«Еліміздің ауыл шаруашылығының болашағы шағын шаруа қожалықтарын біріктіруде» деген пікірмен келісесіз бе?

Ауыл шаруашылығы министрлігі елдегі өсімдік шаруашылығы жер­ле­рі­нің 60 пайызы, мал басының  90 пайызы шағын және жекелеген шар­уашылықтардың үлесінде екені жайлы ақпарат таратты. Ми­нистрліктің мәліметінше, жекелеген шар­уа­шы­лық­тардың бас­қаруындағы бұл салада қазірде бәсекелестік өте төмен. Ендігі ке­зекте ауыл шаруашылығындағы шағын және жекелеген шаруа қожалықтарының басын біріктіруге заңдық негізде кіріскеніміз абзал. Бұл ретте министрлік өкілдерінің байыптауынша, «бірігу ұсақ тауарлы өндіріс сақталған ауыл шаруашылығы саласында бірқатар мәселені шешуге мүмкіндік береді. Қазір елде ауыл шар­уа­шылығы құрылымдарының 7 пайызы ғана осы жолға түскен.  Демек, болашақта шағын шаруа қожа­лық­тарын біріктіру ісі халықтық сипат алуы керек».
Міне, осыған қатысты біз «жекелеген қолдағы дүниені ортақ қазанға салу, шынымен, тиімді ме? Ауыл шаруашылығының болашағы шағын қожалықтарды біріктіруде ме?» деген сауалды арнайы мамандар талқысына салдық...


Жасқайрат СҮНДЕТҰЛЫ, экономика ғылымының докторы, профессор:
иә
– Ауыл шаруашылығын дамытуда ша­­ғын және жекелеген шаруа қожа­лы­қ­­та­рының басын біріктіру – өте тиім­­ді жоба.  Қа­зірде біздің мем­ле­ке­­ті­міз экспортқа өнім шығаратын, тех­нологиялық қарым-қабілеті жо­ғары ірі кәсіпорындарды, ком­па­ния­лар­ды қол­дауды жөн көріп отыр. Мұн­дай қол­даудан ауыл шаруа­шы­лығы са­ла­сы тыс қалмағаны жөн. Біз­дің елі­міз­де 200 мыңға тарта шар­уа қо­жа­лық­тары бар десек, бұ­лар­дың 90 пайызы – сол жеке қол­дағы шар­уа­шы­лықтар. Олар­дың дені «ор­тақ өгіз­ден оңаша бұзау ар­­тық» де­ген ұста­нымға салы­нып,  жоқ-жі­тігін өз­дігімен жа­мап-жас­қауға ты­ры­са­ды.  Басым бөлігі бі­рігу мәселесіне үр­­­ке қа­райды. Әсіресе бұл үрдіс мал шар­­уа­шы­лығында қат­ты байқалуда. 
Ауыл шаруалары қолындағы барын ор­тақтастырып, малдың басын өзгемен бі­ріктіруді жат санайды. Осыдан барып мал басының беретін өнімі аз, өсімі төмен бо­лады. Негізінде, ұйымдастыру қабілеті жо­ғары болса, шаруа қожалықтарының басын біріктірудің берері мол. Біріккен шаруа қожалықтарының мемлекеттен алар көмегі де ауқымды, оларға берілетін субсидия, дотация мөлшері де көлемді болмақ. Ал «Жалғыздың шаңы шықпас» дегендей, жалғыз-жарым жүрген ша­руаларға берілер көмек те шектеулі, олар көбінесе «күл­шенің» төрттен біріне ғана қол жеткізеді.
Жалпы, жекелеген шаруа қожалық­тарының басын біріктіру ісі бізге нақ қазір қажет. Әлемдік тәжірибенің өзі бұл іске оң баға беруде. Ауыл-ай­мақтағы ағайынға біріккен шаруа қожалықтарын құрудың тиім­ділігін қазірден бастап наси­хаттау керек. Бұл мәселеге қатысты арнайы қабылданған заңдар бар. Сол заң­дардың дұрыс жұмыс іс­теуін қада­ғалау қажет. Заң арқылы қоғам­ның көз­қа­расын өзгертуге тырысқан аб­зал. Бола­шақта бұл үрдіс – ауылдың дамуына бір­ден-бір ықпал ететін жайт. Егер сол ауылды ай­мақтарда ар­найы бөлімшелер құрылып, жергілікті әкімдіктер сол бөлімшелердің жұмыс іс­теуіне көмек көрсетіп, ол бөлім­шелерде білікті мамандар қызмет етсе, мәселенің шешімін табуға оң әсер байқалар еді. Бізде осы іспетті кешенді түрде іске көшу жағы төмен. Тек пікір білдіру, ұсыныс айту басым. Сондықтан сөзден іске көшетін уақыт жетті. Мен мұны қолдаймын. Бұл ретте шағын қожа­лықтарды біріктіру және оларды қолдау үшін біріккен шаруашылықтар құру­дың тиімділігін құқықтық сауатты тү­сіндіретін бөлімшелер құру қажеттігін баса айтқым келеді. Бұл – ауылды өркен­детудің, оның болашағын қамтамасыз етудің бірден-бір кепілі.


Көпмағамбет ЕЛЕМЕСОВ, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор:
жоқ
– Ауылды өркендетудің тетігі тек  бі­ріккен шаруашылықтар құруда ғана емес. Қазірде біз ауылға мемлекет та­ра­­пынан бөлініп жатқан көмектің көп­тігін айтып, қабылданып жатқан бағдарламалар легінің сауаттылығын мысал етіп, ауылдың кәсіпкерлік қа­білетін арттыруға жасалып жатқан шаруаларды тізбелеп, ауыз толты­ра­мыз. Бірақ, шынын айту керек, ауылға сол істерді атқару мақсатында бөлінген қаржы тікелей барып жатқан жоқ. Шаруаның қолына қаржы жет­кен­нің өзінде оны ұқсата алмай жүр­ген­дерді кө­зіміз көріп жүр. Мұндайда бірінші ке­зекте ауылға бағытталған қаржының дұ­рыс жұмсалуына, ол қаржының діт­теген жерге жетуіне мемлекеттік ба­қы­лауды күшейткеніміз абзал. 
Ауылға қаржыны тікелей жеткізуге тырысқан жөн. Бұл орайда мамандар сөз етіп жүрген салалық агробанктер құру мәселесін қолға алуымыз қажет. Тағы бір айта кетер жайт – қазірде біз жеке­леген шаруа қожалықтарының иеле­ріне тұқым алу үшін немесе мал басын өсіру үшін арзанда­тылған несиелер беру жүйесін тәжі­ри­беде қолданып жүрміз. Менің­ше, бұл жерде сол жекелеген шаруаларға өнімнің өзін беру үрдісін жетілдірген жөн тә­різді. Мысалы, тұқым алу­ға қаржы бергеннен гөрі сол тұқымның өзін берсек, шаруаның нақты жүргізі­ле­тініне сенім мол болар ма еді? Осы тәрізді техника алуға, мал басын алуға қаржылай көмектен гөрі сол техника мен малдың өз басын алуға көмек берген жөн. Бұл жүйені терең­детіп жетілдіре алсақ, оң нәтиже беретін еді. Әрине, қазірде қай­сыбір біріккен кәсіпорын­дардың мұндай көмекке қолы жетіп жүр. Бірақ алыс ауылды аймақ­тағы жекелеген шаруалардың қай­сыбірі осындай жүйе барын түсінбейді. Негізінен, бірігу мәселесі айтылғалы бір­неше жылдың жүзі болды. Десек те, ауыл­дағы ағайынның көбі бұған селт етіп бірден кірігіп кеткен жоқ. Шын­дығын айту керек, бола­шақта олар бірік­пейді де... Өйткені біздің ауылдың шаруа­ларының бірінің жайылым­дық жері үлкен, бірінде жайылым тым аз. Олардың техни­калық қабілетінде де бәсекелестік жоқ. Бірінің техникасы сақадай сай болса, келесі бірінің техникасы тым ескі. Бұған қоса ша­руа­лардың бірінде мал басы көп болса, енді бірінде мал саны тым аз. Осылай салыстыр­малы түрде айтсақ, бұл жайттар­дың өзі шаруалардың бірігуіне мүмкіндік бермейді. Ойлап қарасаңыз, жайылымы шүйгін, мал басы айтарлықтай қожалық иесі мал басы аз, техникасы тозған, жайылымы жұтаң қо­жалықтың малын өзіне қосып алып қайтеді?! Сондықтан шаруалар­дың басын біріктіру – біз үшін таяу болашақта орында­латын дүние емес. Өйткені біздегі шаруалардың бұл тұрғыда құқықтық білімін жетілдіру жұмыс­тары мүлде атқарылып жатқан жоқ. Өз басым бірігу мәселесі ауылдың болашағын көтереді дегенге толық кепілдік бере алмаймын. Бірігу мәселесінен гөрі ауылды қаржы­ландыруға қатысты салалық банктер қызметін енгізу, шаруаны қажетті техника­мен, тұқымдықпен, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету, ауылдық жерлерде шағын кластер ісін жетілдіру жайын ойластырған дұрыс. Мал басының аналық басын өсіруді, асылтұқымды мал басын кө­бейтуді қолдаған жөн. Бастысы, ауылға барар қаржыға бақылау мықты болуы керек. Бұл ретте қайталап айтамын, бірігуден гөрі салалық банктер қызметін жетілдіру арқылы ауылға тікелей қаржы жеткізу ту­ралы ойлансақ жөн болар еді.

Бейтарап пікір
Ғалижан МӘДИЕВ,
экономист ғалым:
– Жасыратын несі бар, бізде әлі де болса экономикаға үстірт көзқарас, толық нәтиже бермейтін шала-жансар шаралар атқарылып жатыр. Халқымыздың үштен бірі нарықтық экономиканың не екенін әлі де болса толық түсіне алмай жүр. Біле білсеңіз, нарықтық экономиканың бір ерекшелігі – нарықтың дамуына жағдай жасау. Мәселен, көп уақытқа дейін ұсақ шаруашылықтардың тиімділігі, шағын және орта бизнестің пайдасы қажетсіз деп саналып келді. Қолда бар қаржымыздың денін сауда-саттық саласына, құрылыс нысандарын салуға жұмсадық. Уақыт өте келе бұл салалардан мемлекетке түсетін түсім ғана емес, өзіндік шығын барын да сезініп отырмыз. Ал енді осы тұста мал шаруа­шылығына, агроөнімдерін өндіруге, шағын бизнеске қолдау көрсетудің тиімді екенін қайсыбір мемлекеттердің тәжірибесінен байқап, бағамдап үлгердік. Енді осы тәжірибені қолданып көргіміз келеді, бірақ істеріміз әлі де шалағай. Меніңше, ауылдың кәсіпті ұйымдастыру қабілетін арттыру үшін ауылға білікті мамандар легі жасақталуы қажет. Ауылдың іргесіне білікті мамандар легі жасақталған тұста ауыл шаруашылығын ұйымдастыру істеріне жаңашылдық еніп, іс нәтиже бере бастайды. Сондықтан реті келсе, бірінші кезекте ауылға жастарды апарып, оларға жағдай жасау ісін жетілдіре түскен жөн.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста