Ғылымның өндіріске ұштасуына қаржы қолбайлау болып отыр ма?

Ғылымның өндіріске ұштасуына қаржы қолбайлау болып отыр ма?

12 сәуір – Ғылыми қызметкерлер күні. Кәсіби мерекеге орай, ғалымдар мен ғылым саласының өзекті мәселесін «Алаш айнасы» газеті мен СТВ арнасының бірлескен жобасы аясында жарық көрген бағдарламада ортаға салуды жөн көрдік. Еліміздегі ғылым саласының дамып, өндіріспен ұштасуына қаржы қолбайлау болып отыр ма әлде ғылымға деген оң көзқарастың қалыптаспауы өз әсерін тигізіп отыр ма? Соңғы кездері мемлекетіміз ғылымға үлкен бетбұрыс жасап отырғанымен, іс жүзінде бұл салада ақсап жатқан мәселе көп. Сондықтан тақырыпты ғалымдардың талқысына салып, студияда саралап көрген едік.


Ердос ОҢҒАРБАЕВ, химия ғылымының докторы, профессор:
иә
– Иә, менің ойымша, ғы­лыми жаңа­­лық­тардың өнді­ріске енуі­не қаржы қолбайлау болып отыр. Себебі бүгінде ашылып жат­қан ғылыми еңбектер көп, бірақ оны әрі қарай өндіріске енгізіп, тікелей нақты тауар немесе өнім түрінде пайдалану мүмкін бол­май отыр. Шын мәнінде, бұл мақсатқа өн­діріс орын­да­рынан қаржы да бө­лін­бейді. Зерт­ханалық деңгейде жа­салған еңбекті өндіріске енгізу үшін өндірістік сынақтан өт­кізуге, одан әрі оның зерт­теліп, өнді­ріске еніп кетуіне ынталы болып отыр­ған­дар жоқ­тың қасы.
Шыны керек, қорғаған еңбектері қағаз бе­тін­де қалып, өндіріспен ұштасып жатпаған соң, қазір бұл салаға келуге жастар да ынталы емес. Бұл ба­ғыт­та жастарды ынталандыру жұмыстары да жүр­гізіліп жатқан жоқ. Жастардың ғылыми қыз­меткер ретінде алатын жалақысы да мәз емес. Ал жастар тарапынан ұмтылыс бол­ма­ғаннан кейін ғылымға өзгеріс ене қояды деу мүмкін емес. Ал мұның бәрі ғылымға әлі де болса жеткілікті жағдай жасалып отыр­ма­ғандығын көрсетеді. Осы орайда жас ға­лымдарды ынталандыруға, олардың жа­лақысын көтеру арқылы ғылым са­ла­сына тартуға, озық ғылыми ең­бек­терді өн­діріске енгізуге қаржы қолбайлау болып отыр деп ойлаймын.


Жұмажан ЖАҢБЫРОВ, техника ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Жоқ, мен бұл пікірмен ке­лісе алмаймын. Соңғы кездері мемлекет тарапынан ғылым саласына көңіл бөлініп, ғы­лым­ды дамытуға қыруар қаржы бөлініп жатыр. Ғылымның өн­діріске тез енуіне асығудың қажеті жоқ. Өйткені ол өз пай­дасын бірден көрсете қой­майды. Оның үстіне, бізде ғы­лыми еңбектердің өндіріспен ұштасуын қамтамасыз ететін өндіріс орындары әзірге қалып­таса қойған жоқ. Яғни ғылыми еңбекті өз тәжірибесіне қуана кіргізе қоятын тұтынушы жоқ. Осы орайда бұл жерде қаржы қолбайлау болатындай себеп көріп отырған жоқпын. 
Сондықтан ғылым мен өн­діріс ұштасып жататындай жүйе­нің қалыптаспауына қаржы кедергі болып отыр деп айта алмаймыз. Осы орайда біз алдымен жүйені қалыптастырып алуымыз ке­рек. Заманауи озық тех­но­ло­гия­ға бейімделген өнеркәсіп орын­дарының санын арт­ты­руымыз қажет. Дегенмен бү­гінгі күні ғылымға жа­са­лып жатқан бет­бұ­рыстарға орай бұл мә­се­лелер тез арада ше­шімін табады деп ой­лаймын.

«Алаш айнасы» газеті мен СТВ телеарнасының бірлескен жобасы

«Алаш айнасы» – «Ой-көкпар» бағдарламасының жазбаша нұсқасы.
Жүргізуші:
Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ.
Бағдарлама ұзақтығы:
27 минут.
Эфирдегі уақыты:
жұма күні сағат 22:30.
Бағдарлама қонақтары:
Ердос ОҢҒАРБАЕВ,
химия ғылымының докторы, профессор
Жұмажан ЖАҢБЫРОВ,
техника ғылымының докторы, профессор

тартыс бөлімі                                                                                                                                       
Жүргізуші:
– Бағдарлама қонақтарының ұстанымы айқындалды. Енді бағдарламамыздың «Тартыс» бөліміне өтіп, ойымызды тарқатып айтсақ... Ердос мырза, ғылым саласының нақты қай бөлігіне қаржы жетіспейді? Жаңа бір сөзіңізде іске аспай жатқан зертханалық деңгейдегі ғылыми еңбектер көп деп айтып қалдыңыз. Олардың қайсысының  өндіріспен ұштасқанын қалар едіңіз?
Ердос ОҢҒАРБАЕВ:
– Өзім жаратылыстану, әсіресе химиялық технология саласында жұмыс жасағандықтан, осы саланың мәселелерімен жақсы таныспын. Мәселен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия және химиялық технология факультетінің ғалымдары әртүрлі дәрілік препараттар шығарды, мұнай өндіру зауыттарына арналған катализаторлар ойлап тапты. Алайда оларды өндіріске енгізу үшін ұсынғанда, өндірістік сынақтан өткізіп, өздеріне алуға ешқандай өндіріс орны құлшыныс танытпады. Мәселен, бұрын Кеңес Одағы кезінде ғалымның ашқан жаңалығын өндіріске енгізу үшін арнайы конструкторлар, инженерлер қызмет ететін. Ал қазір ол қызмет мүлдем жоқ. Бізде ғылыми қызметкерлеріміз қанша айтқанмен зертханалық деңгейде ғылыммен айналысу кезінде бар болғаны 50 грамдық затпен жұмыс істесе, өндірістік сынақтан өткізу кезінде оның көлемі одан әлдеқайда көп болады. Ал соншалықты көп затпен жұмыс істеуге арнайы өз маманы болмаса болмайды. Алайда қаржының жеткіліксіздігінен бұл олқылықты ешкім елер емес. Мұндай жағдайда ғылымның өндіріспен ұштасуына қаржы қолбайлау болып отырған жоқ деп қалайша айта алмаймыз? Жұмажан Ғинаятұлы, жаңа бір сөзіңізде «ғылымды өндіріске енгізетін өндіріс орындары жетіспейді» деп қалдыңыз. Мен мұныңызбен келіспеймін. Мәселен, бізде мұнай өндіру зауыттары өте көп. Біз солар үшін талай ғылыми жұмыс атқарып жатырмыз. Ал олар соны өндіріске енгізуге құлықсыз. Олар сол еңбекті өндірістік сынақтан өткізуге ақша бөлуден гөрі шетелдік технологияны сатып алып енгізе салғанды дұрыс көреді. Айта кетерлігі, шетелдіктер шын мәнінде жаңадан ойлап табылған технологиясын ешқашан өзге елге ұсынбайды. Өздерінде пайдаланудан өткен, бұрын пайдаланған дүниелерін ғана бізге тықпалайды. Біз осылайша заман көшінен, ғылымның дамуы жағынан шетелден артта қаламыз. Егер олардың қаңсығын таңсық көрмей, өз ғалымдарымыздың еңбегін өндіріске енгізіп, пайдалануға ұмтылса, ғылымымыз да, экономикамыз да қазіргіден әлдеқайда тез дамитын еді.     
Жұмажан ЖАҢБЫРОВ:
– Ердос мырзаның айтып отырғаны рас, бізде аралық жүйе дұрыс қалыптаспаған. Сондықтан ғылым саласына қаржыдан гөрі бәрін дұрыс ұйымдастыра білетін жүйе жетіспейді деуге болады. Мәселен, ресейлік бір ғалым тетрис ойынын ойлап тапты. Оны Ғылым академиясы 15 мың долларға сатып алды. Сөйтіп, оны төрт миллион долларға «Немиянда» корпорациясына сатты. Ал олар өз кезегінде бір миллиард долларға тағы біреулерге сатты. Осылайша табылған ойын тез өндіріске еніп, халыққа тарап кетті. Ердос мырза, Америка бағана сіз мысал келтірген ғылымның өндірістік сынағы үшін конструкторларға ЖІӨ-нің 6-7 пайызын, Жапония 5 пайызын, Еуропа 3,8 пайызын аударуда. Негізі, әр елдің осындай аударған қаржысына сай ғылымы дамуда. Бізде де қазір осы бағытта аз қаржы аударып жатқан жоқ. Бірақ ғылым саласына салынған қаржы 20-25 жылдан кейін ғана өз тиімділігін береді. Сондықтан біз бұл салған қаржының қаншалықты нәтиже беретінін 20 жылдан кейін барып көре аламыз. Жаңа тағы бір сөзіңізде мұнай өңдеу зауыттарының әрекетін мысалға келтірдіңіз. Жақында тексеру кезінде мұнай өңдеу зауыттарының тендер бойынша ең төменгі баға ұсынғандармен ғана жұмыс істейтіні белгілі болды. Осылайша шетелдің арзан технологиясын әкеліп, өндіріске енгізе салатыны сыналды. Бұрын оларға шетелдік технологиядан гөрі неғұрлым заманауи қондырғылармен жұмыс істеу туралы шарт қойылмаған. Ал енді осындай талап қойылу арқылы олар жаңаша жұмыс істеуге талпынып жатыр. Ол үшін оларға енді арнайы бюджет те қарастырылады.
Жүргізуші:
– Ердос мырза, жаңа сөзіңіздің арасында іргелі ғылымдарға 2-3 миллион теңге көлемінде ғана қаржы бөлініп жатқанын айтып өттіңіз. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған форумда ғалымдардың басын қосқан Елбасы: «2011 жылы ғылым саласына 29 миллиард теңге бөлінді. Алдағы жылы бұл сома 1,5 есе артады», – деді. Сіз айтып отырған қаржы мен Елбасы мысалға келтірген бұл қаржының арасында үлкен айырмашылық бар. Осы орайда ғылым саласында жемқорлық бар деп ойлайсыз ба?        
Ердос ОҢҒАРБАЕВ:
– Жоқ деп айта алмаймын. 2012 жылы министрлік тарапынан ғылымға қаржының көбірек бөлінгені рас. Мәселен, өткенде грантты қаржыландыру бойынша өткен байқауда әр жобаға 5-10 миллион теңгедей ақша ұсынылған. Жұмажан Ғинаятұлы айтып өткендей, ғылымға бөлінген ақшаның нәтижесін көруге біршама уақыт керек. Сол уақытты үнемді пайдаланып, істі үйлестіре білуге жүйе енгізуіміз керек. Кезінде осы механизмді ұйымдастыратын даму институттары құрылған. Осы орайда біз ғылыми инновациялық қорларға да жобаларымызды ұсынып жатамыз. Атап айтарлық жайт, негізі, қоғамда сұраныс бар, бірақ оны үйлестіріп, бізге ұсыныс ретінде жеткізіп отырған ешкім жоқ. Сондықтан, ең алдымен, біз бәрін дұрыс ұйымдастыра білетін жүйе жасап алуымыз керек.
Жүргізуші:
– Жұмажан мырза, сіз оқу орындарының жанынан зерттеу институттарының құрылуына қалай қарайсыз?
Жұмажан ЖАҢБЫРОВ:
– Бұл – дұрыс нәрсе. Өйткені қазір университеттер бакалавр дайындайды. Ал шетелде бакалаврды колледждер дайындайды. Шетелдің университеттерінде профессорлардың өз зертханалары бар, олар онда білікті ғалымдар дайындау үшін жұмыс істейді. Осылайша олардың зертханасындағы ғалымдар ел экономикасы үшін жұмыс жасайды. Ал біздің университеттерде ондай мүмкіндік жоқ. Сондықтан осындай жүйенің қалыптасуына мемлекет мүдделі болуы керек. Мемлекет жағдай жасап отырған зертханасына екі-үш жыл ішінде бұрынғыдан да пайдалы қондырғы жасап бер немесе тиімділігі жоғары тауар жаса деп талап қоя алатындай болуы қажет. Ғылымның өндіріспен ұштаспауының салдарынан төрт жыл оқып келген маманның өзі өндірістің талаптарына сай емес.

сайыс бөлімі                                                                                                                                        
Жүргізуші:
– Бағдарламамыздың үшінші бөлімі «Сайыс» деп аталады. Осы тақырып аясында қарсыластар өзара сұрақ-жауап алмасады.
Жұмажан ЖАҢБЫРОВ:
– Бағана Ердос мырза ЖОО мен өндіріс орындарының арасында байланыс жоқ дей келіп, ҚазҰУ-де бұл мәселе дұрыс шешілген деп мысал келтірді. Ғылым комитетінің өткізген байқауында аталмыш университет  байқаудың 70 пайызын ұтып алды. Осы орайда Ұлттық университеттің біліктілігін бәріміз білеміз. Дегенмен бір университеттің бүкіл экономикамызға әсер ете алмасы белгілі. Осы орайда басқа университеттер туралы не айтасыз? 
Ердос ОҢҒАРБАЕВ:
– Маған басқа университеттер туралы айту қиынырақ. Дегенмен жалпы еліміз бойынша университеттер жұмыс жасап жатыр. Бірақ істелініп жатқан ғылыми жұмыстарға өндіріс орындары тарапынан сұраныс жоқ. Оны анық білемін. Ал сізге қояр сұрағым, қазір ұлттық компаниялар мен өндіріс орындарына қазақстандық үлесті арттыру туралы талап қойылуда. Осы орайда сіз қазақстандық ғылыми жобаларды іске асырып жатқан өндіріс орындарын білесіз бе?
Жұмажан ЖАҢБЫРОВ:
– Қызылорда облысында бірлескен ірі компания бар. Оның қарамағында «Тұлпар» және «Бастау» деген екі компаниясы бар. Оның бас директоры – менің аспирантым Жұпарбай Ыбыраев деген азамат. Олар өндірістерінде қазақстандық құрылғыларды пайдаланады.

ойтүйін бөлімі                                                                                                                                       
Жүргізуші:
– Соңғы бөлім «Ойтүйін» деп аталады. Бұл бөлімде екеуіңізге де қойылар сұрақ ортақ. Қарсыласыңыздың ойынан не түйдіңіз және оның ұстанымына өтіп кеткен жоқсыз ба?
Жұмажан ЖАҢБЫРОВ:
– Бағдарламадан ең алдымен түйген ойым – бізге ғылым мен өндірісті ұштастыратын арнайы жүйе қажет екен. Қазір ғылымның өндіріспен ұштасуына қолбайлау болып отырған ақша да, маман да емес. Жүйе! Қазақ ғалымдары ешкімнен кем емес. Мен бір айдан кейін Польшаға барамын. Ал жақында Мәскеуден ғылыми конференциядан келдім. Онда менің апарған аспиранттарым басқа елдердің тәжірибелерін, докторанттарының жұмыстарын жоққа шығарды. Осындай әрбір халықаралық дәрежедегі конференциялар кезінде біздің ғалымдарымыздың деңгейінің ешкімнен кем емес екеніне көз жеткізіп, марқайып қаламын. Сондықтан басқалар да осыны мойындаса екен.  
Ердос ОҢҒАРБАЕВ:
– Расында да, ғылымның өндіріспен ұштаспауы – үлкен мәселе. Елімізде барлық қазба байлықтар, шикізат, минерал бар деп мақтанамыз. Бірақ соның шырайын келтіріп, ел игілігіне сай пайдалана алмай отырмыз. Осыған қынжыламын. Басқаға иек арта бермей, солардың игілігін көріп, ғылыми еңбектерін өндіріске енгізгісі келіп, құлшынып отырған жастарға қолдау көрсетілсе екен. Ғылым саласында өзгеге иек артқаннан гөрі өзімізге сенсек, алар асуымыз биік болар еді. Осыны ұмытпасақ екен. 
Жүргізуші:
– Тақырыбы ғылымға арналған бүгінгі бағдарламамыз да өз мәресіне жетті. Ендеше, қоғамдағы түйткілді  мәселелерді көтеріп, елеп-екшеп, қоғамдық пікір қалыптастыру – біздің міндет, ал шешім қабылдау – әрқашанда тиісті органдардың еншісінде.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста