтсам, біздің отандық өнімдерді ығыстырып жатқан   Қытай, Түркия сияқты елдердің тауар­лары біртіндеп қымбаттайтын болады. Демек, отандық тауарға деген сұраныс ар­тады.
Ең негізгісі – бәсекелестік нығаяды. Бұлардың барлығын айтып өткен себебім, Кедендік одақтың тиімді жақтарын ескерген жөн. Ал сіздер айтып отырғандай, сырттан келетін көлік құралдарына салына­тын баж салығын қымбаттату – осы үш елдің отандық бизнес үшін өзара бірлесіп жасаған қорғаны. Ондай болса, келісім­шарт­ты ешкім бұза алмайды, яғни баж салығын төмендету еш мүмкін емес. Сырттан келіп жатқан көлік құралдарына салынатын баж салығының қымбаттауы – заңдылық.
Әрине, кейде тығырыққа тірейтін қолайсыз жайттар болады. Мұндай жағдай  «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықара­лық көлік дәлізін салып жатқан кезде бол­ғаны есімізде. Құрылыс жүргізіп жатқан шетелдік компаниялардың бірі – сырттан келетін арнайы техникаларын дер кезінде жеткізе алмай, қыруар шығынға батқан-ды. Сонда Кеден одағы осындай олқы тұстардың алдын алу үшін импорт автобус пен жүк көліктеріне салынатын кедендік баж салығын төмендетуге мәжбүр болып, ортақ бір келісімге келді.
Біз қазір ДСҰ-ға кіреміз деп талпынып жатырмыз. Ол күн де алыс емес. Импорт­тық көліктерге салынатын баж салығын біз тек ДСҰ-ға енгеннен кейін ғана төмендете аламыз. Ал әзірге ол мүмкін емес. Өйткені біз Кеден одағы бекіткен тарифтен аттап кете алмаймыз.
                                    Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Түйін
Әрине, қарапайым тұтынушы – халық кедендік баж салығының төмен болғанын қалайды. Алайда Кеден одағы аясында қабылданған келісімдерді одаққа мүше елдердің келісімінсіз ешкім бұза алмайды. Бұл – бір. Екіншіден, мамандар айтпақшы, КО-ның Қазақстан үшін тиімді жақтары жоқ емес. Баж салығы тек Қазақстан ДСҰ-ға енгеннен кейін ғана төмендейді. Сарапшылардың мәліметтерін алға тартсақ, соңғы жылдары Қазақстанда құрастырылып жатқан көліктерге деген сұраныс артып келеді. 2013 жылдың мамырында отандық автокөліктер саудасы 62 пайызға артқан, былтыр осы кезеңде 1620 көлік сатылса, биыл бұл көрсеткіш 2629-ға жеткен екен. 2013 жылдың басынан бері еліміздегі автокөлік құрастыру мен сату көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 93(!) пайызға артық. Бұл үдеріс әлі де жалғасын табады деген болжам айтады мамандар. Демек, қалталылар болмаса, қарапайым халық үшін болашақта сырттан көлік әкелудің қажеттілігі болмай қалуы да ғажап емес. Қазір жұртшылықтың наразылығын тудырып отырған кедендік баж салығы проблемасының оң шешілетін күні де алыс емес деген үміттеміз. Бір тілек – мемлекет отандық автокөліктің қолжетімділігі мәселесіне басымдық беріп, оны дереу шешіп берсе, қоғамда импортқа деген сұраныс та күрт азаяр еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста