Ипотека нарығының жандануы тұрғын үй бағасын шарықтатып жіберуі мүмкін бе?

Жуырда базбір сарапшылар еліміздегі ипотека нарығының жандана бастағаны туралы сөз қозғады. Олардың пікірінше, бұдан былай несиенің осы түрі тұрғындар үшін арзанға түседі. Өйткені несие берушілер назарын алыпсатарларға емес, нақты сатып алушыларға бағыттап отыр. Бұл әңгіменің шығуына осы жаздағы бірқатар екінші деңгейлі банктер мен несие мекемелерінің жаңа ипотекалық бағдарлама ұсынғаны себеп болған сияқты.  Қазіргі тұрғын үй заемдерінің артықшылығы бағаға қатысты  – ол 3-4 пайызға азайған көрінеді. Енді көмек қарыз (ссуда) орта есеппен жылына 12 пайыздан аспайды. Кейбіреулер банктердің несие бағдарламасын іске қосуы жылжымайтын мүлік нарығында жанданыс тудырары сөзсіз дейді. Бұл өз кезегінде «тұрғын үй бағасы тағы да қымбаттай ма» деген сауалға әкеледі. Бұл жөнінде мамандар пікірі әртүрлі.

Артық СЕЙІТҚАЛИЕВА, «Адал» тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінң төрайымы:

Иә
– Бұл жылжымайтын мүлік нарығында үйдің бағасын көтеру үшін банктердің жүргізіп отырған саясаты болуы да мүмкін. Баға мәселесіне келгенде, бәрін де күтуге болады. Жалпы, біздің тұтынушыларға ипотека дегеннің не екенін түсіндірсе, ол жаман нәрсе емес. Бірақ сол қадамға бармас бұрын адам әбден ойлануы керек. Ипотекалық несиенің пайызы қанша, шарттары қандай, кепілдігі бар ма, алдымен соны біліп алған жөн. Кейде банктер ипотека береміз деп алдап-сулап алады да, біресе анадай құжат, біресе мынандай құжат әкел деп адамды зыр жүгіртіп қояды. Ал сол құжат жинаудың өзіне  кететін қыруар уақытты айтпағанда, кемінде 500 доллар шамасында қаржы жұмсауға тура келеді. Кейбір банктер ең соңында «бір құжатың жетпей тұр» деп несие бермей шығарып салатыны тағы бар.

Осының өзінен-ақ қаншама ақша жинап алатынын есептей беріңіз. Банктің несие беретін не бермейтінін білмеген тұтынушы осылайша жем болады. Бізге осы мәселемен келіп жүргендер өте көп.
Жалпы, болашақты болжау қиын ғой. Әйтсе де, тұрғын үй бағасының жоғарылап кету мүмкіндігін де теріске шығаруға болмас. Себебі ол алдын ала ойластырылған бір тәсіл болуы да мүмкін. Банктердің жарнама жасау арқылы бағаны қымбаттатуға ұмтылған қитұрқы әрекеті шығар, кім біледі. Сондықтан айтып болмайды. Өйткені банктердің жүргізіп отырған саясатын біз біле бермейміз.
Бірақ ол қармаққа адамдардың енді түсу-түспеуі екіталай. Себебі үлескерлік құрылыстың соңы қандай дауға айналғанын білеміз. «Аузы күйген үрлеп ішеді» дегендей, жұрт бұрынғыдай жаппай пәтер сатып алуға ұмтылмайтыны анық. Ал банктер алдымен өз қамын ойлайды. Қаржы дағдарысы кезінде ипотекалық бағдарлама ұсынып отырған банктерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп отырған болар деп топшылауға да болады.  

Александр КАЛИНИН, Жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі халықаралық сарапшы:

Жоқ
– Жылжымайтын мүлік нарығында баға өспейді. Оған ешқандай себеп те жоқ. Өткенге көз жүгіртсек, осы нарықтағы бағаның шарықтауына не себеп болып еді? Біріншіден, шетелден келген арзан несиенің 70 пайызы жылжымайтын мүлік нарығына салынды. Екіншіден, ипотеканың дамуы себеп. Үшіншіден, халықтың төлем қабілетінің жоғары болуы әсер етті. Осы үш себеп қазір жұмыс істемей тұр. Меніңше, банктер ипотеканы дамытуға мүдделі емес. Сондықтан жылжымайтын мүлік нарығы жанданды деуге келмейді, тек құрылыс саласында қозғалыс бар.
Бағаға келсек, Алматы бойынша бағаның өрлеу шыңына жеткен 2007 жылғы шілде айынан бері шағын аудандардағы пәтер бағасы 70 пайызға, «алтын квадрат» бөлігіндегі тұрғын үйлердің құны 55 пайызға құлдырады.

Ал қазір бағаның өсуіне ешқандай негіз жоқ. Мұқтаж адамдар баяғыда пәтерлерін сатып алды. Қазір банктерде кепілзатқа қойылған үйлер өте көп. Оларға ақша керек, сондықтан кепілзатта тұрған пәтерлерді амалсыз нарыққа шығаруға мәжбүр болады. Түптің түбінде олар  сатылып тынады. Мейлі тұрғын үй болсын, мейлі коммерциялық мүлік болсын. Егер сол пәтерлерде адамдар тұрып жатса, онда әлеуметтік жағынан үлкен қайшылықтар туындауы мүмкін. Бұл енді басқа әңгіме. Шын мәнінде, кепілзатта тұрған пәтерлердің 35 пайызында ғана адамдар тұрып жатыр, ал қалғаны – еркін жылжымайтын мүлік. Оны сөзсіз сатуға болады. Ешқандай меморандумдар оған кедергі бола алмайтынын да мойындау қажет. Банктер пәтерлерді өткізу үшін бағасын арзандатуға дейін барады. Бұл да жылжымайтын мүлік нарығында бағаның түсуіне әсер етпей қоймайды. Дегенмен баға бұрынғыдай тым қатты құлдырамайды. Тұтас алғанда 10-15 пайызға арзандайды деп ойлаймын. 

Түйін
Бақытбек БАЙМАХАН,
Delta Bank Тәуекел департаментінің директоры:
«Ипотека жанданады деген сөзбен келісе алмаймын. Себебі банктерде қазір өтімділік жоқ. Қайта тұрғын үйдің бағасы сәл-пәл түсуі мүмкін. Ипотекалық несие болмаса, адамдардың табысы азайса, іскерлік белсенділіктің де төмендейтіні белгілі. Қазір бұрыннан ақша жинап жүрген, депозитте ақша сақтағандар ғана үй сатып алып жатыр. Жалпы алғанда бұрынғыдай жанданыс жоқ».

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста