Кәмелеттік жасқа толмаған балаларын діни ағымдарға кіргізгендерді ата-ана құқығынан айыру керек пе?

Кәмелеттік жасқа толмаған балаларын діни ағымдарға кіргізгендерді ата-ана құқығынан айыру керек пе?

Cоңғы жылдары діни нанымына байланысты баласына екпе еккізбейтін, дәстүрлі медицинаны мойындамайтын, балаларын мектепке жібермейтін, мемлекеттік Әнұранды айтуға тыйым салатын, театрлар мен мұражайларға жібермейтін, теледидар, компьютер пайдалануға рұқсат бермейтін, өздері кірген ағымға балаларын да кіргізетін ата-аналар қатары артып барады. Сондықтан кей мамандар «балаларын еркінен тыс әрекеттерге баруға мәжбурлейтіндерді, құқығын бұзғандарды ата-аналық құқығынан айыру керек» деген мәселе көтеріп жүр. Алайда «діни наным үшін ата-аналық құқығынан айыру заңда қаралмаған» деп қарсы пікір айтушылар да бар. «Алаш айнасы» осы мәселені мамандар талқысына салып көрген еді


ИӘ
Досай КЕНЖЕТАЙ,
философия және теология ғылымдарының докторы, профессор:
– Негізі дінге қатысты проблемалар өте нәзік мәселе. Сондықтан бәрі де заң шеңберінде болуы тиіс. Өкінішке қарай, сәбилерін дәстүрлі медицинаға қаратпайтын, ой-өрісі толмаған жеткіншектерді діни ағымға кіргізіп, оларды қоғамнан шет ұстайтын, баласын мектепке жібермейтін, мемлекеттік әнұран айтуына тыйым салатын ата-аналар пайда болып жүр. Әрине олардың ұстанымы мемлекеттің ұстанымымен сәйкеспей отыр. Базбір діни ағымның мүшесі болған бозбалалар отан алдындағы азаматтық борышын өтеуден босатылады екен. Яғни, ол отанды қорғамайды. Сондай-ақ науқастанған сәбиін дәстүрлі медицинаға қаратпай, салдарынан қайғылы жағдай орын алып жатқан оқиғалар да кезігіп жатыр. Өзінің діни ұстанымы бойынша балаларын мектепке жібермей отырғандар да пайда бола бастады.  Сондықтан, менің ойымша әр жағдайды жеке қарау керек. Егер ата-анасы баланы ұрып соғып, зорлық көрсетіп қоғамнан шеттетсе, діни ағымға кіруге мәжбүрлесе, оның нанымының салдарынан қайғылы жағдай орын алып жатса, онда ата-аналық құқығынан айыру мәселесін қоюға болады. Онда да, әр жағдайдың залалын ескере отырып, алдымен ескерту жасап, тура жолға түсуге насихаттау қажет. Одан кейін тағы қайталанар болса, онда заңда көрсетілген тәртіп бойынша айыппұл салу жазасын қолданған абзал. Ал, егер алдынғы қолданған шараларға қарамастан, сол әрекетін жалғастыра беретін болса, онда ата-аналық құқығынан айыру керек. Жалпы, мемлекеттің тыныштығына, ұлттың бірлігіне нұқсан келтіретін әрекеттер жасаған әрбір азамат заң алдында жауап беруі тиіс. Елімізде діни ағымдардың жұмысына тыйым салынған. Дегенмен, олар жолдарын тауып, өз жұмыстарын жалғастырып жүр. Өкініштісі соларға еріп, жолдан адасып жүргендер бар. Олар өздері адасқанымен қоймай, балаларын да сол жолға тартып отыр. Меніңше, әрбір ата-ана бала тәрбиесіне, баласының болашағына үлкен жауапкершілікпен қарауы тиіс. Баласын отансүйгіштікке, адалдыққа, елге қызмет етуге тәрбиелеуі керек.


ЖОҚ
Нұрлан АПАХАЕВ,
заңгер:
– Бүгінгі қолданыстағы заңдар бойынша ата-аналық құқықтан айыру үш жағдайда қарастырылған. Бірінші, егер ата-ана нашақорлыққа салынып, өзінің іс-әрекетіне жауап бере алмайтын болған жағдайда. Екінші, егер ата-ана баланы үнемі ұрып-соғып, залымдық жасайтын болса, үшінші, ата-аналық міндетін орындамаған жағдайда, яғни асырап-бақпағанда. Бұл жағдайлардың бәрінде ата-аналық құқықтан айыру сот шешімімен жүзеге асады. Ал, діни наным-сеніміне байланысты ата-аналық құқығынан айыру заңда қарастырылмаған. Балалардың құқығын қорғау заңының 10 бабында «балалардың діні ата-анасының дінімен айқындалады» деп жазылған. Демек Қазақстан заңдары бойынша 10 жақа дейінгі балалар ата-анасының діни нанымымен жүреді. Яғни ата-анасы қай дінде болса, бала да сол дінмен тәрбиеленеді. 10 жастан асқан соң өз қалауын айтуы мүмкін. Ал 18-ге толған соң қай дінді қабылдаймын десе өз еркі. Біздің елде діни нанымға шектеу қойылмайды. Сонан соң тағы бір айта кетер жағдай, Ата заңымыз бойынша, әр ер азамат отан алдындағы әскери міндетін атқаруы тиіс. Бірақ, заңда оған қосымша «халықаралық шарттарда өзгеше көрсетілмеген жағдайларда» деп жазылған. Міне осы қосымшаға сүйеніп, діни ағымдағы ер азамат отан алдындағы әскери міндетін атқармауына болады. Осыған қатысты бір оқиғаның куәсі болдым. Жамбылда әскери міндетін атқарудан бас тартқан азаматты сотқа берген. Бірақ сот оны әскери міндетті атқаруға міндеттей де, жазаға тарта да алмады. Өйткені халықаралық шарттарды дәстүрлі емес дін –Иегова куәгерлерінің 1-3 рангіндегі азаматтар отан алдындағы әскери міндетін атқарудан босатылады» деп анық көрсетілген. Бұл Қазақстанда әскери міндет және әскери міндетті атқаруға қатысты заңның 35 бабында да көрініс тапқан. Қазақстан Халықаралық азаматтық және саяси пактіге қол қойған. Сондықтан миссионерлерге тосқауыл қою қиын болып тұр. Егер баласын дәстүрлі емес дінге кіргізгені үшін ата-аналық құқығынан айратын болсақ, онда бұл әлемдік дауға ұрындыруы мүмкін. Сондықтан бұл жерде бәріне байыппен қарау керек. Жалпы, дін дәстүрлі және дәстүрлі емес деп екіге бөлінеді. Дәстүрлі дінге ешқандай тыйым жоқ. Ал дәстүрлі емес діндер дегеніміз – белгілі бір тұлғалардың өз мүддесіне қарай ыңғайлаған діни ағымдар. Біз дәстүрлі емес діндерге баласын кіргізгендерді ата-аналық құқығынан айыруды емес, дәстүрлі емес діндердің ел аумағында іс-қимыл жасауына тосқауыл қоюымыз керек. Егер олардың жұмысына тосқауыл қойсақ, онда бүгін мынандай сауал туындамас еді.

Бейтарап пікір
Айдос САРЫМ,
саясаттанушы:
– Әрине, бала тәрбиесіне ата-ана жауапты. Сәбиіне екпе еккізбейтіндер, мектепке жібермейтіндер, 5-6 жасар баланы тұмшалап тастайтындар қатары көбейіп жатқаны рас. Бірақ кәмелеттік жасқа жетпеген балаларын діни ағымдарға кіргізді деп оларды ата-аналық құқығынан айыру дұрыс болмас. Өйткені, олардың басым бөлігі жолдан адасқандар. Біз, қоғам болып, олардың тура жолға түсуіне ықпал етуіміз қажет. Ең бастысы, ел аумағында діни ағымдардың жұмыс істеуіне жол бермеуіміз керек.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста