Есірткі трафигіне тосқауыл қою үшін Орталық Азия елдерінің арасында визалық режим енгізу керек пе?

Есірткі трафигіне тосқауыл қою үшін Орталық Азия елдерінің арасында визалық режим енгізу керек пе?

Деректерге жүгінсек, еліміздегі есірткі тұтынатындардың жалпы саны бүгінде 70 мың­нан асып жығылыпты. Қазақ елінде жыл сайын 1500 мыңнан астам адам нашақорлықтың құрбаны болып, ажал құшады екен. Рас, есірткімен кү­ре­суге қарсы мемлекетімізде арнайы бағдарламалар қабылданып, оған қар­­сы кең көлемді мақсатты күрестер жүргізілді.  Десек те, мем­ле­ке­­тіміздің халықаралық есірткі тасымалы жолының бойында жатуы осы­ған қатысты қылмыстардың көбеюіне әсерін тигізіп отырған жайы бар. Әлемдегі есірткінің 80 пайызға жуығы өнді­рі­летін Ауғанстаннан шық­қан есірткі керуені респуб­лика­мыз­дың бір­қатар аймақтары ар­қылы Батыс елдеріне бағыт алады. Сон­­дықтан болар есірткі сау­­дасына қатысты қылмыстар бүгінде біздің елде көкейтесті мә­селеге айналып отыр. Осы­ған орай мамандар тарапынан «Есірткі трафигіне тос­қауыл қою үшін Орталық Азия елде­рі­нің арасында ви­залық режим енгізу керек пе?» деген пікір­лер де ай­тылып қалуда. Міне, біз бүгін нақ осы сауал­ды ма­мандардың ой талқысына салып, таразылап көрдік...


Тоғжан ШАЯХМЕТОВА, экономист-сарапшы:
иә
– Жалпы, виза енгізу мәселесі – орын­ды көтеріліп отырған дү­ние. Мысалы, әлемдік сауда ай­на­лы­мын­да есірткі саудасынан түсетін түсім барлық сауданың 20 пайызын құ­райды. Бұл – өте үлкен алаң­да­тар­лық жайт. 2009 жы­лы есірткі сау­дасынан түсетін тү­сімнің жалпы көрсеткіші 9 пайыз­ды құраған-ды. Ал айна­ла­сы үш-төрт жылдың ішінде көр­сеткіш 20 пайызға еселеніп отыр. Сон­дық­тан бұған қалың көп­шілік болып, қоғам болып алаң­да­ға­­ны­мыз дұрыс. Қазір Батыс ел­деріне Ау­ған­стан арқылы та­сы­малданатын есірткі заттарының көпшілігі біздің ше­каралас жатқан ел­дер­мен әке­ті­ле­ді. Өзбекстан, Түрк­мен­стан, Тәжік­стан елдері арқылы есірткі заттары елі­мізге ашық, еркін түрде еніп кетіп жатыр. 
Біздің шекарамыз ашық жатқан дар­ба­за тәрізді. Сондықтан сол алып есірткі сау­дасымен айналысатындарға өзіндік қатаң тыйым болсын десек, бізге визалық режим енгізу керек. Сонда жауапкершілік кү­шейіп, тексеру тегеурінді болады. Қазір­де есірткіні жою мақсатын көздейтін халық­аралық күштердің біразы бұл тәжі­ри­бені қолдап, қолпаштап отыр. Сон­дықтан біздің мемлекетімізге де мұндай жүйеге баруды қажеттілік деп санаймын. Себебі қазірде жасөспірімдердің арасында есірткіге тәуелділік көрсеткіші белең алып отыр. Мектеп жасынан бастап бала­ла­рымыз есірткіге тәуелді болса, ұрпақтың азғаны емес пе?! Егер ұрпақ азбасын десек, қоғам тозбасын десек, мұндай шара­ларды қарастырған жөн. Қайсыбір елдер елінде есірткімен айналысқан азаматтарын өлім жазасына дейін кесіп жатқанда, оның қасында есірткі трафигіне тосқауыл қою үшін Орталық Азия елдерінің арасында визалық режим енгізу деген оңай шаруа. Мысалы, Канада, Сингапур, Малайзия сияқты елдерде есірткі тара­ту­шыларға өлім жазасы қарас­ты­рылған. Ал біз есірт­кімен күре­се­міз деп «Мак», «Допинг», «Нар­ко­щит», «Притон» тә­різді опе­ра­ция­лар жүргізумен ғана шек­теліп келеміз. Егер болашақ ұр­па­ғымыз салауатты өмір сүріп, саналы аза­мат болсын де­сек, бұл өзекті мә­се­­леге айналған дерт­ке қарсы мем­лекеттік тұрғыда сал­мақ­ты ше­ші­мдер қабылдануы керек. Өйткені нашақор адамның бола­ша­ғы жоқ. Мұндай жолға түскен адам қо­ғам­ға да пайда келтірмейді. Адамдық бейнесінен айы­ры­лып, кәдімгі керексіз азғынға айналады. Демек, біздің қоғам­дағы адамдар керексіз аз­ғынға айнал­ма­сын десек, мұндай шешім­­дерді қолдаған жөн деп ойлаймын...


Ғабиден ЖАЙЛИН, заңгер:
жоқ
– Нақ осы визалық режим енгізу есірт­­кі трафигіне түбегейлі тосқауыл қоя алады деп өз басым айта ал­май­мын. Сондықтан мұны қол­да­май­мын. Егер біз Орталық Азия ел­дері бойынша визалық режим ен­гізетін болсақ, бұл елдерге қа­ты­на­сатын қарапайым азамат­тар­дың құқын да аяқасты ететін боламыз. Есірткі тасымалына тыйым салу үшін бір ғана ви­залық жүйе енгізу аздық етеді және бұл қажетсіз болады. Бұған визаның ті­келей ешқандай қатысы жоқ. Бола­шақ­та шекаралас жатқан елдер арқылы елі­мізге еніп кететін есірткі заттарына тос­­­­қауыл қой­ғымыз келсе, алдымен ха­лық­­ара­лық шарттарға мән беріп, ере­же­­лерді қатайтуымыз керек. Меніңше, ви­­­залық режим енгізген­нен гөрі кеден қыз­­метін қатай­туы­мыз, кедендегі элек­трон­­ды қызмет түрін жетілдіруіміз қажет.  
Біз қанша жерден визалық режим енгізсек те, оны тасымалдаған адам сау­да­сын жүргізе береді. Демек, бұл жерде еліміздің жедел-іздестіру тобына жауап­кер­шілік жүктелуі керек. Кеден қызметінің ісін жетілдіру қажет. Заманға сай кедендік электронды рәсімдеу істері тереңдетілгені жөн. Ал тап осы есірткі бизнесіне қатысты визалық шектеу енгізуді өз басым қолда­май­мын. Себебі мәселені шешудің түп-төркіні мұнда жатқан жоқ. Қазіргі таңда әлемдік есірткі саудасының жылдық тауар айналымы шамамен 400 млрд АҚШ дол­ла­рын құрайды. Оның ішінде Ауғанстаннан экспортталатын апиын және апиыннан өнді­рілетін героинның үлесі – 100 млрд АҚШ доллары. Есірткі саудасын қыздырып отырған Ауғанстан есірткіні әлем елдеріне негізгі үш бағыт бойынша тасымалдайды. Оның біріншісі – солтүстік бағыт. Бұл бағыт бойынша есірткі Орталық Азия елдері арқылы Ресейге, Ресей арқылы Еуропаға тасымалданады. Екіншісі – Батыс бағыт. Бұл арқылы Иран мен Түркия территориясы арқылы тауар Еуропаға жеткізіледі. Үшін­шісі – Оңтүстік бағыт. Бұл – Пәкістан тер­ри­то­риясы арқылы әлемдік мұхитқа шыға­ры­латын жол. Аталған үш бағыттың бірін­шісі, яғни солтүстік бағыт біздің ел үшін де үлкен қатерлі екені даусыз. Мұның зардабын көбінесе қарапайым халық тартуда. Осы күнге дейін есірткімен күрес мақ­сатында көптеген операциялар өткі­зі­ліп келеді. Шын мәнінде, мұның артында есірткі саудасын өмірлік кәсіп қылушы ал­пауыт қылмыстық топтар тұрғанын біл­мей­ді емес, біз білеміз. Сондықтан бұл жерде бір ғана виза мәселесін сөз ету дұрыс емес, бұл жерде әлемдік тұрғыда Ауғанстанда жүйелі түрде есірткі саудасымен күресетін арнайы ұйым құру қажеттігі туралы мәселе көтерілуі керек. Ықпалды мемлекеттер, ықпалды тұлғалар келешекте осы жағын ойласа жөн болар еді. Осы мәселе дүркін-дүркін көтеріліп, халықаралық ұйым­дар­дың құлағына жетерліктей мәселе көтерсе, сол негізді болар еді деп ойлаймын.
                                    Абай ОМАРОВ (коллаж)

Бейтарап пікір
Орынғали Есенғазиев, Алматы қалалық ішкі істер департаменті Ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник:
– Жалпы, есірткі бизнесіне тосқауыл қоя білу керек. Бірақ сол бизнестің көзін тауып ал­ған­дарды алқымдауда біз мәселенің бергі жағын ғана қалқып алып жатырмыз. Ал мәселенің арғы жағы, яғни түп-төркіні сол күйінше аршылмай қалып қойып жа­та­ты­ны жасырын емес. Әрине, тиісті орган қыз­меткерлері түрлі шаралар өткізу арқылы есірткі тасымалымен айна­лыс­қан­дар­ды ауыздықтап жатады. Олар тиісті жа­за­сын да алады. Бірақ сол ұсталып, тұтылып жа­татындар ең үлкен алып қылмыскерлердің атын атап, түсін түстеуге келгенде жұмған ауыз­дарын ашпайды. Міне, мәселе қайда?! Біз үшін нақ қазір ұсақ қылмыскерлерді емес, сол алып қылмыс иелерінің ордасын бұзатын жоба­лар ойластыру тиімді болмақ. Бұл орайда мем­лекеттік тұрғыда игі шаралар, бағдар­ла­малар, түрлі операциялар жасалынуы керек. Ал «визалық режим енгізу мәселесі есірткі сау­дасына еліккендердің жолын біржола кесіп тастайды» дегенге сене қоймаймын. Себебі сауданың жолын кесіп, есірткіні бұғаулау үшін бұдан да салмақты шешімдер қабылдаған дұ­рыс. Абзалында, есірткіні ауыздықтайтын халық­аралық статусы бар бір ұйымдар құры­лып, бақылауды солардың жүргізіп отырғаны дұрыс болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста