Еліміздегі азық-түлік өндірісін халал стандартына түгелдей көшіру дұрыс бола ма?

«Ауру – астан» деп қазақ бекер айтпаған. Соңғы уақытта елімізде өндірілетін кейбір тағамдардың халықаралық талаптарға сай келмей, тіпті түрлі аурулардың шығуына себепкер болып жатқаны белгілі. Сондықтан мамандар бұл олқылықты болдырмау үшін азық-түлік өндірісін түгелдей халал стандартына көшіру керек деп есептейді. Бұл мұсылмандықты ұстанатын елдер үшін ортақ азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастырар еді. Дегенмен халал стандартының өзіне күмән келтіретін пікір де бар. Бүгінгі айдарымызда осы мәселеге қатысты көзқарастар қайшылығы сарапқа салынбақшы.


Бақыт қажы Тұрсынбек, ҚМДБ жанындағы Ислам білімін жетілдіру институты филиалының директоры:
ИӘ
– Қазір еліміз біртіндеп осы стандартқа көшіп жатыр. Егер оның пайдасы болмаса, не үшін біз оны өзімізге енгізіп отырмыз? Жалпы, халал өндірісінің азаматтар үшін, халық үшін үлкен пайдасы бар екені толық зерттеліп қойылған. Менің ойымша, бұл туралы біз талас тудырмауымыз керек. «Халал» деген сөзді әркім тазалық деп түсінгені абзал. Себебі бұл стандартты тек мұсылмандар ғана емес, бүгінде батыс елдері де қолдап жатыр. Мәселен, Германия мен Франция бұрыннан бері осы стандарт бойынша жұмыс істеп келеді. Осы мемлекеттерде халал дүниелерге деген сұраныс өте көп. Көрдіңіз бе, дінге, ұлтқа қарамастан, халал заттарға халықтың сұранысы жоғары. Өзіңіз егер байқап қарасаңыз, халал дүкендерде сауда жақсы жүріп жатады.
 Себебі мұндай дүкендерге тек мұсылмандар ғана емес, халал тағамдардың сапасы мен мәнін түсінген басқа діндегі адамдар да келіп сауда жасайды. Халықтың сұранысы жоғары болса, неге еліміздегі азық-түлік өндірісін түгел халал стандартына көшірмеске? Екіншіден, халал тағамдардың адам денсаулығына үлкен пайдасы бар. Оны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Ал халал емес азық-түліктің денсаулыққа зияны қандай? Бір ғана мысал айтып кетейін, базарларда малды сойған кезде, оны әуелі үлкен темірмен ұрып өлтіреді. Яғни қанын шығарып соймайды. Қан шықпаған соң, малдың денесіне микробтар жұғады. Ол малдың етін жегеннен кейін микробтар адамның денсаулығына да теріс әсерін тигізеді. Тек ұрып өлтіру ғана емес, малды сояр кезде қорқытуға, тіпті оның қасында пышақ қайрауға да болмайды. Қорыққан малдың денесіне адреналин, бактерия тарап кетеді. Негізінен, оның барлығы қанмен далаға шығып кетуі керек. Егер диагностикалық орталықтарына барып тексерілетін болсаңыз, колбаса жеген-жемегеніңізді бірден анықтайды. Өйткені тексеретін аппарат экранында микроптар көрсетіліп тұрады. Мұны қазір барлық дәрігерлер қуаттап отыр. Бүгінде барлық халал тағамдар Малайзияда жасалған №57 стандарт бойынша жұмыс істейді. Қазақстанның да бұл стандартқа қосылғанына көп бола қойған жоқ. Бір өкініштісі, бүгінде бізде бұл бағыттағы жұмыстар өте баяу жүргізіліп жатыр. Тіпті халал тағамдарды дамытуға күш жұмсауға аса асықпаймыз. Егер азық-түлік өндірісін түгелдей, ең болмағанда 90 пайыз, халал стандартына көшіретін болсақ, денсаулығымыз, тазалығымыз, болашағымыз үшін жақсы болар еді деп ойлаймын. Әрине, Малайзияда халал тағамдармен қоса харам тағамдарды шығарады. Егер күнә жасаймын десең, өзің біл, харам тағамдарды сатып ала бер. Ол үшін саған ешкім тыйым салмайды. Бірақ ертең бұл ісің үшін тек өзің ғана жауап беруің керек.

Әміржан ҚАЛИЕВ, Қазақстан алкоголь өнімдерін өндірушілер қауымдастығының президенті:
ЖОҚ
– Бұл қазір қоғамдағы үлкен мәселенің бірі екені белгілі. Мәселе болатын себебі біздің қоғамымыз – көпұлтты, көпдінді. Ал көпұлтты елде мәселені ешқашан біржақты шешуге, қарастыруға болмайды. Мемлекетіміздің басым бөлігі мұсылман болғанымен, басқа діннің өкілдері де тұрады. Сондықтан азық-түлік өндірісін түгелдей халал стандартқа көшіруге асықпауымыз керек. Халықтың барлығы халал тағамдарды ішпейді, ата-бабасынан келе жатқан азық-түлікті қалайтындар да бар арамызда. Егер өндірісті толықтай халалға көшіретін болсақ, кейбір азаматтардың құқы мен қалауына тосқауыл қойған сияқты боламыз. Сондай-ақ еліміз араб мемлекеттерінің қатарына жатпайды ғой. Сондықтан кім не ішем, не жеймін десе, тек өзі біледі.
 Азық-түлік өндірісін түгел халал стандартына көшіруге болмайды. Екіншіден, халал стандартына көшкен елдердің барлығында халал тағамдармен бірге халалға жатпайтын азық-түлік өнімдері шығарылады. Азаматтар қай тағамды сатып аламын десе де болады. Мәселен, Франция, Германияда да осындай. Олар халал тағамдарды халықтың кейбір бөлігінің сұранысына қарай өндіреді. Үшіншіден, халал тағамдардың, анау айтқандай, денсаулыққа аса әсері жоқ. Ең алдымен адам туған жердің нанын жеп, суын ішуі керек. Сонда ғана оның денсаулығы жақсы болады. Біз жергілікті жердің азық-түлік шығарушыларына жағдай жасап, қолдау көрсетуіміз қажет. Өз өнімдерімізді пайдаланғанымызда ғана дені сау ұлт боламыз. Әрине, бүгінгі күні неше түрлі аурудың түрлерін естіп жүрміз. Мұның басты себебі, халал тағамдарды пайдаланбағаннан емес, жеке бастың тазалығын сақтамағандықтан. Сонымен бірге бүгінде ауа райы да адамның денсаулығына кері әсерін тигізіп жатыр. Мен кейде «өзіміздегі кемшілікті түзеп алмай, алысқа қол созуымыздың қандай пайдасы бар?» деп ойлаймын. Төртіншіден, экономикалық жағдайымызды да ұмытпауымыз керек. Егер бір күнде халал стандартына көшетін болсақ, елдегі біраз өндіріс орындары тоқтап қалады. Бұл аяғынан енді ғана тұрып келе жатқан еліміздің экономикасына үлкен соққы болып тиеді. «Сананы тұрмыс билейді» деген сөз бар. Біздің қазіргі басты мақсатымыз экономиканы жан-жақты дамыту болып табылады. Жоғымызды түгендеп, қажетімізді қанағаттандырған жағдайда ғана өзіміз қалаған өнімдерді шығара аламыз. Ал егер өндірісіміз ақсап, қажетіміз табылмай жатса, онда қалағанымызды қалайша ішіп-жемекпіз? Бесіншіден, қазір біздің қоғам халал стандартқа көшуге толықтай дайын емес. Бұл жүйеге көшу үшін бір немесе екі ұрпақ ауысуы керек. Менің пікірімше, қазіргі күні біз халал тағамды, халал емес азық-түлікті және шетелден келетін тағамдарды үш жақты альтернатива сияқты халыққа ұсынуымыз керек. Халық қайсысын пайдаланатын болса, соған басымдық бергеніміз жөн. Себебі бұл жерде халықтың да пікірі мен қалауын ұмытпау қажет.

Бейтарап пікір
Айқан АҚАНОВ,
С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеттің ректоры:
– Әрине, халал тағамдарды барынша дамытқанымыз дұрыс. Бұл ең әуелі адамдардың денсаулығы үшін пайдалы. Екіншіден, халал тағамды пайдаланған адамдардың тәні де, жаны да таза болады. Ол тұрмыста да, жүріс-тұрысында да барынша тазалыққа жақын жүреді. Қазір біздің елде халал тағамдардың, қызмет көрсету орындарының көбейіп келе жатқаны мені шын қуантады. Тіпті бүгінгі жастарымыз да тазалыққа барынша жақын болып жүреді. Менің ойымша, «халал» деген сөз тек мұсылмандыққа қатысты айтылмаса керек, ол – жалпы адамзат үшін қажет нарсе. Мұны халық та жақсы біледі деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста