Бюджет саласындағы қызметкерлердің желілік маркетингпен айналысуына мүлдем тыйым салу керек пе?

Бюджет саласындағы қызметкерлердің желілік маркетингпен айналысуына мүлдем тыйым салу керек пе?

1945 жылдан бастау алған желілік маркетингтің өркендеуі 1980-1990 жылдары шарықтау шегіне жетті. 1990 жылдардың ортасына қарай желілік мар­кетингтер тұтынушыларға не болса соны – косметикадан бастап ішкиім­ге дейін, ыдыс-аяқтан компьютерге дейін, тіпті халық­аралық бай­ланыс қыз­­метіне шейін ұсынған-тұғын.  Біздің еліміз де одан шет қал­мады. Ай­талық, соңғы бес жылдың ішінде еліміздегі желі­лік мар­кетинг нары­ғын­­дағы сауда-саттық көлемі бұрынғы­мен салыстырғанда екі есе кө­те­рілді. Мамандар заман ағымына қарай жаңа жұмыс ырғағы­на бе­йім­деліп, осы саладағы бизнестің көрігін қыздыра түсу керек дегенді айтады. Бүгін­де желілік маркетингке жұмысқа тартушылар да, оған өз еркімен барып кірушілер де көп. Оның себебі сан қилы. Біреулер үшін ол жалғыз ғана күнкөріс көзі болса, екін­­шілер қосымша табыс тапқысы келеді.  Бірақ кей ме­ке­меде басшылардың желілік маркетингке өзі  не жақын­дары кірген соң, қол астындағыларды соған тар­тып,  өнімін өткізуге мәж­бүр­лей­тін оқиғалар да ұшы­­расып жатады. Мұндай келеңсіз жайт­тарды бол­­дырмас үшін, бәлкім, бюджет қызмет­кер­ле­рі­­­нің желілік маркетингпен айналысуын шектегеніміз жөн болар?


Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
иә
– Жалпы, желілік мар­ке­тингтің әлемдік тәжіри­бе­сіне үңілетін болсақ, көп­те­ген өндіруші компания өз өні­мін дәл осындай тәсіл­мен өт­кі­зеді. Былайша айт­қан­да, мұ­ның қарсы көрсе­ті­лімі жоқ, яғни тыйым са­лын­баған. Ал оның өнімін сату не сатып алу әр адам­ның өзіне байланыс­ты. Мә­се­лен, біз сол желілік мар­ке­тинг арқылы сатылатын зат­тарға қызығушылық та­ны­тып, соны сатып алуға құ­­­мар­тамыз. Желілік мар­ке­тинг арқылы сатылатын та­уар­дың басым бөлігі шет­ел­ден әке­лінетіні де жасырын емес.
Сапасы да оңып тұрған жоқ. Бірақ, соған қарамастан, бәріміз сол үшін шабылып жұмыс істейміз, білек сыбанып атсалыса­мыз. Кез келген тауардың сапасы жоғары бо­луы қажет екеніне мән берілмейді. Мәсе­лен, желілік маркетинг арқылы кос­ме­тикалық бұйымдар көп сатылады. Ал біз со­ның сапасына қараймыз ба? Денсаулық­қа зияны бар-жоғына мән береміз бе? Жоқ.
Бұл – мәселенің бір жағы. Ал екінші жағын айтатын болсақ, ол – өз еліміздің эко­номикасына қаншалықты зиян тигізіп жат­қанымыз. Біз осылайша, желілік мар­кетингтің саудасын қыздыру арқылы өзге елдің экономикасын көтеруге қол ұшын беру­деміз. Артық-ауыс қаржымыз шетелге кетіп жатыр.
Еліміз бәсекеге қабілетті 50 елдің қата­рына кірсін десек, ең  әуелі бүкіл ел болып өз сана-сезімімізді өзгертуіміз ке­рек. Өйт­кені ел экономикасын өркендету – біздің қолымызда, оның өзі әлгіндей ұсақ-түйектен басталады.
Ал қандай да бір мекеме басшысы­ның қол астындағыларды желілік маркетингке мәжбүрлеп тартуы жайында айтсақ, бұл – мүлде сорақы жағдай.  Мәселен, кеше айтылған бір мектептегі оқиға еріксіз ойлан­дырады, қынжылтады. Ондай іс-әрекетті көріп отырған бала ер­тең­гі күні не істейді? Сондықтан осы мамандықты таңдаған екен­сің, сол кәсібіңмен ғана ай­налыс. Жай бір адам базар­да тұрып сатса, бір жөн екен. Алдағы уақытта мұндайға  жол берілмеуі керек. Әркім тек өзі пайдасын ойла­май, ең алдымен, таңда­ған мамандығы бойынша сапа­лы жұмыс істесін.
Ке­лешекте осындай қынжылтатын оқиғаларды болдырмас үшін, өз сана-сезімімізді өзгертуге тиіспіз. Ал егер жаңағыдай қосымша кәсіпке мойын бұрғың келе ме, онда біржола сол салаға кеткен жөн. Бірақ сол желілік маркетингпен айналысар алдында «жеті рет өлшеп, бір рет кес» дейді ғой, әбден ойланып алған дұрыс. Өйткені, естуімізше, ол жоғарғы саты­да тұрғандардан басқаларға сонша­лық­ты көп пайда әкелмейді.


Гүлдана Сапарғалиева, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің басшысы, профессор:
жоқ
– Шыны керек, қол ас­тын­дағы қызметкерлеріне же­лілік маркетинг тауар­ла­рын мәжбүрлеп алғызатын бас­шылар туралы айтқан­да­рыңыз күлкілі жағдай сияқ­ты.
Қарап отырсақ, қазір қа­ланың жағдайында кез кел­ген адам желілік маркетинг бө­лімшесіне кіріп, сауда жа­сай алады. Өйткені бізде не көп,  түрлі тауарын өткізгісі ке­­летін желілік маркетинг көп.
Бірақ онымен айналысу үшін де уақыт керек қой. Ал біздің ұстаздардың оған шамасы да жоқ, уақыты да жетпейді.
Жалпы, желілік маркетингпен айна­лысуға уақыт табатын ұстаздың та­бы­луы да некен-саяқ шығар. Сондықтан жаңағыдай оқиғаның орын алға­ны­на таңым бар. Өйткені ұстаз  әрқа­шан да өзінің білімін жетілдіріп, кәсі­би бі­ліктілігін арттырып оты­руы қажет. Ол да қыруар уақытты талап етеді. Жақсы мұ­ға­лімнің бос уақыты бол­май­ды. 
Ал жалпы, бюджет са­ласы туралы айтар бол­сақ, егер де жа­лақысы төмен болған­дық­тан, қосымша табыс тап­қысы келетіндер бол­са, несі бар, оған ешкім де ке­дергі бола алмай­ды. Өзінің уа­қытын тиім­ді пайдаланып, жұмыстан ке­йінгі қолы бос кезінде, дема­лыс уа­қытында желілік маркетингпен айналысып жүргендер көп қой ара­мызда. Олардың осындай кәсібін шектеудің қажеті шамалы деп ойлаймын. Әрі еш­кімге де ондай құқық берілмеген.
Бүгінде желілік маркетинг елімізде құлашын кең жайған, онда жұмыс істей­тіндер де жетіп-артылады. Оның өзіндік себебі де бар. Өйткені бұл саланың кейбір кемшіліктеріне қарамастан, көп адам үшін бұл қосымша табыс көзіне айналған. Елдің бәрі арнайы кәсіп ашып, бизнеспен айналыса алмайды.  Ал желілік маркетинг адамға саудамен айналысуға әрі қосымша нәпақа табуға мүмкіндік береді. Желілік маркетинг – жеке кәсіпкерліктің бір түрі. 
Сондықтан сөйту керек, тыйым салу керек деп кесіп-пішіп айту қиын. Әркім өзінің мүмкіндігіне қарай, қабілетіне қарай, бос уақытының болуына қарай, әйтеуір, негізгі  қызметіне нұқсан келтір­мей жұмыс жүргізе алса, оның несі  айып екен?

Түйін
Шалатай Мырзахметов,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 
– Мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкер бол­ған­нан кейін, оның сол жұмыс орнында өзіне жүктелген шаруадан басқа іспен айналысуына рұқсат жоқ. Сондықтан бюджет саласындағыларға же­лілік маркетингпен айналысуға, әлбетте, тыйым салынуы қажет.
Жалпы, кез келген салада ең әуелі адам іскерлік қабілетіне қарай ба­ға­лануы тиіс. Осы тұрғыда қызметкердің өз жұмысына шығармашы­лық көзқараста болғанын ынталандырған дұрыс дер едім. Өзім басшы болып тұрған кезімде, қызметкер тың ұсыныс айтып, сол арқылы кәсіп­орынға мол табыс әкелуге түрткі болса, оған қосымша сыйақы тағайын­дау­ды тәжірибеге енгізген болатынмын. Егер барлық жұмыс орындарында осындай  ынталандыру жағы қолға алынса, онда желілік маркетингке қы­зы­­ғу­шылық та азаяр ма еді, кім білсін. Сондықтан егер де сіз басшы болса­ңыз, ешкімді еш нәрсеге де мәжбүрлеуге құқығыңыз жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста