Денсаулығында кемістігі бар жетім балаларды шетелдіктерге асырауға берген дұрыс па?

Жетім балалар тағдыры қоғамдағы ауыр тақырыптардың бірі екені айтпаса да түсінікті. Ал оларды шетелдіктерге асырауға беру де үлкен талас-тартыс тудырып келген күрделі мәселелердің қатарында. Жақында ғана Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде «Неке және отбасы» Кодексінің жобасы қаралды. Талқылау барысында жетімдер жайы тағы бас көтерді. Білім және ғылым министрлігінің өкілдері «шетелге тек ауру балаларды беріп жатырмыз» дейді. Ал, жалпы, ауру болса да өз балаларымызды өзгеге берудің мүлдем жөні жоқ дейтін азаматтар да бар екен.

Жұмажан ЖҮКЕНОВ, Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы:
Иә

– Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатқандықтан, көптеген бастамаларды іске асыруымыз керек. Елімізде баланы асы­рап алуда алдымен оның туыстарына, со­сын барып Қазақстан азаматтарына басымдық беріледі. Ал жетім бала ауру болса және оның ешқандай асырап алу­шысы болмаса, оны сот арқылы шетел азаматтарының асырап алуына мүмкін­дігі бар. Бұл «Неке және отбасы» Кодексі жобасының 77-78 баптарында көрсетіл­ген. Бүгінгі күні біздегі жетім балалардың 80 пайыздан астамы ауру балалар. Шет­елдіктерге бала асырауға берген кезде олар­дың барлық құжаттары мұқият тек­се­­ріледі. Тиісті органдар олардың қаржы­лық ахуалы, денсаулығы, қысқасы, бар­лық жағ­­­­дайын жан-жақты зерттейді. Ба­ла­лар­ды асырап алудың да өзіндік құ­пия­­сы  бар. Оны заң жүзінде барлығы біледі.
Ауру балаларды ел азаматтарының қан­шасы асырап алғандығы туралы біз зерт­теу жүргізген жоқпыз. Өйткені «сен қан­дай бала асырап алдың» деп еш­кім­нен сұрай алмаймыз. Оны соттың ше­­шімі белгілейді. Бірақ шындыққа қара­сақ, біздің азаматтар көбінесе ауруы жоқ, түрі өздеріне ұқсайтын, және жасы бір­ге толмаған бала асырап алғысы ке­ле­ді. Шындығында, жетімдер үйіне бар­ған балалардың көбінің денсаулығы дұ­рыс емес. Ал шетелдіктер ондай ауру бала­лар­­ды алған соң, емдеп көмектеседі. Мен олар­дың жүре алмай қалған баланы жүр­гіз­генін өз көзіммен көріп, таңғалдым. Опе­рация жасап, сүйектерінің арасына плас­ти­к қойып емдепті. Оны бала өскен сайын ауыстырып тұрамыз дейді. Сосын біз шетелге жетімдерді мыңдап беріп жат­қан жоқпыз ғой. Былтыр 700 ғана баланы жі­бердік. Жылдан-жылға ол санды азай­ту­ға ұмтылып келеміз. Құжаттарын қат­ты қадағалап отырмыз. Кейбір дұрыс бол­ма­ған жағдайларға байланысты ше­тел­дік ата-аналардың 130-дан астам құ­жа­тын кері қайтарып жібердік. Менің ойым­ша, барлығы заң-тәртіпке сай келіп тұр­са, шетелдіктерге бала беруді дұрыс деп ойлаймын. Келешекте бұл жағдай ба­ла­ның жазылуына себепші болып, ден­саулығының түзелуіне көмегі тисе, несі жаман?! Балалар құқын қорғайтын кон­вен­цияға қосылдық. Халықаралық заң бар­лық заңдардан жоғары тұратынын ес­кер­сек, біз балаларымыздың шетелге кет­кен­нен кейінгі тағдырын біліп, жағдайын жіті бақылап отыруға әбден мүмкіндігіміз бар деген сөз. Біз өз азаматтарымызға бала беруде де олармен жан-жақты жұ­мыс істеп жатырмыз. Себебі кей аза­мат­тар «денсаулығы жарамайды» деп ал­ған балаларды қайтарып беретін оқи­ға­лар кездеседі. Бұл ата-ананың дайын­дық­сыз­дығын көрсетіп отыр. Және олардың басы­на түс­кен қиыншылыққа төзе алмағаны­ның дәлелі. Неге десеңіз, өз баласы болса, қандай жағдай болса да, жақсылық жа­сауға тырысады ғой. Сондықтан әрбір ба­ла отбасында тәрбиеленсе, асырап алған әке-шешесі болса да, «айналайын» деп ба­сынан сипап, мейірлене қарағанын кө­ріп өссе, ол балалар үйінде өмір сүрген­нен гөрі басқаша болмай ма?! Сондықтан ше­тел­ге кеткен баланың да жағдайы жаман деу­ге болмайды. Ол 18-ге толғанша Қазақ­стан азаматы болып есептеледі. Және жыл сайын жіберілген бейне таспаларын алып, баланың қалай өсіп жатқанын біліп оты­рамыз.

Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын:
Жоқ

– Мен бұған түбегейлі қарсымын. Бұл – жалпы, адамгершілікке жатпайтын әре­кет. Қай қазақ баласын осындай мүсә­пір күйге ұшыратып еді?! Отбасында 4-5 балаң бар дейік, Алланың жазуымен біреуі кем­тар болып туса, оны лақтырып тастайсың ба? Ал Отан – біздің үлкен отбасымыз. Ол ба­лалар, кінәсіз сәбилер қанша әке-ше­ше­сіз тұлдыр жетім дегенмен, оның Отан атты үлкен анасы, отбасы бар емес пе?! Қазақ де­ген қара ормандай елі, жұрты бар емес пе?! Атам заманнан мұндай сора­қы­лық, аз­­­ғын­ ­дық болып па еді?! Иә, қазір за­ман бұ­­зылған шығар, сонда заманның бұ­зыл­ға­ны осы екен деп, бүкіл бір мем­ле­кет, бай­лығы жетіп жатқан қуатты ел өз ұр­пағын жат елге беті бүлк етпей бере са­лып жатса не бол­ғанымыз? Сондықтан бұл – адамгер­шілікке жатпайтын, қазақ­тың та­би­ғатына жат бо­лып саналатын көргенсіздік.
Бұл – тіпті асқан-тасқандық, адамгер­шіліктен кеткендік. Бұл – айта берсең, осыны айтып отырған Парламенттің аз­ған­­дығы. Өткенде Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтің өзі ай­тып отыр, елімізде 46 мыңдай жетім бала бар екен! Олардың 16 мыңдайы ға­на же­тім­­дер үйінде тәрбиеленеді екен. Мил­лион ба­­ла болса бір сәрі, сонда осы аз ғана ба­ла­­ны бағып-қағуға біздің ша­мамыз жет­пей ме?! Асып-тасып жа­тыр дейтін байлығы­мыз, мұнай-газы­мыз қай­­­да? Жарайды, ауру дейік. Басқа­лар ем­деп жазған ауруды бә­се­кеге қабі­лет­ті елу ел­дің қатарына кір­ге­лі отыр­ған Қазақ­­стан мемлекеті емдеп жаза алмай ма? Да­­­мып жатыр деген ме­­ди­цинамыз қай­да сон­да? Жыл сайын са­лы­нып жатқан ауруха­налар, озық техни­ка­мен жаб­­­дықтал­ған емха­налар, арнау­лы ор­та­­­лықтар бар емес пе. Солардың бірі – Астана­да тұрған ана мен бала Ұлттық ғы­лы­ми орталығы. Оларға әкелініп жат­қан соң­­ғы үлгідегі жабдықтар, оны меңгеру үшін шетелге білім алуға жіберіліп жат­қан маман-дәрігерлеріміз бар емес пе? Студенттеріміз қайда, «Бо­лашақ» бағ­дар­ламасымен оқып келіп жатқан. Әлде осы­ның бәрі әншейін құр атақ, ақша­ны жел­ге шашқандық па? Онсыз да елдің ақша­сын үріп ішіп, жым­қырып жат­қан гене­­рал­дар мен министрлер, комитет пен бас­қарма бас­тық­тары шетінен ұста­лып жа­­тыр ғой. Әб­ден іріп-шіріп кеттік. Бұл – ұрпақты қаты­гездікке тәрбиелейтін идея. Ертеңгі күні қартайған, ауырып-сырқа­­ған әке-шешеңді де сат, лақтырып таста де­­ген әңгімеге келіп саяды ғой бұл. Елдігі­міз­ге сын әрекет жасап отыр­мыз, түсінген адам­ға. «Мал құлағы саңырау», бұ­ны адам айтатын, қазақ айтатын сөз емес. Не жетпей жатыр, жетім бала­ны са­тып. Қазақ қолында баққан ма­лын сатқан­да да қатты күйзелетін халық емес пе еді. Балалардың 80 пайызы ауру дей­ді. Денсау­лығы 100 пайыз кім бар екен?! Соның бәрі шетінен өлім аузын­­­да тұр дегенге сену қиын. «Бір төл артық туса, бір шөптің басы айыр шығады» де­­ген. Олар­дың әрқайсысының өз несі­бесі бар. Ау­ру деген – әншейін құр сылтау. Айта бер­­­сең, соны арқау етіп сау бала­лар­ды да ше­тел асырып жатқандар жоқ еке­нін кім тек­серіп көріпті. Әуелі одан биз­нес жасап жатқандар да бар. Барлық ел­де ауру балалар бар. Соның бәрі са­тып, шетелге беріп жатыр ма екен? Ме­нің­ше, рухы берік, намысы биік елдер әсте он­­дай опа­сыз­­­дыққа бармайды. Біз­дің мы­на­­дай әре­­­ке­тіміз арқылы ертең қа­ты­гез ұр­пақ тәр­­бие­леніп шығады. Ауру-­сырқауы­на қара­­майтын, лақтырып тас­­тайтын қо­ғам қа­лып­­­тастырады олар. Өйт­­кені бүгін­гі айтып отырғанымыз, көр­се­тіп отыр­ған өне­геміз – осы. 6 мың же­тім ба­ламыз­ды аме­ри­ка­лық­тар алыпты. Олар ауру бала­ға не үшін қы­зығады. Мүм­­кін, денесі­нің сау мүше­ле­рін алып, пай­­даға жара­та­­тын шығар. Соны са­тып, биз­­нес жасай­тын шы­ғар. Құдай оның бе­­тін аулақ қыл­сын. Сон­дық­тан ауру бол­са да, өз қанымыз­ды, бауыр еті­мізді ке­сіп алғандай жағ­дай жасамайық. Өзі­міз асырап, өзіміз­де-ақ емдейік. Сонда ға­­на Отанына адал, ақ жүрек ұрпақ өсіре аламыз.

Түйін
Ел ағасы Аманкелді Айталы айтқандай, балаларын тәрбиелей алмай, шет­ел­ге асырауға беру – негізінен, кедей мемлекеттерге, тұрғындарының көп бөлігі қайыр­шы, сондай-ақ патриоттық сана-сезімі төмен елдерге тән құбылыс. Ал ауру ба­ла­лардың шетел асырылуы да қазақстандық патриотизмнің жағдайынан хабар бе­ріп тұрғандай. Еліміздегі жетім балалардың шетелдіктерге берілуіне халықтың ба­сым көпшілігі қарсы. Оны бала беріле бастаған 1999 жылдан бері шырылдап ай­тып та келе жатыр. Демек, Қазақстаннан шетелдіктерге бала берілуі бұл Қазақ­стан­дағы билік тізгінін ұстап отырғандар мен соларға ықпал етушілердің ғана се­зі­мінің көрсеткіші болып табылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста